Бағдарламасы / Сахнаға Абай мен Ахмет рөліндегі екі бала шығады. Өз өлеңдерін кезек-кезек оқиды



бет2/6
Дата30.05.2020
өлшемі21,6 Kb.
#71656
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
тілдер мерекесі

Мұғалім: Мінеки, құрметті білім алушылар, қазақ халқында тіл жанашырлары өте көп. Өз тілін сезбеген бала — ана сүтін татпаған жетіммен тең. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту. Қасиетті тілімізді өркендетуге қандай қосар үлестеріңіз бар?

1-оқушы: Сүйемін туған тілді — анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім!
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
2-оқушы: Ана тілім,
Жүрегісің анамның.
Жүрек-ана,
Мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның!
3-оқушы: Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың 
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың... 
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп
Нүрлы жұлдыз - бабам тілі, сен қалдың!  /үшеуі бірге/
/Ортаға кеш жүргізушілері шығады./

I - жүргізуші:
- Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!

II - жүргізуші:
- Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған «Тіл – ұлттық қазына» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз!
/Әнұран орындалады./
І – жүргізуші:
Қайта туды қазағымның ай – күні,
Күннен – күнге асар ма екен айбыны?
Жетпіс жылда өтті талай кешуден,
Қатар көріп шаттық , табыс, қайғыны.
ІІ – жүргізуші:
Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің.
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,

Енді міне жетеді көпке үнім.

І – жүргізуші: Тамаша өлең таңдайға татып балдай,

                            Өз тілінде жыр оқу бақыт қандай!

                            Жан-дүниең жарқырап сала берер,

                            Ағарып келе жатқан атып таңдай.

Колледжіміздің жас ақындары Тіл тақырыбына қалам алып, өлең жазған екен. Жас ақындарымызды ортаға шақырайық. _________________________________________________________________________________



_________________________________________________________________________________


І – жүргізуші:
Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.

ІІ – жүргізуші:
Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы , ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл!

І – жүргізуші:
5 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.

ІІ – жүргізуші:
Бүгінде Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңына 22 жыл толып отыр.
(пауза жасалады.) Тіл тақырыбында бейнекөрініс көрсетіледі.

І – жүргізуші:
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ - ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі , сен қалдың.

ІІ – жүргізуші:
Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртына қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын бізге жеткізді.
/әдемі күй орындалады/


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет