Бағдарламасы 1 Түсіндірме жазба



бет5/6
Дата20.06.2018
өлшемі394,5 Kb.
#44010
1   2   3   4   5   6

4.4 Ұзақ мерзімді жоспарлар


10- сыныптың ұзақ мерзімді жоспары

Оқу жоспарындағы ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі

Тақырып/ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны


Оқу мақсаты



1 тоқсан

10.1А

Молекулалық биология және биохимия


(10 сағат)

Жердегі тіршілік үшін судың маңызы.


10.4.1.1 Жердегі тіршілік үшін судың іргелі маңызын түсіндіру

Көмірсуларды жіктеу: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер. Химиялық құрылымы. Көмірсулардың қасиеті және қызметтері..

10.4.1.2 көмірсуларды құрылымы, құрамы және қызметтері бойынша жіктеу

Липидтердің құрылымдық компоненттері. Майлардың химиялық құрылысы мен қызметтері.


10.4.1.3 майлардың химиялық құрылысы мен қызметтерін сипаттау

Нәруыздарды құрамы (жай, күрделі) және қызметі бойынша жіктеу. Нәруыздардың құрылымдық деңгейлері мен құрылысы. Нәруыз денатурациясы мен ренатурациясы. Зертханалық жұмыс «Нәруыздардың құрылымына әр түрлі жағдайлардың әсері (температура, pH)».

10.4.1.4 нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу

10.4.1.5 түрлі жағдайлардың нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу

Биологиялық нысандарда нәруыздың болуы. Зертханалық жұмыс «Биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау».


10.4.1.1 биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау

Репликация механизмі. ДНҚ. Мезелсон мен Сталь тәжірибесі. Чаргафф ережесі.


10.4.1.2 ДНҚ репликациясы үдерісін сипаттау

РНҚ молекуласының құрылысы мен қызметтері. Матрицалық (ақпараттық) РНҚ. Рибосомалық РНҚ. Транспорттық РНҚ.


10.4.1.3 РНҚ типтерінің құрылысы мен қызметтерін ажырату

РНҚ және ДНҚ молекулалары құрылысынның ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

10.4.1.4 РНҚ және ДНҚ молекулаларының құрылысын салыстыру

10.1B Жасушалық биология

(6 сағат)



Жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктері. Жасушаның негізгі компоненттері: жасуша қабырғасы, плазмалық мембрана, цитоплазма және оның органоидтары (мембранасыз, бірмембраналы және қосмембраналы). Ядро. Жасушаның негізгі компоненттерінің қызметтері.

10.4.2.1 электронды микроскоп арқылы көрінетін жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктерін түсіндіру

Жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланыс. Жасуша мембранасының сұйық -мозаикалық моделі. Мембраналық нәруыздардың, фосфолипидтердің, гликопротеиндердің, гликолипидтердің, холестеролдың қызметі. Зертханалық жұмыс «Жасуша мембранасына әр түрлі жағдайлардың әсері».

Бактерия, саңырауқұлақ., өсімдік және жануар жасушаларының құрылым ерекшеліктері мен қызметтері.



10.4.2.2 жасуша мембранасының сұйық кристалды моделін пайдаланып, жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланысты орнату

2 тоқсан

10.2 А Заттардың тасымалдануы

(5 сағат)



Беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының диффузия жылдамдығына әсері. Эритроцит жасушасы беттік аудан мөлшерінің, көлемге қатынасының маңызы.

Зертханалық жұмыс «Жасушаның беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасын анықтау».



10.1.3.1 беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының мәнін есептеу

Пассивті тасымалдау механизмі:қарапайым тасымал, мембраналық каналдар арқылы диффузия, жеңілдетілген диффузия Белсенді тасымалдау механизмі

10.1.3.2 пассивті және активті тасымалдау механизмдерін салыстыру

10.2 В Тыныс алу
(4 сағат)

АТФ-тың құрылысы мен қызметі

10.1.4.1 АТФ-тың құрылысы мен қызметтерін сипаттау

АТФ синтезі: глюкозаның анаэробты және аэробты ыдырау кезеңдері.


10.1.4.2 анаэробты және аэробты тыныс алу барысындағы АТФ синтезін салыстыру

Метаболизм түрлері. Энергетикалық алмасу кезеңдері.


10.1.4.3 метоболизмнің түрлерін атау

10.1.4.4 энергетикалық алмасу кезеңдерін сипаттау

Митохондрияның құрылымы мен қызметтері. Митохондрия құрылымдары мен жасушалық тынысалу үдерістерінің өзара байланысы.

10.1.4.5 митохондрия құрылымдары мен жасушалық тынысалу үдерістерінің өзара байланысты орнату

10.2 С Бөліп шығару

(3 часов)



Су мөлшерін реттеу. Нысана мүшелер. Әсер ету эффектсі. Гипофункция. Гиперфункция.


10.1.5.1 су мөлшерін бақылаудағы антидиуретикалық гормонның (АДГ) ролін түсіндіру

Адам денесіндегі қан мен басқа сұйықтықтарды жасанды тазарту. Диализ әсерінің себептері,. Диализ әдістері: перитонеальды, гемодиализ.

10.1.5.2 диализ механизмін түсіндіру

Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі. Диализ және бүйрек трансплантациясы. Артықшылықтары мен кемшіліктері.

10.1.5.3 бүйрек трансплантациясы мен диализдің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау

3 тоқсан

10.3А Жасушалық цикл

(4 часов)



Өсімдіктер мен жануарлардағы гаметогенез. Гаметалар. Гаметогенез кезеңдері. Өсімдіктердегі спорогенез және гаметогенез.


10.2.2.1 өсімдіктер мен жануарлардағы гаметалардың қалыптасу ерекшелігін түсіндіру

Онкологиялық жаңа түзілулердің пайда болуы. Обыралды жағдайлардың туындауына әсер етуші факторлар

10.2.2.2 жасушалардың бақылауға бағынбайтын бөлінуі нәтижесінде обырдың түзілуін түсіндіру

Қартаю. Қартаю үрдісі туралы теориялар

10.2.2.3 қартаю үдерісін түсіндіру

10.3В Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары

(7 часов)



Модификациялық өзгергіштік. Белгілердің өзгеруіндегі вариациялық қатарлар. Зертханалық жұмыс «Вариациялық қатар мен қисыққа құрылған модификациялық өзгергіштікті зерттеу».


10.2.4.1 модификациялық өзгергіштіктің заңдылықтарын зерттеу

Белгілердің тұқымқуалауындағы цитологиялық негіздер. Дигибридті будандастыру кезіндегі хромосомалардың тәуелсіз ажырауы Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау. Есептер шығару.

10.2.4.2 дигибридті будандастыру; жыныспен тіркескен тұқым қуалаудың цитологиялық негіздерін есептер шығаруда қолдану

10.2.4.3 жыныспен тіркескен тұқым қуалауға есептер шығару

Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі. Комплиментарлық. Полимерия, көп аллелділік. Кодоминанттылық. Көп аллельділік.

10.2.4.4 аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуін салыстыру

Кенеттен және индуцияланған мутация. Гендік, хромосомалық, геномдық мутациялар.

Модельдеу «Адам кариограммасын құру. Геномдық мутацияны оқып білу».



10.2.4.5 мутагенез себептерін және мутация түрлерін зерттеу

Хромосомалар санының ауытқуына байланысты адамның хромосомалық аурулары

10.2.4.6 хромосомалар санының ауытқуымен байланысты адамның хромосомдық ауруларын (аутосомдық және жыныстық) сипаттау

10.3 C

Эволюциялық даму Селекция негіздері.


Тірі ағзалардың алуантүрлілігі
(9 сағат)

Кладограммалар. Түсінік «Соңғы әмбебап жалпы ата тек». Кладограммалар мен филогенетикалық ағаштардың айырмашылығы. Кладограммалар мен филогенетикалық ағаштардың эволюциялық маңызы.

10.1.1.1 Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдерін және сызбаларын сипаттау

10.1.1.2 кладограммалар мен филогенетикалық ағаштарды түсіндіріп беру





Селекция әдістері арқылы ауыл шаруашылық өсімдіктері мен жануарлардың қолтұқымдарын жақсарту тәсілдері. Гибридизация (будандастыру). Полиплоидия. Жасанды мутагенез.

10.2.5.1 селекция әдістері арқылы ауыл шаруашылық өсімдіктері мен жануарлардың қолтұқымдарын жақсарту тәсілдердің зерттеу

Тұқымқуалайтын өзгергіштік пен эволюция арасындағы өзара байланыс. Тұқымқуалайтын өзгергіштік – эволюция негізі. Комбинативтік өзгергіштік, мутациялар. Табиғи сұрыпталу. Тіршілік үшін күрес. Гендер дрейфі. Популяциялық толқындар.


10.2.6.1 тұқымқуалайтын өзгергіштік пен эволюция арасындағы өзара байланысты түсіндіру

Эволюцияның дәлелдемелері. Салыстырмалы-анатомиялық, молекулалық – генетикалық эмбриологиялық, палеонтологиялық, биогеографиялық, биохимиялық, дәлелдемелер.

10.2.6.2 эволюцияның дәлелдемелерін талдау

Түр түзілудің механизмі. Түр түзілудің оқшаулаушы механизмі. Түртүзілудегі репродуктивті оқшаулану. Полиплоидия және гибридизация.


10.2.6.3 түр түзілудің негізгі механизмдерін жіктеу

Антропогенез кезеңдері. Проантроптар. Архантроптар. Палеоантроптар. Неоантроптар

10.2.6.4 антропогенездің кезеңдерін атау

4 тоқсан

10.4 А Координация және реттеу
(4 сағат)

Орталық жүйке жүйесінің құрылысы. Мидың құрылысы мен қызметтері. Жұлынның құрылысы мен қызметтері.

10.1.7.3 жұлын мен мидың құрылысы мен қызметтерін оқып білу

Холинергиялық синапстың құрылысы мен қызметі арасындағы байланыс. Холинергиялық синапстың мысалында синапстық берілудің механизмі

10.1.7.4 синапстың құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты орнату

Механорецепторлардың түрлері. Пачини денешігі мысалында рецепторлардың тітіркендіргіштің өзгерісіне жауап беру реакциясы.

10.1.7.5 механорецепторлардың тітіркендіргіштің өзгерісіне жауап беруін сипаттау

10.4 В Қозғалыс

(4 сағат)



Көлденең жолақты бұлшықет ұлпаларының құрылысы. Миофибрилла құрылысы (саркомерлер, актин, миозин т.б.). Бұлшықет талшықтарының жиырылу механизмі.

10.1.6.1 көлденең жолақты бұлшықеттердің құрылымы мен бұлшықеттің жиырылу механизмінің өзара байланысын түсіндіру

Жылдам және баяу жиырылатын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттерін, орналасуы мен құрылысы.

10.1.6.2 жылдам және баяу жиырылатын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттерін, орналасуы мен құрылысының байланысын орналастыру




10.4 С

Биофизика

(4 сағат)


Биомеханиканы робототехникада қолдану. Инженерлік биомеханика (экзоқаңқа, робототехника т.б.). Медициналық биомеханика (протездеу т.б. Эргометриялық биомеханика  (оптимизация т.б.)

10.4.4.1 биомеханиканы робототехникада қолдалынуын зерттеу

Жүрек автоматиясының механизмі. Жүректегі қозудың өту жылдамдығы. Жүрек бұлшықеттерінің жиырылғыштығы. Электрокардиография, оның диагностикалық маңызы.

10.4.4.2 электрокардиограмманы қолдана отырып жүрек автоматиясы механизмін түсіндіру

10.4 D Биотехнология

(4 сағат)



Микроағзаларды өндірісте, ауыл шаруашылығында, медицинада, тұрмыста қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері. Гендік инженерияның маңызы.

10.4.3.1 биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау


ПТР-ді қолдану. Медициналық диагностикалауда, әкелікті негіздеуде, тұлғаларды дербестендіру медицинасында , гендерді клондауда, ДНҚ секвенирлеуде мутагенезде полимеразды тізбекті реакцияның маңызы.

10.4.3.2 полимеразды тізбекті реакцияның таксономияда, медицинада мен криминалистикада және,маңызын сипаттау







Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың оң және теріс тұстары. Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтары.

10.4.3.3 гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтарын талқылау


Ескерту: Оқу үдерісін жүзеге асырудың ерекшеліктеріне сәйкес тоқсан ішінде тараулардың ретін өзгерту, сондай-ақ оқу мақсаттарының тараудың ішіндегі және тоқсандағы ретін өзгертуге рұқсат етіледі. Тарауларды тоқсаннан тоқсанға өзгертуге рұқсат етілмейді.
11- сыныптың ұзақ мерзімді жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы

Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны

Оқу мақсаттары

1 тоқсан

11.1А Молекулярлық биология және биохимия

(8 сағат)



Антиген мен антидененің әрекеттесу механизмі

11.4.1.1 антиген мен антидененің әрекеттесуін түсіндіру

Фермент пен субстраттың өзара әрекеттесуі. Ферментативті катализде белсенді орталықтың рөлі. Зертханалық жұмыс «Иммобилизациялаудың ферменттердің белсенділігіне әсерін зерттеу».

11.4.1.2 фермент-субстрат комплексінің түзілу механизмін түсіндіру

Транскрипция. Трансляцияның кезеңдері.

11.4.1.3 нәруыз биосинтезі үдерісі кезеңдерін сипаттау

Генетикалық кодтың қасиеттері: үшөрімділігі, көптігі, әмбебаптығы, бірін-бірі жаппайтындығы.

11.4.1.4 генетикалық кодтың қасиеттерін түсіндіру

11.1В Қоректену

(10 сағат)



Хлоропластың құрылымдық компоненттері және олардың қызметтері. Фотосинтездің пигменттері. Зертханалық жұмыс «Әртүрлі өсімдік жасушаларында фотосинтездеуші пигменттердің болуын зерттеу».

11.1.2.1. хлоропласттың құрылымы мен қызметі арасындағы өзара байланысты орнату


Фотосинтездің жарық кезеңі. Фотофосфорлану.

11.1.2.2 фотосинтездің жарық кезеңінде өтетін үдерістерді түсіндіру

Фотосинтездің қараңғы кезеңі. Кальвин циклі.

11.1.2.3 фотосинтездің қараңғы кезеңінде өтетін үдерістерді түсіндіру

Фотосинтездің жылдамдығына әсер ететін факторлар. Фотосинтездің шектеуші факторлары: жарық толқынының ұзындығы немесе жарық интенсивтілігі, көмірқышқыл газының концентрациясы, температура.

Зертханалық жұмыс «Шектеуші факторлардың фотосинтездің интенсивтілігіне әсерін зерттеу».



11.1.2.4 фотосинтездің шектеуші факторларын зерттеу және түсіндіру

Хемосинтез. Фотосинтез бен хемосинтез үдерістерін салыстыру.

11.1.2.5 фотосинтез және хемосинтез үдерістерінің ерекшеліктерін салыстыру

2 тоқсан

11.1А

Заттар тасымалы

(4 сағат)


натрий-калий сорғысы мысалында белсенді тасымалдың механизмі

11.1.3.1 натрий-калий сорғысы мысалында белсенді тасымалды түсіндіру

Заттар тасымалдануының симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдары және олардың маңызы.

11.1.3.2 заттар тасымалданудың симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдарының мәнін түсіндіру

Су потенциалы. Зертханалық жұмыс «Түрлі концентрациялы тұз ерітінділеріндегі жасушалардың су потенциалын анықтау»

11.1.3.3 түрлі концентрациялы тұз ерітінділеріндегі жасушалардың су потенциалын зерттеу

11.2 В Координация және реттелу

(6 сағат)



Биологиядағы басқару жүйесі. «Басқару жүйесі» ұғымы. Температураның/көмірқышқыл газының/оттегі газының деңгейлерінің реттелуі мысалында кері байланыс принципі.

11.1.7.1 биологиядағы басқару жүйесін сипаттау

Гормондардың әсер ету механизмі.

Инсулин мен эстроген мысалдарында гормондардың нысана-жасушаларға әсер ету механизмі.



11.1.7.2 гормондардың әсер ету механизмін түсіндіру

Өсіргіш заттар. Өсіргіш заттардың өсімдіктерге әсер ету механизмі. Ауксин әсері. Зертханалық жұмыс «Ауксиннің тамырдың өсуіне ықпал етуі».

11.1.7.3 өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсіргіш заттар) әсер етуін зерттеу

11.2 С Көбею

(4 сағат)



Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары.

11.2.1.1. адам гаметогенезін түсіндіру

Сперматогенез бен оогенезді салыстыру.

11.2.1.2 сперматогенез бен оогенездің айырмашылығын түсіндіру

3 тоқсан

11.2 А Өсу және даму (2 сағат)

Бағаналы жасушалар ұғымы және олардың қасиеттері (қайта жаңаруы, жіктелуі). Бағаналы жасушалардың түрлері: эмбрионалды және соматикалық. Практикада қолданылуы. Этикалық аспектісі.

11.2.3.1 бағаналы жасушалардың мамандану үдерісін және олардың практикалық қолданылуын түсіндіру

11.2 В Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары (4 сағат)

ДНҚ-ң кездейсоқ мутациясы. генетикалық үдеріс қателері: репликация.

11.2.4.1 мутациялардың ДНҚ рекомбинациясы арасындағы байланысын табу

Халықаралық «Адам геномы» жобасы. Адамның геномдық ДНҚ-ін секвенирлеу. Жоба аясында жүргізілген зерттеулердің маңызы.

11.2.4.2 Халықаралық «Адам геномы» жобасының маңызын талқылау

11.3 С

Жасушалық биология

(5 сағат)


Жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау. Зертханалық жұмыс «Жасушалардың негізгі компоненттерін микрофотографиялар қолданып сипаттау».

11.4.2.1 микрофотография қолданып жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау және сипаттау

Органелдердің сызықтық ұлғаюын есептеу. Оптикалық және электронды микроскоптардың үлкейту және айқындау мүмкіндіктері арасындағы айырмашылықтар.


11.4.2.2 жасушалардың компоненттерінің нақты мөлшерін анықтау

11.3 D Биотехнология

(9 сағат)



Грамм оң және грамм теріс бактериялар және олардың құрылыс ерекшеліктері.

11.4.3.1 грамм оң және грамм теріс бактерияларды салыстыру




«Рекомбинантты ДНҚ» ұғымы. Рекомбинантты ДНҚ алу тәсілдері. Рекомбинантты ДНҚ-ң қолданылуы. «Клондау» ұғымы.

11.4.3.2 рекомбинантты ДНҚ –ны алу тәсілдерін түсіндіру


Ағзаларды клондау тәсілдері.

11.4.3. ағзаларды клондау тәсілдерін түсіндіру

Ферменттердің медицинада, химияда және өнеркәсіпте қолданылуы.

11.4.3.4 ферменттерді медицинада, өнеркәсіпте қолдану мүмкіндігін талқылау

4 тоқсан

11.3 A Биомедицина және биоинформатика (6 сағат)

Электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсер ету ерекшеліктері.

11.4.4.1 электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсерін түсіндіру

«Биоинформатика» ұғымы. Биоинформатиканың құралдарын зерттеулерге қолдану.

11.4.4.2 биоинформатиканың рөлін сипаттау

ЭКҰ (ЭКО) әдісі және оның маңызы. ЭКҰ-ң этикалық аспектілері.

11.4.4.3 ЭКҰ (ЭКО) әдісінің маңызын түсіндіру

Моноклоналды антиденелердің маңызы. Моноклоналды антиденелердің өндірісі. Моноклоналды антиденелер көмегімен ауруларды диагностикалау және емдеу.

11.4.4.4 ауруларды диагностикалау және емдеуде моноклоналды антиденелерді қолдануды түсіндіру

11.4 B Биосфера, экожүйе,

популяция

(6 сағат)


Түрлердің биоалуантүрлілігі. Харди - Вайнбергтің генетикалық тепе-теңдік заңы. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін қорғау.

11.3.1.1 экожүйенің биоалуан түрлілігі мен тұрақтылығы арасындағы өзара байланысты орнату

Жергілікті экожүйедегі ағзалардың саны мен таралуын анықтауда түрлі статистикалық әдістерді қолдану. Жергілікті экожүйенің биоалуантүрлілігін анықтауда кездейсоқ іріктеу әдісінің маңызы. Зертханалық жұмыс «Талдаудың статистикалық әдістерін қолдану арқылы өз аймағының экожүйесінің жағдайын анықтау».

11.3.1.2 өз аймағының экожүйесін статистикалық талдау әдістерін пайдаланып зерттеу

11.4C Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері (4 сағат)

Ғаламдық жылыну: себептері, салдарлары және шешу жолдары. Модельдеу «климаттың ғаламдық жылынуының компьютерлік моделі»

11.3.2.1 мүмкін болатын климаттың жаһандық жылыну салдарын болжау

Қазақстанның экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары.

11.3.2.2 Қазақстанның экологиялық проблемаларының шешу жолдарын ұсыну





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет