БАҒдарламасы 3 Сүгірбаева А. С 37 10-11 сынып оқушыларына арналған «шешендік өнер» курсы 37



бет4/40
Дата27.12.2016
өлшемі6,58 Mb.
#5524
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40

Еңбек тәрбиесі

Жаратылысынан жүрек жылуы мен мейірімі мол халықтың бірі – қазақ халқы. Бала тәрбиесіне деген немқұрайлылық – оның тәрбиесіне жат қылық. Өйткені, қазақтың ел алдындағы абырой-беделі, қадір-қасиеті ұрпағының салауаттылығымен өлшенген. Қазақ халқы өз тіршілігінің сан ғасырлық тарихында өмірінің жалғасы, мұрагері балаға тәрбие берудің өзіндік әдет-ғұрпын жинақтады. Олардың көшпелі өмір салтының өзіндік ерекшелігіне сәйкес балаға жан-жақты тәрбие берудің өзгеге ұқсай бермейтін өзіне тән талаптары қалыптасты. Балаларын қазақ халқы жастайынан кішіпейілділікке, қайырымдылыққа, қарапайымдылыққа, еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке үйреткен. Бұл кұнде осындай киелі де, қасиетті елдің ұрпағын еңбек тәрбиесі арқылы бүгінгі қоғамда бәсекеге қабілетті жеке тұлға ретінде тәрбиелеудің маңызы зор.



Еңбек тәрбиесінің мақсаты: Жеке тұлғаның бәсекелестік қабілетін, өзінің қалауына сай белгілі бір еңбек әрекетіне дайындығын қалыптастыру.

Міндеті:

  • тұлғаның еңбекке деген көзқарасын қалыптастыру;

  • өзін-өзі бағалау;

  • нарық экономикасының құндылықтарына дұрыс қарым-қатынасты орнату;

  • жас ерекшелігіне қарай еңбек түрлерін жүзеге асыра білу.


Еңбек тәрбиесінің мақсаты мен міндетін жүзеге асыру арқылы бала бойынан мына қасиеттерді көруге болады:

  • Адам еңбекпен материалдық және рухани құндылықтарды жасайды.

  • Өз қабілетін бағалау арқылы өзінің шығармашылық мүмкіндігін қалыптастырады.

Еңбек тәрбиесі төмендегі көрсетілген тәрбиелермен тығыз байланысты:


Е
геменді ел жастарының санасына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білуде еңбек тәрбиесінің мәні зор.
Қазақ халқының мал шаруашылығындағы тәрбиеге қатысты ұғымдарын сатылай кешенді талдау

Қазақ – ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бар олар мал өрісін, тіршілік табиғатын, қадір-қасиетін әбден танып, білген. Тіпті малдың айрықша қасиетін, ерекшелігін танитын сыншылар да шыққан. Сөйтіп, халқымыз өзінің тіршілігін, шаруашылығын осы мал өсірумен байланыстыра жасаған. Оның өнімдерін тіршілік құралы етіп, оңтайлы пайдалануды шебер игерген. «Төрт құбылада – төрт түлік» деп бекерге бағаламаған.




Мал өсіруге аса қолайлы Қазақстан жерін малсыз елестету мүмкін емес. Міне, осы жайларды жас ұрпаққа оқытып, үйрету олардың ой-өрісінің өсуіне де, малға деген ынта-ықыласына да жақсы әсер ететіні сөзсіз. Төрт түлікке қатысты этнографиялық қызықты атаулар өте көп. Мысалы, түйенің өсу жолы:



Халық ұғымында түйенің пірі – Ойсылқара. Ол түйені өрісте жүргенде бәле-жаладан қорғайды және оның өсуіне жағдай жасайды деп ойлайды. Өріске шығарғанда түйені арай-арай деп қайырады. Сондай-ақ, түйе боздайды. Түйенің сүтін «шұбат» деп атайды. Шұбат – адам денсаулығына аса пайдалы сусын. Түйе жүнінен тоқылған шекпен кәделі, қымбат киім деп бағаланады.

Малдың қадірін біліп, қасиетін бағалаған бабаларымыз адам есіміне мал атауларын қосуды әдетке айналдырған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет