ІІІ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Білім алушылар білуі тиіс:
қазақ халқының басынан өткен тарихи оқиғаларды;
алғашқы адамдардың кен-тұрақтарын және орналасқан жерін;
географиялық жағдайларын, табиғат ерекшеліктерін;
тіршілігін, кәсібін, тұрмысын, еңбек құралдарын; ертедегі діни, археологиялық және өнер ескерткіштерін;
қазақ қоғамының әлеуметтік құрамын (хан, сұлтан, батыр, би, төре, қожа, шаруа т.б),
тәуелсіздік жолындағы монғол, жоңғар шапқыншылықтарына қарсы күрестердің себеп- салдарын;
Қазақстан тарихы дәуір кезеңдерінің хронологиялық шегін;
орта ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы мемлекеттердің калыптасып, дамуының ерекшеліктерін;
жыл мен ғасыр арақатынасын, тарихтағы жыл санауды;
архитектуралық ескерткіштерін, салыстыра сипаттай білуі тиіс.
олардың арасындағы себептік- салдарлық байланысты;
қазіргі заманғы адамдардың көзқарастары мен ұстаган бағытында болған өзгерістерді;
жаңа заманның және оның кезеңдерінің хронологиялық мерзімін;
жаңа заманда қоғамда болған адамдардың кәсібі мен тұрмыс-тіршілігіндегі өзгерістерді;
XVIII ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын, ішкі, сыртқы саясатын;
халқының әлеуметтік құрамын, шаруашылығы мен тұрмыс-тіршілігін;
Ресеймен байланысты, оған Қазақстанның қосыла бастау себептерін, отаршылдық саясаттың белгілерін;
XIX ғасырдағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайының, халықтың тұрмысын, даму ерекшеліктерін;
ұлы жүз қазақтарының Хиуа, Қоқан хаңдықтарының қол астында болған кездегі жағдайын;
Қазақстан-Қытай қатынастарын; ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аудару себептерін;
XIX ғасырда Қазақстан жерін мекендеген орыс және т.б халықтар мәдениетінің маңызын Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауын, Қазақ КАСР-ының құрылуын;
XX ғасыр басындағы ағарту ісі мен қазақ әдебиеті жайын; қазақтың зиялы қауымының көрнекті өкілдерін, олардың қызметін;
Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарындағы өз өлкесінің тарихын, табиғат байлықтарының зерттелуін;
экономикалық дамудың негізгі кезеңдерін; біледі
Қазақ КСР-ының құрылуын, оның КСРО құрамына енуін, Қазақ КСР-ы Конституциясы қабылдануының маңызы мен салдарын;
20-30 жылдардағы мәдениет саласындағы негізгі өзгерістерді, сауатсыздықты жоюды, мектеп жөніндегі айтыстарды, кәсіптік мектеп пен жоғары мектеп жұмысын;
Қазақ ғылым академиясы құрылуының маңызын;
Қазақстанның 1941-1945-жылдардағы Ұлы Отан соғысы майдандарының арсеналы болғанын;
қазақстандықтардың көрсеткен жаппай ерліктерін, панфиловшы батырлардың асқан қаһармандыктарын;
50-60-жылдардағы енеркәсіп пен ауыл шаруашылығынын жағдайын; әкімшіл-әміршіл жүйенің, коммунистік идеологияның үстемдігін;
40-90-жылдардағы мәдениеттің дамуын, ондағы негізгі тенденциялары мен жолдарын;
80-жылдардағы ұлт саясатын, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларын;
1931-1932 жылдары болған ашаршылықты, оның зардаптарын; «
Бесеудің хаты» мен Т.Рысқұловтың «Сталинге хатының» мәнін;
20-жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайды,
Кеңес өкіметінің Қазақстаңда жүргізген саясатын,
30-жылдардағы жаппай қуғын-сүргін мен оның зардаптарын;
Қазақ КСР-ының құрылуын, оның КСРО құрамына енуін,
Қазақ КСР-ы Конституциясы қабылдануының маңызы мен салдарын;
орта ғасырлардағы әлем халықтары мәдениетінің жетістіктерінің маңызын, елеулі үлес қосқан қайраткерлерді және олардың қызметін
XIX ғасырдағы мемлекеттердің сыртқы саясаты мен халықаралық жағдайын, көтерілістер мен революциялардың мақсатын, маңызын және оларды басқарған қайраткерлердің қызметін; XX ғасырдағы ғылым мен техниканың негізгі жетістіктерін бағалай біледі.
ХҮІІІ –ХІХ ғасырларда отаршылдыққа қарсы болған ұлт-азаттық қозғалыстарды,
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы демократиялық қозғалысты,
оның көрнекті өкілдерінің қызметін;
«Алаш» партиясының, басқа да қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметін;
Қазақстан ғылымы, техникасы мен әдебиетінің дамуына үлес қосқан белгілі ғалымдар мен жазушылардың еңбектерін;
XX ғасырдағы Қазақстанның демографиялық жағдайында болған өзгерістерін;
тәуелсіз Қазакстан Республикасының жариялануының тарихи маңызын ажырата біледі.
Достарыңызбен бөлісу: |