Бағдарламаны құрудағы ұстанымдар



бет2/13
Дата24.11.2022
өлшемі4,91 Mb.
#159704
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Минай Нұрдігүл
РК 2, зебра, 1 аралық бақылау, 1 аралық бақылау, СОР ОШ информатика 11 класс ЕМН рус, СОР ОШ информатика 11 класс ЕМН рус, Мұғалім мамандықтың ерекшеліктері, жарат 11.04., Тәрбие жоспары, Қазақтың ұлттық бұйымдарының, РП ЛП практика 48 часов, Билет 11, Наурызбаева Д. А.Қазақ тілі БББ11-9 Емтихан материалдары
Жаңалығы мен ерекшелігі: балалардың шығармашылық қабілеті, қиялы, логикалық ойлау қабілеті мен шыдамдылығының дамуымен тығыз байланысты жан-жақты үрдіс болып қарастырылғандықтан ұсынылып отырған бағдарламаның қажеттілігі ерекше.Бағдарламаны іске асыру кезінде мектепке дейінгі баланың есті түрде суреттеу икемділігі қалыптасып, қолмен жұмыс істеуге дағдыланады, қол моторикасы дамиды, саусақтары нақты қимыл жасайды, көз мөлшері дамиды, оқу және жазу үрдісіне дайындығына қажет ауызша сөйлеу қабілеттері дамиды.
Шығармашылық композиция, панно, туынды жсау барысында алдына қойған нәтижеге жету үшін ойын бір жерге жинап, зейінін тұрақтандыруға көмектеседі.
Бала туындылар мен композиция жасау жолдары мен кезегін ойына түйіп алатындықтан, есте сақтау қабілеті дамиды. Өз әрекетіне модельдеу, жобалау жоспарын құруға дағдыланады.
Шығармашылық іс-әрекет барысында балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеуге негіз болатындай жағымды көңіл-күй қалыптасады.Шығармашылық композициялар, туындылар жасау барысында баланың өзіндік жеке бас ерекшеліктері дамиды, оның мінез-құлқын тәрбиелеуге, еріктік қасиеттерінің қалыптасуына, мақсатқа талпынушылыққа, табандылыққа, бастаған ісін соңына дейін жеткізуге үйретеді.Балалар өз жұмысына есеп беруге үйренеді.
Күтілетін нәтиже:
- баланың бойында табиғатқа деген эстетикалық- жағымды қарым-қатынастары оны өз шығармашылығында бейнелеу арқылы қалыптасады;
- жаңалыққа, ізденіске құмарлығы артып, шығармашылық қиялы дамиды;
- интеллектуалды қабілеті қалыптасады;
- іскерлік дағдысы жетіліп, шығармашылық құралдармен жұмыс істеуге үйренеді;
- өз-өзіне деген сенімділігі артады, өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға тәрбиелейді.
Жас ерекшеліктері: Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты әр топта белгілі бір әдістерді үйрету керек. Мысалы: сәбилер тобында балалар алақанмен, бастырмамен, саусақпен сурет салуды үйренсе, ересек топтарда қағазды екіге бүктеу арқылы, түтікшемен үрлеу, шашырату әдісімен, далаппен салуды және жіпті, жапырақтарды пайдалану арқылы, балауызды қолданып сурет салуды үйретеміз. Осы әдістердің бірнеше түріне тоқтала кетейін.
«Бастыру әдісі» әр түрлі заттармен бастыру арқылы сурет салу балаларда жағымды эмоция, қызығушылық тудырады. Бастыру үшін әртүрлі заттарды қолдануға болады. Мысалы:Жапырақ, алақан, поролон, өсімдіктер.
«Құммен сурет салу әдісі». Балаларға құммен сурет салу өте қызықты, қатты ұнады, ол көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет