БАҒдарламасы 24 тамыз 2007 жылғы №404 Қазақстан Республикасының оқу және білім Министрлігі бұйрығына Қосымша 1



бет4/7
Дата19.02.2017
өлшемі0,58 Mb.
#10848
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

4-СЫНЫП





р/т

айы

Сабақ тақырыбы

Сағат саны

1.

қыркүйек

Жүргіншілер қауіпсіздігі.

1

2.

қыркүйек

Біз жол қозғалысы ережелерін білеміз бе?

1

3.

қазан

Жол қозғалысы ережелері білімін тексеру.

1

4.

қазан

ЖҚЕ негізгі түсініктері мен терминдері.

1

5.

қараша

Ескерту белгілері.

1

6.

қараша

Оқушылар топтарының колоннадағы қозғалысы.

1

7.

желтоқсан

Адамдар тасымалы.

1

8.

желтоқсан

Оқушыларды жүк автомобильдерінде тасу.

1

9.

қаңтар

Реттелмейтін көше қиылыстары.

1

10.

қаңтар

Автомобильдерді арнайы аспаптармен жабдықтау.

1

11.

ақпан

Жүргізушінің еңбегі.

1

12.

ақпан

Жолдағы жағдайларды макетте талдау.

Арнайы автоалаңдағы практикалық сабақ.



1

13.

наурыз

Жол белгілері.

1

14.

наурыз

Теміржол өтпелері.

1

15.

сәуір

ЖКО-да зардап шеккен балалар жарақаттарының негізгі түрлері мен себептері.

1

16.

сәуір

Қан аққан кезде алғашқы медициналық көмек көрсете білуге дағдылану.

1

17.

мамыр

Жарақаттанғанда, жаралап алғанда алғашқы медициналық көмек көрсете білуге дағдылану.

1

18.

мамыр

Қорытынды сабақ.

1




Барлығы:

18


1. Жүргіншілер қауіпсіздігі.

Көлік құралдарының түрлері: жеңіл, жүк, арнайы. Автомобильдер маркалары.

Кез келген қозғалып келе жатқан көлік – адамның қауіпсіздігіне төнген қауіп.

Қала көлігінің үдемелілігі және қозғалыс жылдамдығы.

Машина (автобус, трамвай және т.б.) бірден тоқтай ала ма? Тежеу жолы. Тежелу жағдайы.

Тұрған (тоқтаған) көлік – оны қалай айналып өтуге болады.

Мектепке, дүкенге, кітапханаға, стадионға және т.б. қауіпсіз жолды дұрыс таңдай білу.
2. Біз жол қозғалысы ережедерін білеміз бе?

Балалармен жол-көлік оқиғаларының себептері: жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтамауы, жолаушылардың көлікте өзін-өздері ұстау ережелерін сақтамауы, көшеде және көлікте және т.б. тәртіпсіздік.

Жол қозғалысы ережелерін бұзған балалардың әрекеттерін талқылау.
3. Жол қозғалысы ережелері білімін тексеру.

1-3 сыныптарда алған Жол қозғалысы ережелері жөніндегі материалдарды қайталау.


4. ЖҚЕ негізгі түсініктері мен терминдері.

Жол қозғалысына қатысушы, жүргінші, жүргізуші, аялдама, тұрақ, мәжбүрлі аялдама, жол, жүргін бөлік, тұйық көше, тротуар, жүргінші жолы, жүргінші өтпесі, теміржол өтпесі, көлік құралы, велосипед, тұрғын үй аймағы.


5. Ескерту белгілері.

Ескерту белгілерін бұрылыстың жарық көрсеткіштерімен немесе қолмен көрсету. Бұл белгілердің жүргізушілер мен жүргіншілер үшін мәні.

Бұрылыстар, тежеу, көлік құралын сүйрету кезіндегі, апатты аялдау кезіндегі белгілер.

Дыбыс белгілерін елді мекендерде, жол-көлік оқиғаларының алдын алу жағдайларынан басқа, беруге тыйым салынған.


6. Оқушылар топтарының колоннадағы қозғалысы.

Оқушылар топтарының тротуарда, жол жиегінде, жүргінші өтпесінде қозғалысының тәртібі.

Оқушылардың колоннамен қозғалысының тәртібі.

Оқушылар топтарын жалпылама пайдаланылымдағы көлікке отырғызу тәртібі.



7. Адамдар тасымалы.

Адамдарды автобуста, жеңіл, жүк автомашиналарында тасу қалай жүзеге асырылады?

Тасымалданатын адамдар саны, сақтық шаралары, қозғалыс жылдамдығы.

Адамдар тасымалы кезінде нелерге тыйым салынады?


8. Оқушыларды жүк автомобильдерінде тасымалдау.

Оқушыларды жүк автомобильдерінде тасымалдаудың ерекшеліктері. Қорапты отырғыштармен жабдықтау, алып жүрушілердің болуы, автомобильде «Балаларды тасымалдау» айырым белгілерін орнату.

Оқушыларды мінгізу және түсіру ережелері. Оқушыларды жүк автомобилімен тасымалдаған кезде олардың өзін-өздері ұстау ережелері.

Реттелмейтін көше қиылыстары дегеніміз не?

«Бірдей маңызы бар» және «тең емес мәндегі» жолдар түсінігі.

Жүргізушілер өздерін реттелмейтін жол қиылысында қалай ұстайды?

Бұл жерде қандай жол белгілері тұра алады? Басымдық белгілері тобымен танысу.
10. Автомобильдерді арнайы аспаптармен жабдықтау.

Арнайы автомобильдер: өрт, полиция, жедел медициналық көмек, апаттық.

Автомобильдерді арнайы түске бояу, дыбыс белгілерімен және көк пен қызыл түсті жарқылдауық маяктарымен жабдықтау.

Арнайы автомобильдердің өту кезіндегі артықшылықтық құқықтары.

Қызыл сары және сары түсті жарқылдауық маяктармен жабдықталған көлік құралдары.
11. Жүргізушінің еңбегі

Жүргізуші жұмысы – бұл аса мұқияттылықты қажет ететін және жауапты жұмыс.

Жүргізушінің қозғалыс қауіпсіздігін сақтау жөніндегі міндеттері.

Жүргіншілердің ЖҚЕ сақтаулары, олардың жеке бастарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және жүргізушілердің жұмысын жеңілдетеді.

Автомобиль немесе автобус жүргізушісімен кездесу.


  1. Жол жағдайларын макетте талқылау.

Арнайы автоалаңдағы практикалық сабақ.

Макетте балалар тап болатын жол жағдайлары қаралады.

Нақтысына ұқсатылған көшелерде әртүрлі жол белгілері, жүргіншілер бейнелері мен ойыншық машиналар қойылады.

Оқушылардың тротуармен және жүргінші өтпелерімен қозғалысы.

Реттеушінің белгілері.


  1. Жол белгілері.

Жүргіншілер мен велосипедшілерге арналған жол белгілері.



  1. Теміржол өтпелері.

Мектеп оқушыларының теміржол маңында өзін-өздері ұстауы.

Олардан жаяу және көлікпен кесіп жүріп өту ережелері.

Күзетілетін және күзетілмейтін теміржол өтпелері.

Поездарды (электропоездарды) пайдалану кезіндегі шарттар.




  1. ЖКО-да зардап шеккен балалар жарақаттарының негізгі түрлері мен себептері.

Балалардың кінәларынан болатын жол-көлік оқиғалары.

Жол-көлік оқиғаларында көбіне орын алатыны: бір жерлерін ауыртып алулар, шығып кетулер, сынықтар.

Қан ағудың түрлері: артериалдық, веноздық, капиллярлық.


  1. Қан аққан кезінде алғашқы медициналық көмек көрсете білуге дағдылану.

Өзіне-өзі және өзара көмек түсінігі.

Қан ағуды тоқтату.

Қысып таңып тастау және бұрау салу жөнінен практикалық сабақ.

Орамал сияқты үшбұрыштап, айналдырып және мықтап бекітіп таңып байлау жөнінен практикалық сабақ.




  1. Жарақаттанғанда, жаралап алғанда алғашқы медициналық көмек көрсете білуге дағдылану.

Бас, көкірек қуысы, шынтақ, тізе, аяқ-табан немесе білек-қар буындары жарақаттанғанда орап-таңу түрлері және техникасы.


  1. Қорытынды сабақ.

Қорытынды шығару (тестілеу)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет