өмірдегі «ұсақ мәселелердің»
жолын табуы емес, ол бүкіладамзаттық ақиқат деңгейіне
көтеріліп, өзінің жан-дүниесін толтыруы керек.
2 – сабақ тақырыбы: Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен
әдісі
Дәріс мақсаты:
Философия дәстүріндегі бағыттар,
пайымдау тәсілдері туралы
түсінік беру.
Дәріс мазмұны.
Философия және фәлсафа. Фәлсафа дәстүріндегі ғылым мен дін
мәселелерін шешу жолдары. Философияның анықтамалары, түрлері мен бағыттарының
санқырлылығы және философиялық пайымдау тәсілдерінің әртүрлілігі.
Философия мен
философтың адам және қоғам өміріндегі рөлі. Қазіргі Қазақстанның үшінші
жаңаруындағы философияның орны.
Фәлсафа мен философияның негізгі бұлақ көзі бір, сенім мен таным проблемелары
туралы тұжырымы ортақ болғанымен мазмұндық жағынан өзгерістері аспан мен жердей,
бірімен-бірі үйлесімге келмейтін ілім. Фәлсафа мұсылман мәдениетінің туындысы —
соған орай мұсылмандық ойлау принципіне негізделген мұсылман ойшылдарына тән
дүниетаным, философия — христиандық менталитет пайымдауы негізіндегі ілім.
Кезінде өз өрісін жайған грек философиясы орта ғасырда ұмыт бола бастағаны тарихтан
мәлім. Гректер өз мұраларына өздері иелік ете алмай қалды. Өркениет архивке айналды.
Міне, осы кезде тарих сахнасына, сол архивке айналған грек философиясын жаңаша
тірілтіп, мұсылман өркениеті шыққан. Мұсылман өркениеті –Ислам өркениеті.
Фәлсафа – антикалық философияны араб тілінде мұсылмандық дүниетаным
негізінде
қайта жандандырып, көші кідірген дәстүрді одан әрі жалғастырған. Мұсылман елдерінен
шыққан бұл ойшылдар тобын – әлемдік ғылымда мұсылман фәлсафашылары деген атау
сол кезде-ақ қалыптасқан. Бұл ғұламалармен Аристотельді қайта тану ілімі өмірге келіп,
оның
ілімі
ренессанстық
деңгейге
көтерілген.
Аристотель – фәлсафаның да, философияның да ортақ тірегі. Оның еңбегі ең алдымен
түгелдей араб тіліне аударылды. Осы аударманы жасаушы
мұсылман ғұламалары сол
кезде Аристотельді мұсылмандық негізде түсінген және түсіндіргені тағы да шындық.
Философия пәні мына негізгі
бөлімдерден
тұрады:
1.
Онтология (бомыс туралы ілім)
2.
Гносеология (таным туралы ілім)
3.
Антропология (адам туралы ілім)
4.
Аксиология (құндылықтар туралы ілім)
5.
Этика (мораль туралы ілім)
6.
Логика (ойлау заңдары туралы ілім)
7.
Эстетика (сұлулықтың заңдары мен каонодары туралы ілім)
Философиялық даму тарихында философиялық зерттеулердің іске асуынақұрал
ретінде пайдаланылған және пайдаланылатын әдістер:
1.
Диалектика
2.
Метафизика
3.
Догматизм
4.
Эклектика
5.
Софистика
6.
Герменевтика
Диалектика
– заттар мен құбылыстардың ішкі қайшылықтарын,
олардың өзгеру,
даму ерекшеліктерін, себеп-салдарлық байланыстарын, қарама-қарсылықтардың бірлігі
мен күресін ескере отырып қарастыратын зерттеу әдісі.
Метафизика
– диалектикаға қарама-қарсы әдіс. Метафизика объектілерді:
1.
байланыста емес,
жеке дара;
2.
Статикалық сипатта (объектілердің тоқтаусыз дамуы, өзгерістері ескерілмейді)
3.
Абсолютті ақиқатты іздестіруде қайшылықтарға мән берілмей, қарама-
қарсылықтардың бірлігі еленбей, біржақты қарастырылады.
Догматизм
– қоршаған дүниені догматтар шеңберінде – «жоғарыдан берілген»,
абсолютті дәлелдеуді қажет етпейтін мызғымас сенімдер,
көзқарастар тұрғысынан ғана
қарастыратын және қабылдайтын ойлау әдісі. Бұл әдіс ортағасырлық теологиялық
философияға тән.
Эклектика
– біртұтас творчествоға енбейтін түрлі, еркінше алынған фактілерді,
ұғымдарды, концепцияларды біріктіру нәтижесінде сырт қарағанда шын көрінген үстірт,
ақиқаттан алыс жатқан тұжырымдар жасау. Әдетте эклектика бұқаралық санаға ықпал ету
мақсатында, реалды онтологиялық, гносеологиялық
негіз бен құндылығы жоқ
көзқарастарды, идеяларды насихаттауда пайдаланылады. (ортағасырда – діни мақсатта,
қазіргі заманда –жарнамалауда).
Софистика
– ақиқат болмаса да ұтымды құрастырылған жалған алғышарттардан
жаңа, логикалық тұрғыдан дұрыс, бірақ мағынасы жалған ойқорытынды жасау әдісі.
Софистика ежелгі Грецияда кең тарады: шешендік өнердің
ақиқат білім алу жолы емес,
пікір-сайыстарда «кімге болмасын, ненің болмасын дұрыстығын» дәлелдеу тәсілі ретінде
арнайы оқытылады.
Герменевтика
– мәтіндер мағынасын дұрыс оқу және түсіндіру әдісі.
Герменевтика Батыстық философияда кең тараған.
Достарыңызбен бөлісу: