Бағдарламасы 1 Түсіндірме жазба



бет1/6
Дата20.06.2018
өлшемі394,5 Kb.
#44010
  1   2   3   4   5   6
«Биология»
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған

жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы

1 Түсіндірме жазба
Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің мазмұнын және олардың білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады.

Пәннің оқу бағдарламасы «шиыршық» қағидаты негізінде әзірленген, яғни оқу мақсаттары мен тақырыптардың басым көпшілігі белгілі бір оқу кезеңінен кейін (оқу жылы барысында немесе келесі сыныптарда) білім мен дағдының көлемі көбірек, тереңірек, күрделірек деңгейде қайта қарастырылады.

Оқу бағдарламасы оқу жылы көлемінде бөлімдердің оқытылу ретін көрсететін ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Тақырыптарға сағат санының үлестірілуі және тоқсан көлемінде тақырыптардың оқытылу реттілігін мұғалім анықтай алады. Ұзақ мерзімді жоспар күнтізбелік-тақырыптық жоспарды әзірлеудің негізі бола алады.

Оқу бағдарламасы оқыту процесін оқушылардың пән салалары бойынша білім мен біліктіліктерді саналы түрде меңгеруі үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға, оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігін дамытуға, әлеуметтік-мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін бағыттайды.

Оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерді кіріктіреді. Оқытудағы тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары болып табылады.

Қазіргі кезеңде өздігінен білімді игеруі үшін оқушының белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Мұндай тәсіл пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.

Тұлғалық-бағдарлық білім беруді осындай сипатта жақсарту білім беру процесіне барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану кезінде мүмкін. Диалогтік және рефлексивті технологияларды қолдану оқушылардың жоба және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруымен сабақтасады.

Білім беру процесін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдер оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін оқушының шынайы шығармашылық процесіндегі қарым-қатынас моделіне айналдырады.

Нақты пәннің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан оқушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы пәннің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын тәрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады.

Әр пәннің оқу бағдарламаларында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған. Көптілді оқу ортасын құруда әр пәннің қосқан үлесі үш тілде білім беру саясатын іске асыруды қамтамасыз ету. Тіл үйретудің негізі болып табылатын коммуникативтік т әсіл әрбір оқу пәнінің түрлі оқу жағдаяттарында білім және білікпен алмасу, тілдік және сөйлеу нормалары жүйесін дұрыс қолдану сияқты әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамытудың жетекші қағидаты ретінде қарастырылады.

Пән мазмұнын меңгеру және оқу мақсаттарына қол жеткізу процесінде оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ: қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру сияқты қолдану дағдыларын дамыту үшін алғышарттар/жағдайлар жасау керек.

Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары оқушыны өзін-өзі оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды.

Оқу бағдарламалары білім беру құндылықтарының өзара байланысы мен өзара шарттылығына негізделген тәрбиелеу мен оқытудың біртұтастығы қағидатын және нақты пәнді оқыту мақсаттарының жүйесі бар мектепті бітіргеннен кейінгі нәтижелерін іске асыруға мүмкіндік береді.

Оқу бағдарламаларының тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағыттылғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады. Оқыту мақсаттарының құрастырылған жүйесі: білімін функционалды қ және шығармашылықта қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларды дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі болып табылады.

Экономикадағы заманауи инновациялар, еңбек нарығындағы өзгерістер оқушылардың күрделі міндеттерді шешу үшін немесе оларды шешудің жаңа тәсілдерін табу үшін жағдаятқа, идеялар мен ақпараттарға талдау жасау және бағалауға, алған білімі мен тәжірибесін жаңа идея мен ақпаратты жинақтау үшін шығармашылық түрде қолдануға мүмкіндік беретін дағдылар жиынтығын меңгеру қажеттілігіне себепші болады. Жігерлілік, алғырлық, өзгерістерге дайындығы, байланысқа бейімділігі сияқты тұлғалық қасиеттер өзекті болып отыр.

Нақты пән бойынша күнделікті білім беру процесінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу процесінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады.

Кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте жеке қасиеттердің дамуы «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты білім берудің басты құндылықтарды оқушыларға дарыту негізі болып табылады. Бұл құндылықтарды оқушының тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.
2. Білім беру бағдарламасындағы «Биология» пәнінің маңыздылығы

Биология жаратылыстану ғылымдарының құрамдас бөлігі ретінде оқушыларға қоршаған ортаның көптүрлілігі мен эволюциясы туралы білім береді, тірі ағзалардың даму заңдары мен заңдылықтарын қарастырады, сонымен қатар табиғат әлемінің таңғажайып құбылыстарын зерделеуге және зерттеуге мүмкіндік береді.

Биология пәнін оқу оқушылардың алған білімдерін зерттеу нысандарын бақылау, топтастыру, жүйелендіру, салыстыру, талдау, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау, үлгілеу және жобалау сияқты дағдыларын дамыту үшін қолдануына көмектеседі.

«Биология» пәні биология бойынша эксперименттік зерттеуді жоспарлау, зертханалық құрал-жабдықпен жұмыс істеу, зерттеулер жүргізу, алынған мәліметтерді жинау, өңдеу және түсінік беру сияқты практикалық дағдыларды дамытуға көмектеседі.

Мектепте «Биология» пәнін оқу кезінде алған білімдер оқушыларға алдағы уақытта оларды биофизика, биохимия, микробиологияны және басқа да пәндерді зерделеуде, адам қызметінің түрлі салаларында қолдануға көмектеседі. Биологияны оқу медицина, ауыл шаруашылығы және жаһандық экологиялық мәселелерді шешудегі маңызы зор.

Жоғары мектепте «Биология» пәнін оқу биологияның заманауи салаларымен байланысты білімдер мен біліктерді игеруі арқылы оқушылардың бейіндік бағыттын ерте таңдауына, үздіксіз білім алуды жалғастыру үшін қажетті дағдылар ауқымын дамытуға септігін тигізетін болады.

Биология бойынша оқу бағдарламасының мақсаты – оқушылардың заман талаптарына сай білімдері мен біліктерін дамыту; өмірдің мәнін, дамуын, оның түрлі ұйымдасу деңгейлерінде көрініс табуын түсіну; өмірдің ең басты құндылық ретіндегі маңызын түсінетін жан-жақты дамыған тұлғаны дайындау.

Биология бойынша оқу бағдарламасының міндеттері:



  • табиғаттың даму заңдарын түсінуге негізделе отырып, адамның табиғаттағы рөлін анықтайтын маңызды биологиялық білімдер мен біліктер ауқымын кеңейту;

  • табиғаттың даму және тіршілігін жалғастыру заңдарын жаңа білімдерді алу, оларды ары қарай дамыту және тереңдету негізі және құралы ретінде пайдалану;

  • жүйені меңгеру барысында ғылым білім мен дүниетаным негіздерін; шығармашылық дербестік пен сын тұрғысынан ойлау қабілетін; зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру;

  • әдеп мәселелерімен және қоғамның әлеуметтік өмірі мен еңбек әрекетіне тікелей қатысумен байланысты қоршаған шынайылықта еркін бағдарлануға мүмкіндік беретін, бастамашыл тұлғаның қасиеттерін дамыту;

  • оқушылардың білім алуды және өздігінен білім алуды жалғастыруы үшін қажетті зияткерлік біліктерді дамыту.

Алынған дағдылар оқушыларға:

  • жеке тұлғалық қасиеттерін, коммуникативтік дағдыларын дамытуға;

  • түрлендіру және іріктеуді жүзеге асыра отырып, түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеуге;

  • түрлі коммуникативтік құралдар мен электронды материалдарды пайдалана білуге;

  • биология бойынша зерттеу жоспарын құруға, салыстыруға, талдауға, себеп-салдарлық байланыстарды анықтауға, өтіп жатқан үдерістер мен құбылыстарды негіздеуге және қорытынды жасауға;

  • күнделікті өмір тәжірибесінде және проблемалық жағдайларды шешуде «Биология» пәнінен алған білімдері мен дағдыларын шығармашылықпен қолдана білуге мүмкіндік береді.

Оқушылардың алған білімдері мен дағдылары:

      • парниктік эффект және жаһандық жылыну;

      • генетикалық түрлендірілген ағзалар: проблемалар мен артықшылықтар;

      • ЭКҰ пайдалану проблемалары;

      • тірі ағзаларды клондау;

      • діңгекті (бағаналы) жасушалар және оларды тәжірибеде қолдану сияқты жаһандық маңызы бар ең маңызды тақырыптарды талқылауда адамгершілік аспектілері туралы негіздемелерді пайдалану мен қорытындылар жасауға көмектеседі.

Биологияны оқу арқылы оқушылар мынаны түсінеді:

  • органикалық дүниенің көп түрлілігі, құбылыстардың өзара байланысы және өзара әсері, қоршаған ортада болып жатқан биологиялық үрдістердің себеп-салдарлық байланысы;

  • тірі ағзалардың түрлі топтарының ұйымдастырылу және тіршілік ету ерекшеліктері, олардың даму заңдары мен заңдылықтары, биологиялық ғылымды дамыту қажеттілігі;

  • алынған мәліметтердің талдауы мен синтезінің, нәтижелердің алынуы мен түсіндірілуі, биология бойынша эксперименттік және зерттеу жұмысын жүргізу кезінде жағдайды объективті бағалау үшін дұрыс қорытынды қалыптастырудың мәні;

  • адамның қоршаған ортаға әсер ету салдары, оған ұқыпты қарау қажеттілігі;

  • адамның физикалық және психологиялық денсаулығын сақтаудың негізі ретінде салауатты өмір салтын жүргізудің мәні.

Үш тілде білім беру саясатын жүзеге асыру

Оқушылардың тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту және халықаралық деңгейдегі жоғарғы оқу орындарына түсудегі мақсат лингвистикалық құзыреттіліктерді дамыту болып табылады.

Бұл мақсатқа жету үшін жалпы білім беретін мектептерде үш тілде білім беру ісін жолға қоюға жан-жақты қолдау көрсету қажет.

Үш тілде білім беру саясаты оқытудың әдіс-тәсілдерін, тілдік және өзге пән мұғалімдерінің рөлдерін белгілейді. «Биология» пәнінің оқу бағдарламасында үш тілде білім беру саясаты келесі бөлімдерде көрсетілген:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет