БАҒдарламасы 24 тамыз 2007 жылғы №404 Қазақстан Республикасының оқу және білім Министрлігі бұйрығына Қосымша 1



бет2/7
Дата19.02.2017
өлшемі0,58 Mb.
#10848
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

2-СЫНЫП





р/т

Айы

Сабақ тақырыбы

Сағат саны

1.

қыркүйек

Оқушылардың көшелерде және жолдарда өзін-өздері ұстауларының негізгі ережелері.

1

2.

қыркүйек

Практикалық сабақ (экскурсиялар, үстел үстіндегі ойындар).

1

3.

қазан

Аялдау жолы және қозғалыс жылдамдығы.

1

4.

қазан

Жүргінші өтпелері.

1

5.

қараша

Реттелмейтін көше қиылыстары.

1

6.

қараша

Реттелетін көше қиылыстары. Бағдаршам.

1

7.

желтоқсан

Реттеуші және оның белгілері.

1

8.

желтоқсан

Автобуста және троллейбуста жүру.

1

9.

қаңтар

Трамвайда және көліктің басқа да түрлерінде жүру

1

10.

қаңтар

Жол белгілері және жолға салынған таңбалар.

1

11.

ақпан

Мектепке барар жол. (Сенің күн сайынғы бағдарың).

1

12.

ақпан

Ойнауға қай жерде болады және қай жерде болмайды.

1

13.

наурыз

ЖКО кезіндегі жарақаттардың түрлері.

1

14.

наурыз

Жарақаттанғанда өзіңе және жолдасыңа қалай көмектесу керек.

1

15.

сәуір

Сен – велосипедшісің.

1

16.

сәуір

Қала сыртына шығу.

1

17.

мамыр

Жол жүргізушілердің көзімен.

1

18.

мамыр

Қорытынды сабақ.

1




Барлығы:

18




  1. Оқушылардың көшеде және жолда өзін-өздері ұстау ережелері.

Көшеде неліктен қауіпті. Үлкен қала көшелеріндегі қозғалыстың қиындығы.

Жол қозғалысы ережелерін сақтау – жүргіншілер қауіпсіздігінің кепілі.

Көшелер мен жолдарда өзін-өзі қауіпсіз ұстау ережелерін қайталау.

Қалада (кентте, ауданда) балалармен болатын жол-көлік оқиғаларының жол полициясының мәліметтері бойынша мысалдары.




  1. Практикалық сабақ.

Біз жол қозғалысы ережелерін сақтауды үйренеміз – үстел үстіндегі ойындар, макеттер. Қала (кент) бойынша экскурсия. Оқушылар тұратын көшелердің, тұйық көшелердің сипаттамалары.

  1. Аялдау жолы және қозғалыс жылдамдығы.

Автомобильдің аялдау және тежелу жолы.

Аялдау жолы өлшеміне әсер ететін факторлар.

Таяу жерде қозғалып келе жатқан көлік алдынан өту қауіптілігі.

Ылғалды және тайғақ жолда жүргіншілер мен жүргізушілер қозғалысының ерекшеліктері.




  1. Жүргіншілер өтпелері.

Жүргінші өтпесі және оның белгіленуі. Мектеп шағын ауданындағы жүргінші өтпелері.

Екі жақты және бір жақты қозғалыс жолын кесіп жүріп өту ережелері.

Жолды кесіп жүріп өту кезіндегі қауіпті жағдайлар.

Жер асты және жер үсті жүргіншілер өтпелері, олардың белгіленулері. Олардың бар кезінде жолдан өту ережелері.

Жүргіншілердің арнайы белгілері қосылған көлік құралдарының жақындаған кезіндегі іс-әрекеттері.

Көзге шалынатын аймақта жүргінші өтпесі немесе көше қиылысы болмаған жағдайда жолдың үстін кесіп жүріп өту ережелері.




  1. Реттелмейтін көше қиылыстары.

Көше қиылыстарының түрлері.

Жүргізушілер беретін сақтандыру белгілері.

Реттелмейтін көше қиылысы. Реттелмейтін көше қиылысындағы жүргінші өтпелерінің белгіленуі. Реттелмейтін көше қиылыстарынан жүріп өту ережелері. Егер жүргінші өтпесі белгіленбеген болса, жолдың үстін қай жерде қалай кесіп жүріп өтуге болады.


  1. Реттелетін көше қиылыстары. Бағдаршам.

Бағдаршам белгілері. Бағдаршамдар түрлері.

Қозғалысқа қатысушылардың бағдаршам белгілері бойынша іс-әрекеттері.

Қозғалысқа қатысушылардың бағдаршам белгілері бойынша іс-әрекеттері. Реттелетін көше қиылысында жүргін бөлікті кесіп жүріп өту ережелері. Мектеп шағын ауданындағы реттелетін көше қиылыстары.

Реттелетін көше қиылыстарындағы өтпелерде балалармен болған жол-көлік оқиғаларының мысалдары (жол полициясының материалдары бойынша). Олардың туындау себептерінің талдауы.




  1. Реттеуші және оның белгілері.

Реттеушіге алатаяқ пен ысқырық неге қажет?

Реттеушінің белгілері. Жүргіншілердің осы белгілер бойынша іс-әрекеттері.

Реттеуші белгілерінің бағдаршам белгілерінен артықшылықтары.


  1. Автобуста және троллейбуста жүру.

Автобус және троллейбус жолаушыларына арналған аялдамада тұрған, көлікке кірер кездегі, салон ішіндегі және шығар кездегі ережелер.

Жүргін бөлікті аялдамаға жақын қозғалыс кезінде және автобус пен троллейбустан түскен кезде кесіп жүріп өту ережелері. Бұл орайда туындайтын қауіпті жағдайлар.

Автобус немесе троллейбус аялдамасына саяхат.


  1. Трамвайда және көліктің басқа да түрлерінде жүру.

Трамвай жолаушыларына арналған аялдамаларда тұрған, кіру кезіндегі, вагон ішіндегі және одан түскен кездегі ережелер.

Жүргін бөлікті аялдамаға жақын қозғалыс кезінде және трамвайдан түскен кезде кесіп жүріп өту ережелері.

Бағдарлық таксиді және жеңіл автомобильді пайдалану ережелері.


  1. Жол белгілері және жолға салынатын таңбалар.

Жол белгілерінің топтары және олардың мақсаты.

Жол белгілері: «Бір жақты қозғалыс жолы», «Аялдама орны», «Шлагбаумы бар теміржол өтпесі», «Шлагбаумы жоқ теміржол өтпесі», «Жаяу жүргінші өтпесі» (ескерту), «Балалар», «Жаяу жүргіншілер жолы», «Кіруге тыйым салынады». Сервис белгілері.

Мектеп шағын ауданындағы жол белгілері.


  1. Мектепке жол. (Сенің күнделікті бағдарың).

Мектеп шағын ауданы. Мектеп шағын ауданындағы көлік.

Мектеп шағын ауданындағы неғұрлым қауіпті жол қиылыстары.

Мектеп оқушысының жол бағдарында 1-ші сыныпқа қарағанда не өзгерді. Мектеп, үй, кинотеатр, дүкен және т.с.с. жолындағы қауіпсіз жолдарды талдау.


  1. Ойнауға қай жерде болады және қай жерде болмайды.

Жүргін бөлікке жақын ойнаудың қауіптілігі. Ауланың қай жерінде ойнауға болады және қай жерінде ойнауға болмайды.

Балалармен болған жол-көлік оқиғаларының мысалдары (жол полициясының материалдары бойынша). Олардың туындау себептерінің талдауы.



13. ЖКО кезіндегі жарақаттардың түрлері.

Жарақаттар түрлері: сынықтар, ауыртып алулар, жаралар, күйіктер және т.с.с.

Жүргіншіні соққан кезде алынатын жарақаттардың негізгі түрлері.

Жолаушылардың кабинада немесе автомобиль салонында отырғандарында алатын негізгі жарақат түрлері.

Велосипедшілерге тән жарақаттанулар.
14. Жарақаттанған кезде өзіңе және жолдасыңа қалай көмектесу керек.

Қан ағудың түрлері: артериалдық, веноздық, капиллярлық.

Қан ағуын тоқтату тәсілдері.

Байлап-орау түрлері.


15. Сен – велосипедшісің.

Велосипедтің жалпы құрылымы, әдеттегі ақаулары, оларды жөндеу.

Жас велосипедшілерге арналған қауіпсіз жүру ережелері.

Балалармен болған жол-көлік оқиғалары мысалдары (жол полициясының материалдары бойынша). Олардың туындау себептерінің талдауы.


16. Қала сыртына шығу.

Қала сырты жолындағы көлік қозғалысы.

Қала сыртындағы жолда жүргіншілер қозғалысының ережелері. Қала сыртындағы жолды қалай дұрыс кесіп жүріп өтуге болады.

Теміржол өтпелері, олардың түрлері. Теміржол өтпелерінен (шлагбаумы бар және шлагбаумы жоқ) жүріп өту ережелері.


17. Жол жүргізушілер көзімен.

Жылдың, тәуліктің мезгілдеріне және ауа райы жағдайларына байланысты жолдың жай-күйі.

Жүргізуші жұмысының ерекшеліктері.

Жүргін бөлігінде жүргіншілерге туындайтын қауіпті жағдайлар жүргізушілердің көзімен.


18. Қорытынды сабақ.

Ойындар, викториналар және т.с.с өткізу.Жол қозғалысы ережелері.



Қорытынды шығару (тестілеу).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет