«Бастыру» Әр түрлі заттармен бастыру арқылы сурет салу балабақша дәстүріне айналып келеді.
Аталмыш техника арқылы жұмыс істеу балаларда жағымды эмоция тудырады, таныс тұрмыстық заттарды көркем сурет саліға қолдану мүмкіншілігін ашады.
Бастыру үшін әр түрлі заттарды қолдануға болады:
- Жапырақ, түрлі өсімдіктер;
- Поролон,көкөністер,жүн;
- Алақан, қарындаштыңтерісбөлігі, жіп;
- Текшелер, өшіргіш, қорапшалар, түймелер т.с.с.
Дәстүрден тыс әдіспен сурет салуды үйренген бала өз бетінше бастыру құралдарын (фломастер қақпағы, сынған ойыншықты ұсақ бөліктері, т.б.). Іздеп тауып, үлкендерге көрсетеді.
Балаларды және үлкендерді мұндай заттарды сурет салуда қолдануға үйреткен жөн.
Бұл баланың өмірге шығармашылықпен қарауының, кез келген затты әр түрлі мақсатта қолдана білу іскерлігін дамытудың алғы шарты болып табылады.
Нүктелер арқылы сурет салу Нүктелер арқылы сурет салу (нүктелі сурет) дәстүрден тыс әдіске жатады. Сурет көптеген жекелеген нүктелер арқылы бейнеленсе, онда бұл сурет салу техникасы пуантилизм деп аталады.
Нүктелер саусақ немесе қылқалам ұшымен тықылдату әдісі арқылы түсіріледі, нүктелердің көлемдері әр түрлі болуы мүмкін. Нүктелер арқылы салынған сурет мозаика сияқты болады. Бұл әдісті қолдануда суреттің сыртқы сызығын бормен, ал соңынан ішін түрлі-түсті нүктелермен толықтыруға болады. Педагаг контур нүктелерді қойып суреттің сызбасын даярлайды. Балаға нүктелерді сызықтармен қосу ұсынылады. Пайда болған бейнені аяқтауға, бояуға, сюжет ойластыруға және ат қоюға болады.
Жұмысты аяқтаған соң балалар ашық түстерді немесе суық және жылы түстерді көп қолданған суреттерді топтастырады.