Бағдарламасы 1 пікір 1,291 рет қаралды



бет1/4
Дата08.10.2019
өлшемі66,75 Kb.
#49418
  1   2   3   4
Байланысты:
Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы

Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы бойынша есептер

9 ноября 2016 Баяндамалар, Кембридж бағдарламасы 1 пікір 1,291 рет қаралды

олтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы Благовещенка ауылы
Благовещенка №2 орта мектебі
Бақтыбаева Күләйма Жетпісқызы
Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы бойынша есептер

 

 



Өзінің оқыту және оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуі туралы рефлексиялық есеп

Деңгейлік оқуда біз бағдарламаның жеті модулімен таныстық,  сондықтан да  сабақтың сапалы өтуі  сабақ  жоспарының дұрыс құрылуында екенін түсіне отыра  сабақтарымды жоспарлауға кірістім.Осы бағдарлама бойынша  көрсетілген   модульдерді  ықпалдастыра отырып  тізбектелген сабақтар топтамасын құруды жоспарладым. Орта мерзімді жоспарды           9 сыныптағы алгебра пәні бойынша  «Екі айнымалысы бар теңсіздік», «Екі айнымалысы бар теңсіздіктерге есептер шешу», Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі», «Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесіне есептер шешу» тақырыптарын алдым. Орта мерзімді сабақ жоспарын құру кезіңде қиындықтар болды. Өйткені теңсіздіктердің бірнеше түрі бар  оларды шешіп қана қоймай сонымен қатар  координаталық жазықтықта шешімін кескіндеу керек. Сабақтың мақсаты нәтижесіне  жету үшін  сабақ дұрыс құрылуы тиіс. Сондықтан да  орта мерзімді жоспар құру кезіңде  бағдарламадағы жеті  модульді, яғни оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдер, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау, жас ерекшеліктеріне сай оқыту мен оқу, оқыту мен оқуда ақпаратты- коммуникативті технологияларды пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқыту мен оқудағы көшбасшылық атты модульдерді кірістіруге тырыстым. Енді осы модульдердің әрбіреуіне тоқталып кететін болсақ. Қазіргі кездегі  жаңа педагогика ғылымындағы проблема ол — оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Сондықтан осы модульдердін көмегімен оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады деп ойлаймын. Жаңа технологияның әдіс — тәсілдері оқушылардың білімін толықтыруға көмектеседі. Сондықтан осыған орай озық тәжірибе, жаңа технологияның тиімді әдістерін таңдап алып, оларды үйлесімді, тиімді және шығармашылықпен пайдалану — ұстаз шеберлігінің белгісі болып табылады. Мұғалім  ретінде оқытып жүрген оқушыларымның ерекшеліктерін зерттей келе, олардың  даму деңгейіне қарай әдіс — тәсілдерді іріктеп, талдап қолдануға, жетілдіруге ерекше назар аудармакшымын. Сондықтан да орта мерзімді жоспар құрастырған кезде тапсырмалар барлық оқушылардың қажеттіліктерін қамтитындай болуы тиіс. Сыныптағы оқушылардың жұппен, топпен жұмыс істеу арқылы ұйымдастырылған сабақтарда олардың  дарындылығын дамыта отырып, білімдерін шыңдау жолдарының бірі болып табылады, олардың арасында ынтымақтастық пен серіктестік туып, құрбыларының  ойымен де есептесу қажет екенін де түсінеді, уақыт үнемделеді. Жұппен және  топпен жұмыс кезіңде  жаңа идеяларды ұсынумен қатар белгілі бір жағдайды нәтижелі шешуге де мүмкіндік туады. Сол себептен  жоспарыма  топтық, жұптық   тапсырмалардын  түрлерін енгізу арқылы диалогтық оқыту, сыни тұрғысынан ойлау модульдерін де кіріктірдім.

Сын тұрғысынан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа  сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. (нұсқаулық 34 бет). Сын тұрғысынан ойлау модулі арқылы оқушылар өз ойын ашық айта алады, талдау жасауға қабілетті, басқаның пікірін қабылдап шешім шығара алады.  Мен өз іс-тәжірибемде сыни тұрғыдан ойлау модулін  көп қолдандым. Себебі, ол оқушылардың ойлана білуіне, өз оқуына таңдау жасау, басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Сыни тұрғыдан ойлау әдісі оқушының ойын дамытуға көп көмегін тигізетінін байқадым.

 

 



«Бағалау — оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым» (нұсқаулық 65 бет). Оқуды тиімді бағалау білім беру үдерісіндегі жаңа тәсілдердің барлығымен байланысты. Бағалау оқыту барысында ілгерілеу қадамдарын айқындау мен қолдау көрсету үшін қажет. Бағалау оқыту мен білім берудің ажырамас бөлігі екенін біле отыра,  біз оқытуды бағалау білім беруді жетілдіру болып табылатынын түсінуіміз керек. Оқу үдерісінде әр кезде әртүрлі бағалауды қолданып келеміз. Өз басым егерде тестілеу болса, балдық жүйені пайдаланамын, ал жазба жұмысы болса, басқаша әдістерді қолданып жүрмін. Тізбектелген сабақтар топтамасын  құрған кезде  бағалаудың «Екі жұлдыз, бір тілек», «Смайлик», «Бас бармақ», критериалды бағалау, жиынтық бағалау, ұпаймен бағалау, т.б.  түрлерін қолдандым. Жиынтық бағалауды оқудың қорытындысын шығарған кезде , оқудың алға ілгерілеуін тіркеу мақсатында қолданамыз. Бірін-бірі бағалаған кезде оқушы өзін-өзі реттей отырып, өз білімінің  деңгейін анықтайды, өз білімін басқалармен салыстыруды үйренеді. Қате кеткен жерлерін түсініп, әділ бағалауға үйреніп, дағдыланады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қазіргі кездегі заман талабы болғандықтан оны жоспар құрғанда енгізуіміз қажет деп ойлаймын.  АКТ-ны сабақта қолдану оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттырады, сыни ойлауға, басқалармен ой бөлісуге, өз тәжірибесін шыңдауға, АКТ пайдалану машықтарын арттыруға көмектеседі. Сондықтан да  АКТ-ны  жаңа сабақ түсіндіргенде  және өткен тақырыпты қайталағанда, бағалау кезіңдеде қолданған  тиімді. Сол себепті мен жоспарыма АКТ-ны енгіздім.

«Оқушылардың әлеуетін дамыту мақсатында терең зерттеулер жүргізу үшін олар жобаларға тартылып немесе зияткерлік тапсырмалар берілуі керек.»(нұсқаулық 43 бет) Сондықтан мен жоспарымда оқушылардың  деңгейлеріне байланысты деңгейлік есептер шығартуға жоспарладым. Дарынды және талантты балаларды ескеріп тапсырма беру олардың тапсырманы тез орындап  босқа отырмай, ойлануға кең ауқымды білім алуға, креативті ойлауға әрекет етеді және мұғалімге көмекші бола алады.

Диалогтық оқытуды жұптық, топтық жұмыс немесе зерттеушілік әңгіме барысында ұсынамын. Диалогтық оқыту кезіңде мұғалім мен оқушы арасында жақсы қарым-қатынас туындайды деп ойлаймын.

ОМЖ құрастырғаннан кейін ҚМЖ  құрастыру жеңіл болды.  ҚМЖ құрастырған кезде Блум таксономиясын қолдандым. Себебі сабақтың кезеңдерін бөлуде ол өте ыңғайлы. Білу кезеніңде оқушылардың осы тақырып бойынша алған білімдерін  математикалық диктант арқылы тексеруді  жоспарладым. Түсіну кезеніңде Венн диаграммасын қолдануды жоспарладым. Қолдану, талдау кезеңдерінде  «Кім жылдам?»  оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес деңгейлік есептер шығартуды жоспарлап отырмын. Жинақтау кезеңінде «БББ» кері байланыс жасаып, ол менің келесі сабағымды жоспарлауыма мақсат болады. Бағалау кезеніңде сабақ бойы атқарған жұмыстарының жалпы қорытындысы шығарылады.

 

Бекітемін:



«Благовещенка №2 орта мектебі» КММ

Мектеп  директоры:          Мурзатаева Ж.Т.

«          » қыркүйек 2016 ж.

 Алгебра пәнінен 9-сыныпқа арналған орта мерзімді сабақ жоспары





Сабақтың тақырыбы

Мерзімі

Оқытудың негізгі мақсаттары

Белсенді оқытуда қолданылат. әдіс-тәсілдер

Модульдерді кіріктіру

Оқу нәтижелері

Бағалау, соның ішінде оқыту үшін бағалау

Барлығын қосқанда

Негізгі дереккөздер

1

Екі айнымалысы бар теңсіздік.

 

Екі айнымалысы бар теңсіздік анықтамасын біледі, түйсінін қалыптастыра алады. Теңсіздіктерді шеше білуді үйренеді.

Миға шабуыл;

«Зерттеушілік әңгіме» (Тақырыпты ашу);

«Ойлан, жұптас, бөліс» (Есептер шығару);


Оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдері. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу;

Сын тұрғысынан ойлау.



Екі айнымалысы бар теңсіздік анықтамасын біледі, түсінік қалыптастырады, алған білімін жинақтап ойын қорыта біледі, теңсіздіктерге есептер шығара алады .

Екі жұлдыз, бір тілек;

 

Ұпаймен бағалау;



Деңгейлік тапсырмалар беру;

Сурет бойынша тапсырма беру;



Оқулық, Алгебра 9; Слайдтар

2

Екі айнымалысы бар теңсіздік есептер шешу.

 

Екі айнымалысы бар теңсіздіктерді шешуге үйренеді

«Математикалық диктант» ;

«Венн диаграммасы»

«Кім жылдам?» (Есептер шығару);

«БББ»


Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.

Сын тұрғысынан ойлау



Екі  айнымалысы бар теңсіздіктерді  шеше алады

1)    Критериалды бағалау

2)    «Бармақ» пен бағалау

3)    Ұпаймен бағалау


Математикалық диктант Сурет бойынша тапсырмалар беру, деңгейлік тапсырмалар.

Оқулық, алгебрадан дидактик.материалдар, слайдтар.





































 

3

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі

 

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктің анықтамасын біледі, шешімін табады. Теңсіздіктер жүйесін  шешуде алгоритмді пайдалану.

Топтық жұмыс, постер қорғау

1 топ) 1-мысал;

2 топ) 2-мысал;

3 топ) 3- мысал;

Зертеушілік әңгіме.

«Кім тапқыр?» әдісі (Есептер шешу)



Сын тұрғысынан ойлау, диалогық оқыту, АКТ – ны қолдану, (электронды оқулық) оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесінің  анықтамасын біледі, теңсіздіктер жүйесін шешуде алгоритмді қолдана алады.

Критериалды бағалау;

Смайликтер арқылы бағалау

 


Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту;

деңгейлік тапсырмалар



 9-сынып «Алгебра» оқулығы

слайд


4

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі

 

Теңсіздіктер жүйесін шешкенде дұрыс жауабын  координаталар жазықтығында кескіндеу

«Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» әдісі;

«Зерттеушілік әңгіме»

Тест жұмысы


Сын тұрғысынан ойлау, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу, дарынды және талантты балаларды оқыту

Теңсіздіктер жүйесінің жауабын  координаталар жазықтығында кескіндей алады

Критериалды бағалау,

Жиынтық бағалау



Деңгейлік тапсырмалар беру, сәйкестендіру тапсырмалары, сурет бойынша тапсырмалар беру.

Слайдтар, оқулық «Алгебра» 9сынып,

Дид. материалдар



 

 

 



Тақырыбы

Екі  айнымалысы бар теңсіздікке есептер шешу

Мақсаты

Екі айнымалысы бар теңсіздіктерді шешуге  үйренеді

Күтілетін нәтиже

Екі айнымалысы бар теңсіздіктерді шеше алады

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Математикалық диктант,  Венн диаграммасы,  Кім жылдам?, БББ

7 модульдің қолданылуы

“Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер”, “Оқытуүшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”

 


Дереккөздер

Оқулық, сурет, слайд, маркерлер, стикерлер

Ұйымдастыру кезеңі

 

 



 

 

Тренинг



Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.  Оқушыларды стикерлер арқылы топқа бөлемін.

Сабаққа керекті құралдарын әзірлеп,  дайындайды. 5оқушыдан 3 топқабөлінеді.  Бір – біріне жақсы тілектерін айтады.

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Білу

Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімін тексеру үшін «Математикалық диктант» аламын

Сұрақтарға жауап береді

Бірін-бірі  тексеріп +,- арқылы бағалайды



Түсіну

Топтарға Екі және бір айнымалысы бар теңсізідіктердің  ортақ  және жеке ерекшеліктерін ажырата білуін «Венн диаграммасы» арқылы тексеру

Постерге «Венн диаграммасын» толтырады

«Бас бармақ»  арқылы  өзара бағалау



Сергіту сәті

«Би» оқушылармен сергіту сәтін өткізу

Бейне жазбадағы флешмоб биін билейді

Қолдану

«Кім жылдам?»  Жас ерекшеліктеріне сай тапсырмалар беру

Деңгейлік тапсырманы орындайды

Талдау

Берілген координаталық жазықтықтағы сурет бойынша теңсіздік құрғызады

Берілген координаталық жазықтықтағы сурет бойынша теңсіздік құрады. Оның жауабын талдайды

Жинақтау

Бүгінгі сабақта алған білімін жинақтау негізінде  БББ кестесін толтыртқызады

БББ кестесін толтырады, кері байланыс жасайды

Бағалау

Оқушылардың алған білім нәтижелерін қорытындылау

Оқушылардың өзін-өзі бағалау, өзара бағалау арқылы  жалпы баға шығару


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет