Бағдарламасы 1 Түсіндірме жазба



бет4/6
Дата20.06.2018
өлшемі394,5 Kb.
#44010
1   2   3   4   5   6

4.2 Оқу пәнінің мазмұны


Пән бойынша білім оқу тараулары бойынша ұйымдастырылған. Әрі қарай тараулар бөлімшелерге бөлінген. Сынып аясында күтілетін нәтижелерді білдіру мақсатында бөлімшелер пән бойынша оқу мақсаттарын айқындайды. Мұғалімдерге сабақты жоспарлап, бағалауға және оқушымен оның болашақ қадамдары жөнінде ой бөлісуге мүмкіндік бере отырып, оқу мақсаттары әр бөлімше аясындағы алға ілгерілеуді көрсетеді.



Бөлім

Бөлімше

1

Тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері

Тірі организмдердің әртүрлілігі

Заттардың тасымалдануы

Тыныс алу

Бөліп шығару

Қозғалыс

Координация және реттелу

2

Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік. Эволюциялық даму

Жасушалық цикл

Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары

Селекция негіздері

Эволюциялық даму

Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері

3

Қолданбалы кіріктірілген ғылымдар

Молекулалық биология және биохимия

Жасушалық биология

Биотехнология

Биофизика

4.3 биология пәнінің 10 сыныптарға арналған базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:


1. Тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері

1.1. «Заттардың тасымалдануы». (5 сағат)

Беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының диффузия жылдамдығына әсері. Эритроцит жасушасы беттік аудан мөлшерінің, көлемге қатынасының маңызы. Зертханалық жұмыс «Жасушаның беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасын анықтау». Пассивті тасымалдау механизмі: қарапайым диффузия, жеңілдетілген диффузия. Белсенді тасымалдың механизмі.

1.2 «Тыныс алу». (4 сағат)

АТФ-тың құрылысы мен қызметі. АТФ синтезі: глюкозаның анаэробты және аэробты ыдырау кезеңдері. Метаболизм түрлері. Энергетикалық алмасу кезеңдері. Митохондрияның құрылымы мен қызметтері. Митохондрия құрылымдары мен жасушалық тынысалу үдерістерінің өзара байланысы.

1.3. «Бөліп шығару». (3 сағат)

Су мөлшерінің реттелуі. Нысана мүшелер. Әсер ету эффектсі. Гипофункция. Гиперфункция. Адам денесіндегі қан мен басқа сұйықтықтарды жасанды тазарту. Диализ әсерінің себептері. Диализ әдістері: перитонеальды, гемодиализ. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі. Диализ және бүйрек трансплантациясы. Артықшылықтары мен кемшіліктері.

1.4. «Қозғалыс». (4сағат)

Көлденең жолақты бұлшықет ұлпаларының құрылысы. Миофибрилла құрылымы (саркомерлер, актин, миозин т.б.). Жылдам және баяу жиырылатын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттерін, орналасуы мен құрылысы.

1.5.«Координация және реттеу». (4 сағат)

Орталық жүйке жүйесінің құрылысы. Мидың құрылысы мен қызметтері. Жұлынның құрылысы мен. Механорецепторлардың түрлері. Пачини денешігі мысалында рецепторлардың тітіркендіргіштің өзгерісіне жауап беру реакциясы. Холинергиялық синапстың құрылысы мен қызметі арасындағы байланыс.

2. Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік. Эволюциялық даму

2.1. «Жасушалық цикл» (4 сағат)

Митоз. Жасушада митоздың әр түрлі кезеңдерінде жүретін үрдістер. Зертханалық жұмыс «пияз тамыры ұшындағы жасушалардан митоздың белсенділік деңгейін анықтау» Өсімдіктер мен жануарлардағы гаметогенез. Гаметалар. Гаметогенез кезеңдері. Өсімдіктердегі спорогенез және гаметогенез. Ісіктің пайда болуы. Обыр алды жағдайлардың туындауына әсер етуші факторлар. Қартаю. Қартаю үрдісі туралы теориялар..

2.2. «Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары». (7 сағат)

Модификациялық өзгергіштік. Белгілердің өзгеруіндегі вариациялық қатарлар. Зертханалық жұмыс «Вариациялық қатар мен қисыққа құрылған модификациялық өзгергіштікті зерттеу». Белгілердің тұқымқуалауындағы цитологиялық негіздер. Дигибридті будандастыру кезіндегі хромосомалардың тәуелсіз ажырауы. Жынысқа тіркес тқұым қуалау. Есептер шығару. Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы. Кроссинговер нәтижесінде белгілердің тұқымқуалау заңдылықтарының бұзылуы. Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі. Көптік аллельділік. Комплиментарлық. Полимерия. Кенеттен және индуцияланған мутация. Гендік, хромосомалық, геномдық мутациялар. Модельдеу «Адам кариограммасын құру. Геномдық мутацияны оқып білу». Хромосомалар санының ауытқуымен байланысты адамның хромосомдық аурулары

2.3. «Эволюциялық даму, селкция негіздері, тірі ағзалардың әртүрлілігі» (11 сағат)

Тірі ағзалардың көптүрлілігі». Тұқымқуалайтын өзгергіштік пен эволюция арасындағы өзара байланыс. Тұқымқуалайтын өзгергіштік – эволюция негізі. Комбинативтік өзгергіштік, мутациялар. Табиғи сұрыпталу. Тіршілік үшін күрес. Гендер дрейфі. Популяциялық толқындар. Эволюцияның дәлелдемелері: молекулалық-генетикалық, салыстырмалы-анатомиялық, эмбриологиялық, палеонтологиялық, биогеографиялық, биохимиялық дәлеледемелер. Селекция әдістері арқылы ауыл шаруашылық өсімдіктері мен жануарлардың қолтұқымдарын жақсарту тәсілдері. Гибридизация (будандастыру). Полиплоидия. Жасанды мутагенез.

Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдері. Филогенетикалық шежіре ағашы. Кладограммалар. Филогенетикалық картның әр түрлі формалары. Кладограммалар мен филогенетикалық ағаштардың айырмашылығы. Кладограммалар мен филогенетикалық ағаштардың эволюциялық маңызы. Түр түзілудің механизмі. Түр түзілудің оқшаулаушы механизмі. Түртүзілудегі репродуктивті оқшаулану. Антропогенез кезеңдері. Проантроптар. Архантроптар. Палеоантроптар. Неоантроптар.

3. Қолданбалы кіріктірілген ғылымдар

3.1. «Молекулалық биология және биохимия». (12 сағат)

Жердегі тіршілік үшін судың маңызы. Көмірсуларды жіктеу: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер. Химиялық құрылымы. Көмірсулардың қасиеті және қызметтері. Зертханалық жұмыс «Редуцирленетін және редуцирленбейтін қанттардың тотықсыздандыруы зерттеу». Липидтердің құрылымдық компоненттері. Майлардың химиялық құрылысы мен қызметтері. Нәруыздарды құрамы (жай, күрделі) және қызметі бойынша жіктеу. Нәруыздардың құрылымдық деңгейлері мен құрылысы. Нәруыз денатурациясы мен ренатурациясы. Зертханалық жұмыс «Нәруыздардың құрылымына әр түрлі жағдайлардың әсері (температура, pH)». Биологиялық нысандарда нәруыздың болуы. Зертханалық жұмыс «биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау». ДНҚ құрылысы. Чаргафф ережесі. РНҚ молекуласының құрылысы мен қызметтері. Матрицалық (ақпараттық) РНҚ. Рибосомалық РНҚ. Транспорттық РНҚ. РНҚ және ДНҚ молекулалары құрылысынның ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

3.2.«Жасушалық биология». (6 сағат)

Жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктері. Жасушаның негізгі компоненттері: жасуша қабырғасы, плазмалық мембрана, цитоплазма және оның органоидтары (мембранасыз, бірмембраналы және қосмембраналы). Ядро. Жасушаның негізгі компоненттерінің қызметтері. Жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланыс. Жасуша мембранасының сұйық-мозаикалық моделі. Мембраналық нәруыздардың, фосфолипидтердің, гликопротеиндердің, гликолипидтердің, холестеролдың қызметі.

3.3 «Биотехнология» (4 сағат)

Микроағзаларды өндірісте, ауыл шаруашылығында, медицинада, тұрмыста қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері. ПТР-ді қолдану. Медициналық диагностикалауда, әкелікті негіздеуде, тұлғаларды дербестендіру медицинасында , гендерді клондауда, ДНҚ секвенирлеуде мутагенезде полимеразды тізбекті реакцияның маңызы. Гендік -инженериялық манипуляциялаудың кезеңдері. Гендік инженерияның маңызы. Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың оң және теріс тұстары. Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтары.


3.4. «Биомедицина и биоинформатика». (4 сағат)

Биомеханиканы робототехникада қолдану. Инженерлік биомеханика (экзоқаңқа, робототехника т.б.). Медициналық биомеханика (протездеу т.б. Эргометриялық биомеханика (оптимизация т.б.) Жүрек автоматиясының механизмі. Жүрек бұлшықеттерінің жиырылғыштығы. Электрокардиография, оның диагностикалық маңызы.






Бөлім

Бөлімше

1

Тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері

Қоректену

Заттардың тасымалдануы

Координация және реттелу

2

Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік.

Көбею

Өсу және даму

Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары

3

Ағза мен қоршаған орта

Биосфера, экожүйе, популяция

Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері

4

Қолданбалы кіріктірілген ғылымдар

Молекулалық биология және биохимия

Жасушалық биология

Биотехнология

Биофизика

4.4 биология пәнінің 11 сыныптарға арналған базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:


1. Тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері

1.1. «Қоректену» (10 сағат)

Хлоропластың құрылымдық компоненттері және олардың қызметтері. Фотосинтездің пигменттері. Зертханалық жұмыс «Әртүрлі өсімдік жасушаларында фотосинтездеуші пигменттердің болуын зерттеу».

Фотосинтездің жарық кезеңі. Фотофосфорлану.

Фотосинтездің қараңғы кезеңі. Кальвин циклі.

Фотосинтездің жылдамдығына әсер ететін факторлар. Фотосинтездің шектеуші факторлары: жарық толқынының ұзындығы немесе жарық интенсивтілігі, көмірқышқыл газының концентрациясы, температура.

Зертханалық жұмыс «Шектеуші факторлардың фотосинтездің интенсивтілігіне әсерін зерттеу».

Хемосинтез. Фотосинтез бен хемосинтез үдерістерін салыстыру.

1.2. «Заттардың тасымалдануы». (4 сағат)

Натрий-калий сорғысы мысалында белсенді тасымалдың механизмі

Заттар тасымалдануының симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдары және олардың маңызы.

Су потенциалы. Зертханалық жұмыс «Түрлі концентрациялы тұз ерітінділеріндегі жасушалардың су потенциалын анықтау»

1.3 «Координация және реттеу». (4 сағат)

Биологиядағы басқару жүйесі. «Басқару жүйесі» ұғымы. Температураның/көмірқышқыл газының/оттегі газының деңгейлерінің реттелуі мысалында кері байланыс принципі.

Гормондардың әсер ету механизмі.

Инсулин мен эстроген мысалдарында гормондардың нысана-жасушаларға әсер ету механизмі.

Өсіргіш заттар. Өсіргіш заттардың өсімдіктерге әсер ету механизмі. Ауксин әсері. Зертханалық жұмыс «Ауксиннің тамырдың өсуіне ықпал етуі».

2. Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік. Эволюциялық даму

2.1. «Көбею» (6 сағат)

Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары.

Сперматогенез бен оогенезді салыстыру.

2.2. «Өсу және даму» (2 сағат)

Бағаналы жасушалар ұғымы және олардың қасиеттері (қайта жаңаруы, жіктелуі). Бағаналы жасушалардың түрлері: эмбрионалды және соматикалық. Практикада қолданылуы. Этикалық аспектісі.

2.3. «Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары». (4 сағат)

ДНҚ-ң кездейсоқ мутациясы. генетикалық үдеріс қателері: репликация.

Халықаралық «Адам геномы» жобасы. Адамның геномдық ДНҚ-ін секвенирлеу. Жоба аясында жүргізілген зерттеулердің маңызы.

3.Ағза мен қоршаған орта

3.1. «Биосфера, экожүйе, популяция» (6 сағат)

Түрлердің биоалуантүрлілігі. Харди - Вайнбергтің генетикалық тепе-теңдік заңы. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін қорғау.

Жергілікті экожүйедегі ағзалардың саны мен таралуын анықтауда түрлі статистикалық әдістерді қолдану. Жергілікті экожүйенің биоалуантүрлілігін анықтауда кездейсоқ іріктеу әдісінің маңызы. Зертханалық жұмыс «Талдаудың статистикалық әдістерін қолдану арқылы өз аймағының экожүйесінің жағдайын анықтау».


2.4. «Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері» (4 сағат)

Ғаламдық жылыну: себептері, салдарлары және шешу жолдары. Модельдеу «климаттың ғаламдық жылынуының компьютерлік моделі»

Қазақстанның экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары.

4. Қолданбалы кіріктірілген ғылымдар

4.1. «Молекулалық биология және биохимия». (8 сағат)

Антиген мен антидененің әрекеттесу механизмі

Фермент пен субстраттың өзара әрекеттесуі. Ферментативті катализде белсенді орталықтың рөлі. Зертханалық жұмыс «Иммобилизациялаудың ферменттердің белсенділігіне әсерін зерттеу».

Транскрипция. Трансляцияның кезеңдері.

Генетикалық кодтың қасиеттері: үшөрімділігі, көптігі, әмбебаптығы, бірін-бірі жаппайтындығы.

4.2.«Жасушалық биология». (5 сағат)

Жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау. Зертханалық жұмыс «Жасушалардың негізгі компоненттерін микрофотографиялар қолданып сипаттау».

Органелдердің сызықтық ұлғаюын есептеу. Оптикалық және электронды микроскоптардың үлкейту және айқындау мүмкіндіктері арасындағы айырмашылықтар.

4.3 «Биотехнология» (9 сағат)

Грамм оң және грамм теріс бактериялар және олардың құрылыс ерекшеліктері.

«Рекомбинантты ДНҚ» ұғымы. Рекомбинантты ДНҚ алу тәсілдері. Рекомбинантты ДНҚ-ң қолданылуы. «Клондау» ұғымы.

Ағзаларды клондау тәсілдері.

Ферменттердің медицинада, химияда және өнеркәсіпте қолданылуы.

4.4. «Биомедицина және биоинформатика». (6 сағат)

Электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсер ету ерекшеліктері.

«Биоинформатика» ұғымы. Биоинформатиканың құралдарын зерттеулерге қолдану.

ЭКҰ (ЭКО) әдісі және оның маңызы. ЭКҰ-ң этикалық аспектілері.

Моноклоналды антиденелердің маңызы. Моноклоналды антиденелердің өндірісі. Моноклоналды антиденелер көмегімен ауруларды диагностикалау және емдеу.

2.2 Оқыту мақсаттарының жүйесі

Бағдарламада оқу мақсаттарын пайдалану ыңғайлылығы үшін кодтау енгізілді. Кодта бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар – бөлім мен бөлімшенің, төртінші сан – оқу мақсатының реттік санын білдіреді. Мысалы, 11.2.1.2 кодында: «11» – сынып, «2.1.» – бөлім мен бөлімше, «2» – оқу мақсатының реттік саны.


I. Тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері


Оқушылар орындай алуы тиіс…




10 класс

11 класс

Тірі организмдердің әртүрлілігі

10.1.1

11.1.1

10.1.1.1 Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдерін және сызбаларын сипаттау




10.1.1.2 кладограммалар мен филогенетикалық ағаштарды түсіндіріп беру

Қоректену




11.1.2

11.1.2.1. хлоропласттың құрылымы мен қызметі арасындағы өзара байланысты орнату


11.1.2.2 фотосинтездің жарық кезеңінде өтетін үдерістерді түсіндіру

11.1.2.3 фотосинтездің қараңғы кезеңінде өтетін үдерістерді түсіндіру

11.1.2.4 фотосинтездің шектеуші факторларын зерттеу және түсіндіру

11.1.2.5 фотосинтез және хемосинтез процестерінің ерекшеліктерін салыстыру

Заттардың тасымалдануы

10.1.3

11.1.3

10.1.3.1. беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының мәнін есептеу және олардың заттарды тасымалдауға қатысты маңызын түсіндіру

11.1.3.1 заттар тасымалданудың симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдарының мәнін түсіндіру

10.1.3.2 пассивті және активті тасымалдау механизмдерін салыстыру



11.1.3.2 натрий-калий сорғысы мысалында белсенді тасымалды түсіндіру

11.1.3.3 түрлі концентрациялы тұз ерітінділеріндегі жасушалардың су потенциалын зерттеу

Тыныс алу


10.1.4




10.1.4.1 АТФ-тың құрылысы мен қызметтерін сипаттау

10.1.4.2 анаэробты және аэробты тыныс алу барысындағы АТФ синтезін салыстыру

10.1.4.3 метоболизмнің түрлерін сипаттау

10.1.4.4 энергетикалық алмасу кезеңдерін сипаттау

10.1.4.5 митохондрия құрылымдары мен жасушалық тынысалу үдерістерінің өзара байланысты орнату

Бөліп шығару

10.1.5




10.1.5.1 су мөлшерін реттеудегі антидиуретикалық гормонның (АДГ) рөлін түсіндіру

10.1.5.2 диализ механизмін түсіндіру

10.1.5.3 бүйрек трансплантациясы мен диализдің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау

Қозғалыс

10.1.6




10.1.6.1 көлденең жолақты бұлшықеттердің құрылымы мен бұлшықеттің жиырылу механизмін арасындағы байланысты түсіндіру




10.1.6.2 жылдам және баяу жиырылатын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттерін, орналасуы мен құрылысының байланысын орналастыру

Координация және реттеу

10.1.7

11.1.7

10.1.7.1 жұлын мен мидың құрылысы мен қызметтерін оқып білу

11.1.7.1 биологиядағы басқару жүйесін сипаттау

10.1.7.2 механорецепторлардың тітіркендіргіштің өзгерісіне жауап беруін (Пачини денешігі) сипаттау

11.1.7.2 гормондардың әрекет ету механизмін түсіндіру

10.1.7.3 синапстың құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты орнату

11.1.7.3 өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсуді тездететін) әсер етуін зерттеу

II. Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік. Эволюциялық даму



Оқушылар орындай алуы тиіс…




10 класс

11 класс

Көбею



11.2.1

11.2.1.1. адам гаметогенезін түсіндіру

11.2.1.2 сперматогенез бен оогенездің айырмашылығын түсіндіру

Жасушалық цикл

10.2.1

11.2.1

10.2.2.1 өсімдіктер мен жануарлардағы гаметалардың қалыптасу ерекшелігін түсіндіру

10.2.2.2 жасушалардың бақылауға бағынбайтын бөлінуі нәтижесінде обырдың түзілуін түсіндіру

10.2.2.3 қартаю үдерісін түсіндіру

Өсу және даму




11.2.1

11.2.3.1 бағаналы жасушалардың мамандану үдерісін және олардың практикалық қолданылуын түсіндіру

Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары

10.2.1

11.2.1

10.2.4.1 модификациялық өзгергіштіктің заңдылықтарын зерттеу

11.2.4.1 мутациялардың ДНҚ репликациясы арасындағы байланысын табу

10.2.4.2 дигибридті будандастыру, жыныспен тіркескен тұқым қуалаудың цитологиялық негіздерін есептер шығаруда қолдану

11.2.4.2 Халықаралық «Адам геномы» жобасының маңызын талқылау

10.2.4.3 аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуін салыстыру




10.2.4.4 мутация типтері мен мутагенез себептерін зерттеу

10.2.4.5 хромосомалар санының ауытқуымен байланысты адамның хромосомдық ауруларын (аутосомдық және жыныстық) сипаттау

Селекция негіздері

10.2.5




10.2.5.1 селекция әдістері арқылы ауыл шаруашылық өсімдіктері мен жануарлардың қолтұқымдарын жақсарту тәсілдердің зерттеу

Эволюциялық даму

10.2.6

10.2.6.1 тұқымқуалайтын өзгергіштік пен эволюция арасындағы өзара байланысты түсіндіру

10.2.6.2 эволюцияның дәлелдемелерін талдау

10.2.6.3 эволюцияның дәлелдемелерін оқып-білу

10.2.6.4 антропогенездің кезеңдерін атау

III. Ағза мен қоршаған орта



Оқушылар орындай алуы тиіс…




10 класс

11 класс

Биосфера, экожүйе,

популяция





11.3.1

11.3.1.1 экожүйенің алуан түрлілігі мен тұрақтылығы арасындағы өзара байланысын орнату

11.3.1.2 өз аймағының экожүйесін статистикалық талдау әдістерін қолданып зерттеу

Адам іс−әрекетінің қоршаған ортаға әсері




11.3.2

11.3.2.1 мүмкін болатын климаттың жаһандық жылыну салдарыа болжау

11.3.2.2 Қазақстанның экологиялық проблемаларының шешу жолдарын ұсыну

IV. Қолданбалы кіріктірілген ғылымдар



Оқушылар орындай алуы тиіс…




10 класс

11 класс

Молекулалық биология және биохимия


10.4.1

11.4.1

10.4.1.1 Жердегі тіршілік үшін судың іргелі маңызын түсіндіру

11.4.1.1 антиген мен антидененің әрекеттесуін түсіндіру

10.4.1.2 көмірсуларды құрылымы, құрамы және қызметтері бойынша жіктеу

11.4.1.2 фермент-субстрат комплексінің түзілу механизмін түсіндіру

10.4.1.3 майлардың химиялық құрылысы мен қызметтерін сипаттау

11.4.1.3 нәруыз биосинтезі үдерісінің кезеңдерін сипаттау

10.4.1.4 нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу

11.4.1.4 генетикалық кодтың қасиеттерін түсіндіру


10.4.1.5 түрлі жағдайлардың нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу



10.4.1.6 биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау

10.4.1.7 Чаргафф ережелері негізінде ДНҚ репликациясы үдерісін сипаттау

10.4.1.8 РНҚ типтерінің құрылысы мен қызметтерін ажырату

10.4.1.9 РНҚ және ДНҚ молекулаларының құрылысын салыстыру

Жасушалық биология

10.4.2

11.4.2

10.4.2.1 электронды микроскоп арқылы көрінетін жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктерін түсіндіру

11.4.2.1 микрофотография қолданып жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау және сипаттау

10.4.2.2 жасуша мембранасының сұйық кристалды моделін пайдаланып, жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланысты орнату

11.4.2.2 жасушалардың компоненттерінің нақты мөлшерін анықтау

Биотехнология

10.4.3

11.4.3

10.4.3.1 биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау

11.4.3.1 грамм «оң» және грамм «теріс» бактерияларды зерттеу

10.4.3.2 полимеразды тізбекті реакцияның таксономияда, медицина мен криминалистикадағы маңызын сипаттау

11.4.3.2 рекомбинантты ДНҚ –ны алу тәсілдерін түсіндіру

10.4.3.3 рекомбинантты ДНҚ –ны алу тәсілдерін түсіндіру

11.4.3.3 ағзаларды клондау тәсілдерін түсіндіру

10.4.3.4 Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық тұрғыдан талқылау

11.4.3.4 ферменттерді медицинада, өнеркәсіпте қолдану мүмкіндігін талқылау

Биомедицина и биоинформатика

10.4.4

11.4.4

10.4.4.1 биомеханиканы робототехникада қолдалынуын зерттеу

11.4.4.1 электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсерін түсіндіру

10.4.4.2 электрокардиограмманы қолдана отырып жүрек автоматиясы механизмін түсіндіру

11.4.4.2 биоинформатиканың рөлін сипаттау

11.4.4.3 ЭКҰ (ЭКО) әдісінің маңызын түсіндіру

11.4.4.4 ауруларды диагностикалау және емдеуде моноклональды антиденелерді қолдануды түсіндіру

Ескерту: Оқу үдерісін жүзеге асырудың ерекшеліктеріне сәйкес тоқсан ішінде тараулардың ретін өзгерту, сондай-ақ оқу мақсаттарының тараудың ішіндегі және тоқсандағы ретін өзгертуге рұқсат етіледі. Тарауларды тоқсаннан тоқсанға өзгертуге рұқсат етілмейді.

2.2 Оқыту мақсаттарының жүйесі

Бағдарламада оқу мақсаттарын пайдалану ыңғайлылығы үшін кодтау енгізілді. Кодта бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар – бөлім мен бөлімшенің, төртінші сан – оқу мақсатының реттік санын білдіреді. Мысалы, 11.2.1.2 кодында: «11» – сынып, «2.1.» – бөлім мен бөлімше, «2» – оқу мақсатының реттік саны.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет