Мектепті жетілдіру мен өзгертудің серігі және оның тиімділігін арттырушы фактор мұғалімдер арасындағы ынтымастық екені анық. Сондықтан мұғалім көшбасшылығын жетілдіруде қоғамдастық маңызды рөл атқарады. Бұл семинардың жоспары жеке құрылады, себебі семинар барысында тәліп коучинг немесе ашық сабақ беруі мүмкін. Мақсатымыз тәлімгерліктің нәтижесі тәліптің де көшбасшы болуына мүмкіндігі бар екенін көрсетіп кету. Қараша айында өткізуге жоспарланып отырған желілік қоғамдастық жұмысына мониторинг жүргізудің мақсаты осы аз уақыт ішінде орындалған жұмыстарға сараптама жасау. Осы қоғамдастық жоспар бойынша өткізген іс- шаралар қаншалықты нәтижелі болғанын аңықтау. Тәжірибе кезіңде жоспарымыздың жүзеге асқаның талдай отырып, әрі қарай жұмысты қарқынды жүргізуге жоспар құрдық. Басты міндетіміз мұғалімдердің кәсіби өсуіне және дамуына мүмкіндік беріп, қолдау көрсету. Таныстырылым арқылы атқарылған жұмыстардың мониторингін көрсетіп, қоғамдастықтың дамуына үлесін қосқан қоғамдастық мүшелерін марапаттап кетуіміз керек деп ойлаймын.
Қорыта келе мектептің даму жоспарын жетілдіру үшін желілік қоғамдастықтың маңызы зор екенін түсіндім. Алдағы уақытта қоғамдастық жоспарын ары қарай жетілдіру бағытында жұмыс атқаратыныма сенімдімін. Желілік қоғамдастық арқылы мұғалімдер бір- бірімен тәжірибе алмасуға тиімді, себебі өз мектебіміздің ішінде ғана емес басқа мектептер арасында да байланыс болып тұрады. Мұғалімдердің кәсіби қалыптасуына, шығармашылық деңгейінің өсуіне, жаңашылдыққа ұмтылуына мектеп басшыларының ықпалы зор екені белгілі. Сондықтан мектеп басшылығымен тығыз байланыста болып, мектептің даму жоспарына өзгерістер енгізу арқылы алға қойған мақсатымызға жетуімізге ықпал жасаймын.
Жоспарланған жұмыстарды жүргізе отырып, мен көшбасшы мұғалім ретінде мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесіне, мектептің дамуына зор үлесімді қосуға ат салысамын.
Пайданылған әдебиет: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Мектептің педагогикалық қоғамдастығының жоспары
МАҚСАТЫ: Сапалы білім жүйесін дамытуға мақсатталған желілік қоғамдастықты ұйымдастыру
Нәтижесі: Қоғамдастық мүшелері жоғары нәтижеге жетеміз
№
|
мазмұны
|
мақсаты
|
нәтижесі
|
қатысушылар
|
уақыт
|
Жүргізу түрі
|
жауапты
|
дәлелдемелер
|
1
|
Желілік қоғамдастық құру үшін зерттеу жұмысын жүргізу
|
Желілік қоғамдастықтың мақсат міндеттерін анықтау,топ құру.
|
Қоғамдастық құрылады.
|
Қоғамдастық мүшелері
|
қазан
|
Дөңгелек үстел
|
көшбасшы
|
жоспар
|
2
|
Жоспарға жаңа әдіс-тәсілдер енгізу
|
ОМЖ,ҚМЖ жоспарлауды жасауды қалыптастыру
|
ОМЖ,ҚМЖ жоспарлауды жасауды қалыптастырды
|
Қоғамдастық мүшелері
|
Қазан
|
Семинар
|
Қоғамдастық мүшелері
|
Суреттер,бейнежазбалар
|
3
|
Сабақты зерттеу
|
Жаңа форматтағы сабақ үлгісін саралау
|
Сабақтың жетілідіретін тұстарына ұсыныс беріледі
|
Тәлім алушылар,тәлімгер, бақылаушы топ
|
Тәлімгерлік жоспарға сай
|
Сабақ
|
тәлімгер
|
Сабақ жоспары
|
4
|
«lesson Stady»мұғалім тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі
|
Сабақты зерттеу мақсатында бірлесе жұмыс жасауға дағдыландыру
|
Сабақты зерттеу мақсатында бірлесе жұмыс жасауға дағдыланды
|
Зерттеу тобы
|
Жыл бойы
|
Сараптамалық талдау
семинар
|
Дамытушы топ
|
Сабақ жоспары, бақылау парағы, фотосуреттер
|
5
|
Интернет желісінде веб сайт құру немесе чат ашу
|
Электрондық поштамен жұмыс жасау
|
Веб сайт құрылады
|
№2 Преснов ОМ, «Үш тұғырлы тіл» қоғамдастығы
|
қазан
|
Пікір алмасу
|
көшбасшы
|
Сайт, фотосуреттер
|
6
|
Қашықтықтан көмек көрсету
|
Интернет желісі арқылы тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру
|
Тәжірибе алмасады
|
Мектепаралық мұғалімдер
|
Жылына
4 рет
|
Он-лайн
|
Үйлестіруші тобы
|
Он-лайн
|
7
|
Семинар: «Мұғалім көшбасшылығын қалыптастырудағы қоғамдастықтын ролі»
|
Мектепішілік желілік қоғамдастық аясын кеңейту.
|
Қоғамдастық ауқымы кеңейеді
|
Шақырылған мектептер
|
2 тоқсан
2 айы
|
Семинар
|
Қоғамдастық мүшелері
|
фотосуреттер
|
8
|
Білім сапасын сараптау
|
Орындалған жұмыстарға сараптама жасау
|
Жұмыстарға аналитикалық сараптама жасалды
|
Қоғамдастық мүшелері
|
қараша
|
Мониторинг
|
Басқарушы топ
|
презентация
|
Тиімді тәжірибе Түсініктеме (250 сөз)
Мұғалім Бағдарламаның жеті модулін тізбектелген сабақтар топтамасына қалай және неге енгізгенін түсіндіреді.
Сабақтың сапалы өтуі сабақ жоспарының дұрыс құрылуында екенін түсіне отыра сабақтарымды модульдерді ықпалдастыра отырып тізбектелген сабақтар топтамасын құруға кірістім. ОМЖ-ды 9 сыныптағы алгебра пәні бойынша «Екі айнымалысы бар теңсіздік» тақырыбын алдым.Бағдарламаның жеті модулінің көмегімен оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады деп ойлаймын. Мұғалім ретінде алдымдағы оқушыларымның ерекшеліктерін зерттей келе, олардың даму деңгейіне қарай әдіс — тәсілдерді іріктеп, талдап қолдануға, жетілдіруге ерекше назар аудардым.ОМЖ құрастырған кезде тапсырмалар барлық оқушылардың қажеттіліктерін қамтитындай етіп алдым. Оқушылардың жұппен, топпен жұмыс істеу арқылы ұйымдастырылған сабақтарда олардың дарындылығын дамыта отырып, білімдерін шыңдау жолдарының бірі болып табылады, олардың арасында ынтымақтастық пен серіктестік туып, құрбыларының ойымен есептесу қажет екенін түсінеді, уақыт үнемделіп, жаңа идеяларды ұсынумен қатар белгілі бір жағдайды нәтижелі шешуге де мүмкіндік туады.Сол себептен жоспарыма топтық, жұптық тапсырмалардын түрлерін енгізу арқылы диалогтық оқыту, сыни тұрғысынан ойлау модульдерін кіріктірдім.Сын тұрғысынан ойлау модулі арқылы оқушылар өз ойын ашық айта алады, талдау жасауға қабілетті, басқаның пікірін қабылдап шешім шығара алады.Диалогтық оқытуды жұптық, топтық жұмыс немесе зерттеушілік әңгіме барысында ұсындым. Диалогтық оқыту кезіңде мұғалім мен оқушы арасында жақсы қарым-қатынас туындайды. Оқуды тиімді бағалау білім беру үдерісіндегі жаңа тәсілдердің барлығымен байланысты. Бағалау -оқыту барысында ілгерілеу қадамдарын айқындау мен қолдау көрсету үшін қажет. ОМЖ-ны құрған кезде бағалаудың критериалды бағалау, жиынтық бағалау, ұпаймен бағалау, т.б. түрлерін қолдандым. Жиынтық бағалауды оқудың қорытындысын шығарған кезде қолданамын. Бірін-бірі бағалаған кезде оқушы өзін-өзі реттеп, өз білімінің деңгейін анықтайды, өз білімін басқалармен салыстыруды үйренеді. Қате кеткен жерлерін түсініп, әділ бағалауға үйреніп, дағдыланады. АКТ-ны жаңа сабақ түсіндіргенде, өткен тақырыпты қайталағанда, бағалау кезіңдеде қолданған тиімді болғандықтан жоспарыма енгіздім. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп деңгейлік есептер шығартамын.
Түсініктеме (250 сөз)
Жоспарланған тізбектелген сабақтар топтамасының ішіндегі бір сабаққа Бағдарламаның бір немесе бірнеше модулін мұғалім қалай және неге енгізгенін түсіндіреді
ОМЖ құрастырғаннан кейін ҚМЖ құрастыру қиын болған жоқ. «Екі айнымалысы бар теңсіздіктерге есептер шешу» тақырыбына құрылған жоспарымда Блум таксономиясын қолдандым. Себебі сабақтың кезеңдерін бөлуде ол өте ыңғайлы және тиімді. Алдымен сыныпты стикерлер арқылы топқа бөлдім.Блум таксономиясының Білу кезеніңде «Венн диаграммасы»арқылы Бір айнымалы бар теңсіздік пен екі айнымалысы бар теңсіздіктерді салыстырып ерекшеліктерін анықтау, белгілеу, өз ойларын талдау және сараптау (шеңбер ішіндегі жазудың көмегімен) оқушылардың осы тақырып бойынша алған білімдерін көрсетті.Топ ішінде жұмыс жасағаннан кейін постерді қорғауға орташа оқитын, ұялышақ оқушылар өздері сұранды. Бұл кезеңде топтар бір-бірін «Бармақ» бағалау түрімен бағалады.
Түсіну кезеніңде «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы оқушылар берілген сурет бойынша қандай теңсіздіктің шешімі кескінделгені туралы алдымен жеке сосын жұппен талдап одан соң ойларын ортаға салды. Суретті интерактивті тақтада көрсеттім.Оқушылардың жұппен, топпен жұмыс істеу кезіңде олардың дарындылығы дамытылып, олардың арасында ынтымақтастық пен серіктестік туып, құрбыларының ойымен де есептесу қажет екенін де түсініп, уақыт үнемделеді.
Қолдану, талдау кезеңдерінде «Кім жылдам?» оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес А, В, С деңгейлік есептер шығартамын. Осы есептердің шығарылуын талдап қандай алгоритм қолданатынымызды айта кетеміз.
Жинақтау кезеңінде «ББҮ» сызба әдісі арқылы оқушылар ұсынылған тақырып бойынша өз білімдерін актуалдандырып, бұрынғы білімін жаңа біліммен ұштастырып, ұсынылған ақпаратты сыни тұрғыдан бағалай алады. Ары қарай кері байланыс жасалып, ол менің келесі сабағымды жоспарлауыма мақсат болды. Кері байланыс арқасында оқушы жіберген қателерін тауып, білімдерін жетілдіруге мүмкіндік туады. Бағалау кезеніңде сабақ бойы атқарған жұмыстарының жалпы қорытындысы шығарылып, бағалары журналға қойылды.Бұл сабақта әр тапсырманы орындағаннан кейін оқуды бағалау оқу үшін бағалау жұмыстарын қатар жүргіздім.Үй тапсырмасын дарынды мен талантты балалардың ерекшеліктерін ескере отыра бердім.
Түсініктеме (250 сөз)
Коучинг-сабақ үдерісінің таңдалған тақырыбының түйінді идеялары мәнмәтінінде әріптестердің қажеттілігіне сәйкес оқыту және оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу қажеттігін түсіндіреді
«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде өз әріптестер тобына коуч ретінде коучинг өткізу қажет болды. Сондықтан коучинг тақырыбын анықтау мақсатында әріптестеріммен сұхбат жүргіздім. Сұхбаттан «Бағалау нәтижесі бойынша диаграммалар құру» тақырыбы әріптестерімді қызықтыратын байқадым. Осыдан кейін коучинг сабағының жоспарын жасап онда мынандай мәселелерді қамтуға тырыстым:
Коучинг тақырыбың бағдаламаның жеті модулімен ықпалдастыру
Коучингтің мақсатының күтілетін нәтижеге жетуі
Сабаққа қатысатын әріптестер
Коучинг кезіңде орындалатын тапсырмалар
Мақсатым мұғалiмдердiң АКТ-ның мүмкіндіктерi тyрaлы бiлiмін кeңeйтy жәнe oқыту прoцeсінде АКТ-ның көмегімен жиынтық бағалауды диаграмма түрінде құрастыра білу. Осы мақсаттың нәтижесіне жету үшiн келесі әдiс -тәсiлдерді: oқыту мен oқудағы жaңа тәсiлдер, cыни тұрғыдaн oйлaуға үйрeтy, АКТ-ны қoлдaну, oқу үрдiсiн бaқылay, тoппeн, жұппен жұмысты қолдандым. Коучинг басталмас бұрын сергіту сәтін өткізгеннен кейін, әрі қарай топқа бөлдім. Cодан соң «AKT-сыз өтетін бiр күн» атты миға шабуылын жүргіздім. Өз ойларын қағазға түсіріп таныстырып, қорғады. Бұл жерде әріптестерім белсенділіктерін танытты. АКТ-ны қолданып сабаққа көрнекілік жасау туралы түсінік бердім. Ой толғау жүргізуге «Ой, оңай емес-ау» бейнежазбасын көрсеттім қатысушылардың бейнежазбаға байланысты пікірлерін тыңдадым. Одан соң әрбір жұпқа тапсырма беру арқылы осы коучингтен алған білімдерін тексердім. Әр жүп өз тапсырмасын қорғады және осы тaпсырмaны «Бaрмaқ» әдiсi бoйыншa бағалады. Oй тoлғау үшiн «Бәрі сенің қолында» атты бейнежазбасын көріп екi көрceтілім бoйыншa қoрытынды жасады. Eкі тoп өздeрiнiң түйгeн oй қoрытындылaрымeн бөлiстi. Tұжырым жaсaды: Бaрлық нәрce өзіміздің қoлымыздa. Тeк өзімiздiң қaлaуымыз бeн қызығyшылығымыз қaжет. Коучингте алған әсерлерін рефлексия жүргізу арқылы білдім. Коучингтен кейін әріптестерім бағалау парағын толтырды. Әріптестерім коучингін жақсы өтті деп ризашылықтарын білдірді.Бұл менің алғашқы коучингім болғандықтан әрине қиындықтар туып жатты, бірақ өткізілген коучингімнің мақсаты өз нәтижесіне жетті деп ойлаймын.
Түсініктеме(250сөз)
Бағдарламаның түйінді идеялары мәнмәтінінде әріптестердің бірінің оқыту және оқу тәжірибесіне қажеттілігіне сәйкес өзгеріс енгізу қажеттігін түсіндіру
«Мектептегі тәжірибе» кезеніңде бір әріптесімнің бойындағы тәжірибеге өзгеріс енгізу мақсатында тәлімгер ретіндегі жұмысымды жүзеге асыру үшін алдымен тәлім алушы керек болды. Сондықтан жекелеген ұстаздармен сұхбаттастым. Сұхбат ала отыра оларға бірге жұмыс атқаратынымызды түсіндіріп, тәлім беруші ретінде көмек көрсететінімді айттым. Тәлім алушы ретінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тұяқова В.С. өз келісімін беріп осы бағдарламаның жеті модулі оны қызықтыратының айтты. Бастапқы бақылауды тәлім алушымен кәсіби сұхбаттан бастадық, тәлім алушының сабақ жоспарымен танысып, дәстүрлі сабағына отырдым, мұғалімнің оқытудағы әдіс-тәсілдерін жан-жақты бақылай отырып, қай жағынан, кәсіби қолдау көрсете алатынымды ескердім.Тәліптің мазалаған сұрақтарын қарастырып, шығу жолдарын анықтадық. Тәлімгерлік етуді жүзеге асыру үшін тәліпті өзімнің тізбектелген 4 сабағыма қатысуға ұсыныс жасадым. Ол өз кезегінде менің сабағыма қатысты. Бағдарламаның жеті модулін таныстырып, түсіндіру арқылы бірлесе осы модульдерді ықпалдастыра отыра орта мерзімді және қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрдық. Жоспарлау барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, ынталандыру мақсатында сабақта постермен жұмыс жасау, талдау, қорғау, өзара топпен бағалау деген әдіс – тәсілдерді ұсындым. Себебі, осындай тапсырмалар арқылы оқушылар сыңдарлы ойлауға үйренетіндігін айтып кеттім. Сабақ және коучинг өткізу барысында тәліпке оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін көрсетіп, кейс-стади, свод, ББҮ, социометрия, рефлексиялық талдаулар арқылы кері байланыс жасауды үйреттім. Өйткені осындай кері байланыс арқылы мұғалім өз жұмысының артықшылығы мен кемшілігін аңықтап отырады. Нәтижесінде сабақ жоспарлауына өзгерістер енеді. Тәлімгер ретінде мұғалімнің жаңа форматтағы өткізген сабақтарында оқушылармен қарым-қатынасын, олардың оқуы, оқыту әдістерінің ұтымды қолдануы, бағалауы, жас ерекшелігін ескеруі және т.б. қадағалап отырдым. Әр сабақ сайын тәліпке ауызша-жазбаша кері, тікелей байланыс жасап, күнделікті әдістемелік көмек көрсетуге тырыстым. Тәлімгерлігімнің нәтижесін анықтау үшін оқушылармен сұхбат жүргіздім оларға соңғы өткізіліп жүрген сабақтары ұнағаның топпен, жұппен жұмыс жасаған кездегі ойларын тыңдадым. Қорыта келе оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдің қолдануының өзі сыныптағы жағдайды айтарлықтай өзгертетіні сөзсіз және білім сапасының жақсаратынына күмәнім жоқ.
Түсініктеме(250сөз),
педагогикалық қоғамдастық жұмысын жоспарлауда өзгеріс қалай және неге енгізілетінін түсіндіреді
Қоғамдастық жоспарын мектептегі тәжірибе кезеніңде жүзеге асыруға кірістім. Сондықтан, ең алдымен зерттеу жұмысын жүргіздім. Қоғамдастық жұмысын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат жинадым. Ол үшін мектебімізде «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасын оқыған жоғары санатты биология және химия пәнінің мұғалімі Ипова Ақмарал Сүлейменқызымен сұхбаттастым. Сұхбат кезіңде мектебімізде «Парасат» желілік қауымдастығы құрылғаны туралы және де оның құрамында деңгейлік оқуды тәмамдаған сегіз мұғалім бар екені туралы білдім. Мектебіміздің даму жоспарымен танысып, қандай өзгерістер енгізу жөнінде және қалай енгізетініміз туралы отырыс жасадық. Ең алдымен жұмысымыз тиімді болу үшін қоғамдастық мүшелерінің арасынан басқарушы, үйлестіруші, дамытушы топтарының құрамын анықтадық. Әр топ өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, мұқият атқарауы қажет. Әрине менің құрған жоспарыма толықтырулар енгізуге тура келді, себебі мен мектебіміздегі қауымдастық туралы хабарсыз едім. Мұғалімдер арасында жас мамандар, жаңартылған бағдарламаны оқымаған мұғалімдер болғандықтан оларға оқу үрдісіне жаңа әдіс – тәсілдерді енгізу, яғни бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отыра ОМЖ, ҚМЖ құруға бағыт-бағдар беру үшін семинар өткізуді жөн көрдік. Оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету мақсатында Lesson Study-ді енгізіп, зерттеу тобы құрылды. Зерттеу тобы жыл бойы жұмыс жасап нәтижесімен тоқсанның соңында таныстырып отырады. І деңгейлі ұстазымыз Ипова А.С. «Оқытудағы интерактивті әдістер» тақырыбында коучинг өткізді. Ал оқу ісі меңгерушісі Күркенова Г.Ж. жаңартылған бағдарлама бойынша бағалаудың түрлерімен таныстыру мақсатында мұғалімдермен дөңгелек үстел өткізді. Қоғамдастық мүшелерінің емін- еркін қарым-қатынас жасауына жол ашу, өзара тәжірибе алмасуға, толғандырып жүрген сұрақтарын ортаға салуға, жаңалықтармен бөлісуге мүмкіндік жасау үшін интернет желісінде «Парасат» атты желілік қауымдастығы құрылып, «Болашақ» атты веб сайт ашылды. Қоғамдастықтың жоспар бойынша алдыңғы уақытта атқаратын жұмыстарымыз көп. Сондықтан да «біріге көтерсе жүк жеңіл» демекші ынтымақтастықта жұмыс жасасақ алдағы қойған мақсатымызға жететінімізге күмәнім жоқ. Мектебіміздің дамуына қоғамдастығымыз зор үлесін қосады.
Рефлексия және даму (2750 сөз)
Бүкіл мектеп ауқымында өзгерістерді енгізу және басқару бойынша рефлексиялық есеп
Елбасымыз Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ. Сондықтан ол ұрпақты тәрбиелеу біздің, яғни ұстаздардың міндеттері деп санаймын. Бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін елімізде әртүрлі жағдайлар жасалуда. Соның бірі Кембридж университетінің әдіс — тәсілдерін біздің білім беру саласына меңгерту болып табылады. «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының негізгі мақсаты қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ету. Сондықтан білім беру мен оқытудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі мәнмәтінмен өзара байланыста қарастырылады. Бағдарламаның бірінші кезеңінде оқу үдерісі қалай жүру керектігі, сапалы оқыту, сыныптағы жұмыс тәсілдерін модельдеу арқылы белсенді оқуға қатысу, бағдарламаның жеті модулі арасында оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді зерделеу, сынып тәжірибесіне енгізілетін бағдарламалардың идеяларын пайдалана отырып, тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарладым. Мен бұл курста не үйрендім?-деген сұраққа жауап бергелі отырмын. Бағдарлама бойынша көрсетілген модульдерді ықпалдастыра отыра, тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауды үйрендім. Осы орта мерзімді жоспардан қысқа мерзімді жоспар құрастыруды игердім. Бұл жоспардың бұрынғы дәстүрлі сабақ жоспарынан маңыздылығын, қамтитын ауқымы зор екенін түсіндім. Себебі, бұрын мақсатымызды үлкен қылып қоямыз да, бірақ күтілетін нәтижеге мән бермейтінбіз. Сонымен бірге топтық, жұптық жұмыстың және формативті бағалау сабақтың тиімді, сәтті, мәнді өтуіне көмегі зор екенін түсіндім. Бірінші «Бетпе бет» кезеңінде алған теориялық білімімді бағдарламаның екінші «Мектептегі тәжірибе» кезеңі барысында іске асыру үшін алдыма келесі мақсат қойдым, ол әріптестерімді бағдарламаның жеті модулімен, яғни оқытудағы жаңа әдіс — тәсілдер; сын тұрғысынан ойлауға үйрету; оқу үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда АКТ пайдалану; талантты және дарынды балаларды оқыту; оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту; басқару және көшбасшылық секілді түрлерімен таныстырып оны өздерінің іс – тәжірибелерінде тиімді қолдана білуге көмек көрсету. Мектепке келгенде бойымда «өзгерісті әріптестерім қалай қабылдар екен», «оқушылар қалай меңгереді», «кедергілер көп болып қалмай ма?» деген сұрақтар мені мазалады. Бірақ та не болса да алға қойған мақсатымның нәтижесіне жету үшін көп еңбектенуге бел будым. Ең алдымен мектеп басшысымен және де мектебіміздегі көшбасшы мұғаліммен кездесіп сұхбаттастым. Сұхбат алу кезінде мектеп басшысы менен осы оқып келген оқуымды қалай аяқтағаным туралы, оқу үдерісіне қандай жаңалық әкелгенімді сұрады. Мен әлемде білім беру саласында жоғары деңгейге қол жеткізіп отырған сындарлы оқыту теориясы туралы қысқаша айтып, бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне де қысқаша тоқтала кеттім. Қажетті, тиімді өзгеріс енгізу үшін мектеп жайында деректер жинау керектігін айттым. Содан соң үшеуіміз мектебіміздің даму жоспарына қандай өзгеріс енгізу қажеттігін анықтау мақсатында және де тиімді бағыттарды талқылау үшін бірлесіп шешім қабылдау жөнінде пікір алмастық. «Жұмыла көтерген, жүк жеңіл» демекші І деңгейлі мұғалім Ипова А.С. екеуіміз бірлесе отыра жұмыс істеуге келістік.
Әрине өз басым тізбектелген сабақтар топтамасын құрған кезде қиналдым. Себебі мен математика пәнінің мұғалімі болғандықтан, біз сабақ барысында көп есептер шығаруды талап етеміз, ал стратегияның көп түрі ауызша сабақтарға келетін сияқты болды. Бірақта көп ойлана осы бағдарламаның модульдерін өзім құрастырған ОМЖ жоспарыма енгізу арқылы сабақтарым күннен – күнге жақсарғанын байқадым. ОМЖ жоспарын 9 сыныптағы алгебра пәні бойынша құрдым. Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрған кезде Блум таксономиясын қолдандым. Себебі сабақтың кезеңдерін бөлуде ол өте ыңғайлы және тиімді. Блум таксономиясы алты кезеңді қамтиды:
Достарыңызбен бөлісу: |