Lesson study дегеніміз – сабақты зерттеу немесе сабақты зерделеу үдерісі болып табылады.
Lesson study
Мақсаты: Оқушыларға білім алуға көмектесу. Топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету Ерекшеліктері: Жеке оқушылардың қажеттіліктеріне қарап оқыту. Мұғалімдермен біріге отырып жұмыс істеу Мұғалімдердің зерттеуі: Оқытудағы жаңашылдықты бағалау. Іс –әректтегі зерттеу кәсіби жұмыстың кейбір аспектілерін жақсартады LS қағидаттары Бірлескен жоспар. LS өткізу, қадағала,талдау Нәтижесінде тәжірибелік білімді әріптестерімен бөліседі. Әріптестер бір –біріне көмектеседі. Оқушылардың маңызды білім алуына жағдай туады.
1. Топ өзара келісе отырып топ ережелерін жасайды. Өздері күнделікті жинаған материалдары мен жүйелі бағалау деректерін оқушылардың оқу мен даму басымдықтарын белгілеу үшін қолданады.
1. Топ өзара келісе отырып топ ережелерін жасайды. Өздері күнделікті жинаған материалдары мен жүйелі бағалау деректерін оқушылардың оқу мен даму басымдықтарын белгілеу үшін қолданады.
2. Топ зерттеудің түйінді идеяларын келісіп алады, ол әдетте сұрақ түрінде келіп,нені,кімді оқытуды анықтайды. Алдағы уақытта әзірленетін немесе жетілдірілетін, белгіленген міндеттерге жауап беретін оқыту әдістемесін бірлесіп анықтайды.
3. Үш «бақылаудағы оқушыны» анықтайды, олар әрқайсысы сыныптағы белгілі бір топтың өкілі болуы қажет, мысалы, оқу үлгерімінің деңгейі жоғары, орта, төмен оқушылардан.
4. Lesson Study-ді бірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін үш оқушыны үнемі назарға ала отырып, оқыту әдістемесін пайдаланады және оның нәтижелерін мұқият зерттейді.
Lesson Study өткізу барысында топта жұмыс істейтін мұғалімдер:
5. Бақылаудағы оқушылардың дамуы мен оқуына басты назар аудара отырып, Lesson Study өткізеді және оны қадағалайды. Аталған үдерістер бірнеше сабақ бойы қайталанып, жетілдірілуі мүмкін. Бақылауды барлық Lesson Study кезінде жүргізу міндетті емес.
6. Бақылаудағы оқушылардың Lesson Study туралы ойларын білу үшін олармен сұхбаттасады.
7. Lesson Study-ді талқылайды.
8. Қолданылатын әдіске бақылаудағы оқушылардың қалай қарайтынын, олардың жеткен жетістіктерін, оқуда көрсететін нәтижелері мен кездесетін қиындықтарын білу, сонымен қатар алынған тәжірибені келешекте оқыту мен оқу әдістемесін әзірлеу үшін пайдалану мақсатында Lesson Study-ге талдау жүргізеді.