БАҒдарламасы 3 Сүгірбаева А. С 37 10-11 сынып оқушыларына арналған «шешендік өнер» курсы 37



бет9/40
Дата27.12.2016
өлшемі6,58 Mb.
#5524
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40

Ажалдан әркім-ақ бір өлер (1сағат). Халықтың «Өлімнен ұят күшті» дейтін мақалымен үндесетін нақыл. Тәрбие көзі: Өлім, ажал, ұят. Тағылым: Ұяттың мәнін ұғындыру.

  • Айдан алқа, жұлдыздан жүзік іздеме (1 сағат). Жоқ нәрсені іздеп, бекерге әуре болғандарға, болмас істі, өнбес дауды қуушыларға айтылған халық қағидасы. Тағылым: Орынды істің байыбына бару. Орынсыз іске жүгінбеу.

  • Ала жаздай ән салып (1 сағат). Өз міндетін уақытында орындамай бос жүріп, уақытын бекерге өткізетін жалқауларға осы жолдарды балама етіп қолданады. Тәрбие көзі: Міндет, жалқаулық.

  • Алдыңғы толқын – ағалар (1 сағат). Абай нақылы көбіне аға-інілер, үлкен-кішілер жөнінде теңеу етіп қолданады. Тәрбие көзі: Сыйластық. Тағылым: Сыйласу.

  • Баланың білегі ауырса (1сағат). Балаға деген ана махаббаты сипатталған Балтағұл ақын жинағында кездесетін қанатты сөз. Тәрбие көзі: Білек ауру, жүрек ауру, бала махаббаты, ана махаббаты. Тағылым: Ана мен бала арасындағы сүйіспеншілікпен сыйластық.

  • Досы жоқпен сырлас (1 сағат). Дос-жарандар, құрбы-құрдастардың өзара сыйлас, сырлас жайлары көрсетілген Абай сөзі. Тәрбие көзі: Достық, сырлас, сыйласу. Тағылым: Сыйластық қарым-қатынасты қалыптастыру.

  • Көп айтса көнді (1сағат). Өзінің айтар сөзі жоқ, біреу айтса мақұл дей беретін көңілшек, жалтақ мінезділерге қарсы қолданылатын Абай айтқан бейнелі сөз. Тәрбие көзі: Көну, әдет, надандық, көңілшектік, жалтақтық мінез. Тағылымы: Мінездегі жалтақтықты таныту.

  • Өзің үлкен, қылығың – бала-шаға (1 сағат). Өзі үлкен, дәрежелі кісілердің кейде ұсақ-түйек мінезі білінгенде, немесе ойын-күлкі, тамашаны қызықтап жүгірушілерге қолданылатын қанатты жолдар. Тәрбие көзі: Қылық, балаша мәз болу, абырой. Тағылым: Жасыңа сай мінез-құлықты болу.


    Эстетикалық тәрбие (13 сағат).

    • Арқан үзілсе де, борыш үзілмейді (1 сағат). Міндет, борыш, қарыздар арасында айтыла беретін қанатты сөз. Тәрбие көзі: Міндет, борыш, қарыз.

    • Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі (1 сағат). Адамгершілікке, әдептілікке баулитын, жағымсыз жат мінезден сақтандыратын нақыл сөз. Тәрбие көзі: Адамгершілік, әдептілік, ар-ұят.

    • Әкесі ұрысса балаға, ол да достық (1 сағат). Ата мен бала, үлкен мен кіші арасындағы әдептілік, кішіпейілділікті сипаттайтын Абай сөзі. Тәрбие көзі: Қылық, ұрысу, сөгу, әке, бала, ата, достық. Тағылым: Бала мен ата-ана арасындағы сыйластық.

    • Әсемпаз болма әр неге (1 сағат). Абайдың осы аталы сөзін халық құрғақ сәнқойлық іздеп, «Әсемпаз болып, әр неге» ұрына бергенше, еңбектеніп, ізденіп, өнер шыңына өрле, сөйтіп, сен де бір азамат болып, қоғамның бір керегіне жара, өмірден өз орныңды тап, деген мағынада қолданады. Тәрбие көзі: Әсемпаздық, өнерпаз, арқалану, дүние кірпіш, кетік. Тағылым: Өмірден өз орнын табу.

    • Баяғы жартас – бір жартас (1 сағат). Абай нақылы. Бастапқы қалпынан өзгермейтін, өзгерсе де жөнделмейтін нәрселерді көргенде айтылады. Тағылым: Орынды-орынсыз әрекеттердің байыбын тану.

    • Болмасаң да ұқсап бақ (1 сағат). Бұл Абайдың жақсы адамнан үлгі ал, өзің ондай өнегелі, өнерлі, білімді болмасаң да, соған ұқсап бақ деген ғибрат сөзі. Тәрбие көзі: Ұқсап бағу, жақсы адам, өнегелі, өнерлі, білімді. Тағылым: Жақсылыққа, жақсы адам болып қалыптасуға өз бітімен ұмтылту.

    • Білімдіден шыққан сөз (1 сағат). Абайдың бұл нақылы білімдіден шыққан асыл сөз, көкірегі ояу, толғанарлық ойы бар таланттыға кез болса, босқа кетпейді, бір пайдаға асады деген мағынада қолданылады. Тәрбие көзі: Білімді, талантты, көкірегі ояу, ойы бар талант. Тағылым: Айтқанға, айтылғанға құлақ асып, тыңдай білу.

    • Ғылым таппай мақтанба (1 сағат). Абай нақылы. Тәрбие көзі: Мақтанбау, ғылым табу, орын табу, баптану, құмарлық, шаттық, ойнау, босқа, текке ойнап-күлу. Тағылым: Өнер-білім алу, өз орнын табу.

    • Қолымды мезгілінен кеш сермедім (1 сағат). Абайдың осы нақыл сөзін кейде адамдар кешігіп, алатын сыбағасынан құр қалып қойғандар, немесе ғылымға, өнерге жастайынан араласа алмағанына өкініш білдіргенде еске алады. Тәрбие көзі: Сыбағадан құр қалу, үлестен құр қалу, өкіну. Тағылым: Өз ісін өз уақытымен жүзеге асырудың мәнісін таныту.

    • Мал - дәулеттің байлығы (1 сағат). Бұл қазақтың алғашқы халық ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің шәкірт ұрпақтарын өнер-білімге шақырған нақыл өлеңінен алынған жолдар. Тәрбие көзі: Байлық, өнер-білім байлығы, жұт, жұтау. Тағылым: Дәулет пен байлықтың айырмасын таныту.

    • Мен кетті деп жылқы суғарусыз қалмасын (1 сағат). Біреу кеткен екен деп жұмысты аяқсыз қалдыруға болмайды деген ойын қазақ осы нақылмен тұспалдайды. Тағылым: Басталған істі аяғына дейін жеткізуді таныту.

    • Мың күн сынбас (1 сағат). Бұл Абай айтқан астарлы сөз. Тәрбие көзі: адал еңбек, ұрлық, қулық, арамдық. Тағылым: Қанша жасырғанмен беті ашылар ақиқаттың мәнісін меңгерту.




    • Онын алып (1 сағат). Өз табысын қанағат қылмайтын, көптен дәмететін нысапсыздарды жұрт Абай айтқан осы сөзбен сынайды. Тәрбие көзі: Қанағаттылық, нысап, нысапсыз, алақан жаю. Тағылым: Өз тапқан табысыңды қанағат тұту.


    Экологиялық және еңбек тәрбиесі (7 сағат)

    • Аз шығынды қызғанып (1 сағат). Болмашы нәрсемен айналысып, алдағы көптеген игі іске араласпай жүргендерге ақыл, кеңес ретінде айтылатын нақыл сөз. Тәрбие көзі: Қызғаныш, шығын, пайда.

    • Бақпен асқан патшадан (1 сағат). Абай айтқан нақыл сөз. Тәрбие көзі: Бақ, қара, сақал сату, еңбек сату. Тағылым: Адал еңбек пен парасатты ақыл-кеңестің парқы.

    • Берекені көктен тілеме (1 сағат). Әрекетсіз бекерге жатпай, бел шешіп, білек сыбанып еңбек ету керек дегенді білдіретін нақыл. Тәрбие көзі: Әрекет, амал, бос жату, білек сыбану, бел шешу, еңбек ету, береке. Тағылым: Ерінбей еңбек етудің мәнісін меңгерту.

    • Еңбек қылсаң ерінбей (1 сағат). Халықтың «Еңбек қылсаң емерсің» деген мақалын Абай «Еңбек қылсаң ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп жаңартқан. Тәрбие көзі: Еріну, еріншектік, тілену, тойыну. Тағылым: Еңбекті сүю, еңбек адамын қадірлеу.

    • Жасымда ғылым бар деп ескермедім (1 сағат). Абай өзінің жас кезінде оқи алмағанын айта отырып, кейінгі ұрпақтарға шен-шекпен, атаққұмарлық үшін оқымаңдар, туған елге, халыққа адал қызмет ету үшін оқыңдар деп өсиет қалдырған. Тәрбие көзі: Ғылым, ғылымның пайдасы, атаққұмарлық. Тағылым: Адал қызмет етудің мәнісін ашу.

    • Күшіңе сенбе (1 сағат). Адалдыққа, әділеттілікке үндейтін нақыл сөз. Тәрбие көзі: Адалдық, әділеттілік, сенім, адал іс. Тағылым: Өзіңе-өзің сену, адал еңбекке сену.

    • Менде де бар бір жаман (1 сағат). Әркім өзінде барын қанағат тұтқанда айтыла беретін қанатты сөз. Тәрбие көзі: Қанағат.


    Күтілетін нәтиже

    5-сыныпқа арналған тағылымтану бағдарламасының Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие тарауында оқушылар қанатты сөздер мен нақыл сөздердегі жақсы адам мен жаман адамның жақсылығы мен жамандығын, мінездегі мақтану мен мақтаншақтықты, жағадан алу сияқты келеңсіздіктің не екенін, абайлап сөйлеу мен тілге сақ болудың мәнісін меңгеріп шығулары тиіс. Рухани-адамгершілік тәрбие үрдісінде ағайын мен жат адамның ара қатынасын танып, достық сыйласу мен сырластықтың, достық қатынастың тәрбиелік мәнін меңгеріп, дос пен дұшпанның не екенін, мінездегі жие көрініс табатын табалаудың, көну, көнбістік, көңілшектік, жалтақтық, балаша мәз болудың, өмірдегі шалыс басудың не екенін, өлім мен ажал сияқты табиғи құбылыстардың санада оянатын, жадта сақталып ұятқа айналу үрдісін, ұяттың не екенін, сол сияқты жалқаулық, сыйластықтың қандай қатынас екендігін түсініп, білек ауруы мен жүрек ауру, бала махаббаты мен ана махаббаты сынды ұғымдардың мәнісін, надандық, әдет сынды әрекеттердің көрінісін саналы ұғынып, тани білулері шарт. Эстетикалық тәрбиеде жеке тұлғаның эстетикалық талғамын қалыптастыратын қанағаттылық, нысап пен нысапсыздық, құмарлықтың, шаттықтың, ойнап-күлудің шектен шықпауын меңгерген, ұстамдылықты жете таныған, жұт пен жұтаудың, өнер-білім байлығынан айырмасын танитын, алақан жаю, сыбаға мен үлестен құр қалғандығына өкінудің тәрбиелік мәніне ақыл-ойы жеткен, көкірегі ояу, білімді, талантты, өнерпаздық пен әсемпаздықтың айырмасын таныған, міндет, борыш, парызды түсінетін тұлғаны тану. Экологиялық және еңбек тәрбиесінде мінездегі қызғаныштың туындау салдарын таныған, еріну мен еріншектіктің туындап, қалыптасуын, шығын мен пайданың ара қатынасындағы айырмасын, сақал сату, ақыл сату мен еңбек сату сынды еңбек жолын, адал еңбек етудің мәнісін, бел шешіп, білек сыбану әрекеттерінің танымдылығын, еңбек нәтижесіндегі пайда, бақ, тойыну, адалдық, қанағаттылықтың ұғымын, сәйкесінше қол жаю, тілену, атаққұмарлықтың бой алуын таныған тұлғаның қалыптасқанына көз жеткізу болып табылады.


    6-сынып. Тағылымтану

    34 сағат


    Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие (9 сағат)

    • Адасқанның алды - жөн (1 сағат). Өмірден адасып, не сөзден жаңылған адам Абайдың осы қанатты сөзін ауызға алады. Тәрбие көзі: Өмірден адасу, сөзден жаңылысу, жөн, соқпақ. Тағылым: Қате сөйлеу, өмірде ағат басу, өз қатесін тану.

    • Азар берсең кісіге (1 сағат). Біреуге нақақтан-нақақ қиянат жасап, зорлық-зомбылық көрсетсең күндердің күнінде өз алдыңнан шығуы мүмкін деген сөз. Тәрбие көзі: Азар беру, азар көру, қызғаныш, қиянат, зорлық. Тағылым: Зорлық-зомбылық, қиянаттың заң бұзушылық екендігін ашу.

    • Аузымен орақ орған (1 сағат). Абайдың бұл сөзі еңбек ету орнына сөз қуған өсекші, еріншектерге, ас ішіп, аяқ босатарларға қолданылады. Төрбие көзі: Адал еңбек, өсек, еріншектік, азасыздық. Тағылым: Сөз нарқын ұғыну, адал еңбек етуді ұғындыру.

    • Баланың жетіде тісі түседі (1 сағат). Қай жаста, қай кезде болмасын адамның күні адаммен деген ұғымды білдіретін нақыл. Тағылымы: Адамның күні адаммен.

    • Биік мансап – биік жартас (1 сағат). Мансап жайы сөз олғанда қолданылатын Абай нақылы. Тәрбие көзі: Мансап. Тағылымы: Мансапқорлықтың мағынасын ашу.

    • Ел бүлігі тобықты (1 сағат). Кейбір ауыл ысықсымақтарына, ертедегі ру тартыстарына қарсы айтылған халық сөзі. Тәрбие көзі: Пысық, пысықсымақ, бүлік, ел бүлігі. Тағылымы: Ел бірлігі.




    • Заң қуаты қолымда бар кісі болсам (1 сағат). Жағымсыз мінезділерді жөнге салып болмайды дейтіндерге қарсы ел Абайдың осы нақылын айтады. Тәрбие көзі: Мінез, мінездегі міндер.

    • Күн жауғанда қойныңда (1 сағат). Бұл нақыл басына қиыншылық түскенде туысына, жолдасына келіп бас ұратын, жайшылықта оларға қайрылып та қарамайтын, қайта қулығын асыратын ағайынгершілікке, жолдастыққа жараспайтын мінез көрсеткендерге айтылған. Тәрбие көзі: Ағайынгершілік, жолдастық. Тағылымы: Ағайын арасында, жолдастар арасындағы қарым-қатынасты дұрыс ұстану.

    • Намысты нанға сатпа (1 сағат). Туған ел намысынан жоғары ештеңе жоқ, оны ешнәрсеге айырбастауға болмайды. Тәрбие көзі: Намыс, ел намысы, ер намысы. Тағылым: Ел намысын, ер намысын қорғауды таныту.


    Рухани-адамгершілік тәрбие (8 сағат)

    • Адам – адамға дос (1 сағат). Нақыл сөз Кеңес Одағы Коммунистік партиясының ХХІІ съезі қабылдаған программадағы коммунизм құрылысшыларының моральдық кодексінде жазылған. Тәрбие көзі: Достық, жолдастық, бауырмалдылық. Тағылым: Адамгершілік қарым-қатынасты таныту.

    • Адам боп оңай туғанмен (1 сағат). Адам деген ардақты атқа лайық болудың оңай еместігіне байланысты ақын Қадыр Мырзалиев жазған қанатты сөз. Тәрбие көзі: Адамгершілік.

    • Атымды адам қойған соң (1 сағат). Абай айтқан аталы сөзден, адам болып жаратылған соң надан болуға ешкімнің де қақысы жоқ деген мағына шығады. Тәрбие көзі: Надандық, адам болу. Тағылымы: Біліміңмен де, мінез-құлқыңмен де адам болуды тану.

    • Ғалыммен дос болсаң – ақылың артар (1 сағат). Оқушы жастарға айтылған қанатты сөз. Тәрбие көзі: Ғалым, залым, дос.

    • Досын келіп досына жамандайды (1 сағат). Екі кісінің арасына сөз таситын өсекшілерге, досын келіп досына жамандайтындарға Абайдың осы нақылы дәл айтылған. Тәрбие көзі: Достық, жамандау, ес, сезіну, сөз тасу.

    • Қыл өтпейтін татулық (1 сағат). Бұл нақылда қимас тату-тәтті достықты бір ашуға немесе болмашы бір өкпе-араздыққа бола бұзбайық, бұрынғы жарасқан достығымызды қалпында сақтайық деген мағына бар. Тәрбие көзі: Татулық, ашу, өкпе-наз, араздық.

    • Шарға ұстаған балта едім (1 сағат). Мен бір асылдың тегі едім, жұмсауын таппай өкіндім, ретін, жөнін тауып еді, қайтадан жетілдім деген ойды білдіретін Махамбет толғауындағы бейнелі жолдар. Тәрбие көзі: Асылдың тегі, өкіну, жетілу. Тағылымы: Қайта жетілу, өз орнын таба білуді таныту.

    • Іздегенің есіктен табылса (1 сағат). Жоғың жақыннан табылса, алысқа барып не қыласың? Қажетің төменнен табылса, жоғары шығып нең бар деген ойларды қазақ осы нақылмен аңғартады. Тәрбие көзі: Іздеу, табу. Тағылым: Жоқтың табылуына қанағат тұтынуды танытады.


    Эститикалық тәрбие (11 сағат)

    • Алты бақан ала ауыз (1 сағат). Ауыз бірлігі жоқ, әрқайсысы әр жаққа тартатын кейбіреулерге халық осылай деп тұспалдайды. Тәрбие көзі: Ала ауыздылық, еріншек, қызғаныш. Тағылымы: Ауызбірлік, ынтымақтастық.

    • Алысқа әлі жетпеген (1 сағат). Қолдан келмеске ұмтылғанға айтылған. Тәрбие көзі: Көрегенділік.

    • Асығыс түбі - өкініш (1 сағат). Асығыс, қарбалас тірліктің шикі шығып, артының әрқашан да өкініш тудыратыны бейнеленген Абай сөзі. Тәрбие көзі: Достық қарыз, әділдік, өкініш, сабырлылық. Тағылымы: Байсалдылықты таныту.

    • Әрбір жинақылықтың түбі – кеніш (1 сағат). Ұқыптылыққа, жинақылыққа баулитын Абай нақылы. Тәрбие көзі: Ұқыптылық, жинақылық.

    • Бойда қайрат, ойда көз (1 сағат). Сөз тыңдамайтынға, тыңдаса да оның мәнін түсіне бермейтінге Абайдың осы нақылын қолдануға болады. Тәрбие көзі: Тіл алмау, айтылғанды екі ету. Тағылымы: Қолдан келер істі бос сөйлемей тындыру.

    • Жауға жалынба (1 сағат). Жауға мейірімсіз болуға үндейтін, шынайы достыққа шақыратын нақыл сөз. Тәрбие көзі: Мейірім, мейірімсіздік, достық, жалыну, тарылу. Тағылым: Шынайы достықты таныту.

    • Көштің байсал тапқаны (1 сағат). Көптен бітімі болмай, үзіліп-созылып келе жатқан бір істің өз шешімін тауып, бір тұжырымға келгені осы айтылған халық нақылымен доғарылады. Тәрбие көзі: Байсалдылық, көш, көштің байсал табуы, дау, даудың байсал табуы.

    • Кісінің бір ғайыбын айтқан адам (1 сағат). Нақыл сөздің мағынасы біреудің сыртынан өсек айтқан адам сенің де бір мініңді табады дегенге саяды. Тәрбие көзі: Ғайып, айып.

    • Қайран сөзім қор болды (1 сағат). Біреуге сөзін мақұлдата, пікірін ұқтыра алмағанда Абай айтқан осы бейнелі нақыл ойға келеді. Тәрбие көзі: Сөздің қор болуы, ез, езбенділік. Тағылымы: Айтқанды екі етпеу.

    • Ой да көп, уайым да көп ойлай берсең (1 сағат). Ой мен ойынның парқын ажырататын халық даналығы. Тәрбие көзі: Ой, ойын, ойлау, уайым. Тағылымы: Ой мен ойынның парқын таныту.

    • Халық алдына барғанда (1 сағат). Басқа елде жүргенде сый-құрметке ілініп, қадірлі болып, өз еліне, құрбы-құрдастары арасына барғанда ондай ізет көрмегендер ойына келетін халық нақылы. Тәрбие көзі: Сый-құрмет, қадыр-қасиет, ізет. Тағылымы: Сыйластықты таныту.


    Салауатты өмір салты (2 сағат).

    • Дәрігердің жақсысы (1 сағат). Дәрігерлер жөнінде айтылатын қанатты сөз. Жұрт дәрігерлерден басқа да мамандарға балама етіп қолдана береді. Тәрбие көзі: Дерт.

    • Жазыла-жазыла (1 сағат). Бір уақиға не бір жағдай қайталана бергенде айтылатын тұспалдау сөз. Тәрбие көзі: Сырқат, ұят, өлім. Тағылымы: Орынсыз қайталанатын әдеттен арылту.


    Экологиялық және еңбек тәрбиесі (5 сағат).

    • Бөрінің артынан (1 сағат). Ойсыз елікпе солықтайтындарға оған еліктейтіндерге халық осы нақылды тұспалдап айтады. Тәрбие көзі: Еліктеу, бос жүру, еру. Тағылымы: Бос сөзге ермеу, еліктемей өз ісін білуге машықтандыру.

    • Еккенің тікен болса (1 сағат). «Не ексең соны орасың» деген мақалмен сабақтас нақыл. Тәрбие көзі: Пайдасыз кәсіп, зиянды әдет.

    • Еңбек қылмай (1 сағат). Абай айтып кеткен бұл нақыл ел арасындағы адал еңбекпен шұғылданбайтын, өнер-білімге талпынбайтын кейбір салдыр-салақ еріншектерді сынау ретінде қолданылады. Тәрбие көзі: Адал еңбек, адалдық, талпыну, салдыр-салақ, еріншек, мал табу, дәулет. Тағылым: Адал еңбек етумен табыс табудың мәнісін меңгерту.

    • Ақ сабанда аларсың (1сағат). Кейде біреулердің аласысы, бересісі үшін дауласқанда «ақ сабанда аларсың» дейтіні бар. Тәрбие көзі: Ала жақ, бере жақ. Тағылымы: Қарыздың, борыштың жауапкершілігін таныту.

    • Ынтымақ, ел бірлігі бір қосылса (1сағат). Бұл нақыл ынтымақ болса, еңбек жемісті болады. Табыс тасиды деген ұғымдағы бейнелі сөз. Тәрбие көзі: Ынтымақ, ел бірлігі.


    Күтілетін нәтиже

    6-сыныпқа арналған тағылымтану бағдарламасының Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие тарауы өмірден адасу, сөзден жаңылысудың мәнісін меңгеріп, өз қатесін танитын, қызғаныштан туындайтын қиянаттың заң бұзушылық әрекет екендігін саналы сезінген, адал еңбекпен еріншектің ара жігін айра алатын, адам өмірі адаммен байланысты екендігін түсінген, мансапқорлықтан бойын аулақ ұстай алатын, пысық болғанмен пысықсымақтықтың келеңсіздік екенін мойындайтын тұлғаны қалыптастыруы тиіс.



    Рухани-адамгершілік тәрбие үрдісінде достық пен жолдастықта адамгершіліктің бір сапалық көрсеткіші бауырмалдылық деп танитын, мінездегі міндерде надандықтың бір көрсеткіші деп тани білетін оқушы тұлғаны қалыптастыру.

    Эстетикалық тәрбиеде еріншек, қызғаныш, сабырсыздықтың не екенін танитын, достық қарыз, әділдік, ұқыптылық пен жинақтылыққа машықтанған, айтқанда тіл алу тәрбие мәдениетілігінің көрсеткішіне оң көзқарасы қалыптасқан, мейірімді де байсалды тұлғаның қалыптасуы тиіс.

    Салауатты өмір салты тәрбиесінде сырқат, дерт, өлім, ұят, өлімнен ұят күштіліктің мәнісін меңгерген тұлғаны тану.

    Экологиялық және еңбек тәрбиесінде еліктеудің пайдасыз кәсіпке итермелейтіндігін, бос жүрудің зиянды әдетке ұрындыратынын, салдыр-салақтық, еріншектік адал еңбекке талпынуға кедергі екендігін ұғынған, қарыз бен борыштың жауапкершілігін саналы сезінген, ынтымақ, бірлігі мықты тұлғалық ортаны қалыптастыру.
    7-сынып. Тағылымтану

    (34 сағат)

    Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие (3 сағат)

    • Адамдықты айт (1 сағат). Асқан адамгершілікті ел қорғаған батырлықты, ел-елдің арасындағы татулықты бұлжытпай сақтауды адам бойындағы ең ізгі қасиет деп қастерлеуден туған нақыл сөз. Тәрбие көзі: Адамдық, ерлік, батырлық, ел бірлігі, татулық. Тағылымы: Ел бірлігін таныту.

    • Азат басың болсын құл (1 сағат). Бұл нақылда қолыңнан келмейтін іске ұрынба, егер ұрынады екенсің онда өз басыңды қор еткенің деген аталы өсиет бар. Тәрбие көзі: Азат, азаттық.

    • Мен істеді дегенше (1 сағат). Бұл нақыл сөзден бір жағынан әрбір адамның қарапайым сыпайы қасиеті көрінсе, екінші жағынан олардың ұжымшылдық көзқарасы мен ой-санасы білінеді. Тәрбие көзі: Қарапайымдылық, сыпайылық, ұжым, ұжымшылдық көзқарас.


    Рухани-адамгершілік тәрбие (12 сағат)

    • Азамат елден ажыраса (1 сағат). Ер азаматтың туған елінен тысқары жүргендегі хал-ахуалын грек мифтеріндегі Антейдің жерден ажырауымен астастыра айтылған нақыл сөз. Тағылымы: Туған өлкенің қасиетін таныту.

    • Атаның ұлы болма (1 сағат). Абай айтқан бұл нақыл сөзде тек қана бір атаның ұлы болып қойма, халықтың мүддесін, тілек-талабын ойлайтын, қорғайтын көптің ұлы бол деген мағынада қолданылады. Тәрбие көзі: Мүдде, халық, халық мүддесі.

    • Әділет тілесе (1 сағат). Әділдік, шындықтың ең шегі айтылған нақыл сөз. Тәрбие көзі: әділдік, шындық. Тағылымы: Әділдіктің, шындықты айтудың маңызын, құндылығын таныту.

    • Балаң жаман болса (1 сағат). «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік» деген Абайдың нақыл сөзімен мәндес қанатты сөз.

    • Тәрбие көзі: Бала, жаман, жақсы, шабан, азап, әдепсіздік, өнегесіздік. Тағылымы: Баланың балалығының өзі әдепсіздік нышаны екенін таныту.

    • Екі кеменің құйрығын ұстаса (1 сағат). «Екі қайықтың құйрығын ұстаған суға кетеді» деген халық мәтелінен өңделіп шыққан нақыл. Тәрбие көзі: Қолдан келмес іске ұмтылудың мәнісін ұғындыру.

    • Екі сөзді болып (1 сағат). Бір сөзділік, мәрттікке қолданылатын нақыл сөз. Тәрбие көзі: Бір сөзділік, мәрттік.

    • Күшік асырап (1 сағат). Біреуге ақыл айтып, оны тәрбиелеп өсіріп, кейіннен одан опық жеп, зияндық көрген кезде осы нақыл еске түседі. Тәрбие көзі: Ақыл, зияндылық, опық, тәрбие.

    • Қайратыңа әдісіңді жолдас ет (1 сағат). Қанатты сөз қайрат, ақыл, әдіс бірлігі сыпатталған. Тәрбие көзі: Ақыл, әдіс, қайрат.

    • Құйрықты жұлдыз секілді (1 сағат). Қазақ құйрықты жұлдыз деп Шолпанды айтады. Тәрбие көзі: Абзал, абзал жан, ардақты, асыл, асыл жан.

    • Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ (1 сағат). Тіл шеберлігі немесе көркем сөз жөнінде әңгіме болғанда көбінесе осы нақыл тілге тиек етіледі. Тәрбие көзі: Көркем сөз, тіл шеберлігі. Тағылымы: Тіл мәдениетін көтерудің тиімділігін таныту.

    • Мансап биігі (1 сағат). Мансап пен мақсат теңдестірілген ұлы Абайдың «Биік мансап – биік жартас, ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады» деген нақыл сөзіне орай туған қанатты сөз. Тәрбие көзі: Ерен еңбек, мансап, мақсат.

    • Табаны бар (1 сағат). Айтқан сөзінде тұрмайтын, шынтуайтқа келгенде тайып шыға беретін және ашуы болғанымен қайтымы жылдам мінезділерді бейнелейтін қанатты сөз. Тәрбие көзі: Ашу, ашушаңдылық, зілділік, табандылық, тайқу. Таағылымы: Салмақтылық пен салиқалылықты таныту.


    Эстетикалық тәрбие (11 сағат)

    • Ар ұялар іс қылмас (1 сағат). Бұл егер ақыл, санасы болса, ар ұялар іс қылмас еді дегенде қолданылатын Абай сөзі. Тәрбие көзі: Ақыл, ар ұяларлық іс, саналылық.

    • Әннің де естісі бар (1 сағат). Абай осы қанатты сөзімен тыңдаушының құлақ құрышын қандыратын, көңіл сарайын ашатын көп әндермен қатар нәрсіз әнсымақтарды шенеп отыр. Тәрбие көзі: Әнсымақ, көңіл сарайы, құлақ құрыш, ой салу.

    • Білім бақтың жібермейтін қазығы (1 сағат). Академик М.Әуезов эпопеясында жазылған нақыл сөз. Тәрбие көзі: Азық, бақ, білім, қазық. Тағылымы: Білімнің күшін таныту.

    • Ит көрген ешкі (1 сағат). Бұл Абайдың сөзі. Оны жұрт жанжалға бір шығын беріп, көзін шатынатып, еліре қалатындарға бейнелі теңеу етіп қолданады. Тәрбие көзі: Еліру, жанжал, шатынау. Тағылымы: Жұртты өзіне қарататын жанжалдың өрескел әдепсіздігін таныту.

    • Көңілім қайтты (1 сағат). Кейде адам жабырқап, қамыққанда, біреуден біреудің көңілі қалғанда тілге оралатын нақыл. Тәрбие көзі: Жабырқау, көңілі қалу, қамығу.

    • Көп тұрған су (1 сағат). Қашанда ойлы болуға, ақыл-парасаттылыққа меңзейтін қанатты сөз. Тәрбие көзі: Ақыл, ой, ойлы, парасат.

    • Өз үйінде (1 сағат). Біреудің үйіне бара қалса, паңсынып аспандай қарайтын, өз үйінде күйбеңдеп, төмен қарайтын кейбіреулерге Абайдың осы сөзі дәл келеді. Тәрбие көзі: Күйбеңдеу, паңдану. Тағылымы: Өзін өзі тану.

    • Өлең – сөздің патшасы (1 сағат). Өлеңге теңеу іздеп сын немесе баға айтарда осы бір даналы сөз ойға оралады. Тағылымы: Сөз өнерінің тіл мәдениетіне ықпалын таныту.

    • Піл көтермегенді тіл көтереді (1 сағат). Тілдің өткірлік, тапқырлық, алғырлық құдіреті бейнеленген қанатты сөз. Тәрбие көзі: Алғырлық, құдірет, өткірлік, тапқырлық, тіл өткірлігі. Тағылымы: Тілдің құдіреттілігі ойдың тазалылығынан екендігін таныту.

    • Саздау жердің ағашы (1 сағат). Әрбір іске сабырлы, шыдамды бол, дегбірсіздік, сабырсыздық, озбырлық ұятқа қалдырады, одан сақ бол деген мағына беретін астарлы сөз. Тәрбие көзі: Дегбірсіздік, озбырлық, сабырлы, сабырсыздық, ұят, шыдамдылық.

    • Санасы жоқ сәнқой (1 сағат). Саналы ойшылдар мен санасыз тойшылдар мінезі салыстырылған қанатты жолдар. Тәрбие көзі: Саналылық, санасыздық. Тағылым: Саналылықты таныту.


