Бағдарламасы №1 редакция



бет1/3
Дата20.07.2020
өлшемі27,46 Kb.
#63420
түріБағдарламасы
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ

МЕМЕЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ

3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК



ПОӘК 042-33.1.34/03-

2013

ПОӘК

«Диплом жұмысын зерттеу түрінде» пәнінің

Студенттерге арналған

Бағдарламасы


№1 редакция

03.09.2013

ПӘННІҢ ОҚУ – ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
“Диплом жұмысын зерттеу түрінде”
5В010700 - “Бейнелеу өнері және сызу ”

мамандығына арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей

2013

ПОӘК 042 33.1.34/03-2013

№1 Редакция 03.09.2013

23 Беттің 2-сі



Мазмұны


  • Глоссарий

  • Тәжірибелік сабақтар

  • Студенттің өздік жұмыстары



ПОӘК 042 33.1.34/03-2013

№1 Редакция 03.09.2013

  • Беттің 3-сі



1 ГЛОССАРИЙ




Автор – автор ( көркем өнер, ғылым, жасаушы адам); автор проекта жобаның авторы.
Активный – белсенді; активный член кружка – үйірменің белсенді мүшесі.
Багет – багет (рама жасауға керекті бояулы планка).
Виртуоз – виртуоз, асқан шебер, үздік шыққан өнерлі.
Глоссарий – глоссарий (ескі мәтіндегі түсініксіз сөздерге берілген түсінік, сөздік).
Идея – идея,ой,сана.
Изучить – үйрену,оқып білу; (иследовать, ознакомиться) байқап білу, зерттеп білу, зерттеп тану.
Иллюстрация – иллюстрация,мәтінің мазмұнын суретпен сипаттау, мысалмен түсіндіру.
Коллоквиум – коллоквиум (оқушылардың білімін сынау мақсатымен жүргізілетін әңгіме).
Компоновать – құрастыру, тұтастыру.
Конспект – (бірдеменің мазмұнын қысқаша жазған мәтін).
Конструкция – түзіліс,құрылыс, үйлесім.
Монография – монография (бір мәселені,бір тақырыпты зерттеуге арналған ғылыми кітап).
Наглядность – көрнекілік (көрнекі құрал, стенд).


ПОӘК 042 33.1.34/03-2013

№1 Редакция 03.09.2013

23 Беттің 4-сі



Нюанс – өң, нәзік айырмашылық.



Сноска – сілтеме,түсіндірме.
Стандарт – стандарт, үлгі.
Стиль – (қазіргі заман стиліне сай бөлу, стильді киім, стильді бейнелеу)
Модель – үлгі,кейіп. Киім үлгісінің моделі.
Фактура – матаның фактурасы, өңнің, реңнің сипаты.




ПОӘК 042 33.1.34/03-2013

№1 Редакция 03.09.2013

  • Беттің 5-сі



  • ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР


1 Тақырып: Диплом жұмысын орындаудың негізгі талаптары
Сабақтың мақсаты: Диплом жұмысын орындаудың негізгі талаптарын

меңгеру.
Негізгі сұрақтар, тапсырма:

  • Студенттің өз мамандығы бойынша алған білімінің ғылыми – теориялық және тәжірибелік қорытындысының негізі.

  • Мамандықтың мақсаты, міндеті және жобалау талаптары.

Арнайы оқулықтар мен оқу – әдістемелік материалдардан диплом жұмысын орындаудың негізгі талаптарын конспект жазу.

Әдістемелік ұсыныстар:

Диплом жұмысының түсінік хаты және тәжірибелік жұмыстарын орындау міндеттерінің негізгі талаптары мен жобалау түрлері төмендегідей болуға тиіс.

  • Студент өз мамандығы бойынша өткен курстардағы алған білімдерінің түйінін, яғни ғылыми – теориялық, мамандық, оқу – әдістемелік және тәжірибелік дайындық дәрежесін көрсетеді;

  • Диплом жұмысына қойылатын сұрақтар мен проблемалық мәселелерді әдістемелік зерттеу мен зксперименттік тәжірибе жасау негізінде көрсетіп беруге тиіс;

  • Диплом жұмысының тақырыбын, оқу процестері кезінде алған көркем білім мен эстетикалық тәрбиеге лайық ашып беруі тиіс;

  • Қазіргі заман талаптарына сай келетін әрі сұранысқа ие болатын оқу – тәрбиелік маңызы бар тақырыпты ғылыми – әдістемелік жолмен дәләлдеп беруге тиіс;

  • Диплом жұмысының тәжірибелік бұйымдарын заман талабына сай көркем безендіруге тиіс;



ПОӘК 042 33.1.34/03-2013

№1 Редакция 03.09.2013

23 Беттің 6-сі




Әдебиеттер:


  • Положение об учебно – методическом комплексе. П.01.04/2006 Семей, 2009

  • Жоғары оқу орындарында диплом жұмысын (жоба) орындау ережесі. ҚР МЖМБС 5.03.016 – 2009 Алматы

  • Типовые учебные программы, Бакалавриат по специальности 050107 «Изобразительное искусство и черчение» ІІ часть. Алматы, 2005.

  • Общие требования к оформлению текстовых документов. СТН 514-06-2005. Семипалатинск 2007.

  • Арнхойм Р. Искусство и визуальное восприятие М., 1962

  • Кудрящев К.В. Проблемы изобразительного языка архитектура и дизайнера. М. 1995

  • Нешумова Б.Г. Художественное – проектирование М.,1989

  • Основы кредитной системы обучения в Казахстане/ под общей редакцией Ж.А. Кулекеева, Г.Н.Гамарника, Б.С.Абдрасилова


2 Тақырып: Диплом жұмысының көлемі мен мазмұнын анықтау.
Сабақ мақсаты: Диплом жұмысының (жобаның) мазмұны мен құрылымын анықтау.
Негізгі сұрақтар, тапсырма:


  • Диплом жұмысының көлемін зерттеу материалдарына сүйене жоспарлау.

  • Диплом жұмысының мазмұнын таңдап алған өнер бағыты бойынша құру.

  • Диплом жұмысының қолжазбасында мектептегі оқыту әдістемесін ережеге сай орындау.

Тәжірибелік сабақта, кафедрада бекітілген тақырыптың қолжазба құрылымы мен мазмұнын жазуды жүзеге асыру.
Әдістемелік ұсыныстар:
Диплом жұмысы өзінің мазмұны жағынан жоғары оқу орнын бітіруші курс студентінің нақты мамандық бойынша өздігінен дайындайтын қолжазба түріндегі ғылыми – зерттеу жұмысы болып табылады. Диплом жұмысының көлемі, ереже бойынша 60-90 бетке дейін (кейбір жағдайларда гуманитарлық

ПОӘК 042 33.1.34/03-2013

№1 Редакция 03.09.2013

23 Беттің 7-сі


мамандықтар бойынша 100 бетке дейін) Қосымшалар диплом жұмысының (жоба) көрсетілген көлеміне енгізілмейді.

Егер диплом жұмысының қолжазбасының теориялық бөлімінде мәтін көлемі ереже талаптарына қарағанда шағын көлемде болса, ондай жағдайда диплом жұмысының жетекшісі бұған ерекше мән беру керек. Қолжазба шағын көлемде бола тұрса да, оның мазмұны нақты дәлелдермен әрі түсінікті, әрі тұжырымдалған болуға тиіс. Осы сұраққа, пікір беруші және Мемлекттік комиссия ерекше көзқараспен қабылдаулары керек.

Диплом жұмысының құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:

  • мұқаба (сыртқы беті);

  • титул беті;

  • диплом жұмысының орындалуына тапсырма;

  • мазмұны;

  • кіріспе;

  • негізгі бөлім;

  • қорытынды;

  • пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

  • қосымшалар;

Үлкен көлемдегі диплом жұмыстары (мысалы: комплексті көркем – декоративті және мектеп немесе басқа да интерьерлерді безендіру жұмыстары болса) бір топ студенттердің бірлесуімен ұжымдық жұмыс болуы мүмкін. Мұндай жағдайда комплексті жұмыс жасау кезінде әр студенттің шығармашылық үлесі жеке – жеке бағаланады.

Диплом жұмысының тәжірибелік бөлімінің әр нәрсесі көркем безендірілген болуға тиіс. Қолжазбаның мазмұнын өте сапалы құрастырғанда ғана мәтіннің мағынасы мен ғылыми негізгі тараулары 3 немесе 4 бөлімнен құралғаны дұрыс.
Әдебиеттер:


  • Положение об учебно – методическом комплексе. П.01.04/2006 Семей, 2009

  • Жоғары оқу орындарында диплом жұмысын (жоба) орындау ережесі. ҚР МЖМБС 5.03.016 – 2009 Алматы

  • Типовые учебные программы, Бакалавриат по специальности 050107 «Изобразительное искусство и черчение» ІІ часть. Алматы, 2005.

  • Общие требования к оформлению текстовых документов. СТН 514-06-2005. Семипалатинск 2007.

