Әйтеке би:
Тамыры суда тұрса да
Уақыты жеткенде
Қурамайтын құрақ жоқ.
Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.
І – жүргізуші:
Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!
ІІ – жүргізуші: Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!
І – жүргізуші:
Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде!
ІІ – жүргізуші:
Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде!
І – жүргізуші:
Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде!
(Пауза жасалады.)
І – жүргізуші: Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет.
ІІ – жүргізуші:
Мемлекеттік тіл-көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы.
І – жүргізуші:
Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен – кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлейміз.
ІІ– жүргізуші:
Тіл мерекесі аясында ұйымдастырылған шараларға атсалысып, қатысуларыңыз сұралады.
Біз – ежелден ер деген даңқы шыққан халықпыз!
ІІ – жүргізуші:
Біз - ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз!
І – жүргізуші:
Біз – алтын күн бедерленген көк байрақты әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшіл елдің азаматымыз!
ІІ – жүргізуші:
Біз – кең байтақ жерінде бірлігі жарасқан алуан ұлт ұлыстан тұратын бір тұтас халықпыз!
І – жүргізуші:
Біз – атадан мұраға қалған қасиетті тілімізді қадірлей білетін ұрпақпыз!
ІІ– жүргізуші:
Ана тілі – біздің ар-ождан, адамгершілігіміздің айнасы. Адам ана тілімен бақытты, ана тілімен асқақ .
І – жүргізуші:
Бұл жанды тіл – менің азат тілім,
Жадымда талмай самғар қанат тілім.
Жыры - қуат, сөзі – ана уызындай,
Бірге: Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім!
Ән «Атамекен»
І – жүргізуші:
Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!
ІІ– жүргізуші:
Ана тіліміз тек биіктерден көрініп, өркендей берсін!
Салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз.