Бағдарламаны құрудағы ұстанымдар



бет3/13
Дата24.11.2022
өлшемі4,91 Mb.
#159704
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Минай Нұрдігүл

Практикалық маңыздылығы: Бейнелеу сабағында практикалық жұмыс негізгі орын алады. Бала ойлаған затын қағаз бетіне түсіру арқылы бейнелеп шығады.
Бейнелеу өнері сабақтарында жұмыс екі негізгі бағытпен жүргізіледі.
Бірінші бағыт балаларды бейнелеу өнерінің құралдарымен жұмыс істеудің жаңа әдістерін үйретуге байланысты.
Екінші бағыт балалардың қиялын, елестетуін, тілін дамытуға байланысты.
Ойын – баланың бірінші әрекеті болғандықтан олардың назарын шығармалықарнаға бұру үшін ойын түрлерін қолданған өте тиімді.
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?», - деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.
Ойынның ішінде балаларға ұнайтыны шығармашлық ойындар.Шығармашлық ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыпттасады. Сонымен қатар олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды.
Шығармашылық әрекет балаға шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс. Жаңаны жасау, өзі жасаған тың дүниеден алған жан ләззаты, қуаныш сезімін әкелуі тиіс.Жаңаны жасау, өзі жасаған тың дүниеден алған жан ләззаты оқушы үшін шабыт баспалдағы болмақ.
Мұндай әдістер баланың бойындағы құмарлығын жойып алмай үнемі алға жылжуға талап-тілектерін сұраныс мұқтаждарын ескеріп, шығармашылығын жетілдіріп отыруға септігін тигізеді.Жалпы шығармашылық ойындарды 3 топқа бөлуге болады.
1 Дербес әрекет-сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру, қолөнер бұйымдарын жасау.
2 Үлкендер басшылығымен әрекет: театр түрлері, қолөнер туындылары, ойдан әңгіме, ертегі, өлең, жұмбақ шығару.
3 Шығармашылық бағытта қолданылатын барлық ойын түрлері: үстел үсті ойындары, топтық –қимылды ойындар.
Қорыта айтқанда, көркем-шығармашылық әрекеті, бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс түрлері сурет салу мүмкіндігін арттырумен бірге баланың шығармашылық қабілеттілігін, қиялдауы мен ойлауын, жауапкершілігін, өз пікірін ашық айтуын, дербестігін –барлық қасиеттерінің ашылуы мен дамуына септігін тигізеді. Дәл осы қасиеттер бүлдірішін балалардың өмірдегі жетістік формуласының негізі болып табылады.Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған шығармашылық ойындар тек шығармашылық әлеуетін дамыту құралы деп түсінуге болмайды. Құралда берілген ойындардан балалардың шығармалығымен қатар сенсорлық сезімдерін, қол моторикасы, дүниетанымы, тілінің және тағы басқа қасиеттерінің дамуына ерекше роль атқаратынын көруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет