Поролонмен сурет салу Поролонмен бастыру арқылы әр түрлі бейнелер салуға болады. Бұл үшін:
Поролоннан әр түрлі геометриялық пішіндер қиып алу;
Олардың жіңішке сым арқылы таяқша немесе қарындашқа бекіту;
«еңбек құралдарын» субояққа батырып алып бастыру әдісімен сурет салу (поролон тез жуылады).
Балалар түрлі сюжетті суреттер, натюморттар бейнелеуге мүмкіндік алады. Олармен бірлесіп геометрияның ғажайып әлеміне саяхат жасап, үйлер, ағаштар, жануарлар мен адамдарды геометриялық пішіндердің түсті бастырмасы арқылы бейнелеуге болады.
Поролонды қағазға түрткілеу арқылы сурет салуда қолдануға болады. Бұған қажетті құралды ескі қылқалам немесе кеуіп қалған фломастерден әзірлеп алу қажет. Бұлүшін:
Қылды 1мм етіп қию немесе фломастерден тығынды алып тастау;
Әртүрлі пішіндегі поролонды тесікке орналастыру;
Оларға субояқ жағып қағаз бетіне түсіру керек.
Балалар бұл әдісті суреттерді әшекейлеуге, жануарларды бейнелеуге, пейзаж – табиғат суретін салуда қолдануды ұнатады.
Үрлеу арқылы сурет салу Түтікшемен сурет салу немесе суреттерді «үрлеу» - баларға өте ұнайтын әдістердің бірі, себебі, түрлі-түсті тамшылар баланың көз алдында өзгере бастайды. Бала бейнеге қарап, оның неге ұқсайтынын табады, қиялдай отырып суретті аяқтайды. Бұлүшін:
Коктейль түтішесін алып, оны дәл ортасынан бөлу;
Аққағазға бояудың бір тамшысын немесе бояудың екітүрін суға езіп, бір-біріне жақын етіп тамызу;
Әртүрлі бұтақшалар пайда болу үшін тамған бояудың дәл ортасынан сыртқа қарай әртүрлі бағытта үрлеу;
Сулы шүберектің ұшын бояуға малып, дөңгелектей отырып, бет-әлпеттің пішінін келтіру;
Суретті кептіріп, жіңішке қалқалам мен көз, мұрын, қас, ерінді салу.
Бұндай «сиқырлы» суреттерді салу бала бойындағы көркемдік қабілетті, қиялды, елестетуді дамытып, ауыз бұлшық еттері мен тыныс алу ағзаларын жаттықтырады.