ОӘК 042-18-12.1.19/03-2013
|
18.09.2013 Баспа №1
|
беттің
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМК құжаты
|
ОӘК
|
ОӘК 042-18-12.1.19/03-2013
|
«Жүктану»
пәнінен оқытушыларға
арналған жұмыс
бағдарламасы
|
18.09.2013
Баспа №1
|
«Жүктану»
ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
5В090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану»
мамандығына арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей
2013
Алғы сөз
1. Құрастырған
Құрастырған: ____________________ «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы Сарсембеков Е.А., Бакиева А.Б., оқытушы Сагатбекова А.Б.
2. Талқыланды
2.1. «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы отырысында қарастырылды.
Хаттама № 1 « 09 » 09 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі __________ С.Смағұлов
2.2. Факультеттің оқу-әдістемелік бюросы отырысында қарастырылды.
Хаттама № 1 « 11 » 09 2013 ж.
Төрағасы __________ Бекбаева Р.С.
3. бекітілді
Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесі отырысында баспаға жіберуге ұсынылды және мақұлданды.
Хаттама № 1 « 18 » 09 2013 ж.
ОӘК төрағасы, бірінші проректор _______________ Искакова Г.К.
4. ЕКІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛІП ОТЫР
мазмұны
Глоссарий
Дәрістер
Практикалық сабақтар
Студенттің өздік жұмысы
1. глоссарий
ЖБТСН – Жүктердің біртұтас тарифті-статистикалық номенклатурасы
ISO – International Standardization Organization.
АКҚ – автокөлікті құрал;
КҚ – көлік құралдары;
ЖҚ–жылжымалы құрам;
МЖҚ – мамандандырылған жылжымалы құрам;
ЖО – жүк орыны;
ҚЖ – қауіпті жүк;
ТТМ – тиеп-түсіру механизмдері мен құрылғылары;
ТТЖ– тиеп-түсіру жұмыстары;
ЖТП – жүк тиеу пункті;
ЖП – жүк түсіру пункті;
ТТП – тиеп-түсіру пункті;
ІЖБ – іріленген жүк бірлігі;
ТТКҚ - жұмыстар (операциялар) – тиеп-түсіру, көлік және қойма жұмыстары (операциялары);
2. Дәрістер
Дәріс сабағының құрылымы:
1, 2, 3-дәріс:
ЖҮКТАНУ. ЖҮКТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ МЕН СИПАТТАМАЛАРЫ
Дәріс жоспары:
Жүктер туралы ұғымдар
Жүктерді жіктелуі
Тасымалдау мен сақтау процесінде жүктерге әсер ететін факторлар
Жүктердегі биохимиялық процестер
1.1. Жүктер туралы ұғымдар
Әр күн сайын автокөлік жолдары арқылы шикізат, отын, жартылайфабрикаттар, дайын өнімдер, ауылшаруашылық өнімдері сияқты әртүрлі мыңнан астам тауар өнімдері тасымалданады. Жіберу бекетінен тасымалдауға қабылдағаннан бастап және бекеттен берместен бұрын барлық тауарлық өнімдер “жүк” деген атқа ие болады. Жүктанудың мақсаты жүктердің көліктік сипаттамаларын зерттеу болып табылады, яғни жүктерді тасымалдау, тиеу және сақтауда қолданылатын техникалық құралдар мен шарттарды анықтайтын арнайы қасиеттерді зерттеу. Жүктің көліктік сипаттамасына жатады: көлемді-салмақтық сипаттама; қауіптілік дәрежесін, тасымалдаудың техникалық жағдайын анықтайтын қасиеттер; сонымен қатар ыдыс пен орау. Ол жылжымалы құрамды, тиеп-түсіру машиналарының түрлерін, пакеттеу құралдарын тасымалдау тәртіптері мен басқа да тасымалдау процесінің басқа да техника-технологиялық элементерін дұрыс таңдай білуді анықтайды.
Жүктердің көліктік сипаттамалары мен тасымал процесіндегі техника-технологиялық элементтер бір бірімен тығыз өзара байланысты және өзара тәуелді. Тіптен жүктің көліктік сипаттамасының кішкене бөлігінің ғана өзгертілуі тасымал процесінің бір немесе одан да көп техника-технологиялық элементтерінің өзгеруіне әкеледі. Мысалы, төгіп тасылатын цемент немесе минералды тыңайтқыштар сияқты жүктерді ыдыспен тасуға көшу жылжымалы құрамның, қоймалардың, тиеп-түсіру жұмыстарын механикаландыру құралдарының басқа түрлерін қолдану қажеттілігін тудырады. Бұл жағдайда пакеттеу құралдары қажет.
