Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі


Алтыншы бөлім. Қазақстанның ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы мәдениеті. (5сағат)



бет29/48
Дата22.12.2021
өлшемі0,57 Mb.
#339
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48
Алтыншы бөлім. Қазақстанның ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы мәдениеті. (5сағат)
Орыстың демократиялық мәдениетінің қазақ мәдениетіне тигізген ықпалы. П.Семенов- Тянь- Шанскийдің зерттеулері, Қазақстан тарихының зерттелуі. Халыққа білім беру ісі. Орыстың азаттық қозғалысының өкілдерінің қазақтармен байланысы.

Шоқан Уәлиханов- қазақтың ұлы ғалымы. Шоқан Петербургте. Шоқан және Ф. М. Достоевский. Қазақстанға жер аударылған революцияшылдардың ХІХ ғасырдың 60- 70 жылдардағы қызметі, олардың жергілікті халықпен байланысы.

Халыққа білім беру және ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин (0841-1889 жылдар) ХІХ ғасырдың екнші жартысында халыққа білім беру ісінің жайы. Жаңа мектептер және олардың қиындықтары. Мектептер мен медреселер. Халық ағарту ісінің орталықтары. Оқу орындарын ұйымдастыру. Ыбырай Алтынсарин- жаңашыл педагог, қоғам қайраткері. Ы. Алтынсариннің өмірі, ағарту саласында халқына сіңірген еңбегі мен ғылыми- этнографиялық зерттеулері. « Қырғыз хрестоматиясы», ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы оқу-ағарту мекемелері және ғылыми қоғамдар. Кітапханалардың ашылуы. Азаматтық және діни оқу орындары. Халыққа білім беру ісіндегі қиындықтар және орын алған кемшіліктер.

Ұлы ақын Абай Құнанбаев (1845-1904) және қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы. Ұлы ойшыл. Өмірі мен шығармашылық қызметі. Абай- аудармашы. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет.

Өнер және музыка. Бейнелеу өнері. Қазақстан тақырыбына өз шығармаларын арнаған көрнекті суретшілер. Қолөнер және зергерлік.

Музыка мәдениеті. Құрманғазы Сағырбайұлы. Дәулеткерей Шығайұлы. Тәттімбет Қазанғапұлы. Ықылас Дүкенұлы. Әсет Найманбайұлы. Біржан Қожағұлұлы. Ақансері Қорамсаұлы және басқалар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет