Жіппен сурет салу Жүн немесе жартылай жүн жіптердің әр түстісін даярлап алу керек. Мұндай жіптерден әр түрлі қызықты бейнелер жасауға болады. Балалар түс үйлесімділігін табуға үйренеді. Жұмыстыңережесі :
Шыныда сурет салу Шыныға сурет салу-балаларға өте қызықты әдістердің бірі, себебі, әйнектегі сурет бірнеше рет өшіріп, өзгертуге болады.Қолдану ережесі:
Әйнек кесіндісінің (терезе әйнегі де болады көлемі альбом парағындай, шетін жабысқақ лентамен жапсыру (қолды кесіп алмау үшін) немесе ағаш жақтаушаға қою;
Қажетті рең беру үшін әйнектің артқы жағына түрлі-түсті қағаз қою, бұл суреттің эмоционалдық әрін кіргізеді;
Содан кейін әйнекті сүртіп, оған субояқ, фломастер немесе түрлі-түсті борлармен сурет салуға болады.
Саусақпен сурет салу Саусақпен сурет салу – алақанмен, саусақпен, табанмен бейнелеудің тағы бір тамаша әдісі.
Бұл әді гуашь, майлы бояудың қасиетін (қанықтық, жұмсақтық) сезінуге көмектеседі.
Балаларға алақан немесе саусаққа әр түсті бояу жағу арқылы заттың суретін салу ұсынылады, сондай-ақ таяқша, мақта, мата, порролонды қолдануға болады. Қолдану ережесі:
Бояуды жайпақ табаққа, суды кішкентай құмыраларға құю, ал алақанмен сурет салғанда бояуды табаққа құйған жөн;
Әр саусақты бір түсті бояуға батыру, қағазға түсіріп болған соң құмырадағы суға жуып, қағаз сүлгімен сүрту.
Ағаштың суретін салғанда саусақпен діңі мен бұтақтарын бейнелейді, содан кейін алақанға сары, жасыл және қызыл сары бояуды жағып, жапырақтардың суретін салады.
Үлкен ақ қағазда (ұжымдық жұмысқа ыңғайлы) күннің суретін үлкен етіп салып, ал шуақтарды шеңбер бойымен балалар өз алақандарын бастыру арқылы түсірсе өте әдемі сурет шығады.
«Саусақ кескіндемесі(живопись)» көмегімен орамалды әшекейлеу, аңдардың іздері, пейзаж суреттерін тамаша етіп бейнелеуге болады.