Бағдарламасы ( 11сыныпқа арналған) Түсінік хат



бет35/94
Дата07.02.2022
өлшемі3,55 Mb.
#96904
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   94
Байланысты:
Биология факульт курсы (1)

Дәріс сабақтар


Сабақтың тақырыбы: Тропизм және таксис. Жануарлардың негізгі қылықтары–қимыл–қозғалысы
Сабақтың мақсаты:Жануарлардағы қимыл–қозғалыстың түрлерін ажыратып үйрену; Сабақтың барысы:
Тітіркенгіштік (сезімталдық)- бұл ағзаның сыртқы әсерге сәйкес жауап қайтару кезіндегі тірі ағзалардың жалпыға бірдей қасиеті. Жарық, жылу, ылғал, газ құрамы, дыбыс, химиялық заттар жәнет.б.тітіркендіргіш бола алады. Тітіркендіргіш әсеріне бір тұтас ағза ғана емес, сондай-ақ жеке мүшелер, ұлпалар мен жасушаларда жауап қайтарады. Соны мен бірге тітіркендіруге әсер ету кӛп жағдайда қозу күшіне сай келе бермейді. Мысалы, кӛлденең жолақты бұлшықетті аздап тітіркендіруден күшті жиырылу болуы мүмкін. Тітіркенгіштік ӛсімдікте әртүрлі жолмен пайда болады. Мысалы, шолпан шыбынжұттың жапырақтары ұзын тісшелері бар екі жақтаудан құралған. Жактаулардың әрқайсысында сезімтал қылқандары бар. Бунақдене солқынканға тиіп кетсе, жапырақ тақташасы кітап беттері тәрізді беттесіп, олжасын қатты қысады.
Ӛсімдіктер мен жануарлардың тітіркенгіштіктерінің әрекетіне жауап қайтаратын осындай қозғалыстар таксис (гр.taxis-орналастыру, реті бойынша орналастыру) деп аталады.
Таксис—тӛменгі сатыдағы жануарларға тән организм мен сыртқы орта қатынасын қамтамасыз ететін әрекеттің қарапайым түрі. Эволюцияның келесі сатысында таксистің маңызы тӛмендеп, оны бейімделу механизмінің әлде қайда жетілген түрлері алмастырады. Таксистер ортаның кейбір факторларына бағытталу, бағдарлану болып табылады. Бір жағдайда таксис әсерге автоматты жауап ретінде қайырылған жәй қозғалыс—қимыл түрінде бейнеленеді, ал басқа бір жағдайда ол күрделі әрекеттің бірэлементі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет