Бағдарламасы 1 Түсіндірме жазба



бет2/6
Дата20.06.2018
өлшемі394,5 Kb.
#44010
1   2   3   4   5   6

2-ші бөлімде «Биология» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер» мұғалімдердің пән бойынша тілдік білімдер мен дағдыларды дамыту жолдары айқындалған. Сонымен бірге, негізгі биологиялық терминдер глоссариін жасауға кеңес беріледі. Бұл ағылшын тілінде оқытылатын «Биология» пәнінің мазмұнын жақсырақ түсінуге, сондай-ақ «Биология» пәнін кез келген тілде зерделеуді жалғастыруға көмектесетін болады.

2-ші бөлімде «Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту» оқушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын мұғалімдердің пән арқылы жоғары деңгейде дамыту жолдары сипатталған.

3- шы бөлімде «Биология» пәні бойынша оқу нәтижелерін бағалау жолдары» бағалау тілі белгіленген.




2 «Биология» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер


Оқу бағдарламасын жүзеге асыруда оқушылардың «қалай білім алу керектігін білетін», дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты, ой-өрісі дамыған жеке тұлға ретінде қалыптастыруына бағытталған қағиданы ұстану қажет.

Мұғалімдер биология сабақтарында бұл қасиеттерді түрлі оқыту стратегиялары арқылы дамытады деп күтілуде. Атап айтқанда:



  • Адамның және адам мәдениетінің әлеуметтік тәжірибесінің бейімделуі;

  • Психологиялық қолайлы жағдай туғызу;

  • оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту;

  • әр оқушының шығармашылық әлеуетін дамыту;

  • эмоционалды-құндылықтық қарым-қатынастарды дамыту;

  • оқушылардың өз танымдық қызығушылықтарын анықтап, жүзеге асыруына мүмкіндігі болатын жағдайлар туғызу;

  • оқу әрекетінің түрлі формаларын (топтық және жеке) меңгеру;

  • өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту және болашақ мамандығында өз жолын таба білуге қажетті танымды саналы түрде қажет ету сезімін қалыптастыру;

  • проблемаларды шешу стратегияларын оқушыларға түсінікті мысалдармен үлгілеу;

  • «Оқу үшін бағалау» көмегімен оқушылардың білім алуына қолдау жасау;

  • Оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін және зерттеулерге негізделген белсенді оқуын ынталандыру.

«Биология» пәнін оқытудағы педагогикалық тәсілдерді жүзеге асыруға көмектесетін оқу іс-әрекеттерінің түрлері:

  • эксперименттік жұмысқа қатыстыру, мысалы ферменттерді иммобилизациялау, құрамындағы тұз мөлшері әр түрлі ерітінділердегі жасушалардың су әлеуетін анықтау, Қазақстанның экологиялық проблемаларын зерттеу;

  • биологиялық үдерістерді үлгілеу, мысалы жер бетіндегі тірі ағзалардың қозғалыс биомеханикасын зерттегенде, жүректе өтетін электр үдерістерін зерттеуде;

  • биологиялық үдерістер мен табиғат құбылыстарын түсіну, түсіндіру және болжау үшін үлгілеудің түрлі әдістерін пайдалану;

  • биология проблемалары бойынша түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты таңдау, талдау жүргізу, салыстыру және алынған ақпаратты объективті бағалау (мысалы, генді модифицикацияланған ағзалардан алынған өнімдердің әрекетін, адамды клондау, органдарды трансплантациялаудың салдарын зерттеу).

Үш тілде білім беру саясатына сәйкес оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуды қолдау

Мұғалімдер үш тілде білім беру саясатының жүзеге асуын қолдай отырып, оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға көмектеседі. «Биология» пәнінің мазмұнын меңгертуді қамтамасыз ете отырып, белгіленген пәнге сай «ғылыми тілдің» қалыптасуына қолдау көрсетіледі. Бұл үшін әрбір биология сабағына арналған тілдік мақсаттар белгіленеді. Пән мұғалімдері диалог пен жазылымға қажетті тіркестерді пайдалануды қоса алғанда, ұйымдастырылған және жүйелі тілдік қолдау арқылы оқушылардың тілді үйренуін ынталандырады.

Түрлі мәдениеттер мен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру жеке тұлғалық, тұлғааралық және мәдениетаралық құзыреттіліктерді қажет етеді. Бұл құзыреттіліктер оқушылардың әлеуметтік және кәсіби орталарда, көпмәдениетті қоғамда тиімді әрі конструктивті әрекет етуіне мүмкіндік береді.

Мәдениет пен көзқарастардың алуантүрлілігіне құрмет сезімі биология сабақтарында келесі жолдармен жүзеге асады:



  • Ақпаратты өз бетімен таба білу және талдау;

  • Жағдайды талдау және шешім қабылдай білу;

  • Жаңа жағдайларға бейімделе білу;

  • Өз уақытын дұрыс ұйымдастыра білу;

Жұпта, топта, командада жұмыс істей білу, бұл тұлғааралық құзыреттіліктерді дамытуға және әр идеяны бағалай білуге мүмкіндік береді.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану құзыреттiлiгі


Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі жұмыс барысында, бос уақытта және қарым-қатынаста технологияларды сенімді және шығармашылықпен қолдана білуді қамтиды.

Оқушылар өздерінің АКТ қолдану дағдыларын білім беру бағдарламасындағы барлық пәндерді оқу барысында дамытады. Олар ақпаратты табады, құрады және онымен жұмыс істейді, мәліметтер мен ой түйіндерімен бөлісе және алмаса отырып, құрал-жабдықтар мен қосымшалардың кеңінен пайдалану арқылы өз жұмысын бағалайды және жетілдіреді.

«Биология» пәні оқу бағдарламасында АКТ дағдыларын дамыту төмендегідей көрініс табады:


  • ақпаратты өз бетімен іздестіру, интернеттегі дереккөздерді қолдана отырып, қажетті ақпаратты талдау және іріктеу дағдыларын дамыту;

  • биологияның түрлі тарауларын оқу кезінде виртуалды зертхананың бағдарламалық жабдықтамасын пайдалану;

  • презентация жүргізу үшін кестелер, диаграммалар, графиктер, слайдтарды құру үшін түрлі компьютерлік бағдарламаларды пайдалану;

  • ақпаратты өңдеу және өз жұмысының нәтижелерін ұсынуға арналған оргтехниканы пайдалану;

  • оқу барысын белсенді жүргізу үшін интерактивті тақталарды пайдалану;

  • түрлі бағдарламалық жабдықтамалар арқылы үлгілеу дағдыларын жетілдіру;

  • биологиялық құбылыстар мен үдерістер туралы білімдерін тереңдету және кеңейту үшін мультимедиялық қорларды пайдалану дағдыларын жетілдіру;

  • ақпарат және пікірлермен алмасу, жобалау қызметін (жұмысын) орындау үшін сайттар жасауды үйрену;

  • мектеп шегінен тыс өзекті тақырыптар мен проблемалар тақырыбындағы онлайн форумдар мен конференцияларға қатысу арқылы биологиялық терминология мен негізгі құзыреттіліктерді қолдану.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет