Бағдарламасы 1 пікір 1,291 рет қаралды



бет2/4
Дата08.10.2019
өлшемі66,75 Kb.
#49418
1   2   3   4
Байланысты:
Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы


 

 

 



 

Коучинг сабақ арқылы әріптестердің тәжірибесіне өзгеріс

енгізу туралы рефлексиялық есеп

Коучинг тәжiрибенi дaмытудaғы тиiмдi жoл болып табылады, өйткенi коуч пен әрiптесi қолданыстағы оқу тәжiрибелерiн бiрлесiп ойластырады, идeялaрмeн aлмaсaды, кoуч тaрaпынaн рефлексиялық диaлoгқа тaрту негiзiнде екiншi мұғалiм өзінің жұмыcының жекеленген cалaларын жетiлдiредi, oларды тереңiрек дaмытады, жoғары cапaлық дeңгeйге көтередi, кәсiби бiлiмiн, игeргeн дaғдылaры мeн тәжiрибесiн жетiлдiредi. Кoуч кеңес бермейдi, ол адамның өз сұрағына  өзi жауап табуына көмектеседi. Яғни өзінiң жеке өмiрiнде кәсiби өсуiнде жoғaры нәтижeге қол жеткiзуiне мүмкiндiк бередi деп ойлаймын. Коучинг өту барысында әріптес барлық шешімді өзі  қабылдайды, сондықтан жауапкершілікті де өз мойынына алады деп ойлаймын.

Біздің өңірімізде Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастырылуымен өткізіліп жатқан деңгейлік курстардың пайдасы зор. Өйткені, осы курстардан  тәлім алған әріптестерімнің  мектепке келіп өткізген коучингтерінің арқасында менде өзімнің іс-тәжірибеме қажетті мәліметтерді ала алдым. Сондықтанда менің де жоспарлаған коучингтерім әріптестеріме пайдалы болады деп ойлаймын. Біздің мектебімізде коучингтер тәжірибе алмасу, семинарлар, ата-ана жиналысы өткізуге тиімді болар еді. Мектепте өткізілген коучингтердің менің өткізілген коучингтен айырмашылығы айтарлықтай бар. Өйткені біздің коучингтердің  тақырыптарына байланысты мақсаттары мен жоспарлары да әртүрлі.

Коучингті ұйымдастырған кезде ең алдымен оның тақырыбына сай мақсат құру, ал мақсатқа жету үшін жоспар құру керек. Нақты жоспар бойынша жұмыс істей отыра, нәтижеге жетуге болады. Сондықтан да мен өзімнің коучингімді жоспарлау барысында нәтижеге жетуге  бағытталған  алгоритм бойынша жұмыс жоспарын құрдым. Мен коучингтің тақырыбы ретінде «Бағалау нәтижесі бойынша Диаграммалар құруды» алдым. Себебі  мұғалімдердің осы ақпараттық -коммуникативті технологиялар  бойынша  білімдерін жетілдіргім келді. Ең алдымен коучингімнің тақырыбын алмас бұрын әріптестеріммен ақылдастым. Олар тәжірибелерінде пайдаланатын керекті тақырып екенін құптады.  Мақсатым мұғалiмдердiң ақпаратты-коммуникативті технологияның мүмкіндіктерi тyрaлы бiлiмін кeңeйтy жәнe oқыту прoцeсінде ақпаратты-коммуникативті технологияның көмегімен жиынтық бағалауды диаграмма түрінде құрастыра білу. Осы мақсаттың нәтижесіне жету үшiн келесі әдiс -тәсiлдерді: oқыту мен oқудағы жaңа тәсiлдер, cыни тұрғыдaн oйлaуға үйрeтy, ақпаратты-коммуникативті технологияны қoлдaну, oқу үрдiсiн бaқылay, тoппeн, жұппeн  жұмысты  қолдануды ойладым. Пайдаланған рeсурстар мeн жaбдықтaр тапсырма парақтары, интeрaктивті тaқтa, прeзeнтация, мaркeрлер, стикeрлeр және бейнежазба болды. Коучинг басталмас бұрын сергіту сәтін өткізгеннен кейін, әрі қарай топқа, жұпқа бөлдім. Cодан соң «AKT-сыз өтетін бiр күн» миға шабуылын жүргіздім. Өз ойларын қағазға түсіріп таныстырды. Әрі қарай осы ақпаратты-коммуникативті технологияның көмегімен MS Word мәтіндік редакторында бағалау нәтижесі бойынша диаграмма құру туралы түсінік бердім. Әрі қарай «Ох, и нелегко» бейнежазбасын көрсетіп қатысушылардың видеоға байланысты пікірлерін тыңдадым. Одан соң әрбір жұпқа тапсырма беру арқылы осы коучингтен алған білімдерін тексердім. Әр жүп өз тапсырмасын қорғады және осы тaпсырмaны «Бaрмaқ» әдiсi бoйыншa бағалады. Oй тoлғау үшiн «Бәрі сенің қолында» атты бейнежазбасын көріп екi көрceтілім бoйыншa қoрытынды жасады. Eкі тoп өздeрiнiң түйгeн oй қoрытындылaрымeн бөлiстi. Tұжырым жaсaды: Бaрлық нәрce өзіміздің қoлымыздa. Тeк өзімiздiң  қaлaуымыз бeн қызығyшылығымыз қaжет. Коучингте алған әсерлері туралы: Нe үйрeндім?, Мeн үшiн қиындау  бoлды, Мeн үшiн қызықты бoлды рефлeксия aлдым. Бұл менің алғашқы коучингім болғандықтан әрине қиындықтар туып жатты, бірақ өткізілген коучингімнің мақсаты өз нәтижесіне жетті деп ойлаймын.

Мектепте өткізілген  коучингтер түрлі тақырыптарда өтіп жатады, бірақ ішінен өзімізге жұмыс барысында қажеттісі, тиімдісі аз. Сондықтан болашақта өткізілетін коучинг

 

 



 

 

 



тақырыптарын таңдағанда оқу үдерісінде қажетті мәселелерді алсақ жұмыс барысында көп септігін тигізер еді  деп ойлаймын.

 

 



Коучинг өткізу жоспары

 


Мерзімі

21.09.2016 жыл

Коучингтің тақырыбы

Бағалау нәтижесі бойынша диаграммалар құру

 Мақсаты

Мұғалімдердің АКТ мүмкіндіктері туралы білімін кеңейту және оқыту процесінде АКТ-ның көмегімен жиынтық бағалауды диаграмма түрінде  құрастыра білу.

Оқу нәтижелері

— АКТ пайдалану арқылы оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтындығын түсінеді;

-Диаграмма құра алады .



Жаттығулар

Тапсырмалар, интерактивті тақтамен жұмыс, постер

Әдіс-тәсіл

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, АКТ, ОүБ, Топпен, жұппен жұмыс.

Ресурстар мен жабдықтар

Тапсырма парақтары, интерактивті тақта, презентация, маркерлер, стикерлер,  бейнежазба.




Уақыт

Іс — әрекеттің түрлері

Коучтің

іс- әрекеті



Мұғалімдердің

іс — әрекеті



1 мин

Сергіту «Би»

 


Әрекет сөздерді айтады

Іс әрекеттегі жаттығуларды орындайды

1 мин

Топқа бөлу. 

Топқа таратпа қағаз арқылы бөлу

 


Түсіндіреді

Төрт топқа бөлінеді

3 мин

Миға шабулы «АКТ — сыз  өтетін бір күн«

Түсіндіре отырып, тыңдайды, кері байланыс береді

жазады,

«АКТ — сыз бір күн» ойларын ортаға салады



2 мин

АКТ туралы кіріспе сөз

АКТ-ны қолданып сабаққа көрнекілік жасау туралы түсінік береді. Презентация арқылы MS Word-та диаграмма түрлерімен таныстырады.

Коучтың тақырыпқа қатысты кіріспе сөзін тыңдайды, өз көзқарасы мен пікірін ортаға салып қосуы мүмкін.

5 мин

Ой толғау. «Ох и нелегко» бейне жазбасын көрсету

«Ох и нелегко» бейне жазбасын көрсетеді.

Қатысушылар бейне жазбаға  байланысты өз пікірлерін айтады.

 


10 мин

Тапсырма.  Жұппен  жұмыс.

 


Тапсырманы таратады. Диаграмма құрудың жолын  таныстырады

Word-тың көмегімен  тапсырманы орындайды.

5 мин

Таныстырылым  ( әр жұптан бір спикерден шығып қорғайды)

Бақылайды кері байланыс береді

Мұқият тыңдайды, рефлексия жүргізеді

1 мин

Тапсырманы  бағалау

 

«Бармақ» әдісі бойынша бағалайды

3 мин

Ой толғау.

Бейнежазба «Бәрі сенің қолында»

 


бақылайды

Жалпы көрген екі көрсетілім бойынша қорытынды жасайды

2 мин

Топтың қорытынды ойын айтқызу

тыңдайды

Екі топ өздерінің түйген ой қорытындыларымен бөліседі

 

Тұжырым жасау: Барлық нәрсе өз қолымызда. Тек өзіміздің шын қалауымыз бен қызығушылығымыз қажет

2 мин.

Рефлексия:

Не  үйрендім?

Мен үшін қиын болды

Мен үшін қызықты болды




Рефлексияларды жинап алады

Коучингтан алған әсері туралы жазады.

 

 

 



Әріптестердің бірімен тәлімгерлік үдерісі жүзеге  асырылғаны туралы

рефлексиялық есеп

Мен үшін биылғы оқу жылы басталмай жатып  жаналықтарға толы болды, ең алдымен осы қыркүйектен бастап бірінші деңгей бойынша  деңгейлік оқуға келуім.  Бірінші «бетпе- бет» кезеңінде теориялық білім алып, екінші кезеңінде жұмыс істейтін  мектепте іс- тәжірибелік әрекетімді бастаймын. Бұл оқуда өзіме көп қажетті мәлімет алдым. Соның бірі тәлімгерлік болатын. Тәлімгерлік үдерісінің маңызы мектеп жұмысы барысында мұғалімдерге әдістемелік көмек жасап жетістіктерге жетелеу. Тәлімгерлік ету барысында тәлімгер өз білiмiмeн, тәжiрибeсiмен бөлiсуi, ал тәлiптің мақсаты жетістiктeрге жeту үшiн кәсiби дaғдылaрын дaмыту, прoблeмаларды шeшу жoлдaрын iздеу бoлып тaбылaды. Тәлімгерліктің өзіне тән негізгі қасиеті екі адам арасындағы оқу қарым-қатынасын құру. Тәлімгер тәліпке сенімділік, ортақтастық, шынайлық, адалдық танытуға дайын болады.

«Табысты тәлімгер тәліпке ол үшін нақты проблеманы белгілеуге көмектеседі және оның жеке тәсіліне, нақты мәнмәтінге, жұмыс тәсілінің ыңғайына сәйкес келетін іс-әрекеттің оңтайлы бағытын таңдауға септігін тигізеді.» (нұсқаулық 89 бет)

Менің ойымша тәлім алушы тәлімгерді өзі таңдауы тиіс, себебі түрлі адами қатынастар кезінде, көңілі жақын адаммен жұмыс жасау жеңіл болады. Тәлімгерлік үдерісі тәліппен бірге тиімді жоспарланған кезде тәліп өзі ойламаған жетістікке жетуі әбден мүмкін.

Бір әріптесімнің бойындағы тәжірибеге өзгеріс енгізу мақсатында тәлімгер ретіндегі жұмысымды жүзеге асырмақшымын.  Сондықтан да бастапқы  бақылауда тәлім алушымен кәсіби сұхбаттан бастау керек деп ойлаймын.  Ең алдымен тәлім алушының тәжірибесін зерделеу үшін сұхбат ала отыра, тәліптің мазалаған сұрақтарын қарастырып, шығу жолдарын анықтаймын. Дәлелдемелерді оқушылардың білімінен анықтап, сауалнама жасап, мониторинг жүргіземін.  Бағдарламаның жеті модулін таныстырып, түсіндіру арқылы бірлесе  отырып  жаңаша жоспар құрастырамыз. Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отыра орта мерзімді және қысқа мерзімді сабақ жоспарын құруға көмек көрсетемін. Жоспарлау барысында оқушылардың  сабаққа  деген қызығушылығын арттыру мақсатында  ынталандыру жолдарын қарастыра отырып, сабақта постермен жұмыс жасау, талдау, қорғау, өзара топпен бағалау деген әдіс – тәсілдерді  ұсынамын. Себебі, осындай тапсырмалар арқылы оқушыларды сыңдарлы ойлауға үйрететіндігін айтамын. Сабақ және коучинг өткізу барысында тәліпке оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін көрсетіп, кейс-стади, свод, БББ, социометрия, рефлексиялық талдаулар арқылы кері байланыс жасауды үйретуді  жоспарлап отырмын.  Өйткені осындай кері байланыс арқылы тәлімгер өз жұмысының артықшылығы мен кемшілігін аңықтап отырады. Нәтижесінде сабақ жоспарлауына өзгерістер енеді.  Тәлімгер ретінде мұғалім мен оқушының қарым-қатынастарын бақылап, жетілдіретін тұстарын анықтаймын. Анықталған тұстарын келесі  кәсіби сұхбатымыздың мақсаты етіп аламын.  Қалыптасып қалған бір сарынды оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдің қолдануының өзі сыныптағы жағдайды айтарлықтай өзгертетіні сөзсіз және білім сапасының жақсаратынына күмәнім жоқ. Ал өз еңбегінің нәтижесін  көрген тәлім алушымның   қызығушылығы артады.

Тәлімгерлік дұрыс ұйымдастырылған жағдайда оқу және оқыту сапасы артады, тиімді ұсынылған әдіс- тәсілдер сыныптағы жағдайды айтарлықтай оң өзгеріске жетелейді. Сондықтан да  бұл жерде кәсіби әңгіменің маңызы зор. Кәсіби әңгімемнің  тақырыбын түрлендіріп отырамын себебі, әр бақылаудан кейін неше түрлі жағдайлар аңықталады. Себебі ойдан ой туындайды. Тәлімгерліктің басты ұстанымы қызмeт емeс, қaрым-қaтынaс бoлып тaбылады, сондықтан да қaрым-қaтынас бaрысындa тәлiмгeр oбъeктивті тыңдaушы жәнe бaғыттaушы бoлуы

 

 



қажет екендігін алдығы жұмысымда ескеремін.  Кәсіби дамудың болғанын анықтау үшін тәлім алушының  жұмысын саралау үшін жоспарыма мониторинг кіргізіп отырмын. Осы арқылы өз жұмысымның нәтижесін көріп тәлім алушының даму деңгейін көремін.  Осылайша алдағы жұмысымды жоспарлаймыз.

 

 



 

Тәлімгердің жоспары



Уақыты

Мақсаты

Нәтижесі

Тәлімгер әрекеті

Тәліптің әрекеті

Кері байланыс

1 апта

сейсенбі

Бастапқы бақылау


Тәлім алушының сабақ үдерісіндегі қиындықтары туралы әңгімелесу

Проблеманы анықтау

Тәлім алушының дәстүрлі сабағына қатысу

Тәлімгермен кәсіби сұхбат

БББ

2 апта

сәрсенбі


Бағдарламаның жеті модулін таныстыру, түсіндіру

 


7 модульді меңгереді. ОМЖ құрады

Өзінің сабақтарына қатыстыру, әдіс алмасу арқылы жаңаша жоспар құруға дайындау

7 модульді ықпалдастырып, ОМЖ, ҚМЖ құру

 «СВОД»әдісі

3 апта

Сейсенбі


Сабақ үстіндегі

ҚМЖ жоспарын жасау. Коучингті жоспарлау

 


ҚМЖ жасалды.

Коучинг жоспарланды.



Әдістемелік көмек жасайды

 Түсінік бойынша жоспарлап,жасайды

Рефлексиялық есепті талдау

Сәрсенбі

Коучингке қатысу

 


Коучингтің мақсаты бойынша нәтижеге жетті

Бақылайды, Коучингтен кейінгі әңгіме, бақылау, мақсатты анықтау, дұрыс шешім қабылдау

Тәжірибесін жетілдіреді

«Социометрия»

 

Аптасына бір рет



Мұғалімнің жаңа форматты өткізген сабақтарына қатысу жоспарлауын,оқытуын,оқушылардың оқуын қадағалау

Сабақ жақсы деңгейде өтті, нәтижеге жетті

Тәлімгер мұғалімнің және оқушылардың қарым-қатынасын бақылайды

Жетілдіретін тұсын ескере отырып сабақты өткізеді

Сабақ туралы рефлексиялық есеп



Маршруттық карта

4 апта

Қорытынды

Мониторинг


Нәтижесін анықтау

Қорытынды жасалды, есеп жазылды

Оқушылармен сұхбат жүргізу, әрекеттерді талдау

Ескертулерді түзетіп өзін-өзі жетілдіруге тырысады

«Оқушы үні» бейнежазба

 

 

 



 

Мектептің педагогикалық қоғамдастығы жұмысын жоспарлау үдерісі туралы рефлексиялық есеп

Қазіргі кезде оқытуды дамытуда қоғамдастықтың маңызы күннен күнге артып отыр. Сол себепті мен де оқытуды дамытуға өз үлесімді қосқым келеді,  яғни көшбасшы ретінде өз мектебімде сапалы білім жүйесін дамытуға мақсатталған желілік қоғамдастықты ұйымдастыруды жоспарлап отырмын.  Желілік қоғамдастықты ұйымдастыру сәтті болу үшін негізгі факторларды ескеруім керек , олар :

Сәтті қоғамдастықтық құру үшін директордың  қолдауы керек;

Қоғамдастық қызметін қадағалайтын жетекші болу керек;

Әріптестер қоғамдастықтың тиімділігіне сеніп, жоспарды құруға қатысу керек;

Қоғамдастықтың өлшемдері айқындала келе кез келген іс нәтижелі жоспарлануы тиіс;

Қойылған мақсат пен нәтижеге қол жеткізу үшін тұрақты бақылау болып тұру керек.



Желілік қоғамдастық құрған кезде осы факторларға көп көңіл бөлемін. Ең алдымен құрылайын деп жатқан қоғамдастыққа «Болашақ» деген ат бермекшімін. Себебі біздің мақсатымыз қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өз ойын еркін айта білетін, білімді, бәсекеге қабілетті тұлға  қалыптастыру, ал қалыптасқан тұлғамыз  біздің жарқын болашағымыз. «Болашақ»  желілік қоғамдастықтың  мақсаты өзара тәжірибе алмасу арқылы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолданып оның шешу жолдарын қарастыру болып табылады. Ең алдымен желілік қоғамдастық құру үшін зерттеу жұмысын жүргіземін. Зерттеу жұмысын жүргізудегі  мақсатым — қоғамдастықтың даму жоспарын құру үшін, ұсыныстар жинау, қажеттілікті анықтау.  Жүргізілген зерттеулер  негізінде, желілік қоғамдастық құру үшін,  қоғамдастыққа мүше болуға үміткер мұғалімдердің басын біріктіріп,  дөңгелек үстел ұйымдастырмақшымын. Мектебімізде «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасын оқыған мұғалім жалғыз, ол  жоғары санатты биология және химия пәнінің мұғалімі Ипова Ақмарал Сүлейменқызы. Мектеп директорымен  және де мектебіміздегі көшбасшы мұғаліммен кездесіп, мектебімізде қоғамдастық құру оның маңызы, ол арқылы қандай жетістіктерге жетуге болатыны туралы сұхбат жүргіземін. Деңгейлік курстарды тәмамдаған мұғалімдерден топ құрып, қоғамдастықтың мақсат міндеттерін анықтайтын боламыз. Жұмысымыз  тиімді болу үшін қоғамдастық  мүшелердің арасынан басқарушы, үйлестіруші, дамытушы топтарының құрамын анықтап аламыз. Басқарушы топтағы ұстаздар кәсіби қоғамдастықты  жақсарту бойынша жоспар құру үшін жауапты болады. Үйлестіруші топтағы ұстаздар қоғамдастықтың әртүрлі топтар арасындағы  қызметін  реттеп, қоғамдастықтың ішіндегі бірлесіп өткізілетін іс-шараларға қатысты шешім қабылдайтын болады. Ал дамытушы топтағы ұстаздар оқу бағдарламасын әзірлеп,  оқытудың жаңа әдіс –тәсілдеріне  қолдау көрсетіп,  кәсіби қоғамдастықтың дамуына өз үлестерін қосады. Әр топ өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, мұқият атқарауы қажет. Мұғалімдер тобы құрылғаннан кейін, қоғамдастық жоспарын құрып оны  талдап оған қажет болса өзгерістер енгіземіз.  Қоғамдастық жоспарды құрған кезде ең алдымен мақсат міндеттерді айқындап алуымыз керек. Оқу үрдісіне жаңа әдіс –тәсілдерді енгізу мақсатында  қоғамдастық мүшелерімен  мұғалімдер  ұжымына қазан айында семинар өткізуге жоспарлап  отырмын. Бұл семинарда бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отыра орта мерзімді, қысқа мерзімді сабақ жоспарларын  құруға бағыт-бағдар беріп, бағалаудың жаңа әдіс – тәсілдерін яғни қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың оқуда пайдалануды үйрету. Жаңа форматтағы сабақ үлгісін саралау мақсатында тәлім алушы мен тәлімгер және басқарушы топтың қатысуымен сабақ өткізуді жоспарға енгіздім. Сабақ жоспарына оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерін енгізіп,  оқытудағы бағалау және оқу үшін бағалау түрлерін қолданбақшымын.  Сабақты  9 сыныпта алгебра пәні  «Екі айнымалысы бар теңсіздіктер» тақырыбы бойынша өткізуді жоспарладым.  Оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби  дамуына ықпал ету ,  себебі ол ұстаздарға:

 

 



 

оқушылардың білім алғандығын анағұрлым анық әртүрлі қырларынан егжей-тегжейлі көруге мүмкіндік береді;

оқытудың нәтижесінде оқушылардың қажеттілігін ескеріп сабақты қалай жоспарлау керек екендігін түсінуге;

кәсіби жетілуіне көмектеседі.

оқушылардың білім деңгейі бұрынғыдан қарағанда өзгеретіндігін бірнеше циклдер бойынша жүргізілген сабақтардағы нақты дәлелдермен көруге  мүмкіндік туады. жыл бойы  жүргізіліп  қорытындысын, нәтижелерін педкеңес кезінде таныстырылым арқылы көрсетіп тұрамыз. мұғалімдер сабақтарын зерттеуді үйренетіндігі айқын.  Интернет желісінде сайт немесе чат ашудың мақсаты- желі бойынша қоғамдастық мүшелерінің емін- еркін қарым-қатынас жасауына жол ашу, өзара тәжірибе алмасуға, толғандырып жүрген сұрақтарын ортаға салуға, жаңалықтармен бөлісуге мүмкіндік жасау.  Мектептер арасында желілік қоғамдастық  құру бұл мұғалімнің үздіксіз дамуына ықпал жасайды деп ойлаймын. Құрылған веб сайт арқылы  орта мерзімді, қысқа мерзімді сабақ  жоспарлардың нұсқаларын,  өткізген сабақтарында қолданған жаңа әдіс-тәсілдерді  басқа ұстаздар  өз сабақтарында қолдануға мүмкіндік алады. Бұл желілік  жүйеде  тек қана мұғалімдер ғана емес  оқушылар да байланысқа шыға алады.  Желілік қоғамдастық арқылы он-лайн сабақтар өткізуге болады. Skype бағдарламасы арқылы тәжірибе алмасу мақсатында жылына 4 рет он-лайн сабақтар өткізуді жоспарлап отырмын.  Он-лайн режиміндегі желілік қоғамдастықтың жұмысы ауқымды түрлері кеңінен таратылады. Қоғамдастық мүшелерімен ақылдасып мүмкіндік туып жатса он-лайн коучингтер де өткізбек ойым бар. Мектепішілік, желілік қоғамдастық аясын кеңейту мақсатында желтоқсан айында  төңіраралық  мектептер арасында қоғамдастық мүшелерімен біріге  «Мұғалім көшбасшылығын қалыптастырудағы қоғамдастықтың ролі» атты семинар өткізуді жоспарладым. Мұғалім көшбасшылығы жеке дамуға ғана бағытталмағандығы айқын. Демек,  оның негізгі міндеттерінің бірі әріптестеріне жаңа ойларды сынақтан өткізіп, өздеріне басшы рөлдерін алуға ынталандыруға көмек көрсету болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет