Бағдарламасы 1 пікір 1,291 рет қаралды



бет4/4
Дата08.10.2019
өлшемі66,75 Kb.
#49418
1   2   3   4
Байланысты:
Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы

Білу;

Түсіну;


Қолдану;

Талдау;


Жинақтау;

Бағалау.


Әрбір кезеңді ретімен орындаса қойылған мақсаттын нәтижесіне жетуге болатыны айқын. Мұғалім  ретінде оқытып жүрген оқушыларымның ерекшеліктерін зерттей келе, олардың  даму деңгейіне қарай әдіс — тәсілдерді іріктеп, талдап қолдануға, жетілдіруге ерекше назар аудардым.  Сондықтан да орта мерзімді жоспар құрастырған кезде тапсырмалар барлық оқушылардың қажеттіліктерін қамтитындай болуы тиіс. Жоспарыма оқушылардың жұппен, топпен жұмыс істеу арқылы ұйымдастырылған сабақтарда олардың  дарындылығы дамығанын, араларында ынтымақтастық пен серіктестік туғанын, құрбыларының  ойымен де есептесу қажет екенін түсінгенін, пәнге деген қызығушылығы артқанын байқадым. Алғашқы екі сабақта топтық, жұптық ережені оқушылар дұрыс түсінбегендіктен  уақыт жетпей тапсырмалар орындалмай қалды,  бірақ біртіндей келе оқушылар машықтанып алғаннан кейін уақытымыз үнемделе бастады. Бұл қиындықты жеңу үшін топ ережесін әр сабақта қайталап жүрдім. Мектебімізде оқушылар көп болғандықтан кабинеттер жетіспейді, сондықтан кейбір кезде сабағым физика, химия кабинеттерінде болғанда   топтық жұмысты жүргізу қолайсыз себебі парталар қозғалмайды, мұндай жағдайда жұптық жұмыс жүргізіп отырдым. Әр сабақ сайын табыс критерийлерін құру арқылы оқушылардың 45 минут бойы тынбай жұмыс жүргізу арқылы ғана нәтижеге қол жеткізе алатындарын көрсеттім. Нәтижесінде табыс критерийлерін құруда оқушылар дағдысы арта түсті. 9 сыныпта 15 оқушы бар олардың білім деңгейлері әртүрлі сол себепті жоспар құрастырған кезде жас ерекшеліктерін де  ескердім. Дарынды және талантты балаларды ескеріп тапсырма беру олардың тапсырманы тез орындап  босқа отырмай, ойлануға кең ауқымды білім алуға, креативті ойлауға әрекет етеді және мұғалімге көмекші бола алады. Жоспарыма диалогтық оқыту, сыни тұрғысынан ойлау және т.б. модульдерді кіріктірдім.

Сын тұрғысынан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа  сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. (нұсқаулық 34 бет). Сын тұрғысынан ойлау модулі арқылы оқушылар өз ойын ашық айта алады, талдау жасауға қабілетті, басқаның пікірін қабылдап шешім шығара алатынын білеміз.  Мен өз іс-тәжірибемде сыни тұрғыдан ойлау модулін  көп қолдандым. Себебі, ол оқушылардың ойлана білуіне, өз оқуына таңдау жасау, басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Сыни тұрғыдан ойлау әдісі оқушының ойын дамытуға көп көмегін тигізетінін байқадым. Математика пәнін жүргізу үшін бұл өте пайдалы, оқушылар есептер шығарған кезде көп ойлануды қажет етеді, тек ойланып ғана қоймай өз ойларын жеткізе білу керек.