    Салауатты өмір салты (2 сағат)

    • Құтырғаннан құтылған (1 сағат). Біреудің берекесін кетіріп, мазасын алған бей-берекет маскүнем бұзық шалдуардан қашып, одан аулақ жүргенде қолданатын қанатты сөз. Тәрбие көзі: Береке, береке кету, бей-берекет, бұзық, бұзақылық, маза, маза болмау, маскүнемділік.

    • Өзі жоқтың сөзін сөйле (1 сағат). Бұл «Өзі жоқтың көзі жоқ» деген мақал негізінде шыққан және сол мақалға қарама-қарсы мағынада айтылатын нақыл сөз. Тәрбие көзі: Өзі жоқтың көзі жоқ демей әділ бағасын берудің мәнісін ұғындыру.


    Экологиялық және еңбек тәрбиесі (6 сағат)

    • Арқада жыл жақсы болса (1 сағат). Бұл нақыл ауыртпалық басына түскен кіріптар амалдайды, шарасыз бір қарекет жасайды деген мағынаны білдіреді. Тәрбие көзі: Амал, ауыртпалық, қаракет, кіріптарлық, мәжбірлік, тірлік жасау.

    • Білімнен қымбат нәрсе жоқ (1 сағат). Кезінде алған білімді, бойға дарыған өнерді үнемі жаңартып, жетілдіріп оны ғылыми жетістіктермен толықтырып отыруға үндейтін нақыл. Тәрбие көзі: Білім, көңіл, қымбат, тот.

    • Еңбек шыққан жерден (1 сағат). Еңбек пен төзімділік егіз. Еңбексіз төзімділік жоқ, төзімділіксіз жемісті еңбек те болмақ емес. Әрбір еңбектің жемісі де мол бола бермек деген ой түйінделген қанатты сөз. Тәрбие көзі: Еңбек, төзімділік.




    • Жылан жылы (1 сағат). Шежіреші қариялар жие айта беретін нақыл. Абайдың «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» еңбегінен алынған. Тәрбие көзі: Жылыс, ұрыс. Тағылымы: Орын алған келеңсіздікті таныту.

    • Ойлап істе (1 сағат). Бұл әрбір іске кіріспес бұрын ойлан деген ғибрат сөз. Тәрбие көзі: Жеті өлшеп бір кесу.

    • Тартады аққу көкке (1 сағат). Бірлесіп атқаратын жұмысқа ұйымшылдық көрсетпей, бірі ойға, бірі қырға тартып, істі тындырмағандарға осы мысал-нақыл қолданылады. Тәрбие көзі: Алауыздық, бірлік, ұйымшылдық.


    Күтілетін нәтиже

    7-сыныпқа арналған тағылымтану бағдарламасының Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие тарауы ел бірлігі мен татулығын таныған, қарапайым да сыпайы, ұжымшылдық көзқарасы қалыптасқан тұлғаны қалыптастыруы тиіс.



    Рухани-адамгершілік тәрбие үрдісінде туған өлкенің қасиетін таныған, халық, ел мүддесі қара басынан биік ұстайтын, шындықтың құндылығын таныған, әдепсіздіктің ұят екенін, қолдан келмес іске ұмтылудың орынсыздығын танып өз шамасын білетін, бір сөзді, орынсыз уәде бере бермейтін мәрт, қайратына ақылын әдіс еткен, адамның абзал, асыл жандылығын танитын, еңбек сүйгіш, тіл мәдениеті жетілген, табанды тұлғаны қалыптастыру.

    Эстетикалық тәрбиеде саналылықты таныған, ар ұялар іс қылмайтын, айтылғанға құлақ асатын көңіл сарайы ашық, білімнің күшіне арқа сүйейтін, мінезі салмақты, ақыл-парасаты мол мейірімді де байсалды тұлғаның қалыптасуы тиіс.

    Салауатты өмір салты тәрбиесінде берекесіздік пен ішімдіктің зардабы мен зобалаңын таныған, өзі жоқтың жоқтығына мойын сұнбай, ақиқатын мойындайтын тұлғаны тану.

    Экологиялық және еңбек тәрбиесінде ауыртпалықтан қаймықпай тірлік жасайтын, еңбек етуге төзімді, ұжымшыл бірлігі мықты тұлғалық ортаны қалыптастыру.
    8-сынып. Тағылымтану

    (34 сағат)



    Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие (12 сағат)

    • Ағаштың түбірі бір (1 сағат). Қанатты сөздің қысқаша анықтамасын жазушы С.Мұқанов жазған. Тәрбие көзі: Туысы бір, тіршілігі сан қилы.

    • Айтарыңды айтып қал (1 сағат). Тірлігіңде айтар сөзіңді айтып, елге көрсетер пайдаңды көрсетіп кет дегенде қолданылатын ақындық бейнелі жолдар. Тәрбие көзі: Айтайын деген ойдың өз орнымен, өз уақытымен айтылып, істелер істің өз уақытымен істелуін меңгерту.

    • Ақыл бітпес дәулетке (1 сағат). Ақыл-парасат дәулет пен бет-әлпетке бітпейді, зейіні бар саналы, ойлы азаматтардан шығады деген ой осы бір ақындық жолдардан білінеді. Тәрбие көзі: Ақыл-парасат, дәулет, зейін, ойлы, саналы азамат. Тағылымы: Парасатты азаматтың келбетін таныту.

    • Алтын жағаң болса да (1 сағат). Қаншама батырмын, мықтымын, асқан дарынмын десең де, туған елді естен шығаруға болмайды дегенде қолданылатын байрғы нақыл. Тәрбие көзі: Ағайын, батыр, жыға. Тағылымы: Ел бірлігі деген ұғымды қалыптастыру.

    • Бақаның бағынан (1 сағат). Антитезалық астары бар салыстырмалы қанатты сөз. Тәрбие көзі: Бақ, сор. Тағылымы: Қолдан келмейтін істі қолға алу, басшылық етудің мәнісін ұғындыру.

    • Би екеу болса (1 сағат). Билер дәуірлерінен келе жатқан нақыл. Тағылымы: Даулы мәселенің шешім табудағы билік айтушының санынан сапалық турашылдығын таныту.

    • Жақсы тәртіп (1 сағат). Бұл да халықтың осы тектес мақал-мәтелінен өңделіп шыққан қанатты сөз. Тәрбие көзі: Әдет, дағды, тәртіп. Тағылымы: Тәртіп пен тәртіпсіздіктің салдарын таныту.

    • Жолдасын таппаған ер азады (1 сағат). Әйгілі «Абай жолы» эпопеясындағы М.Әуезов не бір асыл сөз кестелерін жасап, оны өз орнында сәтімен қолданған. Тәрбие көзі: Басшы, жолдас. Тағылым: Лайықты басшының, басшылық пен қолдау көрсетер тұлғалықтың тағылымын таныту.

    • Кей құрбы бүгін тату (1 сағат). Бірін-бірі алдау ғана болып табылады дер болсақ Абайдың осы сөзін ауызға аламыз. Тәрбие көзі: Тату, сату. Тағылым: Адал достықтық қадірін таныту.

    • Қайратсыз ашу – тұл (1 сағат). Артында шәкірті болмаған ғалымдықтан не пайда деген ойды білдіретін Абай нақылы. Тәрбие көзі: Ашу, ғалым, ғашық, қайрат, шәкірт. Тағылым: Қайратсыз ашу, тұрлаусыз ғашықтықтың мәнісін ашу.

    • Қарабет болып қашқанша (1 сағат). Б. Момышұлының Ұлы Отан соғысы жылдары жауынгерлерді ерлікке, батылдыққа шақырған қанатты сөзі. Тәрбие көзі: Батылдық, ерік, қайрат, қарабет болу. Тағылым: Қайратты болу, қайрат көрсетудің мәнісін меңгерту.

    • Ұстаздық еткен жалықпас... (1 сағат). Ағарту майданында еңбегі сіңген мұғалімдердің іс-тәжірибесін баспасөз бетінде көрсетерде көбінесе осы сөзді тақырып, эпиграф етіп алады. Тәрбие көзі: Ұстаз, ұстаздық.


    Рухани-адамгершілік тәрбие (9 сағат)

    • Айтар ақылы жоқтың (1 сағат). Біреуге жанашыр ақыл айта алмаған адамнан не жөн сұрайсың деген ойды білдіретін нақыл. Тәрбие көзі: Ақыл айту, жанашырлық, жөн сұрау. Тағылым: Жанашырлықпен кеңес берудің мәнісін меңгерту.

    • Артына жаман жұраттан (1 сағат). Халық нақылиаттарынан түйінделген мирастық қақындағы қанатты жолдар. Тәрбие көзі: Рух, ұят. Тағылым: Туыстың, ағайынның жамандығы, келеңсіздігінің мәнісін ұғындыру.

    • Баласы түзде атқа шапса (1 сағат). Алыс сапарда, немесе түзде жүрген баласының үйде отырған ата-ананың көңіл күйіндегі қамығу, сағыну махаббаты, үміт, тілегі осы нақылдан білінеді. Тәрбие көзі: Қамығу, тақым, тілек, тілеуін тілеу, сағыну. Тағылым: Ата-ананың қадірін таныту.

    • Ер кісі ақылға ермек (1 сағат). Ақылды, парасатты және нағыз өнер иелерін салыстыра бағалаған қанатты жолдар. Тәрбие көзі: Ақыл, өзін-өзі ұстау, тежеу. Тағылым: Парасаттылықты таныту, өзін-өзі жаман әдеттен ұстай білудің мәнісін ұғындыру.

    • Жігіт қадірін өнерімен бағала (1 сағат). Егер біреуді қадірлер болсақ оны ең алдымен халыққа қызмет ететін өнерпаздығымен, еңбекшілдігін, іскер шеберлігін, оған қоса оның адамгершілігін ескеру керек дегенге меңзейтін қанатты сөз. Тағылым: Кез келген адамға баға бере білуге дағдыландыру.

    • Қартайдық, қайғы ойладық (1 сағат). Жасы ұлғайған адамдардың жас кезіндегі албырттықты тастап, алды-артын ойлай бастаған шағы әңгіме болғанда Абай айтқан осы қанатты сөздер еске түседі. Тәрбие көзі: Қартаю, қайғы ойлау.

    • Үлкенді – ізетте (1 сағат). Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының аузынан шыққан қанатты сөз. Тәрбие көзі: Күзет, ізет.

    • Шын көңілмен айтар тілегі болса (1 сағат). Шындық, әділеттілік жолына мезгейтін Мұхтар Әуезов қаламынан туған қанатты сөз. Тәрбие көзі: Тілке, шындық, шын көңіл.

    • Ішінде кімнің оты бар (1 сағат). Қанатты сөзде өз заманындағы талапсыз, жігерсіз жігіттер мен өнері өрге шапқан талант иелері салыстырылған. Тәрбие көзі: Жігерсіз, талант, талапсыз. Тағылым: Өнер өрге басуы үшін талап, жігердің маңыздылығын таныту.


    Эстетикалық тәрбие (7 сағат)

    • Керенау, кердең (1 сағат). Керенау, кербездердің жағымсыз мінездерін көргенде Абайдың осы сын-сықақ сөзі еріксіз еске түседі. Тәрбие көзі: кербез, керенау. Тағылым: Мінездегі келеңсіз міндердің қалыптасуын таныту.

    • Өнерпаз болсаң - өр бол (1 сағат). Нағыз өнер иелеріне арналған Абайдың «Өнерпаз болсаң арқалан» деген өсиет сөзімен сабақтас қанатты сөз. Тәрбие көзі: Әйгілі, биік мәртебе, өр болу, талантты.

    • Сорлы Көкбай қор болды-ау (1 сағат). Өзі бір молшылыққа, рахатқа кенелгенде, жанында жақсы досы болмағанда тілге орала беретін астарлы қанатты жолдар. Тәрбие көзі: Жақсының жақсылығын дәріптеудің тәрбиелік мәнін таныту.

    • Сөз түзелді (1 сағат). Нақыл сөз күткен істің енді реті келді, енді өзіміз жөнге келіп, соған бет бұрайық дегенде немесе біреудің «мен түзелдім, енді сен де жөнге кел» деген шартты сөзі ретінде айтылады. Тәрбие көзі: Жөнге келу, түзелу. Тағылымы: Жөнге келу, түзелудің мәнісін ашу.

    • Тамағы тоқтық (1 сағат). Тоқмейілсіп еңбектенбейтін, ауырдың үсті, жеңілдің астымен жүретіндерге ел Абайдың осы сөзін қолданады. Тәрбие көзі: Еңбектенбеу, тоқмейілсу

    • Тоқ тіленші - адам сайтаны (1 сағат). Өзінде бар бола тұрып, біреуден дәметіп сұрағанды және әрекетсіздікті мінейтін тұспал сөз. Тәрбие көзі: Әрекетсіздік, дәме ету. Тағылым: Қанағаттылықтың мәнісін ұғындыру.

    • Төл атыңды төреге де берме (1 сағат). Өзіңе ғана тиісті еншілі, бәсірелі мал-мүлкіңді ешкімге берме дегенде қолданылатын қанатты сөз. Тәрбие көзі: Енші, мал-мүлік. Тағылым: Өз мүлкіңе ие бола білудің мәнісін ашу.


    Салауатты өмір салты (1сағат)

    • Темекі тартқан сабазың (1 сағат). Бұл нақылдың негізі Ө.Тұрманжановтың «шылымның үш «пайдасы» аталған өлеңінен алынған. Тағылым: Шылым шегудің залалды кесел екендігін ашу.


    Экологиялық және еңбек тәрбиесі (5 сағат)

    • Аз жұмысты қиынсынсаң (1 сағат). Бұл нақылды қазақтың халық ағартушысы Ыбырай Алтынсарин жазған. Тәрбие көзі: Қанағат, қиналу, қиынсыну.

    • Айдаболдың асында (1 сағат). Осындай жөні, реті келіп тұрғанда айтпағанда, немесе бір істі тындырмағанда қай уақытта бітіресің дегенде қолданыла беретін халық нақылы. Тәрбие көзі: Жөн, рет. Тағылым: Істің уақытылы іске асуының мәнісін ұғындыру.

    • Алтын, күміс тас екен (1 сағат). Дән атаулының адам үшін алтыннан да қымбат екенін халық ерте бастан-ақ осы нақылмен бейнелеп келген. Тәрбие көзі: Еңбек.

    • Амалдап қарағайды талға жалғап (1 сағат). Адал еңбек етпей, біреуді ептеп-септеп, алдап түсірудің жолын ойлайтындарға сын-сықақ ретінде қолданылатын Абай сөзі. Тәрбие көзі: Алдау, арбау. Тағылым: Адал еңбек ету, алдап-арбаудың қиянатшылдығын таныту.

    • Әдіссіздік - әлсіздік (1 сағат). Бұл нақыл сөзді Б. Момышұлы айтқан. Тағылымы: Еңбекті жетістікке жетелейтін әдіс пен ептілік екендігін таныту.


    Күтілетін нәтиже

    8-сыныпқа арналған тағылымтану бағдарламасының Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие тарауында бір туған ағайынның ағайындық ара қатынасында әрқайсысының өз тіршілігі барын жете түсінетін, әр іспен ойдың өз орнын меңгерген, басшы мен басшылықтың салмағын саналы түсінетін, турашыл өткір де салқын қанды саналы, тәртіп тәрбие кепілі екенін түсінген, адал достыққа берік. Мінездегі қызбалық пен ашуды ұстай білетін қайрат пен ғашықтық сезіміне иелік ете алатын тұлғаны қалыптастыру көзделеді.



    Рухани-адамгершілік тәрбие үрдісінде жанашырлық сезімі бар, бауырының, жанашыр адамның келеңсіздігін тани біліп ақыл-ой кеңесімен ықпалдаса алатын, ата-ана қадірін танитын, ақыл-парасаты мол, сыныптастарына баға бере алатын, табанды да қайратты тұлғаны қалыптастыру.

    Эстетикалық тәрбиеде келеңсіздіктің мінезде бой алып келе жатқанын тани алатын, жақсының жақсылығын дәріптеудің мәнісін, өзіндік орнын тани білетін, түзу сөздің мәнісімен түзеле білуді таныған, салмақтылықпен, өмірдің ауыртпалығынан қашпай, жеңіл жол іздемей, төзімділікпен сабырлылықты таныған, кісі ақысынан дәме етпей, өз еңбегі мен мал-мүлкіне иелік ете алатын тұлғаны қалыптастыру көзделеді.

    Салауатты өмір салты тәрбиесінде денсаулық кепілі сананың салауаттылығында екенін түйсінген тұлғаны тану.

    Экологиялық және еңбек тәрбиесінде қанағаттылықтың не екенін білетін, еңбек үстінде әр істің уақытымен жүзеге асырудың мәнін меңгерген, алдап-арбаудың қиянат екендігін жете түсінген, еңбек ету ептілігініңде жеміске қол жеткізер жетістік екендігін ұғынған жеке тұлғаны қалыптастыру.

    9-сынып. Тағылымтану

    (34 сағат)



    Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие (12 сағат)

    • Ақынға қара сөзден өлең оңай (1 сағат). Әркімге өзі істеп жүрген үйреншікті кәсібі, мамандық жұмысы оңай деген ой жинақталған ақындық нақыл. Тәрбие көзі: Кәсіп, мамандық.

    • Алыс, алыс та болса жақын (1 сағат). Ел ауызында жие айтылып жүрген Жиренше шешен аңызынан таралған бейнелі сөз. Тәрбие көзі: Алыс, жақын, жеңіл, қашық, қиын. Тағылым: Алыс пен жақынды қиынсынудың мәнісін меңгерту.

    • Ақылсыз адам – қолтоқпақ. Ақылсыз надандарға қарсы тақпақтай айтылған бұл бейнелі нақыл сөз халық ақыны Құсайын Тәкежанов термелерінде кездеседі. Тәрбие көзі: Ақыл, ақылсыздық, ес, сана. Тағылымы: Өзгенің жетегінде жүрмей өз бетімен, ақыл-ой парасатымен өмір сүрудің мәнісін таныту.

    • Бар ақылын қарттардың берер ме еді жастарға (1 сағат). Ақын Қадыр Мырзалиевтің өлеңдерінде кездесетін қанатты жолдар. Тәрбие көзі: Ақыл, батылдық.

    • Батылдық екі жүзді семсер (1 сағат). Орынсыз батылдық опық жегізеді, «әттеген-ай» дегізеді сияқты оралымды қанатты сөз. Тағылымы: Батыл болудыңда өз орны барын ұғындыру.

    • Мен бір жұмбақ адаммын (1 сағат). Абай айтқан қанатты сөз. Біреудің көңіл күйін , сыр түйінін, өзінің кім екенін айтарға келгенде ойға түсетін бейнелі жолдар. Тәрбие көзі: Көңіл-күй, сыр.

    • Сүйер ұлың болса (1 сағат). Нақыл сөз «баламыз жақсы өсіп, ер жетті», «ұлымыз сүйінуге жарады» деген мағынада, кейде мүшелі жасқа толған иесіне бағыштап айтылады. Тәрбие көзі: Сүйеніш, сүйсіну.

    • Талай жан бар (1 сағат). Бұл нақыл ісінде берекесі жоқ, көп сөйлейтін, қолынан түк келмейтіндерге қолданылады. Тәрбие көзі: Берекесіздік, бос сөйлеу, көп сөйлеу.

    • Тамыр болдың – айтыс жоқ (1 сағат). Айырылмас дос болып жүріп, өз қолынан берген нәрсесін қайта даулағанда осы сөз тақпақтай айтылады. Тәрбие көзі: Достық, даулау.

    • Тіл жүректің айтқанына көнсе (1 сағат). Әрбір оқиға құбылыс, жақсылық, жамандыққа әркімнің көзқарасы әділ болуы керек. Тәрбие көзі: Көзқарас. Тағылым: Әділ көзқарасты қалыптастыру.

    • Іші алтын, сырты күміс (1 сағат). Шеберлікке шыңдай түсетін Абай өлеңдерінде кездесетін қанатты сөз. Тәрбие көзі: Сөз өнерінің мәнісін меңгерту.

    • Басына тұрымтайдың бақыт қонса (1 сағат). Өзінен дәрежесі кішінің біреуге билік, жөн айтып, оған үлкен адамның тәуелді болған шағын халық осы сөзбен астарлайды. Тәрбие көзі: Сыйластықты таныту.



    Рухани-адамгершілік тәрбие (14 сағат)

    • Алтыннан қымбат (1 сағат). Айтылған пайдалы кеңестің парқын аңғара бермейтін кейбір сөз танымас жетесіздерге айтылатын қанатты сөз. Тәрбие көзі: Аңғару, пайдалы кеңес. Тағылым: Айтқанды таңдай білу, айтылғанға құлақ асудың мәнін таныту.

    • Анасыз ақын да, батыр да болмайды (1 сағат). Ананы ардақтауға байланысты айтылған қанатты сөз. Тәрбие көзі: Ардақтау. Тағылым: Ана қадірін таныту.

    • Ата тұрып ұл сөйлесе (1 сағат). Бұл «Әке тұрып ұл сөйлегеннен без, шеше тұрып қыз сөйлегеннен без» деген мақалдан мүсінделген нақыл сөз. Тәрбие көзі: Ұл-қыздың ата-ана алдында өзін ұстай білуін таныту.

    • Аяз, әліңді біл (1 сағат). Ел арасында аңыз болып айтыла беретін Аяз би атына байланысты шыққан нақыл. Тәрбие көзі: Өз орнын білудің мәнісін ашу.

    • Әйел жерден шыққан жоқ (1 сағат). Әйел мен еркектің арасын бөле-жара сөйлейтіндерге халық осы нақылды қолданған. Тәрбие көзі: Ер азамат пен әйел адамның, қыз бала мен ер баланың арасындағы сыйластықты таныту.

    • Бабаңнан жүз жас үлкен бол (1 сағат). Жасың кіші болса да, тәжірибесі мол ертедегі өткен ата-бабаңнан әрі ойла, жасың үлкен болса да кішіпейіл, мінезді бола біл, әркімнің тілін, әр нәрсенің тетігін таба біл дегенде қолданылатын Бауыржан айтқан қанатты сөз. Тәрбие көзі: Кішіпейіл, ойлы, тіл таба білу.

    • Ғашықтың тілі тілсіз тіл (1 сағат). Махаббат, сүйіспеншілік бір ғана сөзбен бітпейді. Оны көзбен көріп, іштей ұғыну керек дегенде осы сөз тілге оралады. Тәрбие көзі: Ғашықтық, махаббат, сүйіспеншілік. Тағылымы: Ғашықтық, махаббат, сүйіспеншілік сезімдерінің мәнін ашу.

    • Достың сыры (1 сағат). Достың сыр-мінезі, іс-әрекетті, жалпы психологиясы бәрі өз жолдасына мәлім, оны достары өзара айтып паш етіп отырады деген мағынада айтылатын қанатты сөз. Тәрбие көзі: Дос, достық сыр, мінез. Тағылым: Достық қатынастың психологиялық астарын меңгерту.

    • Дүниеде сірә сендей маған жар жоқ (1 сағат). Асыл жарға, шынайы махаббатқа деген сүйіспеншілік сезімді Абай айтқан осы сөзбен жеткізсе болғандай. Тәрбие көзі: Асыл жар, шынайы махаббат. Тағылым: Шынайы махаббат сезімін қалыптастыру.

    • Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат (1 сағат). Абай өлеңінен алынған нақыл сөз. Тәрбие көзі: Жастық шақ, күлкі, ойын. Тағылым: Жастық шақтың қадірін ұғындыру.

    • Талаптың мініп тұлпарын (1 сағат). Дарынды, талантты ақын, жазушы, ғалымдарға, өнерпаздарға және еңбектің әр саласындағы озық ойды жаңашыл мамандарға теңеу іздегенде Абай айтқан осы қанатты сөз еске түседі. Тәрбие көзі: Дарын, жаңашылдық, озық ойлылық, талант. Тағылым: Озық ойлы жаңашыл маман болудың көзін таныту.

    • Толғауы тоқсан қызыл тіл (1 сағат). Айтары да, сездірері де мол қызыл тіл, қалай сөйлеймін десең ерік өзіңде деген ойды білдірерде тілге оралатын қанатты сөз. Тәрие көзі: Ойдың жүйелілігі тілдің жүйелілігі екенін таныту.

    • Тұлпардан тұғыр озбас (1 сағат). Абай айтқан қанатты сөз. Онда дарынды мен дарынсыз, озық талант пен кәсіпқойлық бейнеленген. Тәрбие көзі: Дарын мен дарынсыздық, талант пен кәсіпқойлықтың ара айырмасын таныту.

    • Шешенің судай төгілген (1 сағат). Әңгімешіл сөз тапқыш шешендерге және оның тартымды, талғамды сөзін ұйып тыңдағанда қазақ осы қанатты жолдарға жүгінеді. Тәрбие көзі: Тыңдай білу мәдениетіне дағдыландыру.


    Эстетикалық тәрбие (4 сағат)

    • Айыпкерде айбат жоқ (1 сағат). Заң қызметкерлерінің тәжерибесінен алынған қылмыскерлер мен айлакер, алдаушы, қу саудагерлер мінезі жинақталған қанатты сөз. Тәрбие көзі: Айлакер, алдау, қылмыс, қылмыскер.

    • Сап, сап көңілім (1 сағат). Сабырлыққа, аптығып асықпауға үндейтін Абай сөзі. Тәрбие көзі: Сабыр, сабырлылық.

    • Сиырша тойса мас болып (1 сағат). Мастандық, асып-тасуға қарсы айтылған астарлы нақыл. Тәрбие көзі: Асып-тасу, масаттану. Тағылым: Астамшылықтың мәнісін меңгерту.

    • Сөз танымайтынға сөз айтқанша (1 сағат). Сөз мәнісін түсінбейтін, «мен, мен» деп кеудесін соғатын өр көкірек, өзімшілдерге Абайдың осы нақылы дәл айтылған. Тәрбие көзі: Өр көкірек, өзімшілдіктің келеңсіздігін ұғындыру.


    Салауатты өмір салты (4 сағат)

    • Алтын балдақты таяғың болғанша (1 сағат). Қазақстан комсомол Жастар Одағының ардагері Құсайынбек Әміров айтқан сөзден. Тәрбие көзі: Денсаулықтың қадірін таныту.

    • Амандықта қадір жоқ (1 сағат). Әшейінде аман-есендіктің, денсаулықтың қадірін біле бермейтін, басы ауыры, балтыры сыздағанда, басына іс түскенде айтылатын халық нақылы. Тәрбие көзі: Денсаулықтың қадір-қаиетін таныту.

    • Арақ ішсең азарсың (1 сағат). Дәрігер айтқан кеңестен қанаттанған қағида. Тәрбие көзі: Ішімдіктің зиянкестігін меңгерту.

    • Ас біреудікі болғанымен (1 сағат). Дансаулық күзетіндегі ақ халатты абзал жандардың «режим», «диета» сақтау керек дейтін ақыл-кеңесінен туған нақыл. Тәрбие көзі: Диета, режим. Тағылым: Денсаулық сақтаудың мәнісін таныту.



    Күтілетін нәтиже

    9-сыныпқа арналған тағылымтану бағдарламасының Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие тарауында алыс пен жақынды қиынсынбай, өзгенің жетегіне ермей өз бетімен өмір сүре алатын, батыл, үлкенге сүйеніш болатын, достық қарым-қатынасты шынайы сақтай алатын, әділ көзқарасты ұстанатын, сөз өнерінің мәнісін ұғынған орынсыз бос сөйлемейтін ойы салмақты, кәсіп пен мамандыққа бейім тұлғаны қалыптастыру.



    Рухани-адамгершілік тәрбие үрдісінде пайдалы кеңесті пайымдай алатын, ана қадірін түсінген, кішіпейіл, махаббат, ғашықтық, сүйіспеншілік сезімдер жетіліп, саналы түсінігі қалыптасқан, жастық шақтың қадірін ұғынған, талант пен кәсіпқой мамандықтың айырмасын айыра алатын, ата-ана мен үлкендер алдында өзін-өзі ұстай алатын, өз орнын білетін тұлғаны қалыптастыру.

    Эстетикалық тәрбиеде қылмыстың неден бастау алатынын таныған, сабырлы, астамшылықпен өзімшілдікке бой алдырмайтын тұлғаны қалыптастыру көзделеді.

    Салауатты өмір салты тәрбиесінде денсаулықтың қадірін білетін, өз денсаулығының келешегі үшін кепіл болатын байлық көзі екендігін танитын тұлғаны тану.
    ІІІ. Жеке тұлғаны қалыптастыратын үшінші субъекті – жақсы құрбы

    Қазақ мектептерінде этнопедагогика – ұлттық тәрбиеден нәр алып, сол тәрбиеге негіз болар ұлттың мәдениетіне айналған салт-дәстүрлер мен этнографиялық шаралар арқылы насхатталып жатыр. Айталық «Атамекен», «Жұлдыз» бағдарламалары осы этнографиялық жұмыстарға негізделген. Сондықтан, бүгінгі таңда қазақ мектептеріне шын мәнінде шынайы этнопедагогикалық тәрбие қажет.

    Жалпы адам баласының тәлім-тәрбиесіне келгенде қай ұлт не қай этнос болмасын өз болашағына немқұрайлы қарай алмаған. Сондықтан олардың мәдени болмысынан тәлім-тәрбиеге қатысты кейбір ұлттық не этностық ерекшеліктер болмаса, жалпы адамзат өркениетінің дүние танымы тұрғысынан алғанда жалпылама ұқсастықты көптеп кездестіреміз. Бұл ұқсастықтарда тек ұлттың ұлттық не этностың этностық тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар діни-философиялық, педагогика-психологиялық тұрғысынан да біртұтастық бар. Осы тұтастықтан педагогика ғылымымен кешегі коммунистік педагогика да қалыптасқан болатын.

    Этнопедагогика – халықтық педагогиканы зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Ол ұлттық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы /8.9/. Теориялық негіздегі этнопедагогиканы тәжірибелік негізде пайдаланудың әдістемесін қалыптастыруды күн санап қоғамдық орта мен мектеп өмірі қажетсініп келеді. Бұл кеңес дәуірінде мектептің қоғамдық өміріндегі коммунистік тәлім-тәрбиеге негізделген октябрят, пионер, комсомолдық ұйымдар сол қоғамдық формация өзгерісімен жаңа заман талабына жауап бере алмағанынан анық көрінді. Міне, осы тұста қазақ мектептеріне жаңа оқушы жастардың қоғамдық ұйымы қажет болды. Бүгінгі «Атамекен», «Жұлдыз» бағдарламаларына негізделіп қалыптасқан «Балапан», «Балдырған», «Жас Ұлан», «Мұрагер» атты мектеп оқушыларының ұйымдары этнопедагогикалық тәрбиенің дамуы жолындағы тарихи маңызы зор алғашқы кезең екенін де мойындауымыз керек.

    Бірақ, бүгінгі заман талабы келешек өскелең ұрпақ үшін мектеп оқушыларының қоғамдық жастар ұйымына жаңаша көзқараспен қарау қажеттілігін көрсетеді. Сондықтан, этнопедагогиканы мектептегі тәрбие жүйесін идеялдандыру мақсатында қолданған тиімді. Осы мақсатта адам тәрбиенің объектісі бола алмайды. Тәрбие объектісіне тәрбиедегі келеңсіздіктер жатады. Жеке тұлғаның қалыптасуы Ғ.Мүсірепов айтқандай: «Бүкіл адамзаттың келешегі – жас жеткіншектердің қандай идеал негізінде тәрбиеленіп, қалай өсуіне, кемелденуіне байланысты» (13/1) болмақ. Сондықтан, отанымыздың негізі және тарихи тұрғылықты халқы – қазақ халқы болғандықтан этнопедагогикалық тәрбиенің негізгі идеясы ұлттық мүддеге сай болуы керек. Бұл орайда, Қазақстандағы мектеп оқушыларының қоғамдық ұйымдарын төмендегідей төрт үлкен ұйымның бірлігі негізінде жұмылдыра отырып, тек қазақ халқының емес жалпы әлемдегі адамгершілік құндылықтардың тәлім-тәрбиесі негізінде өзін-өзі басқаруға бағыштау қажет. Өйткені, жоғарыда аталған этнографиялық негіздегі мектеп оқушыларының ұйымынан басқа, мектеп оқушыларның өзін-өзі басқару жүйесінде еліміздің саяси-қоғамдық өміріндегі әкімшілік басқару жүйесінің қалыптаса бастауы – осы қажеттіліктің көрінісі.

    Мектеп – кеңес дәуірінде білім кемесі ғана болса, бүгінгі таңдағы мектеп – білім меккесі. Яки, бүгінгі қоғамдық өмірдегі мектеп оқушылары ертеңгі қоғам дамуының формациялық өрлеу жолында тоқырап тосылмай өз орнымен жаңа жол тауып, бүгінгінің жетістігін алдыңғы толқын аға буындардай жаңа жолға жетелеп алып шығарлық тәрбие беретін мектеп – білім меккесі қажет. Сондықтан, біз этнопедагогикада өзі сұранып тұрған тәрбиенің көзі – еңбек тәрбиесіне (14/4) сүйенгенді жөн көреміз.


    І .Балдәрен балалық шақ – бүлдіршін

    Балабақшасынан мектептегі әліппе кезеңіне дейінгі кезең. Балалардың бір-біріне деген ықпалын назарда ұстай отырып, ой-санасын ояту, әрі қалыптастыру.

    ІІ. Балдырған тобы арқылы ұжымдық тәрбие объектісін таныту

    Әліппе кезеңінен кейін бесінші сыныпты аяқтағанға дейінгі кезең. Ұымшылдықпен білім алудың объектісін меңгеру үстіндегі өзара қарым-қатынастың ықпалын меңгерту.
    1. Бүлдіршіндер тобы мен балдырғандар ұйымы

    Қазақ халқында еңбек тәрбиесі он жастан басталған. Он жасқа дейінгі кезең дүниеде алаңсыз өскен бал дәурен – балалық шақ кезеңі болып саналады (15/4) Осы балалық шақ бүгінгі этнографиялық негіздегі «Балапан» тобына жатады. Жалпы халық тағылымында сәбиді балапанға теңеп еркелеткенімен, сәбиді бүлдіршін деп тәрбиелеген. Сондықтан этнопедагогикалық негізде «Балапан» тобын бүлдіршіндер деп алып, оларды балдырғандар қатарына өткізген тиімді. Мектеп қабырғасындағы мектеп алды дайындық сыныбы мен бірінші сынып оқушыларының әліппе кезеңін қамтитын бүлдіршіндер әліппемен қоштасқаннан кейін балдырған атануы тиіс. Өйткені, әліппемен білімнің нәрін татып, әріп танып, сауатын ашады. Әліппе кезеңі – бүлдіршін үшін есею, есі кіру, дүниетанымын кеңейтіп, ойлау қабілетіне салмақ салып, сәби санасының ояну кезеңі болып саналады. Демек, әліппе арқылы бала санасында білім әлемінің өкшесі көтеріледі. Ал, физиологиялық тұрғыдан алғанда, алты жастан дайындық сыныбына келген оқушының жас мөлшері жеті-сегіз жасқа шығып, балдырғандар ұйымына мүше болады. Балдырғандар ұйымына дейінгі оқушылар бүлдіршіндер тобы болып табылады.

    Бүгінгі таңда бүлдіршіндер әр оқу жылында мектеп есігін айқара ашатын «Алғашқы қоңырау» салтанатында мектеп оқушыларымен бірге сап түзеп, қатарда тұра алмайды. Бірақ, қыркүйектің бірінен оларда өз сабақтарын бастайды.

    Жалпы мектепалды дайындық сыныбы – мектептің іргетасы іспетті. Сондықтан, «Алғашқы қоңырау» салтанатында бүлдіршіндерге де лайықты құрмет көрсетілуі керек.



    Әліппені тамамдай отырып бүлдіршіндер мектеп оқушыларының балдырғандар ұйымына «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігінде өтеді. Әліппемен қоштасқан бүлдіршіндер әліппе оқулықтарын дайындық сыныбындағы бүлдіршіндерге беру арқылы жаңа бүлдіршіндер тобының қалыптасқанын рәсімдейді. Дайындық сыныбындағы бүлдіршіндер өз кезегінде білімнің кілті - әліппе оқулығын мектеп кітапханасына келер оқу жылының басына дейін тапсырып, келер жылғы «Алғашқы қоңырау» салтанатында ХІ сынып оқушыларынан алатын болады. Әліппемен қоштасып отырған бүлдіршіндер балдырғандар ұйымына өту рәсімін жасап, «Әліппе» дипломы мен төртінші сыныптың балдырғандарынан ана тілі оқулығын алып, балдырғандар ұйымына өту антын береді. Бірінші сыныптың балдырғандарының мойнына көк түсті үшбұрышты галстук тағылады.
    Балдырғандар ұйымының құрылымы

    1. Балдырғандар ұйымы - балдырғандар тобынан, балдырғандар тобы – балдырғандар топшасынан (жұлдызша) құралады. Балдырғандар тобы белгілі бір бастауыш сынып оқушыларын қамтиды. Сол сыныптағы балдырғандар өз ішінен құрамы бес-жеті оқушыдан кем болмайтын топшаларды құрайды. Әр топтың өз атауы болады.

    2. Әр топшаның өз жетекшісі, әр балдырғандар тобының өз топ басшысы не топ жетекшісі болады. Оны оқушылар сынып жетекшілерімен бірлесе отырып шешеді.

    3. Әр балдырғандар тобына жасөспірімдерден екі кеңесші тағайындалады.

    4. Балдырғандар ұйымының алқасына әр балдырғандар тобының топ басшылары мен жұлдызша жетекшілері және әр топтағы кеңесші жасөспірімдердің бірі тұрақты кеңесші есебінде мүше болып, ұйым алқасын құрайды. Алқа мүшелерінің саны тоғыз оқушыдан кем болмауы шарт.

    5. Балдырғандар ұйымының алқасында кемі үш жасөспірім кеңесші есебінде мүше болуы шарт.

    6. Балдырғандар ұйымының көшбасшысына төртінші мен үшінші сыныптың ең алғыр да үздік оқитын, ұйымдастырушылық қабілеті бар деп танылған оқушысы тағайындалады.


    Балдырғандар ұйымының өзін-өзі басқару жүйесі

    1. Әр топ өздерінің топша жетекшілерімен кеңесші жасөспірімдер бірлесе отырып, топ алқасын құрайды.

    2. Балдырғандар ұйымының алқасы осы ұйының өзін-өзі басқару органы болып табылады.

    3. Ұйымның алқа мүшелері айына екі рет бас қосып, мәжеліс өткізеді.

    4. Ұйым алқасы жылдық жоспар жасап, жүргізген жұмыстары жөнінде жасөспірімдер ұйымының алқалық мәжілісінде есеп береді.

    5. Балдырғандар ұйымы жылына бір салтанатты жиын өткізіп, өз қатарларына бүлдіршіндерді қабылдайды.


    Балдырғандар ұйымының міндеттері

    1. Ұйымның алқа мүшелері оқу-тәрбие жүйесіне негізделген секторлық міндеттерді атқарады.

    2. Ұйым алқасындағы кеңесші жасөспірімдер әр сектер бойынша қажетті ақыл-кеңес берумен қатар толықтай көмектесіп, атқарылатын міндеттерді бөліседі.

    3. Балдырғандар өз-өздерінің және оқу-құрал жабдықтарының қадірін түсіне біліп, ұқыпты ұстауға міндетті.

    4. Әр балдырған өз партасы мен сынып тазалығын ұқыпты ұстап, барлық мектепішілік, қоғамдық міндеттерді аса жауапкершілікпен атқаруы тиіс.

    5. Өзінен кішілерге қамқор болып, үлкендерді құрмет тұтып сыйлауға, көмектесуге міндетті.

    6. Балдырғандар қоршаған орта мен табиғаттың тазалығын сақтап, табиғат әлемін аялап, қорғауға міндетті.

    Балдырғандар ұйымының ұраны

    Мектеп оқушыларының басты міндеті сапалы білімді меңгеру болғандықтан, балдырғандар ұйымының ұранына Абайдың «ҒЫЛЫМ ТАППАЙ МАҚТАНБА!» (16/2) - сөзі алынады.


    Балдырғандар ұйымының анты

    Мен (аты-жөнін толық айтады) Қазақстан Республикасының Жалпы Республикалық Мектеп Оқушы Жастар Ұйымының Қоғамдық Бірлестігіндегі Балдырғандар ұйымына мүше бола отырып, өз отбасым мен Отанымды мақтан етемін!

    Өз Отанымның рәміздерін құрметтеп, ел дәстүрін жалғастырамын!

    Мен ешқашан жалған сөз айтпай, өз сөзіме берік боламын. Балдырғандардың достығын қадірлеймін.

    Мен, болашақ балдырғандар қатарында қызықты да пайдалы істермен айналысып, ерінбей оқып-үйреніп, мамандықтар әлеміне саяхат жасаймын! Жер бетіндегі әсемдік пен бейбітшілікті қалаймын!

    Балдырғандар ұйымының айшықтары

    Балдырғандар ұйымының туына Ел байрағы алынады. Балдырғандардың мойнында желбірейтін галстук – Ел байрағы түстес болуы шарт.


    IV. Жасөпірімдер ұйымы

    «Он үште отау иесі»

    /Халық мақалы/
    Ұжым ішінде тұлғаның ой-санасы мен мінез-құлқының, ар-ожданының қалыптасуын қадағалай отырып, кемшілік объектісіне бағдарлау. Тәрбие объектісін ұжымдаса танып, оның оңды қалыптасуына ықпалдастыру.

    Бала оннан аса өмірге белсене араласатын еңбек мектебі - өмір мектебі басталады. Еңбек мектебін қазақ қозы жасы, қой жасы, жылқы жасы, патша жасы деп төртке бөледі (17/4) Қозы жасы – қазақта ұлды он жасқа келгенде қозы бағуға салады. Бұл – еңбекке баулудың қазақша бастауыш сыныбы іспетті. «Қозы жасы» аталуы да содан. Қозы жасы еңбектің дәмін татып, еңбек қиындығын сезінудің жоралғысы болып саналады. Қозы бағуды кезінде кедей балаларымен бірге бай балалары да бастан кешірген (18/4) Мәселен, Ы.Алтынсариннің «Бай баласы мен кедей баласы» (19/10) әңгімесінің өзі осы ойымызға арқау бола алады. Малды бағып-қағуды білмеген қазақ болмаған. Өйткені, қазақ балаға жастайынан қатал қарап, еңбекпен шыңдауды мақсат еткен. Балаға мал өсірудің бастауыш мектебі – қозы бағуды үйретудің мәнісі осында (20/4). Қой жасы – қозы жасындағы бала «Он үште – отау иесі» делінген жасқа келісімен, еңбектің бастауыш сатысынан өтіп, кәсібін ауыстырып, қозы бағудан қой бағуға көшкен. Қазақ отаудың иесі деп, келешегінен үлкен үміт күтіп отырған жасты қой бағуға жарамайды деп ешқашан ойлаған емес. Сондықтан, он бес пен жиырма бестің арасын қой жасы деп есептеген (21/4)

    Демек, қазақ халықының тағылымында (қазақ этно-педагогикасында) он-он үш жас аралығындағы балалар, кейде қабілетімен еңбектенуіне қарай он төрт жасқа дейінгілер де қозы жасы саналып, еңбек мектебінің алғашқы сатысынан өткен. Мұның өзі он мен он үш жас аралығындағы балалардың бүгінгі мектеп жасындағы 4-7 сынып оқушылары екенін көрсетеді.

    Жасөспірімдер – мектеп оқушыларының ішіндегі тәрбиенің оң-терісін бойына тез сіңіріп алатын бала жасындағылар. Кезінде халқымыздың ұлы ғұламалары Ыбырай мен Абай он үшке дейінгі балаларды желкілдеп өскен жас желек деп, жасөспірімдерді шығармаларына қосып, жырлап, ақыл-кеңестерін айтып, тәрбиелеуге ұлағатты із қалдырған. Соның ішінде Ұлы Абай: «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім», (22/2) - деп, адам мінезін түзеп болмайды дегендермен пікір таластырғанда, адам баласының осы жас аралығындағы жасөспірімдерге дұрыс тәлім-тәрбие берілуін көздеген болар. Осыдан келіп, «адамның адамшылығын жақсы ата-ана, жақсы ұстаз бен құрбылардан», (23/3) - деп адам баласын тәрбиелеудің үш негізін көрсете отырып, «Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді, қалайша бітіргенінен емес», (24/3) - деп, халықта айтылатын «айтқанды екі етпеу» қағидасымен ұштастырады. Айтқанды екі ету, яки бірнеше қайталатып барып тіл алу - естиярланып келе жатқан ойын құмар жасөспірімдерге ғана тән құбылыс. Сондықтан да айтқанды екінші қайталатпай, адамгершілікпен істі бастап кетуге дағдыландыруды қажетсінетін де осы – жасөспірімдер. Ал, істі бастау үшін оларға табандылық қажет.

    Олай болса, алдымен мектептегі «Жас Ұлан» ұйымын жасөспірімдер деп танып, мектеп оқушыларының жасөспірімдер ұйымын қалптастыру керек. Ал, «Жас Ұлан» деп жасөспірімдер арасынан табандылық пен батылдық танытқан, жан кешті қиямет қылықтары мен іс-әрекеттері танылғандар бағалануы тиіс.

    Жасөспірімдердің кеудесіне ашық көк түсті дөңгелек шеңбер ішінде ел байрағының бедері, күн көзі мен қалықтай ұшқан қыран бейнеленген жұлдызша тағылады. Бұл ұйымының қатарына балдырғандарды қабылдау рәсімі, анты болуы шарт. Сондай-ақ, жасөспірімдерге ұйымның кітапшасы табыс етіледі. Кітапшада берген анттары мен міндеттері, жасөспірімдерге арналған Абайдың: «Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар. Әуелі – көкірегі байлаулы, берік болмақ керек. Екінші – сол нәрсені естігенде я көргенде көңілденіп, ынтамен ұғу керек.



    • Үшінші – сол нәрсені ішінен қайталап, ойланып, көңілге бекіту керек.

    • Төртінші – кеселді ойлардан қашық болуы керек», (25/3) - делінген отыз бірінші қарасөзін енгізіу керек. Сөйтіп, оқушыны жастайынан тыңдап, көргенді түсініп, есте сақтауға бар ынта-ықыласымен, күш-жігерімен дағдыландырып үйретуіміз керек.


    Жасөспірімдер ұйымына қабылдау

    Жасөспірімдер ұйымы негізінен төртінші сыныптан сегізінші сынып аралығындағы мектеп оқушыларын қамтиды.

    Төртінші сыныптың оқу озаттары мен үздік оқушылары жасөспірімдер ұйымына қабылданады.

    Бастауыш мектептің қалған балдырғандары бесінші сыныпта сабақ үлгерімі мен ынтасына қарай жасөспірімдер қатарына қабылданады.

    Жасөспірімдер қатарына өтетін балдырғандар Жасөспірімдер ұйымының салтанатты жиынында ант беруі арқылы қабылданады. Омырауларына жұлдызша тағылып, ұйымның кітапшасы табыс етіледі.
    Жасөспірімдер ұйымының құрылымы


    1. Әр сынып өз алдына бір жасөспірімдер тобын құрайды. Әр жасөспірімдер тобының өз атауы не есімі болуы шарт.

    2. Әр жасөспірімдер тобы құрамы жеті оқушыдан кем болмайтын шағын топтардан құралады. (Бала саны жетіден төмен сынып оқушылары ұйым ішінде алдыңғы сыныптың жасөспірімдерімен топтасады.)

    3. Әр топтың өз топ басшысы, әр топшалардың өз жетекшісі сынып оқушыларының келісімімен шешіледі.

    4. Әр жасөспірімдер тобына жеткіншек жастар ұйымынан екі жеткіншек кеңесші болып тағайындалады. Оның бірі жасөспірімдер ұйымының алқасына кеңесші болып саналады.

    5. Әр топ өздерінің топша жетекшілерімен топ басшысы және кеңесші жеткіншекпен бірлесе отырып топ алқасын құрайды.


    Жасөспірімдер ұйымының өзін-өзі басқару жүйесі

    1. Бесінші сыныптан сегізінші сыныпқа дейінгі сынып оқушыларынан үш оқушыдан кем болмайтын ұйымның өзін-өзі басқару алқасы құрылады.

    2. Алқа мүшелерінің саны тоғыздан кем болмауы шарт.

    3. Ұйымның жетекшісі әр топ ұсынған үміткерлерді жасөспірімдердің сайлауы арқылы анықталады.

    4. Үміткерлікке тәртібі жақсы, оқу үлгерімі жоғары, үлгілі де ынталы, ұйымдастырушылық қабілеті бар жасөспірімдер ұсынылады.

    5. Ұйымның көшбасшысын не жетекшісін сайлаудың түрін алқа мүшелері шешеді.

    6. Жасөспірімдер ұйымның алқасында кемі үш жеткіншек жастың кеңесші болуы шарт.

    7. Ұйым алқасы жылдық жоспар жасап, жүргізген жұмыстары жөнінде жеткіншек жастар ұйымының алқалық мәжілісінде есеп береді.

    8. Жасөспірімдер ұйымы жылына екі рет салтанатты жиын өткізіп, өз қатарларына балдырғандардан жасөспірімдер қабылдайды.


    Жасөспірімдер ұйымының міндеті

    1. Ұйымның алқа мүшелері оқу-тәрбие жүйесіне негізделген секторлық мінтеттерді атқарады.

    2. Ұйым алқасындағы кеңесші жеткіншек жастар әр сектор бойынша қажетті кеңестер беріп, бағдарлап отырады.

    3. Жасөспірімдер өздерінің және оқу-құрал жабдықтарының қадірін түсіне біліп, ұқыпты ұстау арқылы балдырғандарға әрдайым үлгі-өнеге екендігін естен шығармауы тиіс.

    4. Әр жасөспірім өз партасы мен мектеп мүлкі және сыныбының тазалығын ұқыпты ұстап, барлық мектепішілік қоғамдық міндеттерді аса жауапкершілікпен атқаруға міндетті.

    5. Өзінен кішілерге қамқор болып, үлкендерді құрмет тұтып, көмектесуге міндетті.

    6. Жасөспірімдер қоршаған орта мен табиғатты сақтап, табиғат әлемін аялап, қорғауға міндетті.



    Жасөспірімдер ұраны

    Абай: «Адамның адамшылығы істі бсатағанынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес», (26//3) - демекші жасөспірімдерді қашанда іскерлікке баулып, келешекте қандайда болмасын іске даяр болуы үшін, әрі шұғыл шешім қабылдай аларлық болуы үшін «ОТАНЫМНЫҢ КЕЛЕШЕГІ ҮШІН ӘР ІСТІ ТАЛАППЕН БАСТАП, ТАЛҒАММЕН ТИЯНАҚТАУҒА ҚАШАН ДА ДАЙЫНМЫН!» - сөзі алынады.


    Жасөспірімдердің анты

    Мен (аты-жөнін толық айтады) Қазақстан Республикасының Жалпы Республикалық Мектеп Оқушы Жастар Ұйымының Қоғамдық Бірлестігіндегі Балдырғандар ұйымының балдырғаны жасөспірімдер қатарына өте отырып:

    Сапалы білім, саналы тәрбиелеп отырған Алтын ұя мектебім мен Ұлы Отаным – Қазақстан Республикасын мақтан етемін!

    Отанымның игілікті дәстүрін жалғастыра отырып, Ел рәміздерін құрметтеймін!

    Ешқашан жалған сөйлемей, әрқашан өз ісім мен сөзіме берік болып, Қазақстан Жастарының ынтымақтастық бірлігін қадірлеймін!

    Мен, әлемдегі әсемдік пен бейбітшілікті қалай отырып, болашақ Қазақстандық жасөспірімдер қатарында өз бетіммен ізденіп, оқып-үйрене отырып, өз үлесімді қосамын!

    Мен - әрқашан Отанымның келешегі үшін өз ісімді «ТАЛАППЕН БАСТАП, ТАЛҒАММЕН АЯҚТАУ» (27/15) үшін дағдылануға салтанатты түрде АНТ ЕТЕМІН!
    Жасөспірімдер ұйымының айшықтары

    Жасөспірімдер ұйымының туына Ел байрағы алынады.

    Омырауларына тағылатын жұлдызшаға ел байрағындағы қыран мен күн бейнесінің шеңбер ішіндегі нұсқасы алынады.

    Жасөспірімдер ұйымының кітапшасына Абайдың отыз бірінші қарасөзі алынып, жасөспірімдердің ұраны мен анты, міндеттері көрсетіледі.


    ІV тарау

    Жеткіншек жастар – бозбалаң-бойжеткендер
    Әр ісін «Талғаммен бастап, талаппен аяқтай» алатын, нұрлы ақыл, жылы жүректі, ыстық қайратты тұлғаны танып, кәсіптік бағдарлы білім объектісінде тиянақтылығына көз жеткіздірту.

    Каталог: document library
    document library -> Оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісінде жүргізілген жұмыстарға сараптама
    document library -> Оқу жылы бойынша №29 Александр Герцен атындағы орта мектебінің «Жас Ұлан», «Жас Қыран»ұйымының жылдық есебі. Мақсаты
    document library -> Новоишим қазақ орта мектебінің аналитикалық талдауы 2011-2012 оқу жылы
    document library -> «№4 жалпы орта білім беретін мектеп» кмм бойынша Ұбт-ға дайындық жұмысының жайы
    document library -> Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын- өнер Жүсіпбек Аймауытов Алғы сөз
    document library -> Сабақтың түрі: кіріктіру сабағы. Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, бейнеролик,суреттер,сергіту сәті


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет