Бағдарламасы 2 сынып Түсінік хат



бет1/2
Дата26.08.2017
өлшемі302,21 Kb.
#29199
түріБағдарламасы
  1   2
«Әлем және мен»

бағдарламасы

2 сынып




Түсінік хат
«Әлем және мен» бағдарламасы 1-4 сыныптарға арналған. Аптасына 1 сағаттан жүргізіледі. Оқу материалдары оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай сатылы түрде «жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге қарай» принциптері бойынша іріктелініп алынды.

Ұсынылып отырған «Әлем және мен» бағдарламасы баланың өзін қоршап дүниенің ерекшеліктерін қадыр- қасиеттерін танып білуге, өз ойын еркін жеткізе білу қажеттіліктерін тудырады. Заман талаптарына сай оқушылардың оқу- ақпараттық бағытта басқа ақпараттық көздерімен жұмыс істей білу біліктілігі қалыптасады.

Осы бағдарламада оқушылардың интеллектуалдық біліктерінің - талдау, салыстыру, қорытындылау, жүйелеу логикалық ойлау тәсілдерін қалыптасыруға баса назар аударған. Атап өтілген біліктіліктер мен дағдылар дүниетану пәнін оқытуда, сол пәнді саналы, жүйелі игеру үшін қажет.
Бағадарламаның басты мақсаты:

- «Әлем және мен» оқу бағдарламасының жалпы мақсаты бастауыш білім беру деңгейінде білім алушылардың бойында жалпы адамзаттық құндылық ретінде табиғат, адамды қоршаған әлеуметтік орта, табиғат пен қоғамның бір-бірімен байланысы және өзара тәуелділігі түсініктері туралы білім жүйесін дамыта қалыптастыру;

- Адамның ішкі еркіндігі мен әлеуметтік қатынастарға ыңғайлылығын қатар дамыту;

- Жан-жақтылыққа, парасаттылыққа, ізденушілікке және салауаттылыққа тәрбиелеу.
Бағдарламаның міндеттері:

- Оқушылардың бойында қоршаған ортаны танып білудің біртұтастығы мен өзара байланыстылығы туралы түсініктер қалыптастыру;

- Оқушылардың жаратылыстану және қоғамтану пәндері шеңберінде қоршаған орта туралы өздігінен тереңірек білім алуға деген талпыныстарын қалыптастыру;

Білім,білік дағдыларына қойылатын талаптар. 2 сынып


  • қоршаған орта:/адам ,табиғат,өсімдіктер/ туралы түсініктерді білуі тиіс.



  • өз Отанын, астанасын, туған өлкесін тани білу.



  • өз ата –тегін, тарихын, шаруашылығын, салт- дәстүрі туралы білу.



  • Аспан, күн мен түн, жұлдыздар, ғарыш денелері туралы білу.

Білім, білік дағдыларына қойылатын талаптар. 3-4 сынып


  • табиғат қауымдастығындағы жануарлар мен өсімдіктердің өзара байланысы мен өзара тәуелділігін түсіндіре алуы

  • Қазақстанның, өзі туған өлкесінің қалаларының тарихи жерлерін сипаттай алуы тиіс.

  • Қазақстанның даму тарихынан, алғашқы тарихынан мәліметтерді білу.

  • Қазақстанның тарихы.Ұлы Жібек жолындағы ежелгі қалалар.Қазақстан тарихындағы ірі тұлғалар туралы білу.

  • Отбасы- қоғамның бір бөлшегі.Адамдардың өзара қарым-қатынастары.Туыстық байланыстар.Баланың ата-ана алдындағы борышы.

  • әр мамандықтың ерекшеліктерін сезіне білу.

Күтілетін нәтиже:

  • Әр түрлі жағдайларда мәселелерді анықтауға;

  • өз шешімінің нәтижесін бағалауға;

  • өз қызметіне мақсат қоюға;

  • оны іске асыру үшін қажетті жағдайларды анықтауға;

  • ондағы жетістіктерге жету процесін жоспарлауға және ұйымдастыруға;

  • өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға мүмкіндік жасау.


Нәтижені бағалау:

Нәтижесін балдық жүйемен бағалау



Сабақтың түрлері: таныстыру, саяхат, ойын,іскерлік ойын сабақ, аралас, дөңгелек сабақ, проблемалық сабақ, қайталау, пысықтау сабағы, тексеру сабақ
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, салыстыру,

Мазмұны

2 сынып
Қоршаған орта / 9сағат/

Қоршаған орта туралы қарапайым түсініктер қалыптастыру. Табиғат денелері мен тіршілік ортасы туралы өзіндік ерекшеліктерін байқата білу.


Менің елім. / 12сағат/

Қазақстан еліміздің тарихы, әдет-ғұрпы мен мәдениетін таныта білу.Қазақ жері - ата жұрт, Мен тұратын өлке, Біздің жерлестеріміз тақырыптары қамтылған.


Атадан қалған сый /7сағат/

Жеті ата туралы түсінік, Аталар әлемі, тіл, дін және шежіре туралы алғашқы ұғымның мәні.


Аспан әлемі / 6сағат/

Адамдар әлемі, Шет елдік балалар, Күн мен түн, Ғарышкер, Түнгі аспандағы жұлдыздар тақырыптары қамтылған



Мазмұны

3 – 4 сыныптар
Табиғат тал-бесігім //12 сағат/

Жүрегімде-жұмыр жер.Жер-Ғарыш адам.Адамдар қиялы қалай шарықтады? Ұлы саяхатшылары.Арал теңізінің қасиеттері .Өсімдік әлемі туралы қарапайым түсініктер қалыптастыру.Табиғат бізді қоршаған орта,оның ерекшелігі мен маңызы

туралы ұғым қалыптастыру
Туған ел /14 сағат/

Біздің Отанымыз Қазақстан-тәуелсіз мемлекет.Қазақсаттың тарихы, мәдениеті.білімі туралы жалпы түсініктер.Қазақстан республикасының бүкіл халықтық мерекелері ;Наурыз-Жаңа жылРеспубликаның тәуелсіздік күні.


Батырлар /4 сағат/

Қазақстан тарихы.Қазақстан тарихындағы ірі тұлғаларықазақтың хандары, билері,батырлары/.Ұлы Отан соғысы.Ұлы Отан соғысының қаһармандарының ерліктері.Қазақстан Республикасының Конституция-Қазақстан Республикасының негізгі заңы.


Отбасы /6сағат/

Отбасы –қоғамның бір бөлшегі.Адамдардың өзара қарым-қатынастары.Отбасында балаларды қоғамдық-әлеуметтік өмірге дайындау.Туыстық қатынастар Отбасылық дәстүрлерлер туралы түсінік қалыптастыру.



«Әлем және мен»

1сынып.

/ Тақырыптық жоспар 34 сағат/


р/с

Мазмұны

Жұмыс түрлері мен әдістері

Сағат саны




Қоршаған орта /9 сағат/







1

Жер біздің үйіміз.

Таныстыру

1

2

Табиғат-Ана және оның балалары.

Саяхат сабақ

1

3

Құстармен сөйлесуге бола ма?

Ойын сабақ

1

4

Аңдар,құстар және біз.

Іскерлік ойын

1

5

Өсімдіктер, жәндіктер және біз.

Аралас сабақ

1

6

Жыл мезгілдері.

Дөңгелек үстел

1

7

Табиғат құбылыстары.

Зерттеу сабақ

1

8

Халқымыздың табиғи болжамдары

Байқау сабақ

1

9

Бөлімді қайталау сұрақтары.

Қайталау сабақ

1




Менің елім. /12 сағат/







1-2

Елтану әліппесі

Таныстыру

2

3

Отбасым- шағын Отан.

Саяхат сабақ

1

4

Мектеп-білім ордасы.

Ойын сабақ

1

5

Менің арманым

Іскерлік ойын

1

6

Болашақ қалам/балалар көзімен/

Аралас сабақ

1

7

Ел ордасы- Астана.

Дөңгелек үстел

1

8

Еліміздің облыс орталықтарына саяхат.

Зерттеу сабақ

1

9

Өзен, көлдер құпиясы.

Байқау сабақ

1

10

Таулар сыр шертеді.

Таныстыру сабақ

1

11

Бірлігіміз жарасқан.

Пысықтау сабағы

1

12

Бөлімді қайталау сұрақтары.

Қайталау сабақ

1




Атадан қалған сый /7сағат/







1

Менің аталарым.

Зерттеу сабақ

1

2

Жеті ата.

Таныстыру

1

3

Киелі сандар

Ойын сабақ

1

4-5

Ұлттық қолөнер.

Іскерлік ойын

2

6

Асықтың түрлері және атаулары

Пысықтау сабақ

1

7

Бөлімді қайталау сұрақтары




1




Аспан әлемі /6 сағат/







1

Аспан. Ол неге көк түсті?

Таныстыру

2

2

Күн қайда қонып шығады?

Зерттеу сабақ

1

3

Түнгі аспандағы жұлдыздар

Ойын сабақ

1

4

Күндіз көрінетін жұлдыз қалай аталады?

Іскерлік ойын

1

5

Ғарышкер.

Аралас сабақ

1

6

Бөлімді қайталау сұрақтары.

Қайталау сабақ

1


«Әлем және мен» 2 сынып.

/ Тақырыптық жоспар 34 сағат – 25,5блок/


р/с

Мазмұны

Жұмыс түрлері мен әдістері

Сағат саны




Қоршаған орта / 9сағат – 6,5 блок/







1

Сәлем, Табиғат!

Таныстыру

1

2

Жасыл орман,орман ғажайыптары жайында

Саяхат сабақ

1

3

Тастар мен суларды сөйлет.

Ойын сабақ

1

Жануарлар әлемі

Іскерлік ойын

4

Жыл мезгілі неге байланысты ауысады?

Дөңгелек үстел

1

5

Жыл аттарының шығу төркіні.

Зерттеу сабақ

1

6

Қазақи ырымдар.

Проблемалық

1

Тест тапсырмалары

Қайталау сабақ




Менің елім. / 12 сағат – 9 блок/







1

Елімнің рәміздері

Таныстыру

1

2

Менің өлкем

Саяхат сабақ

1

3

Жерлес ғұлама адамдар

Таныстыру сабақ

1

4

Республика астанасы

Іскерлік ойын

1

5

Астаналар туралы әңгіме

Аралас сабақ

1

6

Мұхиттар,теңіздер құпиясы

Дөңгелек үстел

1

7

Ақындар таулар туралы айтады

Зерттеу сабақ

1

8

Достық-мәңгілік көктем

Байқау сабақ

1

9

Үш би

Таныстыру сабақ

1

Тест тапсырмалары

Пысықтау сабағы




Атадан қалған сый /7сағат – 5 блок/






1

Қазақ менің ата тегім

Таныстыру

1

Құсбегілік

Саяхат сабақ

2

Қазақ халқы сандарға байланысты ұғымдар

Таныстыру сабақ

1

3

Төрт түлік иелері

Саяхат сабақ

1

4

Асықтың түрлері және атаулары

Іскерлік ойын

1

5

Ұлттық салт дәстүрлері

Дөңгелек үстел

1

Тест тапсырмалары

Зерттеу сабақ




Аспан әлемі /6 сағат – 4 блок/






1

Аспан әлеміне саяхат

Таныстыру сабақ

1

2

Жұлдыздарды зерттеу

Саяхат сабақ

1

3

Ғарышкерлер.

Таныстыру сабақ

1




Жерді күннің айналуы.Жердің айналуы.

Саяхат сабақ

1

Тест тапсырмалары

Іскерлік ойын


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет