Бағдарламасы ( 11сыныпқа арналған) Түсінік хат



бет2/94
Дата07.02.2022
өлшемі3,55 Mb.
#96904
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
Байланысты:
Биология факульт курсы (1)

Курстың міндеттері:
1.Органикалық тіршіліктің тарихи дамуын оқыту.
2.Эволюция нәтижелерін, тірі табиғат құрылым деңгейінің күрделенуін, түрлердің көптүрлілігін саралап, оқыту.
3.Тірі табиғаттың эволюциясы туралы көзқарастардың маңызды екенін түсіндіру.
4.Теориялық білімді іс жүзінде пайдалануды, оқушының өз білімін саралауға, ӛздігінен ізденіп, қорытынды жасауға үйрету.
5.Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, кез келген жағдайда алған білімін ӛмірмен байланыстыру.
Мамандыққа бағдарлау:
Экология, биология, педагогика, селекция, инженерия
Пән аралық байланыс:
Антропология, тарих, жануартану, өсімдіктану, биология, анатомия, экология, география
Ұйымдастыру формалары:
Лекция, семинар, конференция, оқытудың интерактивті тәсілдері, оқушылардың шығармашылық жұмыстары, рефераттар қорғау, ғылыми жобаларды жазу.
Жаратылыстану – математика бағытының биология - химия бағдары бойынша оқытылатын 11сыныпқа арналған «Эволюциялық ілім» қолданбалы курс бағдарламасы. Бағдарлама мазмұнында биология эволюция курсының мақсаты мен мазмұны, органикалық тіршіліктің даму заңдылықтары, эволюция нәтижелері, тірі табиғат құрылым деңгейінің күрделенуі, түрлердің кӛптүрлілігі, эволюция себептері қарастырылған.
Бағдарламаның мақсаты-эволюция тірі ағзалардың қоршаған орта жағдайларына бейімделу жолында қарапайымдардан жоғары сатыдағыларға дейін біртіндеп күрделенуін, тірі табиғаттың эволюциясы туралы көзқарастардың маңыздылығын түсіндіру. Бағдарламада эволюцияның негізгі заңдылықтары, макроэволюция, микроэволюция, эволюциялық процестің негізгі бағыттары, биологиялық прогресс және биологиялық регресс, биологиялық прогреске жетудің жолдары, эволюцияның негізгі заңдылықтары, тірі табиғат құрылым деңгейінің күрделенуі, түрлердің кӛптүрлілігі, бейімділіктің салыстырмалы сипаты, тарихи дамуда биологиялық эволюцияның алатын орны туралы оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыратын теориялық білім беруге көңіл бөлінген. Бағдарлама жаратылыстану – математика бағытының биология - химия бағдары бойынша оқытылатын 11сыныпқа арналған. Бағдарламаның мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы білім беру стандартына сай дайындалған. Барлығы 34 сағатқа (аптасына 1 рет) негізделіп жасалынған.
Бағдарламада оқу материалын қосымша әдебиеттерді пайдалану арқылы оқыту, қазіргі кездегі ғылым жаңалықтарымен толықтыру кӛзделеді. Оқу материалын кең түрде бере отырып, оқушылардың шығармашылық ізденісін дамытуға, зертханалық жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың зерттеу дағдыларын жетілдіруге кӛңіл бӛлінген. Бағдарламада оқулықта берілген материалдар тереңдетіліп, бӛлімдер мен тақырыптар жүйелілігі сақталған. Берілген зертханалық жұмыстар бағдарлама мазмұнындағы тақырыптармен бірге ӛткізіледі. Оқытудың практикалық бағытын күшейту мақсатында зертханалық жұмыстарда суреттерді, кестелерді, микропрепараттар, схемаларды пайдалана білуге баулу мақсаты қарастырылады. Антропологиялық, тарихи, биологиялық түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыруды бағдарламадан тыс қосымша материалдар енгізу арқылы жүзеге асыру қарастырылған. Оқу материалы қазіргі кездегі ғылыми жаңалықтармен толықтырылған, сонымен қатар жаңа ұғымдар мен түсініктер берілген. Бағдарламада қамтылған оқу материалдары оқушылардың танымдық мүмкіндігіне және жас ерекшелігіне сәйкес құрылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет