Бағдарламасы 1 Түсіндірме жазба



бет6/6
Дата20.06.2018
өлшемі394,5 Kb.
#44010
1   2   3   4   5   6

Ескерту: Оқу үдерісін жүзеге асырудың ерекшеліктеріне сәйкес тоқсан ішінде тараулардың ретін өзгерту, сондай-ақ оқу мақсаттарының тараудың ішіндегі және тоқсандағы ретін өзгертуге рұқсат етіледі. Тарауларды тоқсаннан тоқсанға өзгертуге рұқсат етілмейді.
Қосымша ғылыми дағдылар

Оқушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс негізгі ғылыми зерттеу дағдылары:

1.    Зерттеу жұмысын жоспарлау.

1.1. Тәжірибе, білім, ғылыми мақалалар, жеке бақылауларға байланысты сұрақтар қою, гипотезалар құруды қалыптастыру.

1.2. Объективті тестілеудің принциптерін түсіну.

1.3. Салыстыру жұмыстарын жүргізу үшін анықтама және/немесе бақылау нәтижелерін қолдану мақсаттарын түсіну.

1.4. Тәуелді және тәуелсіз айнымалыларды анықтау.

1.5. Зерттеу жұмысына қажет тиісті құрал-жабдықтарды таңдау және оларды қауіпсіз қолдануды жоспарлау.

1.6. Алдын-ала зерттеу жұмыстары мен эксперименттер үшін:

1.6.1    зерттеу әдісін жоспарлау;

1.6.2    Дұрыс мәліметке қол жеткізу үшін қажетті өлшем бірліктерін анықтау мен іріктеу. Мысалы, ұзындық өлшенетін болса, км,см, м, мм, т.б.;

1.6.3   Тәуелсіз айнымалының тиісті мөлшерін белгілеу. Мысалы, концентрация үшін, ауқым 0,2 М және 1 М болуы мүмкін;

1.6.4    Тәуелсіз айнымалының аралық нәтижесін анықтау. Мысалы, концентрация үшін 0,2 М, 0,4 М, 0,6 М, 0,8 М және 1,0 М болуы мүмкін;

1.6.5  Тәжірибені неше рет қайталау керек екендігін анықтау. 

2.    Мәлімет жинақтау үшін зерттеу жұмысын жүргізу.

2.1  Зерттеу жұмысын қауіпсіз жүргізу үшін ауызша және жазбаша нұсқаулықты орындау.

2.2    Ғылыми әдістерді мұғалім орындап көрсеткеннен кейін қолдану.

2.3.  Қажетті құрал-жабдықтарды іріктеп, дұрыс және қауіпсіз қолдану

2.4. Химиялық заттармен, материалдарды ысыту және өңдеу барысында электр жабдықтарымен, шыныдан жасалған ыдыстармен қауіпсіз жұмыс істеу үшін мүмкін болған (потенциалды) қауіп-қатерді анықтау.

2.5. Сандық және сапалық деректерді жинақтау.

2.6. Барлық сезім мүшелері мен тиісті құрал-жабдықтарды пайдалана отырып бақылау жүргізу.

2.7.  Өлшеу. (тапсырмаға байланысты тиісті құрал-жабдықты қолдана отырып) Өлшемдерге мыналар кіреді:

2.7.1    көлем, ара қашықтық және ауданы;

2.7.2    көлемі мен салмағы (массасы);

2.7.3    уақыты;

2.7.4    температурасы.

3.     Жазу және хабарлау

3.1. Зерттеу жұмысы бойынша жазбаша есеп беру. Бұған мыналар кіреді:

3.1.1    болжам; *

3.1.2    құрал-сайман;

3.1.3    әдіс;

3.1.4    нәтижелер кестесі;

3.1.5  деректер* көрсетілуі керек. Мысалы: график, диаграмма.  3.1.6    қорытынды;

3.1.7   бағалау.*   


(*Ұзақ мерзімді зерттеу жұмыстарына да келеді.)

3.2. Зерттеу жұмысының мәнін жеткілікті көлемде ашатын, толық, жүйелі, қисынды, сауатты жазбаша есеп беру. Бұл есепті жұмысқа қатысы жоқ кез-келген тұлға түсіне алуы керек. Мысалы, алынған нәтижені өлшем бірліктерін қолданып жазу.

3.3. Жұмыс нәтижесін көрсетудің тиімді жолын таңдау.(4,5 қараңыз)

3.4. Топпен жұмыста топ мүшелерімен бірлесе отырып тиімді жұмыс істеу. 3.5. Зерттеу жұмысын мұғалім және топ мүшелерімен талқылау.

4.    Мәліметтерді талдау және өңдеу

4.1. Мәліметтердің бағыты мен заңдылығын ажырату.

4.2. Қол жеткізілген мәліметтердің потенциалды себеп-нәтиже тәуелділігі мен өзара байланысын анықтау.

4.3. Заңдылықтан ауытқыған мәліметтерді анықтау.

4.4. Талдау жұмысын жеңілдету мақсатында нәтижелер кестесіндегі мәліметтерді ыңғайлы үлгіде өңдеу. Өңдеу жұмыстары мыналарды қамтиды:

4.4.1    арифметикалық орта мәнін есептеу/қайталаулардың орта мәні;

4.4.2    бірліктерді аудару;

4.4.3    пайыздар мен пайыздық өзгерістерді есептеу;

4.4.4   мәнін есептеу үшін формулаларды қолдану. Мысалы: кернеу÷тоқ= кедергі;

4.4.5   Қолданылған «Уақытты»... «жылдамдыққа» айналдыру.

4.5. Жаңа немесе өңделген мәліметтерді басқа форматқа ауыстыру. Мысалы, график.

4.6. Зерттеу жұмысы барысында алынған мәліметтердің сапасын талдау.

4.7. Алынған нәтижелерді белгілі форматта нақты көрсету. Мысалы, график үшін тиісті тақырып, масштаб таңдау. Координаттар осін дұрыс белгілеу.

5.    Қорытынды және бағалау

5.1. Зерттеу барысында алынған дәлелдерді негізге ала отырып қорытынды жазу.

5.2. Қорытынды мәліметтер бастапқы сұрақтарды қаншалықты растайды, қалыптасқан гипотезаны құптайды ма немесе теріске шығарады ма? Талқылау,

5.3. Зерттеу жұмысының артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау. Дамыту жолдарын қарастыру.

5.5. Зерттеу жұмысы барысында туындаған және қосымша ізденуді керектіретін мәселелерді анықтау.

5.6. Физикалық процесстер мен құбылыстарды бейімдеу үшін (симулировать) ғылыми модельдерді қолдану және дамыту

5.7. Бұқаралық ақпарат құралдарында , жарнама, ғылыми мақалаларда шыққан ғылыми деректердің дұрыс немесе бұрыс екенін бағалау.

Ғылыми дағдыларды дамыту барысындағы прогресс

Оқушыларға ғылыми дағдыларын дамыту үшін зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіншілік беру керек. Бұл ғылыми дағдылардың көпшілігі жоғары ойлау қабілетімен тікелей байланысты. Оқушыларда аталған дағдыларды дамытудың ең тиімді жолы оларды эксперименттерді жоспарлау және бағалауға қатыстыру болып табылады.  

Оқушының ғылыми зерттеу дағдыларында прогресс болу үшін, ол дағдылар пән бағдарламасын оқыту арқылы дамытылуы керек. Оқушылар мұғалім басшылығында қарапайым жаттығулардан бастайды. Қажетті құрал-жабдықтар мен зерттеу принциптерімен таныса келе жоғарғы деңгейге өтеді. Алдағы уақытта оқушылар өздеріне сенімді болады да, мұғалімнің көмегінсіз эксперименттер жүргізе алады. Уақыт өте келе зерттеу жұмыстарының кейбір бөлімдерін жоспарлап, өз идеяларын іздене алады. Эксперимент жасаудың негізгі мақсаты: құрастыру, жүзеге асыру және бағалау секілді ғылыми зерттеу дағдыларын дамыту. Құрастыру мен бағалау дағдылары жоғары деңгейлі дағдылар болып есептеледі. Сондықтан , бұл аспектілер оқушыларға күрделірек болып табылады.

Оқушы тәжірибелік жұмыстарды жеке немесе топпен жасау кезінде тікелей қатысуы керек. Бұл әрекет оған өз тәжірибесінде үйренуге көмектеседі. Құрал-жабдықтар жетіспеген жағдайда мұғалім экспериментті өзі немесе экранда көрсетеді. Мұндай жағдайда, мұғалім экспериментті көрсеткенге дейін немесе көрсетілім барысында сұрақтар қою арқылы оқушылардың түсіну дағдысын дамыта алады. Мысалы, жобалау және оны дамыту жолдары






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет