Қағаздан түрлі жануарлар, адамдар, гүлдер мен ақшақар силуэтін қиып алу;
Олардықағазбетінеорналастыру;
Ескімәсуектіалып, оны аздапсулап, құрғақ гуашь немесемайлыбояудыжағуқажет.
Осыдан кейін кез келген қатты затпен, қарындаш немесе балмұздақ таяқшасымен мәсуектің қылын ары-бері қозғап, қағазды түрлі-түсті бояуға толтыру керек. Әр түсті кезекпен қолданған жөн. Енді қағаз үлгіні (трафаретті) алып тастап, даяр суретті тамашалауға болады.
«Көкөністер» бастырмасы Балалар бастырма көмегімен салынған бейнеге ерекше қызығушылық танытады. Әсіресе, көкөніс қалдығынан балалдың көз алдында даярланған штамптар даяр сатып алғандарға қарағанда қызығушылықты үдете түседі.
Картоп, сәбіз, асқабақ қабығынан түрлі пішіндер:
Штампты гуашьқа батыру немесе оған қылқалам көмегімен субояқ жағу;
Қағаз немесе мата бетіне ойлаған сурет шығатындай етіп бастыру.
Штамптар көмегімен мата, кілем үлгілерінің эскизін жасауға немесе ұлттық ою-өрнектерден сәндік композициялар құрастыруға болады.
Жұмысқа ұлттық нақыш беру үшін жеке суреттер мен ұжымдық жұмыстарды әшекейлеуде ұлттық ою-өрнектерді жүйелі қолдану өте маңызды. Балалар ою-өрнекті бейнелеу арқылы қеңістікті бағдарлауға үйренеді және олардың аттарын есінде сақтайды.
Тамшуырменсурет салу Тамшуырмен (пипеткамен) сурет салу балаларды бояу мен эксперимент жүргізуін жалғастырады:
Бос шыны ыдысқа қызыл және сары түсті суды құйып араластыру, бала қызыл сары бояудың пайда болуына куә болады.
Осылайша, өзге ыдыстарда қызыл мен көк, көк пен сары суды араластырады, нәтижесінде сия көк пен жасыл бояулар пайда болады. Содан кейін:
Резіңкесі жуан тамшуырмен ыдыстағы бояудан алып, ақ қағазға тамшы түсіру
Түрлі-түсті тамшыны қағазға тамызу (олар кеппей тұрғанда ерекше әдемі болады, бұл балаларға ұнайды)
Таяқша немесе ескі фломастер алып, сия тамшысынан әр жаққа толқынды жолдар салу, сондай-ақ бір тамшыдан екінші тамшыға дейін жолдар жүргізуге болады (ал, егер қағазды еңкейтсе, түрлі түсті су жүгіре жөнеледі)