«Бағалау — оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым» (нұсқаулық 65 бет). Бағалау оқыту мен білім берудің ажырамас бөлігі екенін біле отыра,  біз оқытуды бағалау білім беруді жетілдіру болып табылатынын түсінуіміз керек. Оқу үдерісінде әр кезде әртүрлі бағалауды қолданып келеміз. Тізбектелген сабақтар топтамасын  құрған кезде  бағалаудың «Екі жұлдыз, бір тілек», «Смайлик», «Бас бармақ», критериалды бағалау, жиынтық бағалау, ұпаймен бағалау, т.б.  түрлерін қолдандым. Өз кезеңінде бағалаудың бұл түрлері ұтымды болды деп санаймын, өйткені бұл бағалау түрлері өзін-өзі, сыныптасының жұмысын саралауға бағытталады. Кері байланыс арқылы оқушы жіберген қателерін тауып, білімін жетілдіруге мүмкіндік туды. Бірақ та үлкен сыныптарда бір – бірін  бағалау кейде әділсіз болатынын байқадым. Бұл жерде достық көп кедергі жасайды. Бұдан шығу жолы сабақтың соңында жиынтық бағалау жүргізіп, оқушыларды бағаларымен таныстыру және де өздері қойған бағаға неліктен олай қойғаны туралы сұрақ қойып жауап алу.

Сабақтарда АКТ- ны пайдалану нәтижесінде жұмысым барынша жеңілдеп, сабақта оқушылар қызығушылықпен қатысатындай нәтижеге қол жеткіздім. АКТ-ны  жаңа сабақ түсіндіргенде  және өткен тақырыпты қайталағанда, бағалау кезіңде де қолданған  тиімді. Мен үшін ақпаратты сақтау, енгізу, өңдеу, алмасу үшін және интернет желісінде бірлескен жұмыс жасау үшін АКТ –ны қолдану дағдылы жұмысқа айналды.



Коучинг тәжiрибенi дaмытудaғы тиiмдi жoл болып табылады, өйткенi коуч пен әрiптесi қолданыстағы оқу тәжiрибелерiн бiрлесiп ойластырады, идeялaрмeн aлмaсaды, кoуч тaрaпынaн рефлексиялық диaлoгқа тaрту негiзiнде екiншi мұғалiм өзінің жұмыcының жекеленген cалaларын жетiлдiредi, oларды тереңiрек дaмытады, жoғары cапaлық дeңгeйге көтередi, кәсiби бiлiмiн, игeргeн дaғдылaры мeн тәжiрибесiн жетiлдiредi. Кoуч кеңес бермейдi, ол адамның өз сұрағына  өзi жауап табуына көмектеседi. Біздің мектебімізде коучингтер тәжірибе алмасу, семинарлар, ата-ана жиналысында өткізуге тиімді болар еді деп ойлаймын. Бағдарлама курсын тәмамдаған мұғалімінің бір міндеті коучинг өткізу болғандықтан менде коучинг өткіздім.  Коучинг жоспарымның мақсаты мұғалiмдердiң АКТ-ның  мүмкіндіктерi тyрaлы бiлiмін кeңeйтy жәнe oқыту прoцeсінде АКТ-ның көмегімен жиынтық бағалауды диаграмма түрінде құрастыра білу. Осы мақсаттың нәтижесіне жету үшiн келесі әдiс -тәсiлдерді: oқыту мен oқудағы жaңа тәсiлдер, cыни тұрғыдaн oйлaуға үйрeтy, АКТ-ны қoлдaну, oқу үрдiсiн бaқылay, тoппeн, жұппен  жұмысты  қолдандым. Коучинг өткізген кезде әріптестерімнің тақырып бойынша қызығушылық танытып, әр тапсырманы белсенділікпен атқарғанын  көрдім. Мұғалімдерге тыңдау, есте сақтау, жадыны дамыту, көріп есте сақтау, шығармашылық, зияткерлік қабілеттерді, сын тұрғысынан ойлауды дамытуға арналған тапсырмалар қызықты болды. Өздерінің орындаған жұмыстары бойынша бір – бірінің пікірлерін тыңдап, өзара бағалады. Жұмыстың әр кезеңінде таймкипер уақытты қадағалап отырды. Мұғалімдер барлық тапсырмаларды қызығушылықпен орындап шықты. Коучингтен алған әсері жайлы  кері байланысын жасады. Сабақ соңында бағалау парағын толтыртқыздым,  мұғалімдер алғыстарын айтып тағы осындай жаңа әдістер бойынша коучинг өткізуімді сұрады. Коучинг біздің мектепте жиі болып тұрады соның бірі даму жоспары бойынша әріптесім Ипова А.С.  «Оқытудағы интерактивті әдістер» тақырыбында коучинг өткізді. Әріптесім интербелсенді әдістерді сабақ жоспарын құрған кезде  қалай және не мақсатпен енгізу керектігін үйретті. Топпен жұмыс жүргізіп, әр топқа әртүрлі әдістермен тапсырма берілді, мысалы І топ «Диетаның пайдасы мен зияны» туралы «Тоғысқан пікірталас» әдісімен, ІІ топ  «Ұстаздың қоғамдағы ролі және мәртебесі немен өлшенеді?» туралы «Фишбон» немесе «Балық қанқасы» әдісімен, ІІІ топ М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын «Үш түрлі күнделік» әдісімен  өздерінің тапсырмалары бойынша ойларын жеткізді. Бұл жерде мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау модулін қалай пайдалану керектігі туралы тәжірибе жүзінде көрді. Коучингтің  соныңда кері байланыс жасалды.

Тәлімгерлік үдерісінің маңызы мектеп жұмысы барысында мұғалімдерге әдістемелік көмек жасап жетістіктерге жетелеу. Тәлімгерлік ету барысында тәлімгер өз білiмiмeн, тәжiрибeсiмен бөлiсуi, ал тәлiптің мақсаты жетістiктeрге жeту үшiн кәсiби дaғдылaрын дaмыту, прoблeмаларды шeшу жoлдaрын iздеу бoлып тaбылaды. Тәлімгерліктің өзіне тән негізгі қасиеті екі адам арасындағы оқу қарым-қатынасын құру. Тәлімгер тәліпке сенімділік, ортақтастық, шынайлық, адалдық танытуға дайын болады. Менің ойымша тәлім алушы тәлімгерді өзі таңдауы тиіс, себебі түрлі адами қатынастар кезінде, көңілі жақын адаммен жұмыс жасау жеңіл болады. Тәлімгерлік үдерісі тәліппен бірге тиімді жоспарланған кезде тәліп өзі ойламаған жетістікке жетуі әбден мүмкін. Бір  әріптесімнің бойындағы тәжірибеге өзгеріс енгізу мақсатында тәлімгер ретіндегі жұмысымды жүзеге асыру үшін тәлім алушы  ретінде  ағылшын тілі мұғалімі Тұяқова Венера Сәкенқызы өзі қызығушылығын білдірді. Осы бағдарламаның модульдермен танысқысы келетінін және сабақтарда оны пайдалану жолдарын үйренгісі келетінін айтты. Үйренгісі келетін адамды үйрету оңай екен. Оған үйретемін деп өзімнің жұмысым да өзгере бастағанын аңғардым.  Екеуіміз  оқушылардың  ерекшеліктерін ескере отыра ОМЖ құруға кірістік, одан ҚМЖ жоспарын қалай құру керектігін және де ағылшын тілін үйрену қиындау болғандықтан жаңа әдістерді мұқият қарастырып, талдап бірлесе шештік. Жоспар құрған кезде сабақты Блумм таксаномиясын қолданып жоспарлау  Мерсердің дәйектеудің зерттеушілік әңгіме түрін, сын тұрғысынан ойлау әдістерін, бағалаудың түрлерін, ЖИГСО әдісін және т.б. әдістерді енгізу жолдарын талқыладық. Тәлім алушының сабақтарына қатыстым 7 сыныпта өткен «Менің достарым» атты сабағында оқушылар топпен жұмыс жасап «ЖИГСО»  әдісі арқылы мәтінді талдап,  өз ойларын ашық жеткізе алды, ал 10 сыныптағы «Спорт — біздің өмірімізде» атты сабағында  суреттер бойынша зерттеушілік әңгіме жүргізді де, оқушылар мүмкіндігінше жауап берді. Сабақтары өте қызықты, тартымды өтті. Әрине кейбір қателіктер де болды. Мысалға бағалау кезіңде жоғары сыныптарда әділетсіздік болды, бірақ та мұғалім сабақтың соныңда жиынтық бағалау жүргізіп қателіктерді түзеді. Оқушылар сабақтың басында ұялғанымен соңына қарай өздерін еркін ұстады. Тәлімгер ретінде мұғалімнің жаңа форматтағы өткізген сабақтарында оқушылармен қарым-қатынасын, олардың оқуы, оқыту әдістерінің ұтымды қолдануы, бағалауы, жас ерекшелігін ескеруі және т.б. қадағалап отырдым. Әр сабақ сайын тәліппен ауызша кейде жазбаша кері байланыс жасап, күнделікті әдістемелік көмек көрсетіп отырдым. Тәлімгерлігімнің нәтижесін анықтау үшін оқушылармен сұхбат жүргіздім оларға соңғы өткізіліп жүрген сабақтары ұнағаның  топпен, жұппен жұмыс жасаған кездегі ойларын тыңдадым. Тәлімгерлік жұмыстың пайдасы көп екенін түсіндім. Себебі, алған теориялық білімімді тәжірибеде пайдалануда көп септігін тигізеді. Сонымен  қатар  басқа біреудің сабағына қатысу арқылы тәжірибе алмасуға көп мүмкіндік берілді, бір-бірімізбен еркін ой алмастық, қай әдістің тиімді, қайсысын қолдануға  болатыны жайлы бірге талқыладық.   Сондықтан да оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдің қолдануының өзі сыныптағы жағдайды айтарлықтай өзгертетіні сөзсіз және білім сапасының көтерілетініне  күмәнім жоқ. Болашақта тәлім алушыммен бірге жұмысымызды әрі қарай жалғастырамыз деп ойлаймын.

Елбасымыз айтқандай «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін, біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек». Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың қолында. Ал жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары етіп қалыптастырудың бірден – бір  жолы  ол оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс – тәсілдерін  іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Мектептегі білім сапасын арттыру үшін оқыту мен оқу жүйесі өзгеріс енгізуді қажет етеді. Ал оқыту мен оқу жүйесіне өзгеріс енгізетін мына біз, яғни мұғалімдер. Ұстаз өз біліктілігін жан-жақты дамытпаса, сапалы маман болуы мүмкін емес. Сондықтан да сапалы маман болу үшін  мұғалімдерден білімдерін үздіксіз толықтыру талап етеді. Өткізілген коучинг, семинарлар, тренингтер, шеберлік сыныптар арқылы мұғалімдер тәжірибелерін толықтырып отырады. Мектептің білім беру жүйесін жақсарту және өзгеріс енгізу – жаңаша өмірге бет алу дегенді білдіреді. Заман ағыны өзгерген сайын білім беру жүйесіне де өзгерістер енгізіліп тұруы қажет. Мұғалімдер өз қызметінде  оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін қолданып, оқушылардың білім алуына жағдай жасағанда  ғана өз еңбегінің нәтижесін көре алады.

Қазіргі кезде оқытуды дамытуда қоғамдастықтың маңызы күннен күнге артып отыр. Сол себепті мен де оқытуды дамытуға өз үлесімді қосқым келеді,  яғни көшбасшы ретінде өз мектебімде сапалы білім жүйесін дамытуға мақсатталған желілік қоғамдастықты ұйымдастыруды жоспарладым.

Ең алдымен желілік қоғамдастық құру үшін зерттеу жұмысын жүргіздім. Зерттеу жұмысын жүргізудегі  мақсатым — қоғамдастықтың даму жоспарын құру үшін, ұсыныстар жинау, қажеттілікті анықтау.  Жүргізілген зерттеулер  негізінде, желілік қоғамдастық құру үшін,  қоғамдастыққа мүше болуға үміткер мұғалімдердің басын біріктіріп, ал ондай мұғалімдер біздің мектебімізде жеті адам осы деңгейлік курстың үшінші деңгейін тәмамдаған,  дөңгелек үстел ұйымдастырдық. Мектебімізде «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасын оқыған мұғалім жалғыз, ол  жоғары санатты биология және химия пәнінің мұғалімі Ипова Ақмарал Сүлейменқызы. Мектеп директорымен  және де мектебіміздегі көшбасшы мұғаліммен кездесіп, мектебімізде қоғамдастық құру оның маңызы, ол арқылы қандай жетістіктерге жетуге болатыны туралы пікір алмастық. Әңгіме  барысында  өзімнің  жасаған қоғамдастық жұмыс жоспарым жайлы айттым. Қоғамдастық жоспарына қойған мақсатыммен, күтілетін нәтижеммен, табыс критерийімен, өткізу тәртібімен таныстырдым. Ақмарал Сүлейменқызы екеуіміз бірігіп мектебіміздің даму жоспарын талқылап,  қандай өзгерістер енгізу жөнінде және қалай енгізетініміз туралы отырыс жасадық. Жұмысымыз  тиімді болу үшін деңгейлік курстарды тәмамдаған мұғалімдерден топ құрып  арасынан басқарушы, үйлестіруші, дамытушы топтарының құрамын анықтадық. Басқарушы топтағы ұстаздар кәсіби қоғамдастықты  жақсарту бойынша жоспар құру үшін жауапты болады. Үйлестіруші топтағы ұстаздар қоғамдастықтың әртүрлі топтар арасындағы  қызметін  реттеп, қоғамдастықтың ішіндегі бірлесіп өткізілетін іс-шараларға қатысты шешім қабылдайтын болады. Ал дамытушы топтағы ұстаздар оқу бағдарламасын әзірлеп,  оқытудың жаңа әдіс –тәсілдеріне  қолдау көрсетіп,  кәсіби қоғамдастықтың дамуына өз үлестерін қосады. Әрине менің құрған жоспарыма толықтырулар енгізуге тура келді, себебі мен мектебіміздегі қауымдастық туралы хабарсыз едім.  Мұғалімдер арасында жас мамандар, жаңартылған бағдарламаны оқымаған мұғалімдер болғандықтан оларға оқу үрдісіне жаңа әдіс – тәсілдерді енгізу, яғни бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отыра орта мерзімді сабақ жоспарлары, қысқа мерзімді сабақ жоспарларын  құруға бағыт-бағдар беру үшін семинар өткізуді жөн көрдік. Семинарда сабақтың жоспарын құру үшін  мақсатты SMART негізінде қойып жұппен талқылатқыздық. Семинарда әрбір атқарылған жұмыстан соң сұрақ — жауап арқылы кері байланыс жасалып отырды. Оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби  дамуына ықпал ету мақсатында   Lesson Study-ді енгізіп, зерттеу тобы құрылды. Lesson Study тәсілі тиімді,  себебі ол ұстаздарға:

оқушылардың білім алғандығын анағұрлым анық әртүрлі қырларынан егжей-тегжейлі көруге мүмкіндік береді;

оқытудың нәтижесінде оқушылардың қажеттілігін ескеріп сабақты қалай жоспарлау керек екендігін түсінуге;

кәсіби жетілуіне көмектеседі.

«Lesson Study» зерттеу сабағы арқылы оқушылардың білім деңгейі бұрынғыдан қарағанда өзгеретіндігін бірнеше циклдер бойынша жүргізілген сабақтардағы нақты дәлелдермен көруге  мүмкіндік туады. «Lesson Study»  жұмысы  жыл бойы  жүргізіліп  қорытындысын, нәтижелерін педкеңес кезінде таныстырылым арқылы көрсетіп тұрамыз. «Lesson Study»   арқылы мұғалімдер сабақтарын зерттеуді үйренетіндігі айқын. Қоғамдастық мүшелерінің емін – еркін  қарым – қатынас  жасауына жол ашу, өзара тәжірибе алмасуға, толғандырып жүрген сұрақтарын ортаға салуға, жаңалықтармен бөлісуге мүмкіндік жасау үшін интернет желісінде «Парасат» атты желілік қауымдастығы құрылып, «Болашақ» атты веб сайт ашылды. І деңгейлі ұстазымыз Ипова А.С. «Оқытудағы интерактивті әдістер» тақырыбында коучинг өткізді. Ал оқу ісі меңгерушісі Күркенова Г.Ж. жаңартылған бағдарлама бойынша бағалаудың түрлерімен таныстыру мақсатында мұғалімдермен дөңгелек үстел өткізді.

Қоғамдастық құрудың оқыту үдерісіне қаншалықты әсер ететіні туралы айтып кетсек.  Қоғамдастықты құрудың мынадай артықшылықтары бар:

мұғалімнің кәсіби шеберлігі шыңдалады;

озық тәжірибелер енгізіледі;

іс-тәжірибе алмаса отырып, тәлімгерлік жасаудың аймағы кеңейеді;

кәсіби серіктестік құра отырып, басқа мектептердегі озық тәжірибелерді зерделеуге, оны өз мектебімізде пайдалануға мүмкіндік туады;

кедергілерді шешудің стратегияларын анықтайтын боламыз.

Басқа мектептерден әріптестерді тарту арқылы педагогикалық қауымдастықты кеңейту бойынша келесі ұсыныстарым  бар: ол үшін ең алдымен интернет желісі арқылы желі аралық байланыс орнату  керек және де бұқаралық ақпараттар көздері арқылы хабарландыру жазу керек деп ойлаймын. Интернет желісінде сайт немесе чат ашудың мақсаты- желі бойынша қоғамдастық мүшелерінің емін – еркін  қарым -қатынас жасауына жол ашу, өзара тәжірибе алмасуға, толғандырып жүрген сұрақтарын ортаға салуға, жаңалықтармен бөлісуге мүмкіндік жасау.  Мектептер арасында желілік қоғамдастық  құру бұл мұғалімнің үздіксіз дамуына ықпал жасайды деп ойлаймын. Құрылған веб сайт арқылы  орта мерзімді, қысқа мерзімді сабақ  жоспарлардың нұсқаларын,  өткізген сабақтарында қолданған жаңа әдіс-тәсілдерді  басқа ұстаздар  өз сабақтарында қолдануға мүмкіндік алады. Бұл желілік  жүйеде  тек қана мұғалімдер ғана емес  оқушылар да байланысқа шыға алады.  Желілік қоғамдастық арқылы он-лайн сабақтар өткізуге болады. Skype бағдарламасы арқылы тәжірибе алмасу мақсатында жылына 4 рет он-лайн сабақтар өткізуді жоспарлап отырмын.  Он-лайн режиміндегі желілік қоғамдастықтың жұмысы ауқымды түрлері кеңінен таратылады. Қоғамдастық мүшелерімен ақылдасып мүмкіндік туып жатса он-лайн коучингтер де өткізбек ойым бар. Желілік қоғамдастыққа енген мектептер тәжірибе алмасу мақсатында ашық сабақтар, ғылыми- практикалық конференциялар, ашық есік күнін, пән бойынша семинарларды өткізеді. Желілік қоғамдастықтың бекітілген жоспары және өткізген жұмыстарының нәтижелері сайтқа орналастырылады. Өзім құрған «Болашақ» веб сайтының жұмысын алдағы уақытта жалғастырып оның құрамын толықтыру үшін еңбектенемін.

 

 



 

Қорыта келе айтарым, аз уақыт ішінде ауыз толтырып айтарлықтай өзгерістер жасай алмайтынымыз белгілі, бірақ та жақсы бастамасы бар екендігіне көзім жетті.  Осы курстың арқасында  мектебімізде оқытудың жаңа ағыны өтіп жатыр.  Коучинг және тәлімгерлік жүргізу бос уақыттарын бөліп сұрақтар мен жауаптар қоюға, ынтымақтастықты қоғамдастық құруға келген ұстаздардың дамуына ықпалын тигізді. Алайда, білім берудің кедергілері бар ол кейбір ұстаздар әлі де күмәндікпен қарайды. Кабинеттердің жетіспеуі, мұғалімдердің кабинеттерді аралауы, сабаққа дайындалуға уақыттын жетпеуі, мұғалімдердің жүктемесінің көп болуы кедергі болғанымен бұл кедергілерді шешуге болады. Тәжірибе кезеңі қызықты әрі тартымды болды, әрине кедргілер де болды, бірақ оның шешу жолын таба білдім. Мұғалімдердің кәсіби қалыптасуына, шығармашылық деңгейінің өсуіне, жаңашылдыққа  ұмтылуына мектеп басшыларының ықпалы зор екені белгілі. Сондықтан мектеп басшылығымен тығыз байланыста  болып, мектептің  даму жоспарына  өзгерістер енгізу арқылы  алға қойған мақсатымызға жетуімізге ықпал жасаймын.



Жоспарланған жұмыстарды жүргізе отырып, мен көшбасшы мұғалім ретінде мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесіне, мектептің  дамуына зор үлесімді қосуға ат салысамын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет