34. Оқу мақсаттарының жүйесі бөлім бойынша әр сыныпқа берілген.
Білім алушылар білуі тиіс:
|
Бөлім
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
Тірі ағзалардың көптүрлілігі
|
7.1.1.1 жүйелеудің маңызын түсіндіру
7.1.1.2 жүйеленуде тірі ағзалардың орынын анықтау
|
8.1.1.1 балдырлар мүктәрізділер, қырықжапырақ тәріздестер, ашықтұқымдылар және жабықтұқымдылар мысалында өсімдіктердің ерекшеліктерін сипаттау
|
9.1.1.1 әр түрлі түрлерді сипаттауда бинарлы номенклатураны қолдану
|
7.1.1.3 омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың құрылысының айырмашылық белгілерін сипаттау
|
8.1.1.2 саңырауқұлақтардың ерекшелік белгілерін сипаттау
|
9.1.1.2 өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін ерекшелік белгілері бойынша танып білу (анықтағыш бойынша)
|
7.1.1.4 жекелеген ағзаларға қарапайым дихотомиялық кілттерді қолдану
|
8.1.1.3 даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктер кластарын негізгі белгілеріне қарай ажырату
|
|
Қоректену
|
7.1.2.1 жапырақтың ішкі құрылысын сипаттау және құрылысы мен оның қызметі арасындағы өзара байланысты
түсіндіру
|
8.1.2.1 омыртқасыздар, күйіс қайыратын жануарлар мен адамның ас қорыту жүйесінің құрылысын салыстыру
|
9.1.2.1 адамның асқорыту жолдарындағы үдерістерді сипаттау
|
7.1.2.2 фотосинтез үдерісі үшін қажетті жағдайларды зерттеу
|
8.1.2.2 әртүрлі типті тістердің құрылысы мен қызметтері арасындағы байланысын және тісті күту ережелерін сипаттау
|
9.1.2.2 ас қорыту үдерісіндегі органикалық заттар мен сәйкес ферменттердің арасындағы байланысты орнату
|
|
8.1.2.3 адамның ас қорыту жүйесінің құрылысы мен қызметтері арасындағы өзара байланысты түсіндіру
|
9.1.2.3 ферменттердің белсенділігіне әсер ететін әр түрлі жағдайларды (температура, pН) зерттеу.
|
|
8.1.2.4 асқорыту жолы ауруларының себептерін және астан улану белгілерін анықтау
|
9.1.2.4 өттің әсерінен майлардың эмульгациялануы үдерісін зерттеу
|
|
8.1.2.5 адам ағзасындағы дәрумендердің маңыздылығын сипаттау
|
|
|
8.1.2.6 құрамында дәрумендердің маңызды мөлшері бар азық-түліктер тізімін жасау
|
|
|
8.1.2.7 азық- түлік құрамындағы С дәруменін анықтау
|
|
Заттардың тасымалдануы
|
7.1.3.1
тірі ағзалардағы қоректік заттардың тасымалының маңызын түсіндіру
|
8.1.3.1
қан құрамы мен қызметін сипаттау
|
9.1.3.1
активті және пассивті тасымалдарды салыстыру
|
7.1.3.2
өсімдіктерде заттардың тасымалына қатысатын мүшелерді танып білу
|
8.1.3.2
дайын микропрепараттар арқылы әртүрлі ағзалардың қан жасушаларының құрылыс ерекшеліктерін зерттеу
|
9.1.3.2
өсімдіктердегі транспирация үдерісінің мәнін түсіндіру
|
7.1.3.3 сабақ пен тамырдың ішкі құрылысын зерттеу
|
8.1.3.3 лейкоциттердің түрлі типтерінің қызметтерін сипаттау
|
9.1.3.3 ішкі және сыртқы факторлардың транспирацияға әсерін зерттеу
|
7.1.3.4 сабақ және тамырдың құрылысы мен қызметтерінің өзара байланысын сипаттау
|
8.1.3.4 гуморальдық және жасушалық иммунитетті салыстыру
|
9.1.3.4 сыртқы факторлардың флоэма арқылы заттардың тасымалдануына әсерін зерттеу
|
7.1.3.5 ксилема мен флоэма элементтерінің құрылысын салыстыру
|
8.1.3.5 лимфа жүйелерін және қан, ұлпалық сұйықтық пен лимфа арасындағы өзара байланысты сипаттау
|
|
7.1.3.6 жануарларда заттар тасымалына қатысатын мүшелерді танып білу
|
8.1.3.6 аурулардың алдын алуындағы вакцинацияның ролін бағалау
|
|
|
8.1.3.7 агглютинация және резус-конфликт механизмдерін түсіндіру
|
|
|
8.1.3.8 жануарлардың жүрегінің құрылысы мен қантамырлар жүйелерінің маңызын сипаттау
|
|
|
8.1.3.9 қантамыр қабырғасының құрылысы мен олардың қызметі арасындағы байланысты орнату
|
|
|
8.1.3.10 жануарлардың қантамырлар жүйесінің түрлерін сипаттау
|
|
|
8.1.3.11 дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу
|
|
|
8.1.3.12 қантамыр жүйесі мүшелерінің ауруларының себептері мен ауру белгілерін сипаттау
|
|
Тыныс алу
|
7.1.4.1 тірі ағзалар үшін тыныс алудың маңызын сипаттау
|
8.1.4.1 өкпе менұлпадағы газ алмасу механизмдерін сипаттау
|
9.1.4.1 тыныс алу реакциясының химиялық теңдеуін пайдалана отырып, анаэробты және аэробты тыныс алуды салыстыру
|
7.1.4.2 анаэробты және аэробты тыныс алу типтерін ажырату
|
8.1.4.2 тыныс алу және тыныс шығару механизмін түсіндіру
|
9.1.4.2 бұлшықет қажуы және аэробты, анаэробты тыныс алу үдерістері арасындағы байланысты қарастыру
|
7.1.4.3 өсімдіктердің тыныс алу үдерісін зерттеу
|
8.1.4.3 өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау және қалыпты жағдайдағы және дененің физикалық жүктемесі кезіндегі тыныс алудың минуттық көлемін анықтау
|
|
7.1.4.4 омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың тыныс алу мүшелерін салыстыру
|
|
|
7.1.4.5 адамның тыныс алу мүшелері құрылысының ерекшеліктерін танып білу
|
|
|
7.1.4.6 тыныс алу мүшелерінің ауыруларының себептері мен олардың алдын алу жолдарын түсіндіру
|
|
|
Бөліп шығару
|
7.1.5.1 ағзалардың тіршілік әрекетіндегі бөліп шығарудың маңызын сипаттау
|
8.1.5.1 адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметтерін сипаттау
|
9.1.5.1 нефронның құрылысы мен қызметін сипаттау
|
7.1.5.2
өсімдіктердегі бөліп шығару ерекшеліктерін зерттеу
|
8.1.5.2
бүйректің құрылымдық бөліктерін танып білу
|
9.1.5.2
фильтрация және несептің түзілуі үдерістерін сипаттау
|
7.1.5.3
омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың бөліп шығару жүйелерінің құрылысын салыстыру
|
8.1.5.3
терінің құрылысы мен оның бөліп шығарудағы маңызын сипаттау
|
9.1.5.3 бүйректің жұмысына әсер ететін факторларды сипаттау
|
|
8.1.5.4 тері ауруларын және оның алдын алу шараларын түсіндіру
|
9.1.5.4
зәр шығару жүйесі, бүйрек ауруларының алдын алу шараларын түсіндіру
|
7.1.5.1 ағзалардың тіршілік әрекетіндегі бөліп шығарудың маңызын сипаттау
|
|
9.1.5.5 әртүрлі ағзалардың мекен ету ортасы мен зат алмасуларының соңғы өнімдері арасындағы байланысты орнату
|
Қозғалыс
|
7.1.6.1 өсімдіктердің қозғалу себептерін түсіндіріп, қозғалыстың маңызын сипаттау (тропизмдер, таксистер)
|
8.1.6.1 тірек – қимыл жүйесінің қызметтерін сипаттау
|
9.1.6.1 қол бұлшық еттерінің максимальды жұмыс күшін және күшке төзімділігін зерттеу
|
7.1.6.2 жарықтың өсімдіктердің өсуі мен дамуына әсерін түсіндіру
7.1.6.3 өсімдіктердегі фотопериодизм ролін сипаттау
|
8.1.6.2 сүйектің химиялық құрамын, макро және микроскопиялық құрылысын зерттеу
|
9.1.6.2 бұлшық еттің жиырылужиілігіне бұлшықет жұмысының тәуелділігін зерттеу
|
7.1.6.4 омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың қозғалыс мүшелерін салыстыру
|
8.1.6.3 сүйектердің байланыс түрлерін салыстыру
|
|
|
8.1.6.4 буынның әр түрлі типтерінің құрылысы мен олардың қызметтері арасындағы байланысты орнату
|
|
|
8.1.6.5 бұлшық ет ұлпасының қызметтері
түрлері мен олардың қызметтерін сипаттау
|
|
|
8.1.6.6 адам бұлшық еттерінің құрылысы мен бұлшықет топтарын оқып тану
|
|
|
8.1.6.7 гиподинамия салдарын атау
|
|
|
8.1.6.8 сымбаттың бұзылуы және жалпақ жалпақтабандылықтың пайда болу себептерін анықтау
|
|
Координация және реттелу
|
7.1.7.1
жануарлардың жүйке жүйесінің типтерін салыстыру
|
8.1.7.1
көруді қабылдау ерекшеліктерін зерттеу және көру гигиенасы ережелерін сипаттау
|
9.1.7.1
жүйке жасушасының құрылысы мен қызметі арасында байланыс орнату
|
7.1.7.2 жүйке жүйесінің қызметі мен құрылымдық компонентерін атау
|
8.1.7.2
дыбысты қабылдау ерекшеліктерін зертеу және есту мүшелерінің гигиенасы ережелерін сипаттау
|
9.1.7.2 жүйке ұлпалары мен оның құрылымдық бөліктерінің қызметтерін талдау
|
7.1.7.3
жүйке жасушасының құрылымдық бөліктерін анықтау
|
8.1.7.3
көру және есту рецепторларының құрылымы мен қызметін сәйкестендіру
|
9.1.7.3
жүйке импульстарының туындауы мен өтуін сипаттау
|
7.1.7.4
орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен қызметін салыстыру
|
|
9.1.7.4
нейро-гуморальді реттелу механизмін түсіндіру
|
7.1.7.5 рефлекстік доғаны зерттеу
|
8.1.7.4
эндокикринді, экзокринді және аралас бездердің орналасқан жерлерін анықтау
|
9.1.7.5
ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын ұстаудағы гомеостазды сақтаудың механизмін түсіндіру
|
7.1.7.6
мінез-құлықтың рефлекторлық табиғатын түсіндіру
|
8.1.7.5
бездердің негізгі қызметтерін түсіндіру
|
9.1.7.6
өсімдіктердің өсуі мен дамуына әсер ететін заттардың әрекетін талдау
|
7.1.7.7 вегетативті жүйке жүйесінің қызметін сипаттау
|
8.1.7.6эндокриндік бездер қызметінің бұзылуынан туындаған ауруларды атау
|
|
7.1.7.8
ағзаның тіршілік әрекетін қалпына келтіру және тынығуы үшін ұйқының маңызын түсіндіру
|
8.1.7.7
терінің сезімталдығын зерттеу
|
|
7.1.7.9
жақсы психикалық денсаулықты сақтаудың принцптерін түсіндіру
|
8.1.7.8
жылықанды жануарлардың дене температураны сақтаудағы терінің ролін сипаттау
|
|
7.1.7.10 жүйке жүйесінің қызметіне алкоголь, шылым және есірткілік заттардың әсерін түсіндіру
|
|
|
Көбею
|
7 сынып
|
8 сынып
|
9 сынып
|
7.2.1.1
өсімдіктердің жыныссыз және жынысты көбеюін сипаттау
|
8.2.1.1
жануарлардың көбею тәсілдерін салыстыру
|
9.2.1.1
адамның жыныс жүйесінің құрылысын сипаттау
|
7.2.1.2
өсімдіктердің өсімді көбею тәсілдерін салыстыру
|
8.2.1.2
мүктер мен қырықжапырақтардың мысалында жынысты және жыныссыз ұрпақтарының ерекшеліктерін түсіндіру
|
9.2.1.2
аталық және аналық жыныс жасушаларының құрылыс ерекшеліктерін зерттеу
|
7.2.1.3
айқас тозаңдану мен өздігінен тозаңданудың салыстырмалы артықшылықтарын сипаттау
|
8.2.1.3
ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклінің ерекшеліктерін түсіндіру
|
9.2.1.3
жыныстық жетілу кезеңіндегі екінші реттік жыныстық белгілердің дамуын сипаттау
|
7.2.1.4
гүлді өсімдіктердегі қосарлы ұрықтанудың маңызын сипаттау
|
|
9.2.1.4
менструалдық цикл мен экстроген және прогестеронның маңызын сипаттау
|
|
|
9.2.1.5
контрацепцияның маңызы мен түрлерін түсіндіру
|
|
|
9.2.1.6
жыныстық жолмен таралатын аурулардың салдары мен алдын алу шараларын түсіндіру
|
Жасушалық айналым
|
7.2.2.1
әртүрлі ағзалар түрлеріндегі хромосомалардың санын салыстыру
|
8.2.2.1
тірі ағзалардың өсуі мен дамуы үшін митоз бен мейоздың маңызын түсіндіру
|
9.2.2.1
жасушалық айналымның интерфаза кезеңіндегі жүретін үдерістерді түсіндіру
|
7.2.2.2
сомалық және жыныс жасушаларындағы хромосомалар сандарын атау
|
|
9.2.2.2
митоздың кезеңдерін сипаттау
|
|
|
9.2.2.3 мейоз кезеңдерін сипаттау
|
|
|
9.2.2.4 митоз бен мейоз үдерісін салыстыру
|
Өсу және даму
|
7.2.3.1
ағзадардың өсу мен даму үдерістерін сипаттау
|
8.2.3.1
эмбрионалдық даму кезеңдерін сипаттау
|
9.2.3.1
ұрықтың дамуындағы плацентаның маңызын түсіндіру
|
7.2.3.2
өсімдіктердің ұзарып және жуандап өсу үдерісін зерттеу
|
8.2.3.2
әр түрлі ұрық жапырақшаларынан қалыптасқан мүшелер мен ұлпалар дифференциасын сипаттау
|
9.2.3.2
ұрық пен эмбрионның дамуын салыстыру
|
7.2.3.3
өсімдіктер мен жануарлардың онтогенез кезеңдерін ажырату
|
|
9.2.3.3 адам ұрығының дамуына шылым шегу, алкоголь мен басқа есірткілер әсерінің салдарын түсіндіру
|
7.2.3.4
жануарлардың онтогенезіндегі тура және түрленіп даму типтерін салыстыру
|
|
|
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары
|
7.2.4.1
адам ағзасындағы тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді зерттеу
|
8.2.4.1
тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы ролін дәйектеу
|
9.2.4.1
генетиканың дамуымен қалыптасуындағы Мендель зерттеулерінің рөлін бағалау
|
7.2.4.2
үздік және үздіксіз өзгергіштікті атау
|
8.2.4.2
ағзалар селекциясы үшін қолдан сұрыптаудың маңызын сипаттау
|
9.2.4.2
моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін тұжырымдау және моногибридті будандастыруға есептер шығару
|
7.2.4.3 белгілерді анықтаудағы гендердің рөлін түсіндіру
|
8.2.4.3
мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу тегінің орталықтарын оқып білу
|
9.2.4.3
дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін негіздерін дәлелдеу және есептер шығару
|
7.2.4.4
хромосомадағы генетикалық ақпарат ДНК-ның маңызын түсіндіру
|
8.2.4.4
маңызды мәдени өсімдіктер іріктемелері мен үй жануарлары қолтұқымын сипаттау
|
9.2.4.4
толық және толымсыз доминаттылықты салыстыру
|
|
|
9.2.4.5
талдаушы шағылыстырудың маңыздылығын бағалау
|
|
|
9.2.4.6 жынысты анықтау теориясын сипаттау
|
|
|
9.2.4.7 жынысты анықтау кезінде хромосомалардың рөлін түсіндіретін сызба жасау
|
|
|
9.2.4.8 адамның қан тобының тұқымқуалауын және қан топтарын анықтау механизмін түсіндіру
|
|
|
9.2.4.9 адам генетикасын зерттеудің негізгі әдістерін сипаттау
9.2.4.10 шежіре сызбасын құру
|
|
|
9.2.4.11 мәдени өсімдіктердің өнімділігін арттыру үшін заманауи ауылшаруашылық технологиялардың қолданылуын зерттеу
|
Эволюция-лық даму мен селекция негіздері
|
|
|
9.2.5.1 К. Линней мен Ж.Б. Ламарк еңбектерінің негізгі қағидаларын оқып зерттеу
|
|
|
9.2.5.2 эволюциялық ілімнің қалыптасуындағы Ч. Дарвин еңбектерінің рөлін түсіндіру
|
|
|
9.2.5.3 эволюцияның қозғаушы күштерін сипаттау
|
|
|
9.2.5.4 ағзалардың бейімделушілігіндегі табиғи сұрыпталудың рөлін сипаттау
|
|
|
9.2.5.5 түрдің құрылымы мен критерийлерін сипаттау
|
|
|
9.2.5.6 түр түзілу үдерісін түсіндіру
|
|
|
9.2.5.7 Жердегі тіршіліктің дамуының негізгі кезеңдерін оқып білу
|
3) ағза мен қоршаған орта:
Биосфера, экожүйе, популяция
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
7.3.1.1 жергілікті жер экожүйесі қоршаған орта факторларының тірі ағзаларының тіршілік әрекеті мен таралуына әсерін зерттеу
|
8.3.1.1 экожүйелердің жалпы құрылымының сызбасын жасау
|
9.3.1.1 популяция өсімінің экспоненциалдық және сигмоидтік үлгілерінің қисық сызықтарының графиктерін талдау
|
7.3.1.2 табиғи қоректік тізбектерді салыстыру
|
8.3.1.2 су және құрлық экожүйелерін салыстыру
|
9.3.1.2 энергия ағымының тиімділігін есептеу
|
7.3.1.3 қоректік тізбекті және қоректік торларды құру
|
8.3.1.3 популяцияның негізгі қасиеттерін және құрылымдық ерекшеліктерін сипаттау
|
9.3.1.3 энергия, биомасса және сандар пирамидаларын салыстыру
|
7.3.1.4 экологиялық сукцессия үдерісін сипаттау
|
8.3.1.4 ағзалардың түрлі тірі қалу тәсілдерін зерттеу
|
9.3.1.4 азот пен көміртек айналымының табиғаттағы сызбасын құру
|
|
8.3.1.5 жыртқыш-құрбан қарым-қатынасы мысалында популяция санының өзгеру себептерін орнату
|
|
|
8.3.1.6 тірі ағзалардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттау
|
|
|
8.3.1.7 тірі ағзалардың қоршаған ортаның өзгермелі жағдайларына бейімделу механизмдерін түсіндіру
|
|
Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері
|
7.3.2.1 адам мен экожүйе арасындағы қарым-қатынастарды сипаттау
|
8.3.2.1 биологиялық әртүрлілікті сақтаудың және қолдауды қажеттіктің себептерін негіздеу
|
9.3.2.1 пайдалы қазбалар өндірудің және қайта өндірудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру
|
7.3.2.2 экожүйеге жағымсыз әсер ететін адам тіршілігінің шаруашылық салаларынан мысалдар келтіру
|
8.3.2.2 Дүниежүзілік Тұқым қорының маңызын бағалау
|
9.3.2.2 пестицидтерді пайдаланудың, қоршаған ортаға мен адам денсаулығы әсерін түсіндіру
|
7.3.2.3 ерекше қорғалатын Қазақстан Республикасының табиғи аумақтардың өсімдіктері мен жануарларын сипаттау
|
8.3.2.3 Қазақстан аумағындағы экологиялық проблемалардың туындау себептері мен оларды шешу жолдарын түсіндіру
|
9.3.2.3 парниктік эффектісінің тірі ағзаларға әсерін түсіндіру
9.3.2.4 озон қабатының бұзылуының себептері мен салдарын түсіндіру
|
7.3.2.4 Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жергілікті өңірдің жануарлары мен өсімдіктеріне мысал келтіру
|
|
|
Бөлім
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
Молекулалық биология мен биохимия
|
7.4.1.1
судың қасиеті мен тірі ағзалар тіршілігі үшін маңызын сипаттау
|
8.4.1.1
биологиялық мысалдарды пайдаланып полимерлер мен мономерлер арасындағы айырмашылықты сипаттау
|
9.4.1.1
ферменттің әрекет ету механизмін оқып тану
|
7.4.1.2 тірі ағзалар тіршілік әрекеті үшін микро-және макроэлементтердің ролін сипаттау
|
8.4.1.2 көмірсулар мен липидтердің биологиялық қызметтерін сипаттау
|
9.4.1.2 ДНҚ молекуласының қос шиыршықты құрылымын сипаттау
|
7.4.1.3 азық-түліктер құрамындағы нәруыз, май, көмірсулардың бар болуын дәлелдеу
|
8.4.1.3 нәруыздардың қасиеттері мен биологиялық қызметтерін сипаттау
|
9.4.1.3 ДНҚ-ны құрылымдық қағидалары негізінде үлгілеу
|
7.4.1.4 өсімдіктер үшін минералдық тыңайтқыштар құрамындағы азот, калий және фосфордың маңызын оқып білу
|
8.4.1.1 биологиялық мысалдарды пайдаланып полимерлер мен мономерлер арасындағы айырмашылықты сипаттау
|
|
Жасушалық биология
|
7.4.2.1 жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі ұғымын түсіндіру
|
8.4.2.1 өсімдік және жануар ұлпаларын жіктеу
|
9.4.2.1 өсімдік және жануар жасушаларының негізгі бөліктерінің құрылысы мен қызметін түсіндіру
|
7.4.2.2 жануарлар және өсімдіктер жасушаларын ажырату
|
8.4.2.2 прокариот және эукариот жасушаларының құрылысын салыстыру
|
9.4.2.2 микрофотографияны қолданып жасушаның сызықтық ұлғаюын есептеу
|
Микробиология және биотехнология
|
7.4.3.1 бактериялар формаларының әртүрлілігін сипаттау
|
8.4.3.1 қарапайымдылар, бактериялар, саңырауқұлақтар, вирустармен туындайтын аурулардың ерекшеліктері мен алдын алу шараларын сипаттау
|
9.4.3.1 инсулин өндіру мысалында биотехнологиялық үдерістің жалпы сызбасын сипаттау
|
7.4.3.2 ірімшік және йогурт өндірісін зерттеу
|
|
9.4.3.2 биотехнологияда өндірілетін өнімдерге мысал келтіру
|
7.4.3.3 антибиотиктер, антисептиктер мен залалсыздандыру өнімдерінің қолданылуын сипаттау
|
|
|
7.4.3.4 вирустардың тіршіліктің жасушасыз формасы екендігін түсіндіру
|
|
|
Биофизика
|
|
8.4.4.1 тік жүруге байланысты адам қозғалуының биомеханикалық ерекшеліктерін зерттеу
|
9.4.4.1 тірі ағзалардағы электрлі үдерістерді зерттеу
|
|
|
9.4.4.2 «компьютер-ми» интерфейс технологиясының ерекшеліктерін зерттеу
|