Сонымен бірге, жүк тасымалдаудың рационалды технологиялық процестерін құруда жүктердің көліктік сипаттамаларының жеке құраушыларының қажетті жағдайларын есепке алу және өзгерту керек, яғни: көлемдік салмағын, ыдыс пен орау түрлерін, жеке орындардың сызықтық өлшемдерін, ылғалдылығын және т.б.. Осылайша,
жүктердің көліктік сипаттамаларын жақсы меңгеру көліктің негізгі міндеттерін-уақытында және сақталған түрде, сапалы түрде, жүкті белгіленген орынға жеткізуді орындаудың қажетті шарты болып табылады.
1.2. Жүктерді жіктелуі
Алға қойған мақсатына байланысты жүктерді әр түрлі белгілеріне қарай жіктеуге болады. Жекелей алғанда, автокөліктерде мыналарды бөліп көрсетуге болады: біртұтас тарифті-статистикалық номенклатура, жоспарлы-есептік номенклатура, тиеп-түсіру жұмыстарын нормалау мен есепке алу үшін жіктеу, көлігіне қарай жіктеу, жүктердің арнайы қасиеттері мен көлікпен қамтамасыз ету шарттарына байланысты жіктеу, ашық жылжымалы құрам арқылы тасымалданатын жүктерді жіктеу, жүктерді сақтау шарттары мен техникасына байланысты жіктеу, жүктердің сақталу мерзіміне қарай жіктеу.
Біртұтас тарифті-статистикалық номенклатура (классификация) жүктің тарифті класын анықтауға арналған, негізінде тасымалдау төлемдері мен жиналымдарын анықтауға, сонымен қатар белгілі бір топқа жататын жүктің қандай тиеуді жоспарлау мен есепке алу номенклатурасына жататындығын анықтауға арналған. Жүктердің біртұтас тарифті-статистикалық номенклатурасы "№1 тариф басшылығында" жарияланған. Біртұтас тарифті-статистикалық номенклатураны құрудың критерийі ретінде өнімдердің жеке түрлерін өндіру тәсілдері немесе шығару сипаттары қолданылады. Номенклатурада 69 тарифті топтарға біріктірілген 5103 жүктің атауларын санап көрсетуге болады, оның ішінде 7 тобы ауылшаруашылықта өндірілген өнімдерді құраса, ал 62 тобы өнеркәсіпте өндірілген өнімдерді құрайды.
Отын, шикізат, жартылай фабрикаттар және өнімдердің басқа түрлерін жоспарлау мен есепе алу үшін оларды белгілі бір белгілеріне қарай былайша біріктіреді, яғни номенклатура жүктердің негізгі массасын қамтитындай, қысқа әрі салыстыруға болатындай, көлікпен қамтамасыз ету шарттарын анықтауға, жылжымалы құрамды таңдауға мүмкіндік беретіндей, сонымен қатар жоспарлау процесінде рационалды емес тасымалдау мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей етіп біріктіреді. Тасымалдау түрлері мен оны жоспарлау кезеңіне байланысты теміржол көліктерінде тиеуді жоспарлау мен есепке алудың келесі жүк номенклатурасы құрылған: жылдық жоспарлау; кварталдық жоспарлау; аралас теміржол-су хабарламаларында тікелей жоспарлау; экспорттық және импорттық жүктерді тасымалдауды жоспарлау. Аталған жүк номенклатуралары "Жүктерді тасу ережелерінде" жарияланған, ал номенклатура топтарына енетін жеке жүк атаулары "№1 тариф басшылығындағы" біртұтас тарифті-статистикалық номенклатура Алфавитінде берілген.
Тиеп-түсіру жұмыстарын нормалау, қаржыландыру және есепке алу ортақ нормалар бойынша жүктерді келесі топтарға бөлу қарастырылған: ыдыспен қатталған және даналап тасылатын; ет, нан өнімдері, ауырсалмақты өнімдер мен контейнерлер; металдар мен металл өнімдері; егін; орман; үйілген; отқа төзімділер; көкөністер.
Көліктік классификация өнімнің сақталуын қамтамасыз ететін, тасуға ұсынылған жүктің түрі мен жағдайына, оларды орау мен тиеп тасу тәсілдеріне байланысты құрылады. Көліктік классификацияда барлық жүктер үш топқа біріктірілген: құймалы, құрғақ жүктер және жанды жүктер. Әр топ ұқсас көліктік сипаттары мен тасымалдау шарттарына қарай бірнеше ішкі топтаға бөлінеді.
Сусымалы жүктер темір жол арқылы үйіп тасуға босатылады. Оларға қара бидай, бидай, сұлы, арпа, тары, қарақұмық, жүгері, үгілмеген күріш, мучка, вика, дән қалдықтары, кебек, комбикормдар жатады. . Басқа дәнді дақылдар, сонымен қатар ұн , жарма және калибрленген жүгері тұқымдары ыдыста көлікпен тасылады және ыдыспен –оралып тасылатын жүктердің шағын тобына жатады .
Үйілген жүктерге қатты отын, кен, минералды-құрылыс материалдары , ағаш материалдар және т.б. жатады . Үйілген жүктерді тасуда орын есепке алынбайды. Үйілген жүктер атмосфера ағынынан және тозаңданудан қорғауды талап етпейтін жүктер ( қатты отын , кен , кірпіш , орман және т . б .), атмосфералық ағынның әсерінен бұзылатын, ластанатын, тозаңдануға душар болатын жүктер ( цемент әк тас , тұз, минералды тыңайтқыштар және т.б.) болып бөлінеді. Бірінші топтағы жүктерді ашық жылжымалы құрам арқылы тасиды, ал екінші тобын жабық кузовтарда тасиды.
Ыдыспен қатталған және даналап тасылатын жүктерді, құймалы және басқа да жүктердің кең номенклатурасын тасуға контейнерлер пайдаланылады.
Ыдыспен қатталған және даналап тасылатын жүктердің кең спектріне өнеркәсіп өнімдері мен халық тұтынатын өнімдер тізімін енгізуге болады. Бұл жүктер жеке жүк орындарының конфигурасиясының әртүрлілігімен, олардың көлемдік салмақтық сипаттарымен, ыдыс және орау типтерімен ерекшеленеді.
Ыдыспен қатталған және даналап тасылатын жүктер көлемдік салмақтық сипатына қарай төрт топқа бөлінеді. Бірінші топты 500 кг-нан кем емес жеке орынды алатын жүктер тобы құрайды. Бірінші топтағы жүктер жабық вагондар арқылы тасылады. Екінші, үшінші және төртінші топқа жататын ыдыспен қатталған және даналап тасылатын жүктер ашық жылжымалы құраммен тасымалданады. Құйып тасылатын жүктерге цистерналарға құйылып тасылатын сұйық жүктер жатады. Жанды жүктерге жататындар: ірі қара және ұсақ малдар, шошқалар, жылқылар, түйелер, жабайы аңдар, әртүрлі құстар, тірі балық және балық салатын материалдар, шаян мен аралар.
Өзіндік қасиеттері мен көлікпен қамтамасыз ету шарттарына сәйкес барлық жүктерді 11 топқа жіктеуге болады. Бірінші топқа тез бұзылатын жүктер, яғни қоршаған ортадағы жоғары немесе төмен температуралар әсерінен қорғауды талап ететін жүктер жатқызылады. Оларға егін шаруашылығы, бақша өнімдері, бағбан өнімдері, мал шаруашылығының, құс шаруашылығының және балық өнеркәсібінің өнімдері кіреді. Бұл жүктерде салмағын жоғалтуға, түсін өзгертіге, күрделі органикалық заттардың төмендеуі мен гидролизіне әкеліп соқтыратын процессер белсенді жүреді.
Екінші топ жүктерінің ерекшелігі гигроскопия болып табылады, яғни ол дегеніміз ауадағы бос ылғалды өзіне сіңдіре білу қабілеті бар деген сөз. Кейбір жүктердің ылғалды өзіне сіңдіруі олардың салмағының, көлемінің, физика-химиялық қасиетінің өзгеруіне әкеліп, осылайша тікелей шығынға немесе жүктің бұзылуына әкеліп соқтырады. Гигроскопиялық жүктерге жататындар: тұз, қант, цемент, мақта және т.б..
Үшінші топқа бөтен иісті тез қабылдайтын жүктер жатады, олар өнімнің бұзылуына әкеледі. Ондай жүктерге, ұсақталған өнімдер, шай, қант өнімдері, т.б. жатады.
Өзіндік иісі бар жүктер төртінші топқа жатқызылады. Оларды басқа жүктермен бірге тасымалдау мен сақтау басқа жүктердің бұзылуына әкеледі. Өзіндік иісі бар жүктерге балық өнімдері, тері шикізаттары, темекі өнімдері, мұнай өнімдері және т.б. жатады.
Бесінші топқа тасымалдау мен сақтау процесінде өзінің физика-химиялық қасиеттерін тұрақты сақтайтын, көрнекті өзгеріске ұшырамайтын жүктерді жатқызады. Оларға минералды-құрылыс материалдарын, қара және түсті метал рудаларын, тас көмірін, орман материалдарын және т.б. жатқызуға болады.
Алтыншы топқа үйілген жүктер енеді, олар транспорттау кезінде қатып қалу немесе кейбір бөліктерінің бірігіп кету негізінен өзінің сусымалы қасиетін жоғалтады. Қатуға немесе бірігіп кетуге бейім жүктерге колчедан, түйіршіктелген күйінді , тас көмір , калий тұзы және т.б. жатады .
Жетінші топты жатып қалған үйілген жүктер құрайды. Мұндай топтағы жүктерде ұзақ сақталу кәсерінен немесе жоғарғы қабаттарының қысымы нәтижесінде кішкентай бөлшектерінің жылжуы жоғалады. Ондай жүктерге цемент, , сазбалшық , фосфоритті ұн , шымтезек және т.б. жатады
Қауіпті жүктер сегізінші топқа біріктірілген. Бұл жүктер жарылысқа, өртке, ауруға, адамдар мен хайуандардың улануы мен күйіп қалуына себепкер болуы мүмкін жүктер, сонымен қатар олар басқа жүктердің бұзылуы мен зақымдануына, жылжымалы құрам, құрылғылардға зиянын тигізуі мүмкін. Қауіпті жүктерге жататындар: жарылысты қоспаны құрау қабілеті бар заттар; қысылған және сұйылтылған газдар; өздігінен жанатын заттар; су әсерінен тұтанатын; жеңіл тұтанатын; улы; радиоактивті; әсері күшті улар; жарылғыш заттар мен сссолармен жабдықталған заттар.
Тоғызыншы топты тасымалдау мен сақтау процесі кезінде біршама салмағын жоғалтатын жүктер құрайды. Ондай жүктерге көкөністер, бахча мәдениеті, ет өнімдері және т.б. жатады.
Оныншы топқа тіршілік жатады.
Машина жасау өнімдері он бірінші топқа біріктірілген.
Кейбір жүктердің біршама бөлігін ашық жылжымалы құрамда тасуға рұқсат етілген. Негізінен бұлар атмосфералық тұнбалардың зиянды әсеріне ұшырамаған өнеркәсіп өнімдері, сонымен бірге сыртқы өлшеміне байланысты жабық вагондарға тиеуге болмайтын өнімдер. Ашық жылжымалы құрамда тасуға болатын жүктердің тізімі “Жүктерді тасу ережелерінде” келтірілген. Бұл жүктер негізгі қасиеттеріне, вагонға бекіту мен орналастыру тәсілдеріне қарай үш топқа бөлінеді.
Бірінші топқа үйіп тасуға болатын төгілетін және кесек жүктер жатады. Оларға минерал- құрылыс материалдары, тас көмірі, кен және т.с.с. Бұл жүктер автомобильде қосымша бекітуді қажет етпейді, ал олардың тұрақтылығын автомобиль борттары қамтамасыз етеді
Екінші топты даналап тасылатын жүктер құрайды. Оларға әртүрлі машиналар, станоктар, сымдар және т.б. жатады. Тиелген соң, бұл жүктер “Техникалық шарттарға” сәйкес бекітілуі қажет.
Үшінші топқа штабельді жүктер жатады. Олар биіктігі бойынша бірнеше қатарға бір немесе бірнеше штабелмен автомобиль кузовына қарай қойылған формасы мен өлшемі біртектес заттар. Тиелген соң штабельдер байланып, “Техникалық шарттарға” сәйкес бекітілуі қажет.
Сақтау техникасы мен шарттарына қарай жүктің үш түрін бөліп көрсетуге болады:
Бірінші топқа ылғал немесе температураның өзгеруі әсерінен бұзылуға бейім бағалы жүктерді жатқызады. Оларға жылдам бұзылатын жүктер, кеңінен қолданылатын өнеркәсіп пен азық-түлік өнімдері , т.б. жатады. Бірінші топтағы жүктерді жабық ортада сақтау керек.
Екінші топты температура ауытқуына тәуелсіз, бірақ ылғалдан тез бұзылатын жүктер құрайды. Ондай жүктерге қағаз, металл, хлопок және т.б. жатады. Ондай жүктер жабық қоймаларда немесе жабық алаңдарда сақталады.
Үшінші топқа сыртқы ортаның әсеріне төзімді және әлсіз ғана әсері бар жүктерді жатқызамыз. Бұл топтағы жүктер ашық алаңдарда сақталады. Оның құрамына тас көмір, контейнерлер, орман, минералды-құрылыс материалдары және т.б. кіреді. Бұл жүктердің толық тізімі “Жүк тасу ережелерінде” келтірілген.
Көлікте тегін сақтау мерзіміне қарай жүктердің келесі топтары бар: сақтау ұзақтығы-6 сағат, 12 сағат, күн, екі, үш, бес және отыз күн сақталатын жүктер. Көрсетілген жүктердің толық тізімі “Жүк тасу ережелерінде” келтірілген.
1.3. Тасымалдау мен сақтау процесінде жүктерге әсер ететін факторлар
Көлікке тиеу мен сақтау процесінде жүктің салмағы сандық және сапалық өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Шындығында жүктің салмағында пайда болатын өзгерістерді келесі фактор топтарымен түсіндіріп көрсетуге болады: жүктің сыртқы ортамен өзара байланысы; тиеп-түсіру жұмыстарының өнімділігі мен қозғалысы процесінің жүкке механикалық әсері; жылжымалы құрам мен қойма құрылғыларының қанағаттанарлықсыз жағдайы. Ал жүктің сапасына қоршаған ортаның ылғылдылық, температура мен ауаның газ құрамы, сонымен қатар шаң-тозаң болу, оның құрамында микробиологиялық формалар мен жарықтың болуы сияқты көрсеткіштері көлемді әсерін тигізеді. Көрсетілген факторлар әсерінен жүк құрамында өнімдердің жеке түрлеріне тән әртүрлі биохимиялық, физика-химиялық және микробиологиялық процестер өтеді.
Ауа құрамына келесі газдар енеді: оттегі - 23.1 %; азот - 75.5 %; аргон - 1.3%; көмірқышқыл газы - 0.08 %. Осылардан басқа тұрақты компоненттерге сәйкес, ауа құрамына сандық құрамы өзгеріп отыратын мындай қосылыстар енеді: су булары; микроорганизмдер; тозаң тәріздес дисперсті жүйелер. Ауа ортасында су буының болуы абсолютті ылғалмен; ылғал сыйымдылығымен; салыстырмалы ылғал және шық нүктесімен анықталады.
Абсолютті ылғал уn – бұл 1 м3 ауадағы су буының граммен берілген саны. Егер берілген температурада су буымен ауаны толық қанықтырылу орын алса, онда абсолютті ылғалдық Е деп белгіленеді және қанығу деп аталады.
Ауаның ылғал сыйымдылығы d берілген температурада ауаның ылғалды сіңдіру қабілетін сипаттайды.
d=E-yn (1.1)
Ылғал сыйымдылығы ауаның температурасымен тікелей байланыста. Сондықтан ауаның құрғақтық немесе ылғалдық дәрежесі оның салыстырмалы ылғалдылығымен сипатталады.
Салыстырмалы ылғалдылық φ бұл ауаның абсолютті ылғалының оның сол температурадағы қанығуына қатынасының пайызбен берілген өрнегі болып табылады:
φ = (yn /E)•100% (1.2)
Шық нүктесі деп берілген ауа құрамының ылғал сыйымдылығы 0-ге тең температураны айтады. Температураның ары қарай төмендеуі ылғалдың тұман, шық немесе қырауға айналуына әкеледі.
Ауаның ылғалдылығының жүктің ылғалдылығына, сонымен бірге оның сапалық жағдайына да тигізетін әсері мол. Құрғақ ауа кептіріп, кейбір жүктер қатарының (тері, талшықтар , кепкен балықтар және т.б.) сыртқы пішіні мен технологиялық қасиеттерін төмендетеді. Ылғал ауа өнімдірде базданудың пайда болуы мен шіру процесінің дамуын тездетіп, жүктің өздігінен қызып, соңынан бұзылуына (дән-дақыл, терілер, ет өнімдері және т.б.) әкелетін жүк массасындағы биохимиялық процесті белсендіреді.
Температура, ылғалдылығы, ылғалсыйымдылық және шық нүктесі бір бірімен белгілі бір заңдылық бойынша өзара байланысқан. Соның негізінде оның көмегімен ауаның бір немес екі характеристикасын біліп, қалғанын анықтауға болатын кестелер, номограммалар, диаграммалар жасалып шығарылды.
Жүкке механикалық әсер статистикалық немесе динамикалық жүктеме түрінде байқалады.
Максималды мәнге статистикалық жүктер штабельге жинақталған жүктердің төменгі қатарында жетедіде, ол жоғары жатқан жүктер қысымымен түсіндіріледі.
Динамикалық жүктемелер жүк орындарының жығылуы, жүктердің өзара соғысып қалуы, тиеп-түсіру жұмыстары, автопоезддардың дұрыс құрылмаған қозғалу тәртібінің негізінде автомобильдердің тіркемелерінің соғысып қалуы нәтижесінде пайда болады.
Бұл жүктерді механикалық әсерден қорғау үшін сәйкес көлік ыдыстары қолданылады, амортизациялайтын орау материалдары пайдаланылып, жылжымалы құрамда жүкті нық бекітеді.
1.4. Жүктердегі биохимиялық процестер
Өсімдік және жануар тектес жүктердің сыртқы ортамен өзара әрекеті оларда әртүрлі биохимиялық процестің пайда болуына әкеледі. Мысалы, автолиз , дем , пісіп жетілу және өсіп шығу өнімнің өзіндегі болатын процестерден алынады, ал шіру, ашу мен баздану процесстері әртүрлі микроорганизмдердің тіршілік әрекетімен түсіндіріледі .
Дем алу процесі өсімдік тектес жүктерге(дән, көкөніс, жеміс-жидектер және т.б.) тән. Дем алу кезінде көмірсутектердің , майлардың және басқа органикалық қоспалардың ауа оттегімен тотығуы болады . Демнің қарқындылығы өнімнің температурасы мен ылғалының өсуімен ұлғая түседі. Органикалық қоспалардың қышқылдануы және ыдыраушылығы жылу бөлінісінен болады, мұндайда өнімнің өздігінен қызуына, тұтануына және бұзылуына жағдай жасалады.
Пісіп жетілу процесі дәндерге, көкөністерге, жеміс жидектерге тән қасиет, мұндайда дәндерде қанттың крахмалға айналуы болады, ал жеміс жидектерде крахмал қанқа айналады.
Ашу процесі деп микроорганизмдердің қызметінің әсерінен көмірсутектің ыдырауы аталады. Ашудың түрлері: спиртті ашу, ашыған сүт, майлы ашу, уксусты ашу. Спиртті ашуда қанттардың спирт және көмірқышқыл газ түзіп ыдырауы болады; сүттің ашуындсүт қышқылының ашуы; майлы ашуда-май қышқылының ашуы болады. Уксусты ашуда спирт сірке қышқылына айналады.
Шіру кезінде шірік бактериялардың қызметінің нәтижесінде белоктық заттар ыдырайды.
Баздану кезінде азық өнімдерінің бетінде шырышты ақ қабық пайда болады, ол түсін бірте-бірте сары түске, одан қоңыр, соңында қара түске дейін өзгертеді. Баздану әсерінен майлар мен көміртектер ыдырап, кей жағдайларда улы затта бөледі.
Жоғарыда көрсетілген процестер өсімдік және жануар тектес жүктерде болады.
Биохимиялық процестердің алдын алу мен оны баяулату үшін ауыл шаруащылығы өнімдерін сақтау мен тасымалдау кезінде қолайлы микроклиматтық жағдай жасау керек, яғни-жарық, температура, ауа ылғалдылығы т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |