Бағдарламасы 18. 09. 2013 Баспа №1 «Жүктану» ПӘнінен оқУ-Әдістемелік кешен


Майлауға арналған майлар мен консистетті майлаулар



бет3/5
Дата25.08.2017
өлшемі0,57 Mb.
#27041
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5

2.6. Майлауға арналған майлар мен консистетті майлаулар

Майлауға арналған майлар мазутты вакуумды өңдеуден алынады. Олар жабысқақ, май тәрізді қоңыр түсті сұйықтық, олар машинаның бір-бірімен үйкелетін бөліктерін майлау үшін қолданады, өйткені үйкеліс коэффициенті төмендеп, тозу процесі төмендейді. Оларды шартты түрде минеральды майлар деп атап, бірнеше топтарға бөледі: өнеркәсіпке арналған (солярлі , ұршықтық , машиналы , тігін машинасына арналған және т.б.) және автотрактор майлары (автол, нигрол және т.б.). Олардың басты сапасы оның жабысқақтығында. Соған байланысты оларды топтарға, маркаларға бөледі, мысалы жазғы және қысқы.



Консистентті майлағыштар — мазь тәріздес пластикалық материалдар, ол сұйық мұнай майлағыш майлары мен арнайы қоюландырғыштың көмегімен алынады. Қоюландырғыштар олар май, нафтен, синтетикалық карбон қышқылдарының кальцийлі, ли­тийлі және алюминийлі сабындары. Кей жағдайда қоюландырғыш ретінде парафин мен цезеринді де қолданады. Кей майлағыштардың құрамына графитті де қосады.

Консистенциялы майлағыштың ең қарапайымы везелин. Сонымен бірге солидолды ды атап айтуға болады.

Вазелин сұйық және қатты көмірсутектердің қоспасынан тұратын , ақ түстен немесе сары түстен (медициналық) қоңыр түске (техникалық) дейін болады. Оны цезерин, парафинді еріту арқыл және олардың қоспаралын минералды маймен араластыру арқылы алады.

Вазелинде керосин иісі болмау керек. Тазартылған (медициналық) вазелин косметикалық және фармацевтикалық препараттар жасау үшін пайдаланылады. Ал техникалық вазелин подшипниктерді майлау үшін әмбебап құрал (45°С температурасынан жоғары емес).

Солидол минеральды май мен қоюландырғыштан жасалады. Ол ашық сарыдан қара-қоңыр түске дейін болатын біркелі маь. Солидол майлы және синтетикалық болып бөлінеді.
7, 8-дәріс:

ПЛАСТИКАЛЫҚ МАССАЛАР

Дәріс жоспары:



  1. Синтетикалық шайырлар мен пластмассалардың жалпы сипаттамасы

  2. Пластмассалардың жалпы қасиеттері

  3. Пластикалық массаның құрамы.

  4. Пластикалық массалардың жіктелуі


3.1. Синтетикалық шайырлар мен пластмассалардың жалпы сипаттамасы
Қазіргі материалдардың ішінен техникалық прогресс үшін және халық тұтынатын әртүрлі тауарларды өндіруді ұлғайту үшін ең маңызды орынды пластмасса алады. Олар өнеркәсіптің әртүрлі саласында, әсіресе халық тұтынатын тауарларды жасауда кеңінен қолданылады. Дәстүрлі материалдарға қарағанда өзінің ерекшелігіне қарай, пластмассалар өндірістен ағаш, шыны, металл өнімдерін ығыстырып, матеиалдарды үнемдеуге мүмкіндік туғызып отыр.

Жаңа синтетикалық материалдарды қолдану қазіргі техника мен технологияның дамуын реттеп, халық тұтынатын тауарлардың жаңа түрлерін жасауға мүмкіндік туғызып, үй құрылыстарын кеңітіп, халықтың тұрмысын жақсартуға септігін тиізіп отыр.



Пластмассалар — бұл өзіндік қасиеті бар жаңа материал түрі. Пластмассалар бұлар жоғары малекулалық қосынды және композициялық негізі қыздырғанда пластикалық күйге еніп, қажетті пішінді ала алады. Бұл пішіндер температура түскеннен кейін де және химиялық реакциямен біріктіруінде, үш негізді құрылымды полимер шығады. Пластмассаны қатыру физикалық немесе химиялық процес болып табылады.

Пластикалық массаларға ереже бойынша тек қатты, жартылай қатты және жұмсақ пластика жатады. Иілгіш резеңкелерді арнайы курстарда қарастырады. Иілгіш резеңкелер және жұмсақ пластиктар ұқсас болғанымен де оларды көлемдері арқылы және қайтымды деформацияларының өсу жылдамдықтары арқылы айыруға болады. Егер де эластиктерде деформациялар үлкен жылдамдықтағы релаксацияда қайтымды болса, көптеген пластиктерде деформациялық қалдықты үлес бақыланады, ал қайтымды деформациялар дамып және ақырын жылдамдықпен жоғалады.

Алғашқы пластмассалардың бірі эбонит (1843 жылы), целлулоид (1872 жылы) және галалит (1897 жылы) модификациялы химиялық табиғи полимерлерден табиғи каучуктен, нитроцеллюлозалық және белокты заттардан тұрды. Алғашқы синтетикалық шайырлар мен пластмассалар 20-шы жүзжылдықтың бастапқы кезіне жатады. Жүзжылдықтың басында фенопласттардың одан кейін, нақтырақ 1-ші дүниежүзілік соғыстан кейін аминопласттардың шығарылуы басталды. 30-шы жылдарда полистиралдың, поливинилхлор поливинилхлоридтардың және полиметилметакрилаттардың, т.б. өнеркәсіптік шығуы басталды. Осындай жақсы қасиетті синтетикалық тапшылық шикізаттан алынатын полимердің шығуынан, галаит пен целлулоидтің шығарылуына тоқтау әкелді.

Қарқынды өсіп бара жатқан термопластикалық полимерлік шайырмен пластмасса негізінде дамымалы тәсілмен бұйымға айнала алады. Осындай тәсілдерді қолдану жұмыс өнімділігінің жоғарылауына және пластмассалық бұйымдардың бағасының төмендеуіне әкеліп соқты. Термопласттың үлесі осындай тәсіл нәтижесінде жылдан жылға өсуде. Қазіргі уақытта пластмассалардың өзінен ғана ешқандай қоспасыз , жек бөлшектерді қосу арқылы жасалған тауарларды табу қиын. Пластмассалардан шаруашылық, галантереялы және кеңсе тауарларымен ойыншықтарды жасау дәстүрге айналды. Осыған байланысты үлкен көлемде көптеген пластмассалы радиобөлшектері және теледидар аппараттары, кір жуғыш және басқа да мшиналардың күнделікті тұрмыста және де электроқұрылғы өнімдері шығарыла бастады.

Аяқ-киім шығаратын жасанды құрал-жабдықтар кенінен шығарарылуда және полимерлік пленкалар.Оралған тауарлардың кенінен сатылуы үлкен мәнге ие.Пластмастан жасалған ыдыстар мен орамдар тасмалдау жағынан.Портативтік құны мен гигиена жағынан. Экономикалық тиімділік жағынан пластмассаны колданудың дәлелі ретінде келесіні келтіруге болады.

Бір тонна пластмасса, бір неше тонна металды алмастырады.сонымен қатар энергия тұтыну төмендейді.Мысалы пластмассаны өңдеумен шығаруға энергетикалық шикізат ретінде 5 есе аз мұнай жұмсалады, сонша көлем алюмин өндіру үшін және қаңылтыр өндіру үшін 3 есе аз қажет етеді.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет