Бағдарламасы 18. 09. 2013 Баспа №1 «Қалааралық жолаушылар тасымалдары» ПӘнінен оқУ-Әдістемелік кешен



бет2/4
Дата14.04.2017
өлшемі0,68 Mb.
#13879
түріБағдарламасы
1   2   3   4

Автоматтандырылған технологиялық үрдістер кассирдің АЖО (автоматтандырылған жұмыс орны) бос орындардың бар болғандығы келіп түскенде ғана, билеттер ақпарат орталықтандырылған компьютерден түседі. Орталықтандырылған компьютерлер, компьютерлік жұмыс станцияларына тораптармен байланысқан. Орталықтандырылған компьютерлер үлкен автовокзалдарда орнатылған.

Қолмен іске асатын технологияларда рейс бойынша бос орындардың бар болуын операторлар енгізеді. Ол үшін олар арнайы кесте формасындағы банктерді толтырады және әртүрлі автобус модельдеріне сәйкес орындардың орналасу схемасын толтырады. Оператор кассирлерге анықтама бөліміндегі қызметкерлерге және хабарлаушы дикторға мәлімдейді. Мәліметтерді жіберу үшін әртүрлі автовокзалдар операторлары телефон арқылы байланысады. Бұл әдіс көптеген жұмысты талап етеді, ескірген болып саналады. Бұл әдісті кассирдің АЖО жоқ жағдайда пайдаланады.

Билеттер сатылатын пунктер арасында тұрақты байланыс болмаған жағдайда орталықтандырылмаған, яғни билеттерді өткізудің «айналыс» технологиялық үрдісі қолданылады.

Маршруттың алғашқы пункттерінде кассирлер жолаушыларға билеттерді алдын-ала және жүргелі тұрған автобустарға да сатылады. Аралық тоқтау пункттерінде билеттер тек жүретін автобустарға бос орындар болған жағдайда ғана сатады, алдын-ала сатпайды. Бос орындардың бар болуы, тек автобус автовокзалға келген жағдайда ғана белгілі болады. Бұл автобустың қосымша 10-15 минут тұрып қалуына әкеледі. Кей жағдайда жүргізушіге билеттерді сатуға мүмкіндік береді.

Автовокзал территориясын жақсы ұстау үшін, сыпырушы перрондарды, алаңдарды және жүретін жерлерді тазалайды, өсіп тұрған жасыл өсімдіктер үнемі суарылады, перрондар мұз бен қардан тазаланады, мұзға қарсы материалдармен өңделеді, жолаушылар аз кезде дымқыл түрдегі тазалық жұмыстары жүргізіледі.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Автовокзал қызметкерлері жолаушыларға қандай қызмет көрсете алады?

2. Жолаушылар автовокзалда өздеріне-өздері қандай қызмет жасайды?

3. Кассирдің АЖО деп нені түсінесіз?



Ұсынылатын әдебиеттер

1. Афанасьев Л. Л., Островский Н. Б., Цукерберг С. М. Единая транспорт­ная система и автомобильные перевозки: Учебник. - М.: Транспорт, 1984. - 384 с.

2. В. А. Гудков, Л. Б. Миротин, А. В. Вельможин, С. А. Ширяев Пассажирские автомобильные перевозки: Учебник для вузов

3. Гудков В. А., Миротин Л. Б. Технология, организация и управление пас­сажирскими автомобильными перевозками: Учебник. - М.: Транспорт, 1997. - 254 с.

4-дәріс. Багаж және поштаны тасымалдауды ұйымдастыру

Дәріс жоспары:



  1. Багаждарды тасымалдау

  2. Поштаны тасымалдау

Қалааралық автобус жолдарында жолаушылардың автомобиль көлігімен багаж тасымалдаулары да орындалады. Әдетте, қалааралық автобустарда багаж салу үшін автобус еденінің астында орын дайындалады. Салонда ауыр заттарды тасуға болмайтындықтан, бұл қозғалыстың қауіпсіздігін арттырады, яғни автобустың ауырлық центрі азайып, жолда келеңсіз жағдайлар болса, багаж адамдарды жарақаттандырмайды. Көлемі немесе массасы жағынан өте көп жүктерді тасымалдау үшін, багажды автомобильдер рейстермен ұйымдастырады. Осындай багаж тасымалдаулары үшін жүк машиналары қолданылады, оның кузовы фургон тәріздес болады. Багажды рейстерді іске асыратын автомобильді қозғалысты ұйымдастыру, автобусты қозғалыстарға ұқсас іске асырылады.

Халықаралық автобус жолдарында багаждарды тасымалдау халықаралық конвенциялар, тасымалдың үкімет аралық келісімдермен және ережелерімен реттеледі. Жолаушылар және багаждарды халықаралық автомобильді тасымалдау жайлы конвенцияда (ТМД-ға қатынасатын мемлекеттер) келесі ереже тағайындалады: жолаушылардың ақысыз тасымалданатын жүгіне массасы 20 кг-нан артық емес, көлемі 600*400*200мм-ден аспайтын заттар жатады. Қалған заттар халықаралық автобус маршруттарында жекелеме ақы төлеумен тасымалданады. Мемлекеттердің шекаралар қиылысында жолаушы багажы кедендік қарауға алынады және жолаушыларының барған мемлекеттерінің ережесі бойынша өңделеді.



Пошталық тасымалдау

Бір де бір тасымалдаушы мемлекеттік кәсіпорынның келісім шарты бойынша қалааралық және халықаралық үнемі маршруттарда поштаны тасымалдаудан бас тарта алмайтыны заңда көрсетіледі. Сондықтан да қалааралық автобустарда поштаға арналған қоршаулар болады. Поштаны автомобиль көмегімен тасымалдау ҚР-ның ақпараттандыру және байланыс министрлігі тағайындаған формада болатын құжат бойынша жүзеге асады. Тасымал ережелерін ҚР-ның ақпараттандыру және байланыс министрлігі көлік министрлігімен бірігіп бекітеді.

Автовокзалдағы поштаны тасымалдау бөлімі вокзал ғимаратының маңайында орналастырылады. Жұмыс уақытында почтальондарға барлық жолдардағы автобустарда тегін жүруге рұқсат етіледі. Пошталық автомобильдерде арнайы почта деген жазу болады. Ауылдық жерлерде автомобильдік көліктер пошталық-багажды тасымалдау үшін қолданылады. Поштаны және пошталық багаждарды тасымалдау барысында бөгде адамдарды тасымалдауға тыйым салынады.

Автобустардың ұдайы маршруттарында поштаны тасымалдауды ұйымдастыру барысында, вокзалдарда және автобус станцияларында пошталық байланыс пункттерді орнатады. Поштаны тиеу-түсіру және оның жолдағы бүтіндігін сақтау, байланыс кәсіпорынның құралдары және күштерімен жүзеге асырылады. Байланыс кәсіпорыны мен көліктік ұйымының арасындағы келісім шарт бойынша, поштаның жолдағы бүтіндігін қамтамасыз ету тасымалдаушыға жүктеледі. Автомобильдік көліктік ұйымының поштаның жоғалуына, бүлінуіне, кешігуіне жауапкершілігін байланыс жайлы заңдарға сәйкес орнатылады. Пошталық жөнелтулерді жүктер орындарына ұйымдастыру үшін қаптар мен пошталық контейнерлер арқылы орындалады.

Қалааралық автомобиль жолдарында мемлекеттік қызмет мақсатындағы құжаттар тасымалдау мүмкін. Мұндай жөнелтулерді жеткізу арнайы әскери курьермен қамтамасыз етіледі.

Әлемдік практикада пошталық жөнелтулерді және массасы 250кг дейін ұсақ жөнелтулерді, арнайы коммерциялық ұйымдар көмегімен экспресс жеткізу кең түрде тарайды. Мысалы, трансұлттық компаниялардың бірі DHL, оның 228 мемлекетте қамтамасыз етілетін пунктер мен тораптары 252 әуе және кеме, сондықтан-ақ өте көп автомобиль құралдары бар, жұмысшылар саны 60 мыңнан астам. Компаниялардың жеткізудегі шектеулі мерзімдер 2 күн, олар “есіктен-есікке” принципі бойынша жұмыс істейді. Компаниялардың жеткізу пунктерінің тораптары даму үстінде.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Қандай шарттар орындалғанда багаж тегін тасымалданады?

  2. Халықаралық жолдарда багаждар қалайша тасымалданады?

  3. Пошталық багаждарды тасымалдау үшін қандай көлік құралдары қолданылады?

  4. Пошталар қандай заттарға салынып тасымалданады?

  5. Әлемдік практикада пошталар қалайша тасымалданады?

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Афанасьев Л. Л., Островский Н. Б., Цукерберг С. М. Единая транспорт­ная система и автомобильные перевозки: Учебник. - М.: Транспорт, 1984. - 384 с.

2. В.А.Гудков, Л. Б. Миротин, А. В. Вельможин, С. А. Ширяев Пассажирские автомобильные перевозки: Учебник для вузов

3. Гудков В.А., Миротин Л. Б. Технология, организация и управление пас­сажирскими автомобильными перевозками: Учебник. - М.: Транспорт, 1997. - 254 с.

5-дәріс. Қалааралық және халықаралық диспетчерлік басқару

Дәріс жоспары



  1. Жолдық диспетчердің қызметтері

  2. Қалааралық жолдардағы диспетчердің қызметтері.

  3. Қозғалысты басқару диспетчерінің қызметі.

Қалааралық маршруттағы автобустардың қозғалыстарын жолдық басқару және автовокзалдар мен жолаушылар автостанциясын оперативті басқару, типтік технологиялар үрдістерімен жүзеге асады. Қалааралық маршруттағы автобустар қозғалыстарын жолдық диспетчерлік басқару келесі принциптерге сүйенеді:

  1. рейстік (басқару объектісі жеке рейстер);

  2. жолдық бағытта;

  3. учаскелік (маршрут трассасы диспетчерлік участектерге бөлінеді).

Қалааралық жолдарда қызмет көрсететін объектілері жеке бағыттар болып табылады. Олар автомобильді жолдар трассалары және олардағы жолдар легімен анықталады. Бұл диспетчерлік байланыс құралдарының жолдық ұйымдастырылуын, резервті автобустардың дислокациялануын алдын-ала анықтайды. Маршруттардың ұзақтығы автобустың қозғалысын тек бір орталық арқылы басқаруға мүмкіндік бермейді. Сондықтан да, қалааралық маршруттар жүретін автомобильді жолдарды диспетчерлік учаскілерге бөлінеді. Участіктің шекаралары аралық автовокзалдар мен жолаушылар автостанциялардың ортасына қойылады. Өздерінің шекараларына диспетчерлік участіктер бекітілген автовокзалдар (ЖАС) рейстердің орындалуын бақылайды, автобустардың қозғалысын басқарады, бұзылған автобустарды резервті автобустармен алмастырады. Рейстік автобус диспетчерлік участік шекараларынан бір автовокзалдан екіншісіне эстафета принципі бойынша өтеді. Қозғалысты бақылауды қамтамасыз ету үшін радио бақылау әдісі қолданылады. Бұл әдіс автобуста радиобайланыстың болуын және автобустың қайда тұрғанын үнемі хабарлап отыруға шығуын және диспетчерден қозғалыс режимі туралы мәліметтер алуды қадағалау. Соңғы уақыттарда спутниктік байланыс жүйелерін қолданып, қозғалмалы объектіні қадағалайтын автокөлікті электронды түрде көретін құрал дайындалған. Радио бақылау таулы аймақтарда маңызды болып саналады. Кезекті радиобайланыс сеансқа шықпаған кезде, аға диспетчер айырық диспетчері бөгелу жағдайын түсіну үшін жіберіледі. Қалааралық жолдарда диспетчерлік бақылаудың спецификалық қызметі болып аралық автовокзалдар және жолаушылар автостанция диспетчері бір-біріне бос орындардың бар болуы жөнінде ақпарат беруі табылады. Бұл ақпарат автовокзал диспетчері перрон бойынша кезекшіден алып отырады. Ол автобус келгенге дейін билет сатуды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл автобустың тұрып қалуын азайтады және түсімді арттырады.

Диспетчерлік бақылау автовокзалдың өндірістік-диспетчерлік бөлімі тобымен және жолаушылар автостанциялар диспетчерімен іске асады. Топтың бастығы жетекшілік етеді. Көлемді жұмыстар болған кезде, диспетчерге қозғалыстың анықталған бағыты бөлініп береді. Қала сыртындағы автобус маршруттарына жеке диспетчер тағайындалады. Ауысым басталған уақытта қозғалысты басқару диспетчері келесілермен танысу қажет:

● тасымалдау жағдайымен;

● қозғалыс кестесімен;

● диспетчерлік участіктегі ауа райы жағдайын;

● автобустардың рейске дайындығын;

● резервті автобустардың бөліну жоспарымен және оның санымен;

● келіп түскен бұйрықтармен және т. б. ақпараттармен.

Жұмыс үрдісінде диспетчер келесілерді бақылайды, тексереді:


  1. рейсті орындауға арналған автобустың өз уақытында келуі;

  2. рейске арналған автобусқа жолаушылардың сиуы;

  3. рейске автобустың жайлы болуы;

  4. транзитті және рейсті аяқтаған автобустардың автовокзалға келу уақыты;

  5. автобустардың рейске жіберілу уақыты.

Қозғалысты басқаратын топтағы диспетчерлік персоналдар АКҰ-дан келген және транзитті жүргізушілерден жолдық құжаттарын тексереді, жолдық парақтарға және қозғалыстың ведомостарына белгілеулер жасайды. Іс-сапардағы жүргізушілер диспетчерден жолдық парақтарын алады және маршрутқа шықпай тұрып автовокзал мед. пунктінен медициналық қараудан өтеді. Кері рейске шығатын немесе транзитті рейсте ұзақ болған жүргізушілер де медициналық қараудан өтеді. Автовокзалдың техникалық пунктінің механигі автобустарды қарайды және жолдық парақтар мен журналдарға белгі қояды, содан кейін жүргізушіге жолға шығуға мүмкіндік береді. Қалааралық жолдарда бақылау пункттеріне автовокзалға дейін жолаушылар автостанциялары жатады. Сондықтан да диспетчерлік бақылаулар осы жерлерде де болады. Рейстен келу және кету уақыты бақылауға енеді. Автобустың келу уақыты, перронда тоқтаған уақытымен анықталады. Рейске шығуы, перроннан автобустың жүрілген уақытынан есептелінеді. Жөнелтілу 20 минутқа артық бөгелсе, бұл жайлы ақпаратты диспетчер келесі автовокзалға хабарлайды. Ал 1 сағаттан артық бөгелсе, бүкіл маршрутқа хабарлайды.

Радиобайланыс сеансы жүргізушіні алаңдатпау керек. Егер 2 жүргізуші болса, радиобайланысты екіншісі атқарады. Басқа жағдайда радиобайланыс үшін қысқа аялдама жасалады немесе қатты сөйлеу байланысы қолданылады.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Жолдық диспетчердің қызметтері қандай?

  2. Қалааралық жолдардағы диспетчерлер қандай қызметтерді орындайды.

  3. Қозғалысты басқару диспетчері қандай қызмет атқарады?.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Афанасьев Л. Л., Островский Н. Б., Цукерберг С. М. Единая транспорт­ная система и автомобильные перевозки: Учебник. - М.: Транспорт, 1984. - 384 с.

2. В.А.Гудков, Л. Б. Миротин, А. В. Вельможин, С. А. Ширяев Пассажирские автомобильные перевозки: Учебник для вузов

3. Гудков В.А., Миротин Л. Б. Технология, организация и управление пас­сажирскими автомобильными перевозками: Учебник. - М.: Транспорт, 1997. - 254 с.
6-дәріс. Арнайы және туристік-экскурсиялық автобусты тасымалдауды ұйымдастыру

Дәріс жоспары:



  1. Туристік-экскурсиялық тасымалдаулар.

  2. Балалар тасымалдары.

  3. Ауылдық жерлердегі тасымалдаулар

Арнайы тасымалдауларға эксплуатациялық шарттардан шығатын ерекше нормативті талаптармен ескерілген, көлікпен тасымалданатын жолаушылық контингентінің немесе жол жүрулердің мақсаттық тағайындауларының технологиялық процесті ұйымдастырудың ерекше формалары бар тасымалдаулар жатады.

Туристтік-экскурсиялық тасымалдауларда тарихи-мәдени объектілерді және демалу орындарға баруға тур оператормен ұйымдасқан туристтер тобына қызмет көрсетеді.

Жүйелі тасымалдаумен сәйкес келмейтін арнайы және туристік-экскурсиялық маршрут бойынша тасымалдаулар маршрут трассасын қараудан өткізу арқылы жүзеге асырылатын қауіпсіздік талаптарына сай, жол маршруттарын тексеру немесе жол органдарының және жол полициясының анықтамаларынан кейін ұйымдастырылады.

Жұмысшыларды жұмыс орнына және қайтадан жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін тұрғылықты жеріне, сонымен қатар жұмыс уақыты ішінде жеткізуге арналған қызметтік тасымалдаулар кең таралған. Қызметтік тасымалдаулар қоғамдық пайдаланудағы автобустармен де, олардың өндірістік мұқтаждықтарын қанағаттандыратын көліктік емес ұйымдардың автобустарымен жүзеге асады.

Қызметтік әртүрлілігі өндіріс мекемелеріне жеткізілетін мұнайды жер күзетшілері, таулы жер күзетшілері, құрылысшылар және т. б. күзеттік жұмысшылар тасымалдауы болып табылады. Ұдайы қызметтік тасымалдауды қозғалыс кестесі бойынша жүзеге асырады. Арнайы қозғалыс тәртібі экспресті және жартылай экспрессті болып келеді. Қызметтік тасымалдау бірнеше тапсырушылар бойынша болуы мүмкін, паритетті бастаулардағы тасымалдау қашықтығы мен жолаушылар санының жартылай жалақысына пропорционал. Автобусқа бөтен адамдар кірмеуі үшін жұмысшыларға администрациядан арнайы талондар беріледі. Қызметтік тасымалдаудың техника-экономикалық жобалауы қызметтік маршруттарға іспеттес қолданылған нормативтер бойынша жүргізіледі.

Тасымалдаудың маңызды әлеуметтік түрі балаларды тасымалдау болып келеді. Ауылдық жерлерде ұдайы маршруттардың жоқ болуына байланысты, балаларды апарып-әкелуге арналған мектептік маршруттар ұйымдастырылады. Мұндай маршруттарда жұмыс істейтін автобустар таңертенгі кезде балаларды жинап алып, мектепке жеткізеді, ал сабақ біткен соң үйлеріне тасиды. Мектеп маршрутын ұйымдастыруда оқу орнының жұмыс уақытымен балалардың алыста тұруын ескереді. Бұл жағдайлар маршруттың жылдық қарастыруын және ондағы автобустың қозғалыс тәртібін талап етеді. Мектептік тасымалдау жергілікті өзін-өзі басқару мүшелерімен қатысулары бойынша немесе көпшілікке қолданылатын автобустармен ауылдық орманды жерде және т. б. мекемелер автобусымен ұйымдастырылуы мүмкін. Қалаларда мектептік тасымалдау оқушыларды ақылы оқу орнына тасымалдау кезінде таратылады. Мұндай тасымалдаулар оқу орындарының сұранысы бойынша ұйымдастырылады және ата-аналармен төленеді. Ұдайы маршруттардың кейбір рейстерінде тұрғын пунктерге бару да қарастырылады. Мектеп балаларын тасымалдау рейстері мен маршрутары, сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдарға ата-аналарынсыз балаларды жеткізуді де ұйымдастырады.

Балаларды тасымалдау автобуста бірге жүретін кісі болғанда жүзеге асады. Оның аты-тегі жол парағына жазылады. Жазда немесе мектеп демалысы кезінде балаларды демалу орындарына жаппай тасымалдау да ұйымдастырылады. Автобустардың колонналарының қозғалысы жол- патрульдерінің қызметкерлерімен және медициналық жұмысшыларының бірге жүруімен ұйымдастырылады.

Балаларды тасымалдау жылдамдығы 60 км/сағ құрайды. Қысқа уақытты аялдамалар кезінде автобусты жолдың оң жағына орналастырады. Балаларды тасымалдау маршрутында балалар тек қана отыруы керек. Автобустың алдыңғы және артқы терезелеріне көлік құралын тануға арналған “Балалар тасымалы” деген сурет қойылады. Балаларды тасымалдау тек қана жарық уақытта ғана орындалады. Балаларды тасымалдайтын автобустар фардың жақын жарығымен қозғалады. Багаж жолаушылар отырмайтын жерде орналасады немесе басқа көлікпен тасымалданады. Мектепке дейінгі жастағы балаларды турисстік-экскурсиялық тасымалдауға тыйым салынған.

Әлеуметтік маңызды болып, бөлек есептік-статистикалық категорияға ерекшеленген ауылдық автобустар тасымалы болып келеді. Ауылдық тасымалдауға ұдайы қала шетіндегі және қалааралық тасымалдаулар жатады. Ірі ауыл шаруашылық мекемелерде ауыл ішілік автобус тасымалы ұйымдастырылады. Ол үшін бұл ұйымдарға жататын автобустар қолданылады. Олар қызметтік автобустарға жатқызылады. Мысалы, ауылдан тыс жерде орналасқан фермаға сауыншыларды ауыл шаруашылық ұыймның автобустары жеткізеді.

Таулы жерлердегі маршруттарды пайдалану кезінде жол қозғалыс қауіпсіздігіне жоғары талаптар қойылады. Таулы маршруттың көп саны Кавказда және Ресейдің таулы рельефті аудандарда болады. Таулы маршрут деп таулы аудандардан өтетін, жолдың бір учаскесінде бағытын кез-келген жерден өзгертетін еңіс бойы 60%-дан астам, ұзындығы 2 км және одан да көп, қисық радиусы 100м және одан аз 6 және 1 км жоғары. Үлкен дөңестер және қисық ойыс профильді және жолдың үстіңгі қабатының ара қашықтығы 60 км аз болмау және қарсы келе жатқан автобустардан 120м аз болуы керек.

Эксплуатациялық маршруттағы автобустар тау жолына ыңғайлы тежегішпен және артқа кетпеу тежегіші ыңғайлы болуы керек, дөңгелек суретінің биіктігі 3мм. Қолайсыз ауа райына қарай автобустар алдыңғы және артқы шамдармен жабдықталу керек. Ауылды жерде таулы аудандарға арнайы автобустар болу керек. Таулы аудандардағы автобустарда жолаушыларды тек қана орын санымен тасымалдау қажет. Таулы аудандардағы жүретін автобустар-жүргізушінің кем дегенде 3 жыл тәжірибесі және жыл сайын өтетін куәлігі болу қажет.

Қаладан әуе жол вокзалына, қала сыртындағы әуе жолға жолаушыларды тасымалдау үшін, қаладан арнайы автобустар ұйымдастырылады. Осыдан жолаушы тасымалданатын автобуста жүк салатын арнайы орны болу керек.

Автобустың жүретін кестесі әуе жолы кестесімен сәйкес болу керек.

Кейбір автобустар маршруттары пароммен және мұз жолдарымен өту қарастырылған. Мұздың үстімен жүретін автобустар жолаушылар тасымалдау үшін жергілікті әкімшілігінің хат жүзінде рұқсат алу керек. Мұздың үстімен жүретін автобустардың ішіндегі жолаушылармен жүруге рұқсат етілмейді. Автобус паромға кіргенде және түскенде автобустың ішінде жолаушылар болмау керек.

Туристтік-экскурсиялық тасымалдау ұйымдар мен туристтік кәсіпорындардың тапсырысы бойынша өздеріне арналған жалпы қолданушы көліктік транспортпен немесе автобуспен орындалады. Бұл тасымалдаулар күнделікті орндалатын маршруттармен ұйымдастырылуы мүмкін (мұндай маршруттар көбіне қалада функцияланады) немесе бір рет қолданылады.

Маршрутты ұдайы тасымалдау кесте бойынша автобус салонының толуы немесе туристтік топтар мен экскурсанттарға қызметкөрсетулерге арнайы тапсырыс кезінде болуы мүмкін.

Жаппай адамдардың жиналған орындарында гидтің қатысуымен туристтік-экскурсиялық тасымалдаулар орындалады. Туристтік-экскурсиялық тасымалдауда халықаралық автобустар қарқынды дамып жатыр. Халықаралық автобус жетістіктері: басқаларға қарағанда жол ақысы арзан болуы, ландшафты туризмнің мүмкіндіктері (туристтер автобустың терезесінен ландшафты бақылап, ал тұрғын пунктерден архитектураны және қала тұрғындарының өмірлерін анықтау), туристтерге арналған қозғалыс ыңғайлылығы, олардың орын ауыстырмауы және багажды тасымалдамауы.

Автомобиль және басқа көлік түрлерінің көмегімен жүзеге асырылатын тура аралас тасымалдау кезінде жергілікті байланысы жоқ жерлерді, бір көлік түрімен байланысады.

Автомобильді-теміржолды, автомобильді-өзенді және автомобильді-әуе маршруттары пайдаланылады. Тура аралас тасымалдау кезінде жолаушыға тек бір қосалқы билет беріледі. Тура аралас тасымалдау кезінде маңызды ерекшеліктерінің бірі, бұл барлық көлік түрлерінің қозғалмалы составтарының қозғалыс кестелерін диспетчерлердің келісім шарттарымен орындалу қажет. Азаматтардың және кәсіпорындардың сұранысы бойынша, дәстүрлі тасымалдаулар орындалады. Олар арнайы жабдықталған автобус көмегімен жүзеге асырылады. Бұл автобустардың артқы бөлігінде көрге арналған есік және баспалдағы болады. Осындай тасымалдауға сондай-ақ жеңіл автокөлік түріне ұқсас автомобиль-катафалкалар қолданылады. Рейс уақытының нормаланған техникалық жылдамдық 40км/сағ.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар


  1. Туристік-экскурсиялық тасымалдаулар қалайша іске асады ?

  2. Балалар тасымалында қандай шарттар орындалу қажет?

  3. Таулы аудандарда тасымал жасау үшін жүргізушінің тәжірибесі қандай болу керек?

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Афанасьев Л. Л., Островский Н. Б., Цукерберг С. М. Единая транспорт­ная система и автомобильные перевозки: Учебник. - М.: Транспорт, 1984. - 384 с.

2. В.А.Гудков, Л. Б. Миротин, А. В. Вельможин, С. А. Ширяев Пассажирские автомобильные перевозки: Учебник для вузов

3. Гудков В.А., Миротин Л. Б. Технология, организация и управление пас­сажирскими автомобильными перевозками: Учебник. - М.: Транспорт, 1997. - 254 с.

7-дәріс. Қалааралық жолаушылар жолындағы ұйым құрылымы

Дәріс жоспары:



  1. ҚЖАЖҰ басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы орындалатын өндірістік қызметтердің типтік қызметтері.

Қалааралық автобустық жолдарда АКҰ – тасымалдаушылар тікелей тек жолаушыларды тасымалдайды. Осындай тасымалдау жұмыстары мен қызметтерді заңды тұлғалар іске асырады. Жалпы түрде олар қалааралық-жолаушылық автомобильдік жолдар ұйымдары (ҚЖАЖҰ) деп аталынады. ҚЖАЖҰ өндірістік құрылымы әдетте, орталықтарда орналасқан автовокзалдарды қамтиды және филиалдар (басқа қалалардағы бірнеше автовокзалдар) жолаушылар автостанцияларын да қамтиды. ҚЖАЖҰ басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы орындалатын өндірістік қызметтердің типтік қызметімен анықталады:

● автобустарға билеттер сату;

● жолаушыларды, багажды және поштаны тасымалдаудағы түсімді жинау және инкосациялау;

● багажды сақтау және орын ауыстыру бойынша қызмет көрсету;

● қалааралық автобус қозғалысына диспетчерлік басқару;

● тасымалдаушылар мен жолаушыларды ақпараттық қамтамасыз ету;

● жолаушыларға тұрмыстық көмек көрсету. Мысалы, таксиды табуға мүмкіндік жасау;

● рейстер арасында жүргізушілердің, кондукторлардың, борт серіктердің демалу мен тамақтануын ұйымдастыру;

● рейс алдыңдағы техникалық қарау, ұсақ жөндеу жұмыстары және автобустарды жуу, олардың салондарын тазалау, двигательді жылыту және рейстер арасындағы күзет;

● автобус жүргізушілер рейс алдыңдағы медициналық қарау;

● тасымалдаулардың есебі мен талдауын жүргізу;

● оқшаудағы объектілерінің жұмысын қамтамасыз ету (автовокзалдар мен жолаушылар автостанциялары);

● территорияға іргелес құрылыстар мен ғимараттарды қамтамасыз ету;

● автобус қозғалыстарын қадағалау, олардың санитарлық жағдайын, жол құжатының дұрыс өңделгенін, билеттердің қолданылғанын, жол жүруге және багаждарды тасымалдауға ақша төленгенін, жолаушыларды тасымалдау ережелерінің орындалғанын қадағалау.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет