ІV. ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Білім берудің іс-әрекеттік сипаты тарихты оқытудың әдістерін ұйымдастыру формаларын қайта құруды талап етеді. Қайта құрудың мәні- оқушылардың өзіндік жүмысының басымдылық рөлін күшейту. Оқушылардың өзіндік жұмысы: ұжымдық жұмыстар, брэйнсторлинг, рөлдік ойын, дебаттар, жобаларды қорғау, портфельдерді құрастыру, сөздік пинг-понгтар, жазбаша жұмыстар (эссе, шығарма, рефераттар және тағы басқалар) түрінде дайындау арқылы іске асырылады.
5- 6 сыныптарда тарихты оқытуда оқушылардың жаса ерекшеліктерін ескеру қажет, әсіресе гуманитарлық білімді мәселен, бейнелі сезім қабылдаудан аналитикалық талдауға көшеді. Оқушылардың күнделікті сабақтарында керамиканың дайындалу тәжірибесі, карта мен жалаудың шығу тарихыт.б күнделікті өмірмен байланысты жүргізілсе, оқушылардың өз елінің тарихына деген қызығушылықтар артады.
5-сыныпта «Тарих әлемі» бөлімінде оқушыларға тарих пәнінің қалыптасуы туралы, қазақстан тарихының кезеңдері жайлы түсінік береді.
Оқушылардан нақты және ғылыми жауаптар талаптар талап етпеуі керек.
Оқу үрдісінде қоғам, қоршаған орта, тарих туралы білімді меңгертуде ойын іс- әрекетін, қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға ықпал етеді.
Уақыт сызығы: ежелгі дүние, орта ғасырлық, жаңа заман, қазіргі заман айта отырып, сол кезеңдерге ойша саяхат, танымжорық жасау. Оқушылар ойша осы кезеңдерде болып, ересек болуға, осы пәндерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Археология, этнография, жазбаша дерек, ауызша дерек, заттай дерек, деген тақырыптарға «сықырлы сандықша» оқыта үйрету ойынын пайдалануға болады. Өлкетану, Қазақстан- әлемдегі ірі мемлекет т.б тақырыптарда саяхат сабағын, «тірек белгілер» оқыта үйрету ойыннын бойынша түсіндіруге болады. ТСО пайдалану арқылы өткізуге болады.
Тарихқа саяхат бөлімінде «Адамдардың жер бетінде пайда болуынан басталады. Тарихқа саяхат жасаймыз. Сын тұрғысынан ойлау әдісі пайдалану оқушыларға пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік береді.
Дидактикалық материалдарды пайдалану (ребус, сөз жұмбақ, кесте, карта т.б) пайдалну Power Point программасымен презентация жасауға болады. Слайдтар- мультимедиапроектр арқылы көрсетуге болады. Тест материалын пайдалануға болады.
Үшінші бөлімде «Ғажайыптар әлемі» Алғашқы адамдардың мекендеген үйі қандай болған, олар қайда өмір сүрді?, Қазақ жеріндегі көне құрылыстар, тас қола, темір дәуірінің ескерткіштеріне тоқталады. Орта ғасырлардағы ескерткіштер жайына тоқталады. Бұл таруды өткенде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ескерткіштер, оқиғалар, ғалымдар, ақын – жазушылар, жөнінде қысқаша әңгімелеп түсіндіреді. Сюжеттік- рольдік ойындар түріндегі сабақтар өткізуге болады. Сыни тұрғыдан ойлау әдісі балалардың тарихтаға ежелгі ескерткіштерді танып білуге, өздерінің сауалдарына сұрақ қою мен жауп іздестіру арқылы келуіне мүмкіндік береді. Мұғалім «күнде жаңалықтар алу» арқылы оқушыларға әр түрлі саул қою арқылы өз ойларын, танымын жетілдіреді.
Анықтамалық оқыту әдісі пайдалануға « тұлғаны танып білу» оқыта үйрету ойыны бойынша оқушыларға парақтар таратады. Оларға Қазақстан тарихында елеулі із қалдырған кемеңгер адамдардың (саясаттану, өнер және әдебиет қайраткерлері т.б) портреттері жапсырылған суреттермен жұмыс жүргізуге болады. Оқушылар 4-5 топқа бөлінеді. Балалар, портреттегі тұлғаның аты- жөнін, тарихтағы ролін, қызмет ету кезеңін, оның атына байланысты, оқиғаларды, шығармаларын т.б естеріне түсіреді.
« Қазақстан тарихы» пәннің тарихи материалын оқып, танып білу және оны меңгеру үшін көптеген тәсілдер мен құралдар қолданылады. Оқушылардың іс-әрекетін, ойлау, таным қызметін дамытуға бағытталған бұл әдістер белгілі жоспармен, жүйемен жүргізіледі.
Иллюстрациялап түсіндіру әдісі – бұл мұғалімнің ауызша баяндауын және әңгімелеп тұрып, пайдаланатын басқа құралдарды (оқулықпен, интерактивті тақтаны, түрлі суреттер мен кестелерді, буклетерді және көркем әдебиетті) қамтиды. Бұл әдісті қолдану барысында мұғалімде, оқушыларда қызмет жасайды. Соның нәтижесінде оқушылар өздігінше жұмыс жасауға үйренеді.
Информациялы – рецептивті әдісі – әңгіме, әңгімелесу, экскурсия түрінде, ауызша және жазбаша жүзеге асырылады. Білімді әңгімелеу негізінде оқулық бойынша жүргізіледі. Бұл әдіс мұғалімнің басшылығымен, оқулық, құжат, сурет, әңгіме экскурсия барысында ұштастырыла пайдаланылады.
Оқушылардың сабақтағы ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға бағытталған ойын әдісі – бұл әдісте оқушылардың белгілі бір ұжымдық бөлігі түрлі театрландырылған көріністер көрсету арқылы жүзеге асырылады. Ежелгі дүние тарихы курсы бойынша әсіресе мәдениет тақырыптарын өту барысында кеңінен қолдануға болады. Осы әдісті пайдалану нәтижесінде оқулықтан оқыған материалдарын театр көріністері арқылы нақтылы түсінуіне мүмкіндік береді.
Тарихи құжаттарды пайдалануда осы циклды оқытудағы маңызды әдістердің бірі.Тарихи құжаттар өткен дәуірдің ескерткіші. Олар оқушыларға оқытып жатқан материалды нақтылай түсуге, өткен оқиғалардың бейнесін айқынырақ елестетуге, сол дәуірдің ерекшелігін дәл көрсетуге көмектеседі. Заңдардың, бұйрықтардың, хаттардың, естеліктердің, мемуарлардың үзінділерімен таныса отырып оқушылар белгілі оқиға, құбылыс туралы жан-жақты мәлімет алады. Тарихи құжаттарды оқу және талдау оқушылардың білімін кеңейтеді, олардың ойлауын дамытады, деректермен өздігінше жұмыс жасау шеберлігін ұштай түседі. Мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқушылар үйде шағын шығарма, тарихи құжаттар бойынша конспект, хабар жасап келеді.
Біліктерді қалыптастыру әдісі – біліктерді қалыптастырудың білімдік, тәрбиелік және дамытушылық маңызы зор. Оқушы белгілі бір білікті меңгеруге байланысты өздігінше жұмыс жасайды. Оқушылар синхрондық кестелер сызады, тарихи текстің кеңейтілген жоспары, тарихи қайраткерлердің, құбылыстардың салыстырмалы сипаттамасы, бірыңғай тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырып ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу, тарихи карталар мен сызбалардың мазмұнын өз әңгімесіне пайдалану, оқулықтағы кейбір мәселелерді өздігінше оқып, меңгереді.
Оқу-танымдық іс-әрекетін дамыту үшін ақпараттық материалдармен жұмыс кең қолданылады. Осы арқылы білім алушылар мәтінмен жұмыс жасауға үйренеді, яғни көпшілікке арналған ақпараттық нысандармен қалыпты жұмыс жасау құралдарын меңгереді. Олар ақпаратты материалдарды жинаудың жаңа тәсілдерін игеріп, пайдаланады. Хрестоматиялық материалдар негізінде электронды карталарды тақырыптар бойынша пайдалануға болады. Қорытынды сабақтарда кешендік тестілеуді компьютерлік тестілеу әдісі арқылы өткізуге болады.
Зерттеу әдісі – Шығармашылықпен жұмыс жасау тәсілін және білім мен біліктерді толық үйретіп, меңгертуді мақсат етеді. Зерттеу әдісі – ғылыми тұрғыда танып білудің тәсілдерін меңгеруге көмектеседі; шығармашылықпен жұмыс жасаудың белгілерін қалыптастырады; өздігінше зерттеу жұмысын жүргізуге оқушылардың ынтасын ұштайды; оқушылар білімді толық әрі саналы іздену арқылы меңгереді.
Проблемалық зерттеу әдісі – оқушылардың ойлауын, қиялын дамытуға, эмоция туғызуға, бұрын алған білімдерін қайта еске түсіруге мүмкіндік береді. Демек жаңа білімдерді меңгеруге оқушылар белсене қатыстырылады, сөйтіп білімді берік меңгереді, ойлау қызметі одан әрі дамиды.
Тарихтан жаңа тақырыпты үйреткенде проблемалық баяндау әдісін қолдану барысында материалдық мәдениет ескерткіштері, бейнелеу өнерінің шығармаларымен жұмыс жасау арқылы да болады.
Тарихи – көркем шығармаларды пайдалану әдісі – Тарихи- көркем шығармамен сабақ барысында өзіндік жұмысын ұйымдастыруға болады. Мұндай тәсілдер дамытуға пайдасы көбірек тиеді. Оқушылар көбіне тарих оқулығындағы текспен және көркем әдебиет үзіндісімен қатар жұмыс жасайды. Оқушылар тарихи құжаттарды, басқа да әдебиеттер мен деректерді пайдалана отырып, өздігінше конспект, реферат, тезис, баяндама дайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |