Бағдарламасы ( 11сыныпқа арналған) Түсінік хат


VІ Адам денсаулығын сақтау шаралары



бет94/94
Дата07.02.2022
өлшемі3,55 Mb.
#96904
түріБағдарламасы
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94
Байланысты:
Биология факульт курсы (1)

VІ Адам денсаулығын сақтау шаралары
(5 сағ)





29

Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы.

1




30

Республикалық денсаулық сақтау министрлігі.

1




31

Адам денсаулығын сақтау мен қорғаудың құқықтық шаралары.

1




32

Адам денсаулығы және табиғат.

1




33

Қорытындылау

1




Экологиядан тақырыптық-кҥнтізбелік жоспар 8 - класс.
Аптасына 0,5 сағат. Барлығы - 17 сағат



Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Сарам

жҧмыс

Экскур ция

Ӛтетін кҥні


І Кіріспе (1 сағ)





1

Адам экологиясы, мақсаты мен міндеттері.

1





ІІ Қоршаған орта және адам (3 сағ)





2

Табиғат ресурстарын адамның саналы түрде игеруі.

1




3

Адамның биологиялық дамуы.

1




4

Алғашқы экологиялық проблемалар.

1





ІІІ Ғылыми-техникалық прогресс және табиғат (3 сағ)





5

Ғылыми-техникалық прогресс. Жер шары тұрғындарының күрт кӛбеюі.

1




6

Табиғатқа және адамға тигізетін зардаптар. Атом қаруын сынау, табиғаттың бүлінуі.

1




7

Антропогендік факторлар, экологиялық апаттар. Адамдардағы ауру түрлері.

1





ІV Антропогендік іс-әрекеттер және табиғат (4 сағ)





8

Қоршаған ортаның химиялық ластануы.

1




9

Қоршаған ортаның физикалық ластануы.

1




10

Қоршаған ортаның биологиялық ластануы.

1




11

Қоршаған ортаның адам іс-әрекетінен ластануы.

1





V Адам денсаулығы (3 сағ)





12

Азық-түлік сапасы. Дәрумендер.
Экологиялық таза ӛнім. Кӛкӛністер сапасы, құрамы.

1




13

Ауру түрлері. Анемия. Қатерлі ісік аурулары, зардаптары.

1




14

Қазақстандағы экологиялық апатты аймақтар.

1





VІ Адам денсаулығын сақтау шаралары
(3 сағ)





15

Адам денсаулығын сақтау мен қорғаудың құқықтық шаралары.

1




16

Адам денсаулығы және табиғат.

1




17

Қорытындылау

1




Экологиядан тақырыптық-кҥнтізбелік жоспар 9 - класс.
Аптасына 1 сағат. Барлығы - 34 сағат



Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Сарам

жҧмыс

Экскур ция

Ӛтетін кҥні


І Экология ғылымына кіріспе (3 сағ)





1

Экология ғылымына кіріспе, мақсаты мен міндеттері.

1




2

Экология ғылымының қалыптасу кезеңі мен құрылымы.

1




3

Экология ғылымының қалыптасуына қазақстандық ғалымдардың қосқан үлесі.

1





ІІ Географиялық қабық және қоршаған орта экологиясы (12 сағ)





4

Литосфера құрылымы, тіршілік үшін маңызы.

1




5

Жер бетінің бүліну себептері мен зардаптары.

1




6

Топырақты қорғау шаралары

1




7

Атмосфера қабаты, құрамы, маңызы, қабаттары.

1




8

Ауа қабатының ластануы. Озон қабатының жұқаруы. Қышқыл жаңбырлар.

1







9

Ауа қабатын қорғау шаралары. Кӛгалдандыру.

1




10

Су қабаты. Су айналымы. Судың тіршілік үшін маңызы.

1




11

Судың ластану себептері, зардаптары.

1




12

Суларды қорғау шаралары.

1




13

Ӛсімдіктердің кӛптүрлілігі, таралуы, маңызы

1




14

Жануарлардың кӛптүрлілігі, таралуы, маңызы

1




15

Ӛсімдіктер мен жануарларды қорғау.

1





ІІІ Биосфера туралы тҥсінік (4 сағ)





16

Биосфераның қазіргі экологиялық жағдайы, ластануы

1




17

Ноосфера қабаты, ерекшелігі.

1




18

Биосфераның тұрақтылығын сақтау проблемалары.

1




19

Сарамандық жұмыс №1 Биосфераның құрылымын сызып, оның бӛліктеріне сипаттама бер.


1




ІV Табиғи және агробірлестіктер (4 с)





20

Табиғи бірлестіктер. Биоценоз туралы түсінік.

1




21

Агроценоз оның түрлері.

1




22

Биоценоз бен агроценоздың айырмашылығы.

1




23

Биогеоценозға сипаттама.

1





V Қазақстандағы экологиялық жағдайлар
8 сағ)





24

Қоршаған ортаның негізгі ластану кӛздері.

1




25

Қоршаған ортаның химиялық ластануы.

1




26

Қоршаған ортаның физикалық ластануы.

1




27

Қоршаған ортаның биологиялық ластануы.

1




28

Қоршаған ортаның адам іс-әрекетінен ластануы.

1




29

Экологиялық табиғи апаттар, зардаптары.

1




30

Экологиялық апат аймақтары. Семей ӛңірі.

1




31

Қала экологиясы.






VІ Экология және табиғат қорғау (3 сағ)





32

Табиғат тіршілік бесігі, табиғаттың тіршілік үшін маңызы.

1




33

Сарамандық жұмыс №2 Қазақстандағы қорықтар. Қызыл кітап.


1



34

Қорытындылау.

1




Экологиядан тақырыптық-кҥнтізбелік жоспар 9 - класс.
Аптасына 0,5 сағат. Барлығы - 17 сағат



Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Сарам-қ жҧмыс

Экскур ция

Ӛтетін кҥні


І Экология ғылымына кіріспе (1 сағ)





1

Экология ғылымына кіріспе, мақсаты мен міндеттері. Экология ғылымының қалыптасу кезеңі мен құрылымы.

1





ІІ Географиялық қабық және қоршаған орта экологиясы (8 сағ)





2

Литосфера құрылымы, тіршілік үшін маңызы.

1




3

Жер бетінің бүліну себептері мен зардаптары. Топырақты қорғау шаралары

1




4

Атмосфера қабаты, құрамы, маңызы, қабаттары.

1




5

Ауа қабатының ластануы. Озон қабатының жұқаруы. Қышқыл жаңбырлар. Ауа қабатын қорғау шаралары. Кӛгалдандыру.

1




6

Су қабаты. Су айналымы. Судың тіршілік үшін маңызы. Судың ластану себептері, зардаптары. Суларды қорғау шаралары.

1




7

Ӛсімдіктердің кӛптүрлілігі, таралуы, маңызы

1




8

Жануарлардың кӛптүрлілігі, таралуы, маңызы

1




9

Ӛсімдіктер мен жануарларды қорғау.

1





ІІІ Биосфера туралы тҥсінік (3 сағ)





10

Биосфераның қазіргі экологиялық жағдайы, ластануы. Ноосфера қабаты, ерекшелігі.

1




11

Биосфераның тұрақтылығын сақтау проблемалары.

1




12

Сарамандық жұмыс №1 Биосфераның құрылымын сызып, оның бӛліктеріне сипаттама бер.


1




ІV Табиғи және агробірлестіктер (2 с)





13

Табиғи бірлестіктер. Биоценоз туралы түсінік. Агроценоз оның түрлері.

1




14

Биоценоз бен агроценоздың айырмашылығы.

1





V Қазақстандағы экологиялық жағдайлар
(2 сағ)





15

Қоршаған ортаның химиялық, физикалық, биологиялық, антропогендік ластануы.

1




16

Экологиялық табиғи апаттар, зардаптары.
Экологиялық апат аймақтары. Семей ӛңірі.

1





VІ Экология және табиғат қорғау (2 сағ)





17

Сарамандық жұмыс №2 Қазақстандағы қорықтар. Қызыл кітап.


1



18

Қорытындылау.

1




Оқушыларға қойылатын талаптар Экология (5 сынып) Оқушылар білуі тиіс.

  1. "Экология" деген сӛздің мәні мен мағынасы.

  2. Адамға пайдалы және зиянды заттар.

  3. Үй ішінің тазалығы. Оның маңызы.

  4. Қоршаған табиғи орта.

  5. Ауадағы тіршілік. Оның құрауыштары.

  6. Ӛсімдіктер мен жануарлар туралы.

  7. Табиғат кешендері.

  8. Адам мен табиғат арасындағы байланыс.

  9. Адам, қоғам және табиғат туралы түсініктер.

  10. Мектеп үлескесіндегі тіршілік.

  11. Ауа, су, топырақтың қажеттілігі.

  12. Қоршаған ортаның ластануы.

  13. Пайдалы және зиянды ағзалар туралы.

  14. Ағзаларды қорғау қажеттілігі. Оның мәні.

  15. Табиғи қорлар. Оларды жіктей білу.

  16. Табиғаттағы ӛзгерістер.

  17. Табиғатты қорғау қажеттілігі.

Экология (6 сынып)
Оқушылар білуі тиіс.

  1. Тірі ағзалар, олардың кӛптүрлілігі.

  2. Тірі ағзалар үшін табиғи ортаның маңызы.

  3. "Қызыл кітап" туралы алғашқы түсінік.

  4. Биосфера туралы түсінік. Оның бӛліктері.

  5. Атмосфера ауасының сапасы мен ластануы.

  6. Судың табиғаттағы рӛлі мен сапасы.

  7. Топырақтың құрамы мен ластануы.

  8. Ӛсімдіктердің әртүрлілігі және оларды қорғау.

  9. Жануарлардың әртүрлілігі және оларды қорғау.

  10. Жабайы аңдар мен құстар туралы.

  11. Қоршаған орта сапасының ӛзгеруі.

  12. Адамның іс-әрекетінің табиғат үшін жағымсыз жақтары.

  13. Адамның іс-әрекетінен болатын ластану.

  14. Табиғатты қорғаудағы адамның рӛлі. 15. Адамның табиғатты жақсартудағы игі істері.

Экология (7 сынып)
Оқушылар білуі тиіс.

  1. Биоэкологияның зерттеу нысандары мен мақсаты.

  2. Тіршілік орталары туралы.

  3. Тіршілік орталарына талдау жасай білу.

  4. Тірі ағзалардың тіршілік ортасына қарай жіктелуі.

  5. Популяциялар туралы түсініктер.

  6. Популяциялардың биологиялық құрылымы.

  7. Популяциялық белгі-қасиеттер.

  8. Популяциялар арасындағы қарым-қатынастар.

  9. Популяцияларды есепке алудың маңызы.

  10. Табиғи бірлестіктер және экожүйелер туралы.

  11. Бірлестіктердің экологиялық құрылымы.

  12. Биоценоз, биогеоценоз туралы.

  13. Биоценоздағы тірі ағзалардың қоректену сипатына қарай жіктелуі.

  14. Зат және энергия айналымдарының жүру процестері.

  15. Тірі ағзалардың қоректік тұрғыдан жіктелуі.

  16. Агроценоздар. Оның құрылымы.

  17. Агроценоздардағы адамның іс-әрекеті.

  18. Экологиялық білімді практикада қолдану мүмкіндіктерін меңгеру. 19. Табиғат ресурстарын кешенді түрде қорғау қажеттілігі.

Экология (8 сынып)
Оқушылар білуі тиіс.

  1. Адам экологиясы, оның мақсаты мен міндеттері.

  2. Ежелгі дәуірдегі адамдардың табиғатты пайдалануы.

  3. Алғашқы экологиялық проблемалар.

  4. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы.

  5. Адамның іс-әрекетінің шектен тыс шығуы.

  6. Соғыс зардаптары. Ӛрттер. Атом қарулары.

  7. Табиғаттың химиялық, радиоактивті заттармен ластануы.

  8. Биологиялық ластану, оның кӛздері.

  9. Адам денсаулығына әсер ететін факторлар.

  10. Тұтыну заттарының зиянды әсері.

  11. Азық-түлік сапасының ағзаға әсері.

  12. Әр түрлі зиянды химиялық улы заттар.

  13. Экологиялық апат аймақтары туралы.

  14. Адамның денсаулығын сақтау шаралары. 15. Адамның денсаулығын қадағалайтын мекемелер.

Экология (9 сынып) Оқушылар білуі тиіс.

  1. Экология ғылымының теориялық негіздері, зерттеу объектілері, қалыптасу кезеңдері.

  2. Географиялық қабық және қоршаған ортаға тигізетін адамның іс-әрекеті.

  3. Биосферадағы ӛзгерістер және оның тұрақтылығын сақтау.

  4. Биоценоздар мен экожүйелердегі ӛзгерістер, олардың себептері.

  5. Қазақстанда қалыптасқан экологиялық жағдайлар.

  6. Ауа, су, жер ресурстарының ластану кӛздері мен ластағыш заттары. 7. Қазақстандағы апат аймақтары, олардың зардаптары мен қазіргі жағдайы.

  1. Табиғат қорғаудың экологиялық зардаптары.

  2. Қорықтар және ерекше қорғалатын аумақтар, олардың мәні.

  3. Экологиялық проблемаларды шешу мүмкіндіктері мен жолдары.

  4. Табиғаттағы болып жатқан ӛзгерістерді экологиялық тұрғыдан түсіндіре білу.

  5. Экожүйелердің жарамсыздану себептерін анықтау және зардаптарын болжау.

  6. Қазақстандағы экологиялық апат аймақтарына талдау жасап, олардың зардаптарын жою шараларына қатысу.

  7. Экология және табиғат қорғау мәселелерін ұштастыра білу.

  8. Қорықтар ісін жандандыруға ат салысу.

  9. Жергілікті жердің экологиялық проблемаларын анықтап, қоғамдық пікір туғызып, оларды шешу.

  10. Жергілікті жердегі ауа, су, азық-түлік құрамына қарапайым экологиялық сараптама жасай білу.

  11. Лабораториялық жағдайда ластағыштарды анықтаудың экспресс әдістерін меңгеру.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

    1. Ә.Бейсенова, Ж.Шілдебаев Бағдарламалар "Экология" 5-11 сыныптар Алматы «Мектеп» 2005

    2. Ә.Бейсенова, Ж.Шілдебаев "Экология" 9 сынып оқулық Алматы «Мектеп» 2005

    3. Ұ.Б.Асқарова "Экология және қоршаған ортаны қорғау" Оқу құралы

Алматы 2007

    1. Е.Ағелеуов, К.Дӛненбаева және т.б. Ботаника Алматы «Санат» 1998.

    2. К.Ә.Дәуітбаева Омыртқасыздар зоологиясы ІІ том, Алматы 2005.

    3. Қ.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов Омыртқалылар зоологиясы І том, Алматы 2007.

    4. Қ.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов Омыртқалылар зоологиясы ІІ том, Алматы 2007.

    5. Қызыл кітап беттерінен Алматы 2005.

    6. Р.Сәтімбеков, Р.Әлімқұлова «Қызықты биология» Алматы 2006.

    7. Л.А.Байдолова, Қ.Б.Болатова "Омыртқасыздар зоологиясының практикумы" Орал, 2005.

    8. Чудеса природы Алматы кітап баспасы, 2008.

    9. Е.А.Криксунов, В.В.Пасечник "Экология" 9 класс, Учебноеметодическое пособие Москва Издательский дом "Дрофа" 1998 Сабақтар ҥлгілері

Экология-9 сынып
Тақырыбы: "Проблемалар және дилеммалар" (карточкалық ойын) Мақсаты:

  1. Оқушыларға экологиялық проблемалар туралы түсінік бере отырып, шешу жолдарын табуға бағыт-бағдар беру.

  2. Оқушылардың ойлау қабілеті мен сӛйлеу мәнерін дамыта отырып, ӛз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.

  3. Экологиялық білім мен мәдениетке тәрбиелеу

Сабақтың тҥрі: Ойын
Сабақтың әдісі: Карточкалық ойын
Кӛрнекілігі: Презентация, карточкалар, DVD диск және т.б.
Сабақтың барысы: Ҧйымдастыру бӛлімі
Сынып оқушыларын 5 оқушыдан тұратын 5 топқа бӛліп отырғызу. Әр топтан 1 оқушы келіп карточка таңдайды. Сол карточканың негізгі проблемасын әр топ ӛз бетінше оқып танысады, соңындағы жауаптың біреуін таңдап, сол жауапқа ӛз ойларын қоса отырып жеткізеді. Оған арнайы уақыт беріледі.
Оқушыларға берілетін карточкалардың бағыттары:
Ауа топырақ ӛнеркәсіп
біздің ғаламшарымыз болашақта
денсаулық және қоршаған орта
Ауа - ӛзіңізді қоршаған ортаны қорғау министрі деп есептеңіз. Сіздің алдыңызда ауаның ластану деңгейін тӛмендету міндеті тұр. Сіздің кеңесшілеріңіз бен сарапшылар бұл мәселені шешудің бірнеше ықтимал жолдарын ұсынады. Олардың қайсысын Сіз анағұрлым тиімді деп есептейсіз?

  1. Оларды пайдаланудың анағұрлым жоғары тиімділігіне қол жеткізу, сұранысты азайту және оның салдары ретінде ластайтын заттардың қалдықтарын және олармен ауаның ластануын тӛмендету мақсатында энергия тасымалдағыштар мен электр энергиясының бағасын кӛтеру.

  2. Олардың жұмысы қоршаған ортаны қатты ластандыруға әкеп соғатын ескірген ӛндірістік кәсіпорындарды және тиімділігі аз ауа фильтрлері бар ӛндірістерді жабу.

  3. Шекті рұқсат берілетін ластайтын концентраттардың және шекті рұқсат берілетін қалдықтардың (атап айтқанда, күкірт газы, азот оксиді және шаң тозаңдар) нормаларын заңнамалық тұрғыдан тӛмендету.

  4. Ӛнеркәсіптік кәсіпорындарда атмосфераға түсетін ластайтын заттардың қалдықтарын тӛмендетуге ықпал ететін тазалау ғимараттарын орнату. Топырақ - адамдар су мен ауаның ластануы сияқты жер қыртысының құлдырауы мен бұзылуына алаңдауда. Тӛменде санамаланған жер қыртысы құлдырау себептерінің қайсысын Сіз осы мәселенің ӛзектілігіне қоршаған адамдардың кӛзін жеткізу үшін пайдаланар едіңіз?

  1. Агротехниканың бұзылуынан (жоғары ӛнімділікті қамтамасыз ету үшін ӛсімдіктерді ӛсіру тәсілдері кешенінен), табиғи ӛсімдікті жоюдан, мал күтімінен жер қыртысының мүжілуі.

  2. Жер қыртысының сортаңдануы.

  3. Жер қыртысының ауыр металдармен, пестицидтермен, нитраттармен ластануы.

Ӛнеркәсіп - Сіз қоршаған ортаны ластайтын зауыттың иесісіз. Жақын арада қоршаған ортаны қорғауды күшейту туралы қабылданған жергілікті заң Сізді белгілі бір дәрежеде зиянды шығарындыларды азайтуды міндеттейді. Сондықтан Сіз консультанттардан осы проблеманы зерделеуді сұрадыңыз. Зерттеулер шығарындыларды тазалау үшін қосымша құрал-жабдықты сатып алу керек екенін кӛрсетті. Бірақ оның бағасы қымбат болғандықтан, Сізге 100 жұмысшыны жұмыстан босату керек. Сіздің әрекетіңіз?

  1. Құрал-жабдықты сатып алып, жұмысшыларды жұмыстан босатасыз.

  2. Уақытты ұзартып,әзірше ештеңе ауыстырмайсыз.

  3. Жаңа құрал-жабдыққа ақша жинайсыз немесе коммерциялық несие аласыз.

  4. Басқа консультанттарды жалдап, оларға тазалаудың неғұрлым арзан жолдарын табуды ұсынасыз.

Біздің ғаламшарымыз болашақта - қоршаған ортаға қауіп-қатер тӛндіретін бірқатар жаһандық мәселелер бар. Сіздің пікіріңізше, тӛменде келтірілген мәселелердің қайсысы ғаламшарымыздың келешегі үшін нақты қауіп тӛндіреді? 1. Климаттың жаһандық ӛзгеруі.

  1. Биоәртүрліліктің азаюы (ӛсімдіктер мен жануарлар түрлерінің жойылып кетуі).

  2. Табиғи қорларды ұтымсыз және шамадан тыс пайдалану.

  3. Судың, ауаның және топырақтың ластануы.

Денсаулық және қоршаған орта - қоршаған орта біздің денсаулығымызға ықпал ететіні сӛзсіз. Сіздің пікіріңізше, қандай факторлар адамдардың денсаулығына елеулі ықпал етеді?

  1. Судың сапасы.

  2. Тамақтың сапасы.

  3. Ауаның сапасы.

Оқушылардың пікірлерін тыңдап, бағалайтын сарапшылар тағайындалады.
Олар: 1. Жергілікті тҧрғын

    1. Жастар тарапынан

    2. Бизнес (ӛндіріс саласы)

    3. Қоршаған ортаны қорғау салалары бойынша.

Оқушы пікірлерін тыңдай отырып бағалайды. Бағалау нормалары тӛмендегідей.
Жасыл тҥс-ӛте жақсы пікіріңізге толық келісемін. Орындауға атсалысыңыз.
Кӛк тҥс-жауап нақты емес әлі толықтыру қажет. Егер толықтырылса қолдаймын.
Қызыл тҥс-ең негізгі мәселелер айтылмай қалды, жауап мардымсыз.
Бұл нұсқаны қолдамаймын.
Экология – 9 класс №11 сабақ барысы
Тақырыбы: «Арал экологиясы»
Мақсаты: Оқушылардың Арал экологиясы жайындағы пікірін, кӛзқарасымен танысу және сӛйлеу шеберлігін байқап, ораторлық қасиеттерін анықтап, жетілдіру. Табиғат байлығын ұқыпты жұмсап, қымбат қазынаны қадірлеуге, қорғауға жанашырлық сезімдерін тереңдете түсу арқылы ой-ӛрісін дамыту.
Экологиялық мәдениеттілікке, табиғатты сүюге, қастерлеуге, қорғауға баулу және экологиялық тәрбие беру.
Кӛрнекіліктер: Қазақстанның физикалық картасы, буклет, Аралды жоқтау (видео касета)
Сабақтың типі: Дәстүрлі емес
Сабақтың түрі: Дебат сабақ
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бӛлімі
Мұғалім сӛзі: Сәлеметсіздерме оқушылар, біз ӛткен сабағымызда «Арал теңізінің экологиясы» тақырыбын бастаған болатынбыз. Бүгінгі сабағымызда тақырыпты әрі қарай жалғастырамыз. Арал теңізі қазіргі таңда бүкіл әлемдік проблемаға айналып отыр, осы ретте біздер ӛз ойпікірімізді, жанайқайымызды жеткізетін сәт бүгін түсіп тұрғандай. Олай болса бүгінгі дебат сабағымызда мынадай мәселелерге кӛңіл бӛлеміз. Соңғы уақыттарда табиғатымыздың ӛңі ӛзгеріп, экологиялық дағдарыстар кӛбеюде.
Бұл дебат сабағымызға қатысушыларды айтып ӛтетін болсам:
Спикер-1 оқушы, Правительство (үкімет) – 3 оқушы, Опозиция (даттаушы) – 3 оқушы, және қалған оқушылар парламент мүшелері. Сонымен қазір ӛз ойларын ортаға салғалы отырған 2 топтың мүшелері дұрыс, жүйелі, нақты дәлелдер айтып оны жоққа шығара алуы тиіс.
Сӛз кезегін спикерге беремін.
Спикер сӛзі: Сәлеметсіздерме Құрметті парламент мүшелері, қатысушы топтар бүгінгі Арал теңізінің экологиясы тақырыбындағы дебат сабағымызға қош келдіңіздер.
Дебаттың шарты: Ойынға екі топ қатысады. Топ мынадай мүшелерден тұрады:

  1. Жақтаушы топ басшысы - Тӛлегенова Назым сӛйлеу уақыты – 6 минут.

  2. 1-ші мүше Мусаралиева Райхан сӛйлеу уақыты – 5 минут.

  3. 2-ші мүше Жоламанова Айдана сӛйлеу уақыты – 4 минут. Даттаушы топ басшысы – Кусесова Айгерім сӛйлеу уақыты – 6 мин. 1-ші мүше Ниетқалиева Жадыра сӛйлеу уақыты – 5 мин. 2-ші мүше Ермеков Ербол сӛйлеу уақыты – 4 минут. Белгілі бір мәселені талқылаған кезде екі топтың бірі даттаса, бірі жақтауы тиіс. Әр топ ӛз кӛзқарасын дұрыс, жүйелі, нақты дәлелдеуі тиіс және дәлелді жоққа шығаруы керек.

Дебат сабағымызды бастаймыз. 1.
Негізгі бӛлім.
Бірінші болып ортаға жақтаушы топтың басшысын шақырамыз. Сӛйлеу уақыты 6 – минут, 1 минуты қарсылас топтың сұрағына арналады. Сӛз ӛзіңізде уақыт басталды.
Жақтаушы сӛзі: Сәлеметсіздерме Тӛреші ханым, аппанентім, парламет мүшелері. Айғай шығарып, дүниеге жайып жатқан Арал проблемасы менің ойымша ондай күрделі проблема емес. Себебі қазір Аралдың суы біртіндеп қалпына келе жатыр. Оны құтқару үшін әр-түрлі шаралар қолға алынуда. Мысалы: Сырдария мен Амудария ӛзендері айналасына күріш, мақта егістіктерінің кӛлемін азайтып, тәңізге басқа каналдар тартылып, су жіберілуде. Сонымен қатар Арал ӛз тарихында 5 рет тартылып, 5 рет қалпына келген. Біздің топтың ойынша бұл жағдайда ӛз қалпына келеді және бұл ойымыз орындалуда.
Спикер сӛзі: Уақыт аяқталды. Рахмет. Ортаға келесі қарсы топ даттаушы топтың басшысы шақырылады. Сӛйлеу уақыты 6 – минут. 1 минуты қарсы топтың сұрағына арналады.
Даттаушы сӛзі: Сәлеметсіздерме ,құрметті менің аппаненттерім, тӛреші ханым. Арал теңізі Қазақстандағы 48 мың кӛлдің ішінде территориясы жӛнінде екінші орында. Арал теңізі Қазақстанның оңтүстігіндегі Тұран ойпатының тектоникалық қазаншұңқырында орналасқан. Оның ауданы 64,5 мың км2 ең ұзын жері 428 км мұхит деңгейінен 53 м биіктікте орналасқан. Оның айналасы жазық, құмды болып келеді. Ол туралы алғашқы деректер грек қолжазбаларында кӛптеп кездеседі. Кейін орыстың атақты академигі
А С Берг 1908жылы Арал теңізі жайлы ӛз еңбегін жазды. Судың тұздылығы 14 промилле, теңіз суының азаюына байланысты тұздылығы артып келеді. Бұрын Аралдан жылына 200 мың т балық ауланып жүрген, ал қазір ше?
Арал теңізі бұрын барша әлемге ӛзінің керемет балықтарымен әйгілі болған. Ал қазір оның экологиялық жағдайы ӛте мүшкіл. Ол жойылып кету қарсаңында тұр. Біз Аралдың бұрынғысын, қазіргісін, келешегін кӛз алдымызға елестетіп кӛрсек. Аралдың бұрынғысы 29 ірі кӛлдің бірі, суы мол, балығы кӛп, айналасында жануарлардың бірнеше түрі мекендеген болатын. Ал қазір су деңгейі 74,2 м-ге тӛмендеп, ӛз жағалауынан 100 км шегінді, жерінің бәрін сор басып, тұз ауаға тарап адамдар арасында әртүрлі қауіпті аурулар туғызуда. 57 түрлі аң-құстан тек не бары 13 түрі қалды. Баршаға ӛзінің құландарымен таныс Барсакелмес қорығы басқа жерге кӛшірілді де құландары қызыл кітапқа негізілді. Аралдың айналасындағы 800 мың га тоғай құрып кетті. Арал маңындағы ауылда балалар ӛлімі, үлкен адамдар арасында тыныс мүшелері мен қан айналу жүйесі аурулары жиі кездеседі. Жұқпалы аурулар, қатерлі ісік, туа біткен ауытқулар соңғы кезде кӛптеп кездесуде.
Спикер: Уақыт аяқталды. Рахмет. Ортаға жақтаушы топтың 1-ші мүшесін шақырамын. Сӛйлеу уақыты 5 – минут 1 мин-ты қарсы топтың сұрағына арналады.
1-ші мүше жақтаушы: Сәлеметсіздерме құрметті менің аппанеттерім және тӛреші ханым. Мен, сӛзімді бастамас бұрын, аппанентім Айгерімнің бір сӛзіне тоқталып, қарсы пікір айтсам деймін. Мана сіз бір сӛзіңізде Барсакелмес қорығы басқа жерге кӛшіріліп, құландары «қызыл кітапқа» енгізілді дедіңіз. Ал мен болсам бұған қарсы пір айтайын. Құландардың санын қалпына келтіру үшін 1953-1964 жылдар аралығында Түркіменстанның Бадхыз қорығынан 19 бас құлан әкелініп, Барсакелмес қорығына жерсіндірілді. Адам баласының қамқорлығына алынған түз тағылар 50жылдың ішінде кӛбейіп, ӛсе бастады. Қазір оның саны 500-ден асып, байырғы мекен еткен жерлеріне жіберіле бастады. Ӛздерін еркін сезіне бастаған құландар жыл санап ӛсе түсуде. Болашақта оларды Үстірт, Бетпақдала, Балқаштың оңтүстігі далаларына жіберу жоспарланып отыр. Ал Арал аймағына келетін болсақ 2001 жылғы 29 тамыздағы «Арал аймағына қолдау кӛрсету және дамыту шаралары туралы» №1121 қаулысы арқылы бекітілген іс-шаралар жүзеге асырылуда. 2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» сапалық бағдарламасын іске асыру шеңберінде 20072009 жылдары Арал ӛңірінің сумен жабдықтау жүйесін жетілдіруге республикалық бюджеттен қаражат бӛлініп отыр.
Осы орайда Арал ӛңірінің басты міндеті мұндағы сабақты иненің әзер ілініп тұрған жібін үзіп алмау болып тұр. Аты аңызға айналған Аралдың кешегісі менбүгінгісі жайлы осындай әңгіме айтуға болады. Сонымен бірге, оның ертеңінің бүгінгіден де нұрлы, бүгінгіден де кескінді бола түсетініне сенімімді білдіргім келеді. Оған жол ашатын тек сіздерсіздер ағай. Тыңдағандарыңызға Рахмет.
Спикер: Уақытыңыз аяқталды. Рахмет. Ортаға даттаушы топтың 1-ші мүшесін шақырамын. Сізгеде дәл солай 5 – минут беріледі 1 мин-ты қарсы топтың сұрағына арналады.
1-ші мүше даттаушы: Бір кездері шағаласы шаңқылдап, суы кемелерінен аса шапшып жатқан Арал – бүгінде әбден кеуіп, құрғап, ӛлі дүниеге айналуда. Аралдың 66 мың км2 су айдынынан бүгін 18-20 мың км2-қа жуығы ғана қалған.
1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мӛлшері азайды. Оның ең негізгі себептері – антропогендік факторлар. Әмудария мен Сырдария ӛзендерінің бойында суды мол қажет ететін күріш пен мақта ӛсіру ісі қарқындап дамуда. Оның үстіне ауыл-шаруш-ның басқа да салалары барынша дамыды. Ӛзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдарда 44 мың м3 су құйылса, бұл кӛрсеткіш 1974-1978 жылдарда 13 мың м3, ал 1990 жылдары 2 есеге қысқарды. Соның салдарынан Арал теңізінің деңгейі 23 м-ге тӛмендеді, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қысқарды. Судың тұздылығы 40 промилге дейін артты. Тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын болмаған кӛрсеткішке жетті.
Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге жоғарлады.
Арал экологиясының апаттануына себеп болған факторлар:

  • Жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу,

  • Ауыл-шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау,

  • Суды ӛте кӛп қажет ететін күріш, мақта дақылдары алқабының ауданын барынша кӛбейтіп жіберу,

  • Жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және судың дұрыс пайдаланылмауы,

  • Табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оларды игерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

Спикер: Уақытыңыз аяқталды Рахмет. Ортаға жақтаушы топтың 2 мүшесі шақырылады. Сӛйлеу уақытыңыз 4 минут. 1 мин-ты қарсы топтың сұрағына арналады.
2-ші мүше жақтаушы: Сәлеметсіздерме құрметті аппаненттерім, парламент мүшелері. Манағы менің аппанеттерім айтқан пікірлерге қосыла отырып, қорытындылайтын болсақ, Арал ӛңірінің проблемаларын кешенді шешу жӛніндегі 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жӛніндегі іс-шаралар жоспары мынадай:

  • Қызылорда қаласында улы химикаттарды сақтау үшін, арнайы сақтау қоймасын салу,

  • Сырдария ӛзенінің арнасын реттеу, Арал теңізінің солт-к бӛлігін сақтау жобасын аяқтау 2009 жыл 20 қаңтар.

  • Арал ӛңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы, әкімшілік аудандардың экологиялық паспортын жасау,

  • Арал-Сырдария бассейнінде бағалы балық түрлерін сақтау,

  • Арал ӛңірінде туристік саланы дамыту жӛнінде ұсыныстар әзірлеу.

Жалпы, біз айтып отырған, дүниежүзіне әйгілі болып отырған Арал проблемасы менің ойымша ондай күрделі емес. Ӛйткені, қазіргі кезде Арал теңізінің жағдайы жақсарып келеді. Арал теңізі ӛз тарихында 5 рет тартылып, 5 рет қалпына келген. Неге ол қайтадан 6-шы рет қалпына келмеске? Жалпы мен осы ойға сеніп, қайтадан дұрысталар деп ойлаймын. Спикер: Уақытыңыз аяқталды Рахмет. Ортаға даттаушы топтың 2-ші мүшесі шақырылады. Сӛйлеу уақыты 4 минут, 1 мин-ты қарсы топтың сұрағына арналады.
2-ші мүше даттаушы: Сәлеметсіздерме құрметті аппанеттерім, тӛреші ханым. Міне, бүгінгі таңда, бүкіл әлемдік проблемаға айналып отырған «Арал теңізінің» жағдайы туралы түрлі пікірлер айтылуда.
Мен, болсам құрметті аппанеттерім сіздің пікірлеріңізге мүлдем қарсымын. Сіз айтасыз Арал теңізінің жағдайы жақсы, жақсару үстінде. Арал теңізінің қазіргі таңдағы жағдайы мәз емес. Тұтастай алғанда Аралға кӛрсетіліп жатқан шараларға қарамастан, Арал теңізінің жағдайы күрделі болып қалып отыр. Арал теңізіне құйып отырған екі ӛзен Әмудария мен Сырдарияны адамдар ӛздеріне қарай каналдар арқылы суын бұрып алып отыр. Соның салдарынан Арал теңізі тартылды. Оның атмосфераға тараған тұзы, тек ауаға ғана емес сонымен қатар топыраққада зиянын тигізуде. Бір айта кететін мәселе бұл «Возрождения» аралы. Бұл арал қалай пайда болды деген сұраққа жауап, Арал теңізінің тартылуынан пайда болып отыр. Осы «Возрождения» аралына 1988 жылы Ресейден 2-контейнер бактерия әкелініп кӛмілген болатын. Оныңда тигізіп отырған зияны ӛте кӛп. Айта кетсек, түрлі аурулар соның ішінде жұқпалы сары ауру, сәбилердің дүниеге мүгедек болып келуі, осының бәрі осы адамзаттың ісі деп айтуға болады. Сіздерден сұрайтыным жаңа бір сӛздеріңізде Арал теңізінің жағдайын жақсарту үшін Сырдария мен Әмудария ӛзендерінің суын реттеу жӛнінде ешқандай қимыл кӛріп отырған жоқпын. Әлде бұл бос сӛз болды ма. Каспиден канал жүргіземіз дедіңіз, олда осылай қалып отыр. Еш қимыл қозғалыс кӛрінбейді. Біз пайдаланатынды пайдаландық, ендігі жерде келешек ұрпаққа нені қалдырамыз. Осыған кӛңіл бӛліп, ойланайықшы замандастар.
Спикер: Уақытыңыз аяқталды Рахмет. Осымен негізгі бӛлім аяқталды. Келесі бӛлім парламент мүшелері сіздерге арналады. Осы айтылған пікірлерге ӛз ойларыңызды білдіріп, дәлелдеп сол жақты қолдай алу мүмкіндігіңіз бар. Сӛйлеу уақыты 7 минут.
Гүлдана – даттаушы топтың пікірін қолдаймын, себебі бір бүлінген зат дәл сондай бұрынғы қалыпқа келеді деп ойламаймын.
Динара – менде даттаушы топтың пікірін қолдаймын, себебі сол жерде тұратын халықтың денсаулығы, әсіресе балалардың денсаулығын қайтадан қалпына келтіру мүмкін емес нәрсе. Сондықтан халықтың денсаулығын қайтару, мүлдем орындалмайтын істің бірі.
Алмасхан - әрқашан болашаққа сеніммен қарау керек. Ӛз тарихында 5 рет қалпына келген Арал 6-шы ретте қалпына келуі мүмкін деп жақтаушы топтың пікірін қолдаймын.
Жалпы бекіту сұрақтары:

  • Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министірі кім?

  • Дүние жүзілік қоршаған ортаны қорғау күні?

  • Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі қашан қабылданды?

  • Батыс Қазақстан қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы кім? Ей замандас, ең алдымен досыңды ұқ, Досың жер, су, мӛлдір ауа, ӛсімдік. Ала жүріп осылардаң сыйлаған, Осыларды қорлау деген не сұмдық. Жер ешкімге жазбайды, деп арызды Барын сарқып алу парыз ба? Жоқ замандас әр ұрпаққа туған жер, Не берсе де беретіні қарызға.

Үйге тапсырма: «Балқаш кӛлінің» экологиясы. Қосымша мәлімет дайындау.
Экология – 8 класс №13 сабақ барысы
Тақырыбы: «Қазақстанның экологиялық апат аймақтары»
Мақсаты: 1.Оқушыларға экологиялық апаттар туралы түсінік беру, экологиялық апаттардың түрлерімен зардаптарымен таныстыру.

    1. Экологиялық апаттардың табиғатқа, тірі ағзаға соның ішінде адам денсаулығына әсерін түсіндіру.

    2. Экологиялық білімді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың тҥрі: Жаңа сабақты игерту, баяндау.
Кӛрнекіліктер: Қазақстанның физикалық картасы, буклеттер, суреттер.
Сабақтың барысы: Ҧйымдастыру бӛлімі
Баяндамалар: «Семей ядролық полигоны» Гаисина Албина
«Батыс Қазақстанның экологиялық жағдайы» Арыстанғалиева Диана
«Байқоңыр ғарыш айлағының экологиясы» Мамырова Арзу
Ауаның, судың, топырақтың ластануы, озон қабатының жұқаруы, қоршаған ортаның ӛзгеріске ұшырауы, климаттың ӛзгеруі бұлардың барлығы экологиялық апаттар деп аталады.
Семей Азғыр Тайсойған
↓ ↓ ↓
Каспий → Экологиялық апат аймақтары ← Арал
↑ ↑ ↑
Байқоңыр Сарышаған Қарағанды Еліміздің аумағында ядролық қарудың сыналғанын әлем мойындап отыр. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынып келген. Соның ішінде тек Семей полигоны ғана кӛпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан халық беймәлім болды. Шын мәнінде, қазақ даласының шамамен 33,6 млн Га жері 40жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. 1949-1989 жылдар аралығында болған ядролық сынақтардың 27-сі атмосферада, 183-і жер бетінде, қалғаны жер астында жасалған. Атом қаруы сыналған жерлерді салыстырсақ, Қазақстанда-500ден астам, Ресейде-225, АҚШ-1032 жарылыс жасалған. Бұдан Қазақстан жерінің қаншалықты зардап шеккендігін кӛруімізге болады. Атом қаруы сол сияқты Ұлыбритания, Қытай, Франция, Үндістан, Пәкістанда да сыналған. Дүние жүзіне танымал ядролық сынақтың орталықтары Капустин Яр (Ресей) мен Лабнор (Қытай) Қазақстанға шекаралас жатқан аумақтар.
Ядролық қаруды сынау алғашында ғылым мен техниканы дамыту бағытында сипат алғанымен, кейіннен атом бомбасы соғыс мақсатында қолданылды. Атом бомбасын алғаш рет АҚШ 1945 жылы Хиросима мен Нагасаки қалаларына тасталынды.
1990 жылғы мәліметтерге қарағанда, сынақ жасалған жерлердің кӛлемі облыстарда 16686 мың Га жерді қамтыған.
Батыс Қазақстан аумағында 1966-1979 жылдар аралығында 24 ядролық қару сыналған. Маңғыстау облысында-3 рет, Батыс Қазақстанда-4 рет, Атырауда-17 рет сыналған. Осылардың ішіндегі ең ірісі Азғыр полигоны 61 мың Га жерді алып жатыр. Зерттеу нәтежелері бойынша Нарын, Азғыр құмдарында ауыр металдардың шектеулі рауалы кӛбейіп, цезий-137, кадмий-80, стронций-150, қорғасын-80, нитрат-88 есеге артқан. 1988-1991 жылдар аралығында тек қана Тайсойған полигонында 24000 зымыран сыналып, 300 мың тонна жанармай жағылған. 1994 жылы 5-шілдеде және 27 қазанда апатқа ұшыраған «Протон» зымыран тасығышынан бӛлінген гептилен уы Қарағанды облысының жеріне орасан зор қауіп тӛндіруде. Оның зардабы әлі белгісіз болып отыр. Еліміздің аумағында барлығы 16 млрд тонна радиоактивті қалдық жинақталған. Полигондардың ішінде Семей ӛңірі ең кӛп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы Курчатов қаласы орналасқан. Полигондарға пайдаланылған жерлердің ауасы, суы, топырақ құрамы ластанып отыр. Қазірдің ӛзінде Қазақстанда 2,6 млн адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Оның басым кӛпшілігі Семей ӛңірінің тұрғындары. Сол сияқты қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауру және жүйке ауруымен ауырғандар санының кӛрсеткіші бұл аймақта республика бойынша жоғары болып отыр.
Ядролық қаруды сынау 1991 жылы 20 тамызда елбасының бұйрығымен Қазақстан жерінде атом қаруын сынау біржола тоқтатылды.
Сабақты бекіту:



Экологиялық апат түрлері

Апаттардың зардаптары

Апаттан қорғану жолдары

1

Қоршаған ортаның ластануы



2

Техногендік апат



3

Ресурстардың таусылуы



4

Топырақ эрозиясы



5

Озон қабатының жұқаруы



6

Табиғат апаттары



Ҥйге тапсырма: Полигон аймақтарына қосымша мәлімет дайындап, әкелу.
Экология - 6 класс №19 сабақ барысы Тақырыбы: «Қоршаған орта және адам» Мақсаты:
Білімділік: Қоршаған ортаның тірі ағза үшін маңыздылығын түсіндіру және қоршаған ортадан пайда болатын аурулар жӛнінде түсінік қалаптастыру.
Дамытушылық: оқушылардың биология пәніне деген қызығушылығын арттырып ойлау қабілетін , сӛз тапқырлығын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшыл болуға, іздемпаздыққа, ӛзін – ӛзі басқаруға,қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Шараның тҥрі: танымдық ойын. Шараның кӛрнекілігі: слайд.
Жоспары: 1.Таныстыру кезеңі

  1. «Бізден сұрақ – сізден жауап» кезеңі

  2. «Ойлан тап» кезеңі

  3. «Полиглот кезеңі»

  4. «Шешендік ӛнер» кезеңі

  5. «Кӛкпар» кезеңі

  6. «Ой толғау» кезеңі

  7. «Рӛлдік ойын»

  8. Қорытынды

1-жҥргізуші. Құрметті ұстаздар, оқушылар! Қоршаған орта және адам атты танымдық ойынға қош келдіңіздер! Қазіргі кездерде адам мен оны қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастың күрделіне түскені мәлім. Жер шарындағы халық саның жедел ӛсуімен ӛндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа жүргізілетін ықпалын күшейтті. Әсіресе, ХХ ғ. II жартысын бастап, адам мен табиғат арасында жаңа жағдай қалыптасты. Адамзат қажетіне керек шикізатқа сұраныс материалдық ӛндірістің кӛлемін арттырды, жер қойнауы мен мұхит байлығы жедел игеріле бастады.«Табиғатқа бағынбаймыз, оны ӛз иелігімізге айналдырып бермесін тартып аламыз»деген кӛзқарас қалыптасты. Соның салдарынан қазіргі кезде адам ӛз әрекетінің нәтижесінде түрлі ауруларға ұшырады. Бұл қазіргі таңдағы басты проблеманың бірі.
2-жҥргізуші Бар ізгілік тек білімнен алынар. «Білімнен аспанға жол салынар»- деген екен Жүсіп Баласағұн. Ал, олай болса құрметті сайыскерлер енді ұшқыр ой, кӛп ақыл, терең біліммен биология пәнінен алған білімдеріңіздің асқақтылығын кӛрсетіңіздер! 1-жҥргізуші Кезек келіп ӛжеттеніп, сӛз алыппын, Танысалық ғажап атын, ғажап күн.
Тегіміз бір батырақ та, бай да емес,
Емеспіз бе азаматы-қазақтың – демекші әр топ ӛздерін таныстырып ӛтсін. (Әр топ ӛздерінің тобының аты, не себепті таңдағаны, ұраны).
2-жҥргізуші: Тапқыр, білгір дарынды
Жарыс бар бүгін арынды
Сүйсең туған жеріңді
Ортаға сал барыңды-дей отырып «Бізден сұрақ-сізден жауап» бӛлімін бастайық. Шарты: Әр топқа 10 сұрақ қойылады. Жауап берсе 10 ұпай, бере алмаса 2-ші топ жауап беріп ұпайды ӛз қоржынына сала алады.
Сҧрақтары: І – топ

  1. Адамның қоршаған ортасын құрайтын нелер? (ӛсімдік, жануар, топырақ,

су, ауа)

  1. Туберкулез ауруының қоздырғышы не? (кох таяқшалары)

  2. Қан қысымының тӛмендеуі қалай аталады? (гипотония)

  3. Организмдегі физиологиялық процесстерді сақтауға қажет,ӛсімдік текті және жануар текті қоректік заттардың құрамында болатын қажетті органикалық заттар? (витаминдер)

  4. Жердің тіршілік тараған қабаты? (биосфера)

  5. Семейде ең алғаш ядролық қару қай жылы сыналды? (1949 ж 29 тамызда.)

  6. Арал теңізінің апатқа ұшырағанға дейінгі кӛлемі? (1066 км2)

  7. Арал апатына байланысты қазіргі кезде ондағы тұрғындардың денсаулығы нашарлаған.

Соңғы мәліметтер бойынша бұл ӛмірде Республикамыздың басқа ӛңірімен салыстырғанда қаңдай аурулар жоғарғы кӛрсеткіш беріп отыр?
(бүйрекке тас байлану, туберкулез)

  1. Каспийдің деңгейі қай жылдан бастап кӛтеріле бастады? (1978) 10. Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың неше түрі белгілі болды?

(150-ден астам)
ІІ – топ

  1. Қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның ластаушы кӛздерін неше топқа бӛлеміз және оларды атаңыз? (4 топқа физикалық ластану, химиялық ластану, биологиялық ластану, эстетикалық ластану)

  2. Физикалық ластану дегеніміз: (радиоактивті заттар электромагнитті толқындар, жылу, шулар және тербелістер )

  3. Химиялық ластану дегеніміз: (кӛміртегі ӛнімдері, күкірт, кӛмір сулар, фторлы қосылыстар, ауыр металдар)

  4. Лондондық тұманның типі (кӛмір мен мазутты пайдаланғанда түзілетін күкіртті газдың атмосферада концентрациясының кӛбейіп кетуі.)

  5. Арал теңізінің апатқа ұшырағанға дейінгі тұздылығы (10-12 %)

  6. Арал тенізінің апатқа ұшырағаннан соң суының тұздылығы қанша пайызды құрады? (40%)

  7. Арал апатына себеп болған факторлар: (суды ӛте кӛп қажет ететін күріш, мақталар дақылдарын барынша кӛбейтіп жіберуі)

  8. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша атмосферадағы озонның қанша пайызға азаюы қауіпті ісік ауруларын кӛбейтіп жіберетінін анықтады. (1%)

  9. Семейде жарылыстың нешеуі атмосферада болды? (27)

  10. Атмосфера қабатында озонның кейбір жерлерінің жұқаруы ең алғаш қай кезде байқалды? (19 ғ.1980 жылы) Ойлан –тап кезеңі.

1-жҥргізуші:Ойшыл болса қай бала,
Тез табады сол ғана
Қане ойланып кӛрейік,
Тебіреніп сәл ғана.-деп Ойлан тап бӛлімін бастайық. Ойынның шарты: Екі топқа сурет беріледі ,қай топ суретті дұрыс әрі жылдам құрастырады сол топқа 10 ұпай екінші топқа 5 ұпай беріледі. Полиглот кезеңі.
2-жҥргізуші: «Тіл қаруы-сӛз,сӛз қаруы-ой», «Ақыл-ой, алғыр сӛз адамның ең жоғарғы қасиеті» деген екен Ғ.Мүсірепов. Тіл ұлттың жаны, халықтың үні.Сондықтан да қазіргі заман талабына сай бірнеше тілді білу қажет. Қазақтан шыққан ӛткір ойлы, жанжақты ғұлама этногроф, тарихшы, әдебиетші, геогроф саяхатшы Ш.Уалиханов сегіз тілде еркін сӛйлей білген екен. Ал біздің балалар 3 тілде қаншалықты сӛйлей алатынын байқап кӛрейік.
Сҧрақтары

  1. Қораңда малың болсын,кӛшеңде ... болсын (талың,дерево,tree)

  2. Адам кӛркі шүберек, ағаш кӛркі ... (жапырақ,лист,leaf)

  3. Құлан құдыққа құласа,құлағында ... ойнайды (құрбақа,жаби,frog)

  4. Жалғыз кірпіш қорған болмас, жалғыз ағаш ... болмас( орман, лес,forest)

  5. Қыз ӛссе елдің кӛркі, ... жердің кӛркі (гүл, цветок,flower)

  6. Біреуге мал қайғы біреуге ... қайғы (жан,душа,soul)

  7. Мақтаның анасы жер,атасы ... (су,вода,woter)

  8. .. қалсада әдет қалмайды (ауру,больной,disease) Шешендік ӛнер

1-жҥргізуші:Бұл күнде мазасы кеткен жер,
Мейірім тастай боп қатқан жер
Адамға ӛкпесі қарс айырылып
Тілімтілім боп тозған жер
Тіріге қызмет ете алмай
Жүйкесі үзіліп құнары қашқан жер. 2- жҥргізуші: «Ойлау – таңданудан басталады»-деген екен Аристотель. Бұл кезеңде оқушылар ӛзінің шешендігін кӛрсетеді.Топбасшылар ортаға шығып 2 конвертке салынған 2 тақырыптың біреуін таңдап алады,сол таңдап алынған тақырыбына байланысты әр топ 4 минут ішінде шығарма жазады.Шарты:Ойыншылардың сӛйлеу мәнері ,сӛз саптау,сӛйлем құрай білуіне қарай бағалаймыз,жақсы жазған топқа 10 ұпай беріледіБерілетін тақырып:«Адамның қоршаған ортаға әсері.» 2«.Қазақстанның экологиялық жағдайыма менің қосар үлесім»
Кӛкпар кезеңі
1-жҥргізуші: Түседі бүгін білім жарысына
Жеңсеңдер қол соғамыз табысыңа
Талапкердің талабы таудай екен
Аямас тиіп кетсең намысына, - деп ортаға топ басшыларын шақырып,кӛкпар кезеңін бастаймыз. Шарты: 2 топтың басшысына ортақ 10 сұрақ қойылады, қай топ басшысы жылдам әрі нақты жауап береді сол топқа 10 ұпай. Дұрыс жауап бере алмаса келесі топбасшысы жауап беруіне болады.
Ой толғау
2-жҥргізуші: Талды қиған неткен суық қол еді
Тоғай тозған ... Енді сірә жоқ елі Бұл ӛмірде не кӛрінген ,тәңір-ау? Бұл ӛңірде соғыс болған жоқ еді
...Кәрі құлақ саған айтам налыма
Жүгін ӛзің ақылың, арыңа
Жазда-жайлау,қыста-қыстау еді ғой
Титтей тоғай-малыңа да жаныңа Сиреп қолғап сидам орман шулап тұр Қарғыс айтып ойбайлатып жауына.
1-жҥргізуші екі топтың топбасшысы ортаға шығып конверттегі жасырылған сұрақтарға тобымен бірге бірлесіп жауап берсін. (Сұрақтары:
1.Химиялық ластану, 2. Биологиялық ластану) Рӛлдік ойын
2-жҥргізуші: Балалар үйге берілген үй тапсырмасынада кезек жетті.
(Үй тапсырмасы орындалады)
1-жҥргізуші: Шеберлікті ,бірлікті
Сараптап, сіздер кӛріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер дей отырып, сайыскерлеріміздің біліміне әділ баға беретін әділ қазы алқасын ортаға шақырамыз. 2-жҥргізуші: Биология түпсіз терең зор ғылым,
Қамтитұғын тіршіліктің барлығын . Адам менен ӛсімдік, жануарлар дүниесін, Зерттей тұғын тарауы менен әрбірін.
1-жҥргізуші: «Адам байлығының ең тамшысы –білім». Барлығы соған ұмтылады, бірақ ол ӛзі келмейді деп, Аль Беруни айтқандай, ӛмір атты теңізде, мектеп атты кемеде білім нәріне сусындай беріңіздер. Назарларыңызға кӛп-кӛп рахмет.
Экология - 5 сынып №22 сабақтың барысы
Сарамандық жҧмыс №3
Тақырыбы: Табиғат қорларын жіктей отырып, оларды қорғаудың қарапайым түрлерін таныстыру.
Мақсаты: Табиғат қорларын жіктей отырып, олардың маңызына талдау жасап, қорғауға тәрбиелеу.
Қажетті-қҧралдар: Табиғат ресурстарының схемасы, Қазақстанның физикалық картасы және т.б. Орындалатын тапсырмалар:

  1. Табиғат қорлары нешеге бӛлінеді? Оларды атап, мысалдар келтіріп сипаттап жазыңдар.

  2. Табиғат қорларының адам мен табиғат үшін маңызын түсіндіріп жазыңдар.

  3. Табиғат қорларын қорғаудың жолдары қандай?

Жауаптары:

  1. Табиғат қорлары 2 топқа бӛлінеді. Олар сарқылатын және сарқылмайтын қорларлар. Сарқылмайтын қорларға - ауа, су, топырақ, тау жыныстары, күн энергиясы және т.б жатады.

Сарқылатын қорлардың ӛзі әрі қарай 2-ге бӛлінеді қалпына келетін, қалпына келмейтін. Қалпына келетін қорларға: ӛсімдіктер, жануарлар, шымтезек және т.б.
Қалпына келмейтін қорларға: мұнай, газ, тас кӛмір және т.б пайдалы қазбалар. Бұл аталған пайдалы қазбалардың қалпына келмейтіні олардың қалпына келуі үшін ұзақ бірнеше мың жыл қажет. Адам баласы бұндай ұзақ ӛмір сүрмейді.

  1. Оқушылар жоғарыда аталған табиғат қорларының адам мен табиғат үшін маңызы мен қажеттілігі туралы ӛз ойларын жазады.

  2. Табиғат қорларын қорғаудың жолдары тӛмендегідей:

  • Ластануға жол бермеу;

  • Тиімді пайдалану;

  • Ӛндіріс орындарының мұржасына сүзгілер орнату;

  • Ӛнеркәсіптерге қалдықсыз технологияларды енгізу;

  • Сенбіліктер ұйымдастыру;

  • Кӛгалдандыру жұмыстары;

  • Саны азайып бара жатырған ӛсімдіктер мен жануарларды қорғауға алу;

  • Қорықтар мен қорықшалар ұйымдастыру;

  • Экологиялық таза отын түрлерін пайдалану;

  • Аулауға тыйым салу;

  • Экологиялық бақылауды күшейту, заңға бағыну;

  • Экологиялық білім мен мәдениетті кӛтеру;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет