Ермексазбенбояу әдісі Ермексаздың көмегімен сурет салу дайындық тобының балаларының жас ерекшелігіне келеді. Өйткені бұл әдіс қолдың күшін керек етеді.
Балаларға дайын ақ-қара түсті сурет беріп үстінен түрлі-түсті ермексазды жаға отырып сай түске боятуға болады.
Контуры даяр суретті бояу ұсынылады.
Бала өз ойынан сурет салып, ермексазбен бояйды.
Бұл әрекет барысы бала бойындағы ашуды тарқатып, көңіл-күйін жақсартуға жағдай жасайды.
Дидактикалық ойын: «Неге ұқсайды?».
Ойынның мақсаты: Сенсорлық операцияларын, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Ойынның мазмұны:Үстел үстінде бірнеше жемістердің бейнесі (муляж) қойылады. Бала олардың қасиетін атап, неге ұқсас екенін табады.
Дидактикалық ойын: «Суретті аяқта».
Ойынның мақсаты: Қиялдарын дамыту, қолқимылдарына арналған қарапайым жаттығулар жүргізу.
Ойынның мазмұны:Балаларға Дым білместің қонаққа келетіні хабарланады. Оның балаларға сурет салғысы келетінін, бірақ жетекші не салғысы келетінін ұмытып қалғынын айтады. Оған көмектесіп, суретті аяқтауды ұсынады. «Сиқырлы теңіз», «Сыйқырлы орман» үлгіде тақырыптық сурет салуға арналған бірнеше элементтер беріледі.
Дидактикалық ойын: «Мынау қай пішін?» Мақсаты: Геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу. Көрнекілік: Картоннан жасалған геометриялық пішіндер 5–түрі.
Барысы:Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды. Тәрбиеші оның қолына геометриялық пішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап, балаларға көрсетпей атын атайды.
Дидактикалық ойын: «Қай ағаштың жемісі?»
Ойын мақсаты: Балаларды жемістер мен олардың ағаштарын ажыра білуге үйрету.
Ойын шарты: Алма, алмұрт, шие ағаштары және жемістері көрсетілген. Әр жемісті сәйкес ағаштарға тауып ілу керек.