Бағдарламаны құрудағы ұстанымдар



бет8/13
Дата24.11.2022
өлшемі4,91 Mb.
#159704
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Минай Нұрдігүл
РК 2, зебра, 1 аралық бақылау, 1 аралық бақылау, СОР ОШ информатика 11 класс ЕМН рус, СОР ОШ информатика 11 класс ЕМН рус, Мұғалім мамандықтың ерекшеліктері, жарат 11.04., Тәрбие жоспары, Қазақтың ұлттық бұйымдарының, РП ЛП практика 48 часов, Билет 11, Наурызбаева Д. А.Қазақ тілі БББ11-9 Емтихан материалдары
«Жіп» графикасы
Балалар «жіп» графикасы арқылы ерекше, «сиқырлы», «құпиялы» суреттер салуға тамаша мүмкіндік алады.
«Жіп» графикасы негізінде түсірілетін сиқырлы сызықтарды қылқаламмен, фломастермен немесе қарындашпен түсіру мүмкін емес.
Қажетті заттар:

Жұмыс барысы:

  • Картон немесе қағазды бүктеу;

  • Жіптің 2/3 бөлігін қою бояуға батыру (қылқалам мен жіптегі артық бояуды түсіруге болады);

  • Бүктелген жіпті картон немесе қағаздың бір бөлігіне қою;

  • Оны екінші бөлігімен жабу;

  • Қағазды алақанмен үстелге басып тұрып, жіптің ұшынан ұстап ары-бері қозғау, соңынан суырып алу.

Бұдан аралас бейне пайда болады, балалар оларды қарап, қоршап, қосымша бөліктермен толықтырып аяқтайды.Жануарлар мен адамдардың, пейзаждар мен нәзік гүл шоқтарының бейнесі шығады.





«Дақ» графикасы
Бұл әдіс түспен эксперимент жасауға, суретті өз қалауы бойынша аяқтауға мүмкіндік тудыратындықтан бала үшін өте қызықты болып табылады.
Бұл үшін:

  • Қағазды екіге бүктеу;

  • Оның бір бөлігіне су бояқтанашық түсті дақ түсіру;

  • Қайтадан қағазды бүктеп, үстінен қолмен сипау (субояқ кеппей тұрғанда) керек.

Ашып қарағанда симметриялық бейне пайда болады. Енді тек қандай затқа ұқсайтынын тауып, жетпеген бөлшегін толықтырсақ болғаны.
Мұндай суретті целлофан көмегімен де түсіруге болады:

  • Дымқыл қағазға су бояқдағын түсіру (түстерді бір-біріне араластыра түсіруге болады);

  • Субояққа гүл, жапырақ, шөптер қоюға болады;

  • Полиэтилен қапшықпен жабу (оның көлемі қағаздан үлкен болуы керек және ауа көпіршігін қалдыруға болады).

Целлофан кепкен соң бейнені жеке сурет ретінда қолданады немесе ұжымдық жұмыс етіп біріктіреді.
Балалар «сиқырлы дақтарды» (пайда болған бейнені) атайды және түрлі оқиғалар ойлап табады.
Мұндай сабақтар баланың қиялын, тілін дамытады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет