БАҒдарламасы 24 тамыз 2007 жылғы №404 Қазақстан Республикасының оқу және білім Министрлігі бұйрығына Қосымша 1



бет7/7
Дата19.02.2017
өлшемі0,58 Mb.
#10848
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
8-СЫНЫП




р/т

Айы

Сабақ тақырыбы

Сағат саны

1.

қыркүйек

Жол қозғалысы ережелерінің шығу тарихы.

Жол белгілерінің халықаралық тілі.



1

2.

қыркүйек

Қозғалысты реттеу нысандары.

1

3.

қазан

Жол белгілері.

1

4.

қараша

Жүргіншілер мен велосипешілердің міндеттері және олардың ЖҚЕ бұзғаны үшін жауапкершіліктері.

1

5.

қараша

Қауіпсіздіктің жаңа ғасырына (экология мен көлік)

1

6.

желтоқсан

Ертеңгілікке дайындық, бастауыш сынып оқушылары үшін ЖҚЕ бойынша әңгімелер.

1

7.

желтоқсан

Қауіпсіздік және жол қозғалысын ұйымдастыру.

1

8.

қаңтар

Көше қиылыстарын, жүргіншілер өтпелерін, қоғамдық көлік аялдамаларын жүріп өту.

1

9.

қаңтар

Сынған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету. Қан аққан кездегі алғашқы медициналық көмек қөрсету.

1

10

ақпан

Зардап шегіп, ес-түссіз жатқандарға алғашқы медициналық көмек көрсету.

1

11

ақпан

Бір жерлері шығып кеткендерге алғашқы медициналық көмек көрсету. Күйген кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету.

1

12

наурыз

Ілінген қозғалтқышы бар велосипед пен мопед.

1

13

сәуір

Ілінген қозғалтқышы бар велосипедке (мопедке) қойылатын техникалық талаптар.

Велосипедшілер қозғалысына қосымша талаптар.



1

14

мамыр

Қорытынды сабақ.

1




Барлығы:

14


1. Жол қозғалысы ережелерінің шығу тарихы.

Жол белгілерінің халықаралық тілі.

Жол қозғалысы ережелерінің әлемде, Ресейде шығуы туралы тарихи очерк.

В.И. Ленин қол қойған қозғалыс ережелері туралы декрет.

КСРО аумағында қозғалыс ережелері бірегей.

Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелері.

Белгілердің халықаралық тілі. Тарихи очерк.

Жол белгілерінің мақсаты.

2. Қозғалысты реттеу нысандары.

Бағдаршам мен реттеушінің белгілері. 3-секциялы бағдаршамның белгілері. Қосымша секциялары бар бағдаршамның белгілері.

Бір секциялы бағдаршамдар. Жүргіншілер бағдаршамдары.

Реттеуші. Реттеушінің дене қалпын ұстауы және жесттері, олардың мәндері.

Реттелетін көшелерді, жолдарды кесіп жүріп өту ережелері.
3. Жол белгілері.

Жол белгілерінің топтары, атаулары мен олардың мақсаттары.

Ескерту, басымдылық, тыйым салатын және алдын ала жазатын белгілер.

Ақпараттық-көрсеткіштік, сервис және қосымша ақпарат белгілері (табличкалар). Олардың мақсаттары.


4. Жүргіншілер мен велосипедшілердің міндеттері және олардың ЖҚЕ бұзғаны үшін жауапкершіліктері.

Жүргіншілер мен велосипедшілердің міндеттері – жол қозғалысы ережелерін сақтау. ЖҚЕ бұзғаны үшін тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тарту.


5. Қауіпсіздіктің жаңа ғасырына (экология және көлік).

Көліктің экологияға әсері (топырақ, өсімдік, адам денсаулығы).

Қоршаған ортаны қорғау.


  1. Ертеңгілікке дайындық, бастауыш сынып оқушылары үшін ЖҚЕ

бойынша әңгімелер.

Ертеңгіліктің сценарийін дайындау, бастауыш сынып оқушылары үшін ЖҚЕ бойынша әңгіменің мәтіні.

Сынып оқушылары арасында ЖҚЕ бойынша үздік дайындалған әңгіме байқауын өткізу.
7. Қауіпсіздік және жол қозғалысын дайындау.

«Жол қозғалысы қауіпсіздігі» және «жол қозғалысын ұйымдастыру» терминдерінің түсінігі.

Жүргізуші «Жүргізуші – автомобиль – жол – орта» жүйесінің операторы сияқты.

Жол қозғалысының сипаты: көліктік және жаяу тасқын, көше-жол желісі.

Жол полициясы: міндеттері мен функциялары.

8. Көше қиылыстарын, жүргіншілер өтпелерін,

қоғамдық көлік аялдамаларын жүріп өту.

«Көше қиылысы», «жүргінші өтпесі» терминдерінің түсінігі.

Реттелетін және реттелмейтін көше қиылыстарынан жүріп өтудің жалпы ережелері. Көлік құралдарының басымдықтары.

Теңмәнді жолдарды «оң жақтан кедергі» принципі бойынша жүріп өту.

«Басты жол», «Жол бер» жол белгілерінің әрекеттері.

Жүргіншілер өтпелері мен қоғамдық көлік аялдамаларын жүріп өту ережелері.


9. Сынған кезіндегі және қан аққан кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету.

Сынықтардың түрлері: ашық және жабық.

Ашық сынықтың белгілері қандай? Ашық сынық кезінде алғашқы медициналық көмекті қалай көрсету керек?

Аяқ-қол сүйектерінің жабық сынықтарының белгілері қандай? Қабырғаның сынғандығын қандай белгілер бойынша анықтауға болады?

Табан сүйектері сынған зардап шегушіге қалай көмектесу керек?

Сирақ-жіліншік сүйектері сынған кезде көлік шинасын салудың негізгі ережелері. Жамбас сүйектері сынған кезде алғашқы көмекті қалай көрсетуге болады?

Қан ағудың түрлері: артериалдық, веноздық, аралас және капиллярлық.

Қандай қан ағу неғұрлым қауіптірек деп саналады?

Ішкі қан кетудің барлығын қандай белгілерге қарап болжайды?

Ішкі қан кеткен кезде немесе одан күдіктенгенде алғашқы медициналық көмектің қандай тәсілдері қолданылады?

Қан тоқтататын бұрау ең көп дегенде қанша мерзімге салынуы мүмкін?

Зардап шегушінің аяқ-қолдарындағы жарадан қан аққанда оның ағысын қалай баяулатуға болады? Артериалдық қан ағу кезінде қан тоқтату бұрауы ретінде нені пайдалануға болады?


10. Зардап шегіп, ес-түссіз жатқандарға алғашқы медициналық көмек көрсету.

Клиникалық өлімнің белгілері қандай? Естен айырылғанда не істеу қажет?

Егер зардап шегуші есінен танып жатса, тамыр соғысын қай жерінен анықтауға болады? Егер көмек көрсетуге бір адам ғана қатысса, жансақтауды орындау ережелерін көрсетіңіз? Егер көмек көрсетуге 2 адам қатысса, жансақтауды өткізудің дұрыс ритмін көрсетіңіз?

Егер зардап шегуші талып жатса, оған қалай көмектесуге болады?



11. Бір жерлері шығып кеткендерге алғашқы медициналық көмек көрсету. Күйген кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету.

Аяқ-қол шығып кеткен кездегі алғашқы медициналық көмек.

Буындардың шығып кету белгілері қандай?

Жол-көлік оқиғасында жоғарғы сүйек-буындары шығып кеткен зардап шегушіні қандай жағдайда эвакуациялау керек?

Аяқ сүйектері шығып зардап шегушілерді қандай жағдайда эвакуациялау керек? 1 дәрежелі күйікте қалай көмектесуге болады? 1 дәрежелі термиялық күйіктің белгілері қандай?

Егер күйген жерде мөлдір сұйықтыққа толы түйіршіктер пайда болса, ол қандай дәрежедегі күйікке жатады?

Денесінің жекелеген бөліктері сілтілі ерітінділермен күйген зардап шегушіге қалай көмектесуге болады? Денесінің жекелеген бөліктері қышқылдармен күйген зардап шегушіге қалай алғашқы көмек көрсетуге болады?
12. Ілінген қозғалтқышы бар велосипед пен мопед.

Велосипедтер мақсатына қарай қандай түрлерге бөлінеді? Велосипед қандай негізгі бөлшектерден тұрады?

Күш бергіш механизмнің мақсаты қандай және оның әрекетінің принципі қандай? Велосипед жарақтарына не кіреді?

Қай жастан бастап қозғалтқышының жұмыс көлемі кемінде 50 текше метр және ең жоғары конструктивті жылдамдығы 40 км/сағ мотовелосипедті басқарып жүргізуге болады?

Ілінген қозғалтқышы бар велосипед пен мопедтің құрылымы. Техникалық күтімі, пайдалану ережелері. Ілінген қозғалтқышы бар велосипед пен мопедті басқару құқығына қойылатын жас шарты.
13. Ілінген қозғалтқышы бар велосипедке (мопедке)қойылатын техникалық талаптар. Велосипедшілердің қозғалысына қойылатын қосымша талаптар.

Ілінген қозғалтқышы бар велосипед пен мопедті шығарар алдында техникалық жағдайын тексеру. Ақаулары және оларды жою. Велосипедшілердің ретелмейтін көше қиылыстарын кесіп жүріп өту ережелері. Велосипедшілердің жүргіншілер өтпесін кесіп жүріп өту ережелері.



Жолаушылар мен жүк тасымалы ережелері.
14. Қорытынды сабақ.

Тестілеу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет