Ұлылықтың бастауы – Ұлы далам!» Пікіріңізді дәйектерге сүйеніп, дәлелдеп жазыңыз |
1
|
|
35
|
Шығармашылық тапсырмалар
|
1
|
|
36
|
Жылдық қорытынды сабақ
|
1
|
|
Оқу үрдісін ұйымдастыру формалары:
10,11-сыныптардың бағдарлама құрылымы дәстүрлі сабақтар өткізуден, белгілі бір тақырыптар бойынша шығармалар оқудан (эсселер жазудан, талдаудан, пікірталастар жүргізуден және т.б.) тұрады.
Оқушылардың сыныптық (аудиториялық) және өзіндік жұмыстарының өзара байланысы:
- Берілген курсты жоғары дәрежеде меңгеру үшін тақырыптар бойынша өздік жұмыстар жүргізуге ерекше мән беріледі.
- Курсты оқу барысында оқушылар үшін өздік жұмыстармен айналысуға үлкен мүмкіндіктер қарастырылған.
- Курс бағдарламасы бойынша оқу барысында оқушылар практикалық және дәріс сабақтарына, пікірталастарға қатысады және жеке жұмыс істеп үйренеді.
Қорытынды бақылау:
Оқушылардың білімі мен дағдысын бағалау курстың негізгі мәселелері бойынша сұрақтардан (тапсырмалардан) тұратын қорытынды тест арқылы өткізіледі.
Эссе жазуға дайындық үшін ұсынылатын шығармалар
10-сынып бойынша:
Авторлары:
Оқулық, Қазақ әдебиеті оқулығы, 10-сынып, ҚҒБ, С.Қирабаев, Ұ.Асыл, К.Құрманбай, С.Дүйсебаев, Б.Әрінова, «Мектеп» баспасы, 2014 жыл. Хрестоматия, З.Ахметов, Ұ.Асыл, «Мектеп» баспасы, 2014 жыл.
1. Махамбет Өтемісұлы, «Қара нар керек бұл іске» өлеңі.
2. Қашаған Күржіманұлы, «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңі.
3. Мәшһүр Жүсіп Көпеев, «Ғибратнама» өлеңі.
4. Ыбырай Алтынсарин, «Атымтай Жомарт» («Жомарт») әңгімесі.
5. А.Құнанбаев, «Жігіттер, ойын - арзан, күлкі - қымбат» өлеңі, 19-қарасөзі, «Ескендір» поэмасы.
6. Шәкәрім Құдайбердиев, «Еңлік-Кебек» поэмасы, «Жастарға» өлеңі.
7. Мұхит Мералыұлы, «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдері
8. Үкілі Ыбырай, «Қалдырған» өлеңі.
9. Мәди Бәпиұлы, «Қарқаралы», «Қаракесек» өлеңдері.
10. Ақан сері, «Асыл мен Жасық», «Жақсы мен Жаман», «Құлагер»
Достарыңызбен бөлісу: |