ПОӘК 042 34.1.34/03-2013

№1 Редакция 03.09.2013

23 Беттің 8-сі




  • Арнхойм Р. Искусство и визуальное восприятие М., 1962

  • Кудрящев К.В. Проблемы изобразительного языка архитектура и дизайнера. М. 1995

  • Нешумова Б.Г. Художественное – проектирование М.,1989

  • Основы кредитной системы обучения в Казахстане/ под общей редакцией Ж.А. Кулекеева, Г.Н.Гамарника, Б.С.Абдрасилова


3 Тақырып: Ғылыми зерттеу әдістемелері.
Сабақтың мақсаты: Диплом жұмысының қолжазбасы мен тәжірибелік

жұмысын жасау әдістемелерін оқыту талаптарының

сұраныстарына сәйкестендіру тәртібі.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:


  • Диплом жұмысында қойылған сұрақтар мен проблемаларды әдістемелік зерттеу негізінде жүргізу мәселелерін талдау.

  • Білім берудің қазіргі заманға сәйкестендірілген бағыттарын зерттеу.

  • Тақырыптық оқу – тәрбиелік маңыздылығын ғылыми – зерттеу материалдарынан оқу арқылы оның әдістемелерін құрастыру.


Әдістемелік ұсыныстар:
Диплом жұмысының зерттеу әдістемелері білім берудің ережелеріне қайшы келмеуі керек. Диплом жұмысшының қолжазбасы да тәжірибелік жұмыстары да ғылыми әдістемелерге бағытталған болуы шарт. Зерттелген объкетілер бойынша ғылыми негізделген теориялық тұжырымдамалардың ережелеріне сәйкестендіріліп әдістеме құрылуы керек. Нақты мәселелерді шешуді қамтамасыз ететін ғылыми – әдістемелік нәтижелердің болуы міндетті. Қолжазбаның мәтіні әдістемелік сабақтастандырылған болуға тиіс. Диплом жұмысы белігі бір мамандық пен ғылыми саланың өзекті мәселелерін, зерттеу және өзбетінше ізденіс нәтижелерін қорытындылайды. Жұмыс барысында ғылыми зерттелген әдістемелерді пайдалануды диплом қорғаушы негізгі міндеттері деп түсінулері керек. Жалпы, диплом жұмысының құрылысы жүйелі талданып нақты дәлелдермен бекітілуі керек.




ПОӘК 042 33.1.34/03-2013

№1 Редакция 03.09.2013

23 Беттің 9-сі


Диплом жұмысының негізгі бөлімінде, орнындалған дипломдық зерттеулердің мәнін, мазмұнын, әдістемесі мен диплом жұмысының негізгі қорытындыларын білдіретін мәліметтер келтеріледі.




Әдебиеттер:


  • Положение об учебно – методическом комплексе. П.01.04/2006 Семей, 2009

  • Жоғары оқу орындарында диплом жұмысын (жоба) орындау ережесі. ҚР МЖМБС 5.03.016 – 2009 Алматы

  • Типовые учебные программы, Бакалавриат по специальности 050107 «Изобразительное искусство и черчение» ІІ часть. Алматы, 2005.

  • Общие требования к оформлению текстовых документов. СТН 514-06-2005. Семипалатинск 2007.

  • Арнхойм Р. Искусство и визуальное восприятие М., 1962

  • Кудрящев К.В. Проблемы изобразительного языка архитектура и дизайнера. М. 1995

  • Нешумова Б.Г. Художественное – проектирование М.,1989

  • Основы кредитной системы обучения в Казахстане/ под общей редакцией Ж.А. Кулекеева, Г.Н.Гамарника, Б.С.Абдрасилова


4 Тақырып: Ғылыми және арнайы әдебиеттермен жұмыс жасау әдістемелері, теориялық материалды талдау.
Сабақтың мақсаты: Дипломшы бекітіліп берген тақырып бойынша ғылыми

әдебиеттер мен оқу – әдістемелік материалдарды

жинақтау тәртібі.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
Диплом жұмысы диплом қорғаушының қорытынды еңбегі болып саналады. Алдыңғы курстардағы алған білімдерін жинақтау, ғылыми талдау және теориясы мен тәжірибелік жұмысының нәтижелерін зерттеп көрсету. Диплом қорғаушы өзінің тақырыбына қажетті әдебиеттерді таңдап алуды негізгі мақсаттарының бірі деп білу керек. Егер бұл жұмыс қиындық тудырса жетекшінің көмегіне немесе сол саладағы мамандардың кеңесіне сүйенген абзал. Арнайы әдебиеттердегі қажетті деген материалдарды алдымен мазмұнынан оқып танысқан жөн.

ПОӘК 042 34.1.34/03-2013

№1 Редакция 03.09.2013

23 Беттің 10-сі


Теориялық материалдарды талдағанда олардың қазіргі заманға лайық жаңашылдығын ескерген өте маңызды. Қолжазбаның бөлімдері мен параграфтарының тақырыптарына қажетті материалдардың жоспарын жасап, қысқаша тұжырымдалған мәтін жасап алу өте маңызды. Жинақталған

материалдарды талдап бір жүйеге келтіру де диплом қорғаушының басты міндеттерінің бірі.

Зерттелген объекті бойынша нақты ұсыныстар жасалуы қажет. Болашақта, орта мектепте қолданылатын әдістемелік материал болуға тиіс.
Әдебиеттер:


  • Положение об учебно – методическом комплексе. П.01.04/2006 Семей, 2009

  • Жоғары оқу орындарында диплом жұмысын (жоба) орындау ережесі. ҚР МЖМБС 5.03.016 – 2009 Алматы

  • Типовые учебные программы, Бакалавриат по специальности 050107 «Изобразительное искусство и черчение» ІІ часть. Алматы, 2005.

  • Общие требования к оформлению текстовых документов. СТН 514-06-2005. Семипалатинск 2007.

  • Арнхойм Р. Искусство и визуальное восприятие М., 1962

  • Кудрящев К.В. Проблемы изобразительного языка архитектура и дизайнера. М. 1995

  • Нешумова Б.Г. Художественное – проектирование М.,1989

  • Основы кредитной системы обучения в Казахстане/ под общей редакцией Ж.А. Кулекеева, Г.Н.Гамарника, Б.С.Абдрасилова


5 Тақырып: Диплом жұмысының қолжазба жоспарын құрастыру талаптары.
Сабақ мақсаты: Диплом жұмысының қолжазбасын жазудың алдында жоспар құрудың талаптарын меңгеру.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:


  • Түсінік хаттың жоспарын құрастыру ережелері мен тәртібі.

  • Жоспар жасау тәртібі мен оған қойылатын талаптар.

Кез келген ғылыми – әдістемелік жұмыс жасағанда жоспар құрып алу өте маңызды. Жоспар істің бағытты жүруіне негіз болады. Сол себепті әр студент өзінің таңдап алған тақырыбы бойынша жоспар жасауды алдымен іске

ПОӘК 042 34.1.34/03-2013

№1 Редакция 03.09.2013

23 Беттің 11-сі


асырулары керек. Жоспарда теориялық және тәжірибелік міндеттер бірдей көрсетіледі.

Диплом жұмысының қолжазба жоспарын құрастыру төмендегідей:

Мұқабада (сыртқы бетінде) келесі мағұлматтар келтіріледі:

  • Диплом жұмысы (жоба) орындалған, ұйымның атауы;

  • Студенттің тегі және аты – жөні;

  • Диплом жұмысының тақырыбы;

  • Жұмыстың түрі – диплом жұмысы;

  • Мамандықтың атауы және коды;

  • Қала және жыл;

Титул бетіне келесі мағұлматтар келтіріледі:

  • Диплом жұмысы орындалған ұйымның атауы;

  • Диплом жұмысының жобасы орындалған, кафедра атауы;

  • Шектеуіш гриф (қажет болғанда);

  • Кафедра меңгерушісінің бекітілген қолы;

  • Жұмыстың түрі – диплом жұмысы;

  • «тақырыбына» деген сөздің көрсетілуімен, диплом жұмысының тақырыбының атауы;

  • Мамандықтың атауы және коды;

  • Сол жағында «орындалған» қарама – қарсы оң жағынан студенттің тегі және аты жөні;

  • Бір жол төмен «ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және тегі мен аты жөні, қала және жыл көрсетіледі»;

Мұқабаны рәсімдеу үлгісі және титул беті Б және В қосымшаларына сәйкестендіріледі.

Диплом жұмысының мазмұны кіріспе бөлімін, реттік нөмірлер және барлық тараулардың атауларын, тараушаларды, қорытындыны, пайдаланған әдебиеттер тізімін, беттердің нөмірлері көрсетілген қосымшаларын қамтиды.

Диплом жұмысының негізгі бөлігінде, орындалған дипломдық зерттеулердің мәнін, мазмұнын, әдістемесі мен диплом жұмысының негізгі қорытындыларын білдіретін мәліметтер келтіріледі.

Қолжазба жоспарында алынған тақырыптың тарихынан мәліметтер, зерттелген ғылыми материалдарға талдау жасау, тақырыптың ғылыми –

әдістемелік бағыттарын анықтау және талдау, тақырыптың орта мектептегі пайдалы маңызын дәлелдеу т.б.



ПОӘК 042 33.1.34/03-2013

№1 Редакция 03.09.2013

23 Беттің 12-сі


Әдебиеттер:


  • Положение об учебно – методическом комплексе. П.01.04/2006 Семей, 2009

  • Жоғары оқу орындарында диплом жұмысын (жоба) орындау ережесі. ҚР МЖМБС 5.03.016 – 2009 Алматы

  • Типовые учебные программы, Бакалавриат по специальности 050107 «Изобразительное искусство и черчение» ІІ часть. Алматы, 2005.

  • Общие требования к оформлению текстовых документов. СТН 514-06-2005. Семипалатинск 2007.

  • Арнхойм Р. Искусство и визуальное восприятие М., 1962

  • Кудрящев К.В. Проблемы изобразительного языка архитектура и дизайнера. М. 1995

  • Нешумова Б.Г. Художественное – проектирование М.,1989

  • Основы кредитной системы обучения в Казахстане/ под общей редакцией Ж.А. Кулекеева, Г.Н.Гамарника, Б.С.Абдрасилова


6 Тақырып: Мәтінге қойылатын ережелік талаптар.
Сабақтың мақсаты: Диплом жұмысының қолжазбасындағы мәтінге

қойылатын ережелік тәртібін меңгеру.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:


  • Диплом жұмысының мәтінін жазудың негізгі талаптары.

  • Мәтіннің ғылыми – әдістемелік бағыттары.

  • Мәтінді жазу тәртібі.

Диплом жұмысының қолжазбасының мәтінін ғылыми ережелерге сүйеніп жазу тәртібін әр студент өз тақырыптары бойынша орындау.
Әдістемелік ұсыныстар:
Диплом жұмысының кез келеген бөлімінің мәтіні арнайы ережелер мен принциптерге сүйене жазылады. Мәтін жинақы әрі деректі дәлелдерге сүйене жазылады. Диплом жұмысы компьютер, принтер арқылы А4

форматты ақ қағаздың бір жақ бетіне бір интервал (аралық) сақтай отырып орындалады. Шрифт – қалыпы, кегель 14. Диплом жұмысының мәтіні жан – жағынан қалтырылған ашық орындардың мына мөлшерін сақтай отырып

ПОӘК 042 34.1.34/03-2013

№1 Редакция 03.09.2013

23 Беттің 13-сі


басылуы тиіс: сол жағынан – 30мм, жоғары жағынан – 20 мм, оң жағынан – 10 мм және төменгі жағынан – 25 мм.

Айқындалып назар аударылатын терминдерге, мысалдарға т.б. компьютерлік жағдайлардағы түрлі гарнитурлы шрифтарды пайдалануға рұқсат беріледі. Диплом жұмысының орындау тәсіліне қарамастан басылған мәтіннің сапасы мен иллюстрациялардың, кестелердің рәсімделу ЭЕМБ – дан басып шығарылған кездегі айқындығы талапты қанағаттандырылуы тиіс. Диплом жұмысының мәтінінде ғылыми еңбектерге, сала бойынша жазылған деректерге келтірілген мәліметтер, сілтемелер болуы қажет.




Әдебиеттер:


  • Положение об учебно – методическом комплексе. П.01.04/2006 Семей, 2009

  • Жоғары оқу орындарында диплом жұмысын (жоба) орындау ережесі. ҚР МЖМБС 5.03.016 – 2009 Алматы

  • Типовые учебные программы, Бакалавриат по специальности 050107 «Изобразительное искусство и черчение» ІІ часть. Алматы, 2005.

  • Общие требования к оформлению текстовых документов. СТН 514-06-2005. Семипалатинск 2007.

  • Арнхойм Р. Искусство и визуальное восприятие М., 1962

  • Кудрящев К.В. Проблемы изобразительного языка архитектура и дизайнера. М. 1995

  • Нешумова Б.Г. Художественное – проектирование М.,1989

  • Основы кредитной системы обучения в Казахстане/ под общей редакцией Ж.А. Кулекеева, Г.Н.Гамарника, Б.С.Абдрасилова


7 Тақырып: Библиографияға қойылытын талаптар.
Сабақ мақсаты: Диплом жұмысының түсінік хатын жазуда қолданылатын

библиографиялық материалдарды іріктеу.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:


  • Негізі әдебиеттерді таңдау және іріктеу.

  • Анықтамалық және мұрағат материалдарымен жұмыс жүргізу.

  • Басқа да ғылыми материалдармен жұмыс жасау.




ПОӘК 042 34.1.34/03-2013

№1 Редакция 03.09.2013

23 Беттің 14-сі




  • Тақырыпқа қажетті библиографиялық материалдар мен құжаттарды іріктеуді жетекшінің басшылығымен жүргізіледі. Оқулықтар мен ғылыми материалдардағы диплом тақырыбына қажетті деген тақырыптарының тізімін жасап алған маңызды. Библиография диплом жұмысының теориялық бөлімінің қорытынды бөлімнен кейін жазылады. Библиография тізімін алфавиттік ретпен жазу ұсынылады. Кейбір жағдайда тақырыптар мен бөлімдердің мәтін мазмұнының ретімен жазуға да болады. Библиографияның алфавиттік жазылу реті төмендегідей:

  • Реттік нөмірі.

  • Автордың аты.

  • Кітаптың атауы.

  • Қала атауы.

  • Баспасөз.

  • Шыққан жылы.

Библиографияның соңында пайдаланылған ғылыми дәлелдердің реттік саны мен беттері көрсетіледі. Зерттеу барысында қолданылған әдебиеттер 100ден кем болмауға тиіс.
Әдебиеттер:


  • Положение об учебно – методическом комплексе. П.01.04/2006 Семей, 2009

  • Жоғары оқу орындарында диплом жұмысын (жоба) орындау ережесі. ҚР МЖМБС 5.03.016 – 2009 Алматы

  • Типовые учебные программы, Бакалавриат по специальности 050107 «Изобразительное искусство и черчение» ІІ часть. Алматы, 2005.

  • Общие требования к оформлению текстовых документов. СТН 514-06-2005. Семипалатинск 2007.

  • Арнхойм Р. Искусство и визуальное восприятие М., 1962

  • Кудрящев К.В. Проблемы изобразительного языка архитектура и дизайнера. М. 1995

  • Нешумова Б.Г. Художественное – проектирование М.,1989

  • Основы кредитной системы обучения в Казахстане/ под общей редакцией Ж.А. Кулекеева, Г.Н.Гамарника, Б.С.Абдрасилова



ПОӘК 042 34.1.34/03-2013

№1 Редакция 03.09.2013

23 Беттің 15-сі


8 Тақырып: Диплом жұмысының мазмұны мен көлемін анықтау.
Сабақ мақсаты: Диплом жұмысының мазмұны тақырып мақсаттары мен

зерттеу міндеттеріне байланысты анықталуы қажет.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:


  • Диплом жұмысының мазмұны нақты зерттеу мақсатына сәйкес құрылуы керек.

  • Мазмұн тақырыптары, айқын әрі түсінікті болуға тиіс.

  • Диплом жұмысының түсінік хатының тақырыптар көлемі жинақы болғаны шарт.

Диплом жұмысының мәтінін жазбастан бұрын оның мазмұнын анықтап құрастырып алу қажет. Зертелетін тараулардың көлемі 3 немесе 4 бөлімнен аспауға тиіс. Дипломшы әр бөлімдегі тақырыптар ретінің сабақтастығын сақтауы шарт. Тақырыптар ықшам, әрі мазмұнды, әрі ғылыми негізге бағытталған болуға тиіс. Әр тақырыпшаның мәтінінің көлемін студент өзі

анықтайды. Тақырыптар диплом жұмысының мазмұнына сәйкес зерттеу материалдарына сүйене отырып, нақты, әрі ұғынықты мәтінде жазылуын қадағалау қажет. Мәтін көлемі шағын болса да оның мазмұны дипломшының зерттеу ойының түйініне жауап беруге тиіс. Зерттеудің оқу – әдістемелік бағыты да айқын болғаны жөн. Парақ саны шамамен 70 беттен кем болмауға тиіс.
Әдебиеттер:


  • Положение об учебно – методическом комплексе. П.01.04/2006 Семей, 2009

  • Жоғары оқу орындарында диплом жұмысын (жоба) орындау ережесі. ҚР МЖМБС 5.03.016 – 2009 Алматы

  • Типовые учебные программы, Бакалавриат по специальности 050107 «Изобразительное искусство и черчение» ІІ часть. Алматы, 2005.

  • Общие требования к оформлению текстовых документов. СТН 514-06-2005. Семипалатинск 2007.

  • Арнхойм Р. Искусство и визуальное восприятие М., 1962

  • Кудрящев К.В. Проблемы изобразительного языка архитектура и дизайнера. М. 1995

  • Нешумова Б.Г. Художественное – проектирование М.,1989

ПОӘК 042 34.1.34/03-2013

№1 Редакция 03.09.2013

23 Беттің 16-сі




  • Основы кредитной системы обучения в Казахстане/ под общей редакцией Ж.А. Кулекеева, Г.Н.Гамарника, Б.С.Абдрасилова


9 Тақырып: Оқу – әдістемелік құжаттарды құрастыру (жоспар, технологиялық карта т.б.)
Сабақ мақсаты: Оқу – әдістемелік құжаттарды құрастыру, ережелерін

анықтау.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:


  • Диплом жұмысының жоспарын жасау әдісі.

  • Технологиялық карта құрастыру.

Диплом жұмысының түсінік хатын жазуды бастамастан бұрын арнай әдебиеттерді жинақтап жұмыс жоспарын құру міндетті шара. Жоспар теориялық бөлім мен практикалық жұмыстарға бірдей жасалады. Оқу әдістемелік жұмыстардың мөлшерін, тақырыптың мазмұнына сәйкес құру қажет. Бейнелеу өнері және сызу мамандықтары бойынша сабақ жоспарларының үлгісін жасап көрсету де дипломшылардың міндеті. Сабақ

жоспарлары стандартқа сәйкес болуға тиіс. Сонымен бірге диплом жұмысының жоспарын жасап ондағы мақсаттар мен міндеттерді, сағат санын көрсетіп құжат жасау да шарт.
Әдебиеттер:


  • Положение об учебно – методическом комплексе. П.01.04/2006 Семей, 2009

  • Жоғары оқу орындарында диплом жұмысын (жоба) орындау ережесі. ҚР МЖМБС 5.03.016 – 2009 Алматы

  • Типовые учебные программы, Бакалавриат по специальности 050107 «Изобразительное искусство и черчение» ІІ часть. Алматы, 2005.

  • Общие требования к оформлению текстовых документов. СТН 514-06-2005. Семипалатинск 2007.

  • Арнхойм Р. Искусство и визуальное восприятие М., 1962

  • Кудрящев К.В. Проблемы изобразительного языка архитектура и дизайнера. М. 1995

  • Нешумова Б.Г. Художественное – проектирование М.,1989




ПОӘК 042 34.1.34/03-2013

№1 Редакция 03.09.2013

23 Беттің 17-сі




  • Основы кредитной системы обучения в Казахстане/ под общей редакцией Ж.А. Кулекеева, Г.Н.Гамарника, Б.С.Абдрасилова


10 Тақырып: Диплом жұмысының қосымшалары: иллюстрациялар, эскиздер,схемалар, плакаттар, модельдер т.б.
Сабақтың мақсаты: Диплом жұмысының қосымша бөліміне қатысты

ережелік мәліметтерді білу.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:


  • Диплом жұмысының түсінік хатында қандай қосымшалар болуы мүмкін?

  • Қосымшалардың бірыңғай жүйесі мемлекттік стандарттың талаптарына сай болу.

  • Иллюстрациялар мен схемаларды орналастыру тәртібі.

  • Иллюстрацияларға сілтеме жасау тәртібі.

Әдістемелік нұсқаулар:

Диплом жұмысын рәсімдеу тәртібінде қосымшалардың мәтінін, суретін орналастыру ережесі белгіленеді. Диплом жұмысындағы иллюстрациялар (сызбалар, карталар, схемалар, кестелер, диаграммалар, түсірілген фото суреттер) бірінші немесе келесі беттерде екендігі ескертілген мәтіннен

кейін орналасуы керек. Барлық иллюстрацияларға сілтемелір болуы қажет. Диплом жұмысына орналасқан сызбалар, кестелер, схемалар, иллюстрациялар конструкциялық құжаттардың бірыңғай жүйесі (БЖКҚ) мемлекеттік стандарттың талаптарына сай болуы тиіс.

Қосымшалардағы иллюстрациялардан басқа иллюстрациялар араб сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.

Егер сурет біреу болса, онда ол «Сурет 1», «Сурет» сөзі және оның атауы жолдың ортасынан жазылуы тиіс.

Иллюстрацияларды бөлімдер шеңберінде (ішінде) нөмірлеуге болады. Мұндай жағдайда иллюстрациялар нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірі тұрады. Мысалы: сурет 1.1, 1.2, т.с.с. мәтін: Сурет1. Интерьер композициясы.

Иллюстрацияға сілтеме жасау барысында нөмірлеуде «2 суретке сәйкес» деп жазу қажет. Диплом жұмысының мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме болуы тиіс. Қосымшалар мәтіндегі сілтемелердің ретіне қарай орналасады. Әрбір қосымша жаңа беттен басталып «Қосымша» сөзі мен атауы беттің жоғарғы жағының ортасында көрсетілуі тиіс. Қосымшалардың диплом

ПОӘК 042 34.1.34/03-2013

№1 Редакция 03.09.2013

23 Беттің 18-сі


жұмысының қалған бөлімдерімен басынан басталатын ортақ нөмірлері болуы тиіс.
Әдебиеттер:


  • Положение об учебно – методическом комплексе. П.01.04/2006 Семей, 2009

  • Жоғары оқу орындарында диплом жұмысын (жоба) орындау ережесі. ҚР МЖМБС 5.03.016 – 2009 Алматы

  • Типовые учебные программы, Бакалавриат по специальности 050107 «Изобразительное искусство и черчение» ІІ часть. Алматы, 2005.

  • Общие требования к оформлению текстовых документов. СТН 514-06-2005. Семипалатинск 2007.

  • Арнхойм Р. Искусство и визуальное восприятие М., 1962

  • Кудрящев К.В. Проблемы изобразительного языка архитектура и дизайнера. М. 1995

  • Нешумова Б.Г. Художественное – проектирование М.,1989

  • Основы кредитной системы обучения в Казахстане/ под общей редакцией Ж.А. Кулекеева, Г.Н.Гамарника, Б.С.Абдрасилова




11 Тақырып: Интерьер және экстерьер дизайны. Олардың өзгешеліктері және калькуляция құрастыру.
Сабақтың мақсаты: Интерьер мен экстерьер дизайнының көркемділігі мен эргономикалық конструкциясын құрастыру.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:


  • Интерьер эскизін құру.

  • Экстерьер жобасын жасау.

  • Калькуляция құрастыру және есептеу.




Әдістемелік нұсқаулар:
Болашақ мамандар дизайн өнерінің негіздерін жақсы білулері керек. Ол үшін графикалық жобалау және дизайн объектілерінің көлемді – кеңістіктік мәселелерін меңгеріп модель жасау процесінде қолдана білуді меңгерген дұрыс. Интерьер дизайнының жобасын жасау күрделі міндет, ол үшін

ПОӘК 042 34.1.34/03-2013

№1 Редакция 03.09.2013

23 Беттің 19-сі


өлшемдерін алып интерьер кеңістігін мұқият зерттеу мен елестетуді меңгерген жөн. Одан соң архитектуралық композиция құру процесіне көшу керек. Осы ретте интерьердегі архитектуралық детальдарды да естен шығармаған абзал.

Экстерьер дизайнының графикалық нұсқауларын жасағанда бұрыңғы жасалған дизайндық ойларды есепке алу өте маңызды. Өлшемдерді есепке алу, калькуляциясын есептеп шығару да өте маңызды. Жасалған жоба не эскиз объектінің қоршаған ортаға сәйкестігін де көрсетіп тұруы керек. Жобада интерьердің не эскиздердің бояу түстерінің өзара қарым – қатынасын да ашып беруі қажет. Модель жасау кезінде кеңістікті сезіну, кеңістіктегі композиция құру әдістеріне аса мән берген түпкі ойға жеткізеді.
Әдебиеттер:


  • Положение об учебно – методическом комплексе. П.01.04/2006 Семей, 2009

  • Жоғары оқу орындарында диплом жұмысын (жоба) орындау ережесі. ҚР МЖМБС 5.03.016 – 2009 Алматы

  • Типовые учебные программы, Бакалавриат по специальности 050107 «Изобразительное искусство и черчение» ІІ часть. Алматы, 2005.

  • Общие требования к оформлению текстовых документов. СТН 514-06-2005. Семипалатинск 2007.

  • Арнхойм Р. Искусство и визуальное восприятие М., 1962

  • Кудрящев К.В. Проблемы изобразительного языка архитектура и дизайнера. М. 1995

  • Нешумова Б.Г. Художественное – проектирование М.,1989

  • Основы кредитной системы обучения в Казахстане/ под общей редакцией Ж.А. Кулекеева, Г.Н.Гамарника, Б.С.Абдрасилова


12 Тақырып: Диплом жұмысының практикалық (шығармашылық) бөлімінің

сапасына қойылатын талаптар.
Сабақтың мақсаты: Диплом жұмысының ережелеріне сәйкес практикалық

істелген жұмыстың көркемдік сапасына жетілдіру

міндеттері.


ПОӘК 042 34.1.34/03-2013

№1 Редакция 03.09.2013

23 Беттің 20-сі


Негізгі сұрақтар, талаптар:


  • Дипломшының практикалық объектісінің талапқа сай көркемделуі.

  • Диплом жұмысының қазіргі заман сұранысына жауап бере алатын дәрежесі.

  • Істелген жұмыстың көркем сапасы стандартқа сәйкес болуы.


Әдістемелік нұсқаулар:
Диплом жұмысының практикалық бөлімі жоба және эскиз жасаудан басталатыны белгілі. Сол жасалған эскиз неғұрлым көркем, композициялық құрылымы жоғары деңгейде болса, негізгі практикалық жұмыс сапалы болады. Интерьер немесе экстерьер дизайны қазіргі заманның талабына лайықты болуға тиіс. Ондағы орындалған объектілер өте сапалы, шығармашылық ізденістерінің талаптарына жауап беруге тиіс. Ұқыпты орындалған жұмыстар осы талаптарға жауап береді.

Диплом жұмысындағы қабылданған шешімнің және барлық деректердің объективтілігі мен дәлдігі туралы жауапкершілікті студент – диплом жұмысының авторы – өз мойнына алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет