Бағдарламасы 6 Дәрістердің қысқаша мазмұны 8


Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі



бет2/8
Дата09.08.2017
өлшемі1,77 Mb.
#23224
1   2   3   4   5   6   7   8

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі


Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің жалпы тәртібі бойынша

Шағын кәсіпкерлерді тіркеудің жеңілдетілген тәртібі бойынша

Тіркеу мерзімі - 15 жұмыс күні

Тіркеу мерзімі - 3 жұмыс күні

Тіркеу ақысы - 20 ең аз есептік көрсеткіш мөлшерінде

Тіркеу ақысы - 5 ең аз есептік көрсеткіш мөлшерінде

Керекті құжаттар:

  • Көрсетілген түрде өтініш

  • Құрылтай құжаттары (шарт, жарғы) жарғының мөлшерін анықтайтын анықтама

  • заңды тұлғаның тұратын мекен-жайы туралы анықтама

  • тіркеу ақысын төлеу туралы құжатжәне де заңды тұлғаның түріне және бағытына сәйкес екректі құжаттар.

Керекті құжаттар

  • Көрсетілген түрде өтініш

  • Құрылтай құжаттары (шарт, жарғы)

  • тіркеу ақысын төлеу туралы құжат



Арнаулы салық түрін қолдану төмендегі шаруашылақ құралдарына жүзеге аспайды :



  • бөлімшелері, өкілділіктері бар заңды тұлғалар;

  • өздері құрылтайшы болған және оған тәуелді болып келетін мекемелер мен акционерлік қоғамдар;

  • басқа елді мекендерде құрылымдық бөлімшелері бар салық төлеушілер;

Жеңілдетілген декларация негізінде арнаулы салық түрі шағын бизнестің төмендегі шарттраға сай болғанда қолданылады:

а) салық мерзімі кезеңінде орташа есептегі жұмыскер саны 25–тен аспағанда;

б) салық мерзімі кезеңіндегі шектеулі табыс 9 мың теңге болғанда;

Жеңілдетілген декларация бойынша есептелетін салық мөлшерін шағын кәсіп тұлғасы өзі есептік мерзімі кезеңінде келесі салық бекітімдерімен анықтайды:



Жеңілдетілген декларация салық мекемесіне тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі айдың 10-на дейін тапсырылады. Жеңілдетілген декларация салықтың осы түрін пайдалану жөнінде өтініш берген салық мекемесіне өткізіледі.
Қорытынды
Кәсіпкерлік іс-әрекеттерді толып жатқан әртүрлі белгілеріне байланысты жіктеуге болады. іс жүзінде кәсіпкерлік мынадай белгілері бойынша жіктеледі: меншік түрлеріне байланысты, заңдылық ерекшеліктеріне қарай, аумағына қарай, әртүрлі жерлерге таралуына байланысты, құрылтайшылардың құрамына қарай, персоналдық санына қарай, өсу қарқыны мен пайданың мөлшеріне қарай, жаңа ұсыныстарды пайдалану деңгейіне байланысты және т.б. Ең негізгі төрт топқа бөлуге болады: 1. өндірістік; 2. коммерциялық; 3. қаржылық; 4. консалтингтік. Кәсіпкерліктің ұйымдық–құқықтық түрлері ҚР азаматтық кодексіне сәйкес белгіленген және құру және жұмыс жасау тетіктері – заңдармен және нормативті- құқықтық актілермен анықталған.
Дәрістерге ұсынылатын әдістемелік нұсқаулар
Дәріс материалдарын толық меңгеру үшін Жапондық, АҚШ, Германия, Швейцария, кәсіпкерлігі түрлерімен танысу керек. Сонымен қатар кәсіпкерлік ұйымдардың ерекшеліктеріне, ұйымдық құрылымына, меншік түріне т.б. көңіл аудару қажет. Басқа елдердегі кәсіпкерліктің даму тәжірибесі жайындағы мәліметтермен танысу қажет. Дәрісті тереңдетіп түсіну мақсатында күрделі бірлестіктер түрі холдинг– компания, қаржы–өндірістік топтар туралы дәйектемен танысу қажет. Күрделі кәсіпкерлік бірлестіктер әр түрлі ұйымдық–құқықтық қатынастарға құрылғанымен акционерлік қоғам сипатын алады. Күрделі кәсіпкерлік ұйымдарға : концерн, картель, консорциум, холдинг қаржы–өндірістік топтар, пул және т.б жатады.
Әдебиеттер:

  1. ҚР Ата заңы, Алматы: «Юрист», 2005ж.

  2. ҚР Азаматтық кодексі, Алматы: «Юрист», 2002ж.

  3. Лапуста М.Г. Предпринимательство: Учеб.пособие. – 2-е изд.– М.:ИНФРА –М, 2003.

  4. Сборник «Предприниматель и право», Издательский дом «БИКО», Алматы, 2000.

  5. Кантарбаева А.К. Барьеры перед казахстанским предпринимательством и пути их преодоления. А.: Раритет, 2000. С. 125

  6. Предпринимательство: Учебник/ Под ред.М.Г.Лапусты. – 3-е изд. – М.: ИНФРА-М, 2004.

  7. ҚР салық кодексі, Алматы: «Юрист», 2005ж.

  8. Индивидуальный бизнес в РК / Сост. В.И.Скала, Б.В.Скала. – Алматы, 2004г.



2 тақырып. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау
Мақсат: жаңа істі ұйымдастырудағы бизнес жоспардың ролі.
Сұрақтар:

  1. Жалпы жағдайлар.

  2. Бизнес–жоспарды дайындау реті.


Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: бизнес–жоспар,маркетинг жоспары, өндіріс жоспары, өткізу нарығы, ұйымдық жоспар, бәсеке,қаржылық жоспар
Өзінің жеке ісін ұйымдастыруда, кәсіпкерлік ұйымның жұмыс кезеңдерінде кәсіпкерлік іс әрекеттердегі аса маңыздысы белгілі мерзімде орындалуы тиіс іс-шаралар жоспарын дайындау болып табылады. Онан кейінгі көздеген мақсатқа жету жолының бірі – қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік жоспарлар.

Бизнес - жоспарлау процесінің негізгісі – кәсіпкерлік жобаның бизнес - жоспарын және ұйымның даму бизнес-жоспары.

Ғылыми негізде дайындалған бизнес-жоспар бұрқыраған теңізден кемені еш шығынсыз алып шығатын кәсіпкердің қолындағы компас іспетті.

Ұйымның даму жоспарын дайындау кезінде кәсіпкер бизнес-жоспардың айтарлықтай ерекшеліктерін білуі тиіс.



  • кәсіпкерлер өзінің ісін жоспарлау кезінде шаруашылық жүргізу ережелерінің өзгерістерін , экономиканың дамуының бірқалыпты болмайтынын ескеруі қажет.

  • Кәсіпкерлікке сыртқы ортаның аса жоғары ықпалы, бизнес жоспар дайындау кезінде кәсіпкерлік істерде аныталмаған жайттар көп кездесетінін ескеруді талап етеді.

  • Бизнес-жоспар дайындау кезінде барлық сыртқы факторларды ескере отырып , бизнес-жоспардың бөлімдеріне сан жағынан (мөлшеріне) әсерін анықтау қажет.

  • Қазақстандық кәсіпкерлер бизнес-жоспардың сандық көрсеткіштерін, әріптестердің бәсекеге қабілеттілігін ескере отырып, өздері есептеулері тиіс.

  • Қазақстандық кәсіпкерлер мемлекеттік билік органдарының шешім қабылдаудағы кейбір ерекшеліктеріне байланысты өзіндік қасиеттері мен мүмкіндіктерін асыра бағаламауы тиіс.

Бизнес-жоспар кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асыру жолында меншік және несиеге алынған қаржыларды, материалдық, кадрлық мүмкіндіктерді, түрлі тәуекелдік жағдайды ескере отырып, нарықтық бәсеке жағдайында ұйымның негізгі бөлімдерінің даму барысын сипаттайтын құжат.

Ғылыми негізде дайындалған бизнес-жоспар сан және сапа жөнінен кәспкер үшін де несие беретіндер мен әріптестер үшін де бағдар –сүйеніш болуы тиіс.

Яғни бизнес-жоспар–жоспарланған істердің нақтылығын көрсететін, экономикалық негізделген маңызды құжат. Сонымен бірге бизнес-жоспар инвесторлар мен әріптестер үшін жарнама құралы болып табылады. Сондықтан бизнес-жоспар қаржыгерлерге, бизнес бойынша әріптестер мен банк қызметкерлеріне іскерлік түсінікті тілде жазылып , дайындалуы тиіс.

Мәліметтер бизнес-жоспар бөлімдеріндегі мәселелерді анық дәл көрсетуі тиіс. Бизнес-жоспардың көлемі жобаланған мақсатқа байланысты, ең бастысы – көзделген мақсаттың нақты нәтижесі бизнес-жоспарда көрсетілуі тиіс.

Бизнес-жоспардың көлемі мақсатқа байланысты, жоспардың нәтижесі мақсатқа жету болып табылады. Жалпы ереже бойынша бизнес-жоспар бірнеше жылға (3-5 жылға) жасалады, ал бірінші жылдың жоспары нақты жоспардың құжаты ретінде маңызды.

Кәсіпкерлік тәжірибе бойынша да, ғылыми әдебиеттерде де бизнес-жоспардың құрылымы мен мазмұнына біртекті нұсқаулар жоқ, себебі әрбір бизнес-жоспардың мақсаты, кәсіпкердің таңдап алатын өндіріс саласы, ұйымның даму стратегиясы әртүрлі, әрқайсысының өз ерекшеліктері болады.

Кәсіпкер жеке өзінің ісіне бизнес-жоспар дайындау кезінде мынандай бөлімдерді қарастыру керек:


  1. Ұйымның жалпы сипаттамасы (Резюме).

Бұл бөлім барлық басқа бөлімдерді дайындап болғанан кейін дайындалады. Негізгі бағыт – анықталған мақсат және стратегияға жету жолдары.

  1. Тауардың сипаттамасы. Бұл ұйымның ең маңызды іс-әрекеттерінің нәтижесі. Жұмысқа кірісер алдында кәсіпкер өндіретін тауары мен көрсететін қызметтері туралы тұтынушыларға анық, жан-жақты толық сипаттма беруі керек.

  2. Тауар өткізу нарығы.

Кәсіпкерлік ұйым тұтынушалар үшін жұмыс істейтін, сондықтан сатып алушыларды анықтап, нарықты талдауы, өндірілген тауары мен қызметтері нарықтан “шығып қалмауы” жағдайын алдын-ала қарастыру керек. Әдетте ереже бойынша нарықты зерттеу 4 кезеңге бөлінетінін естен шығармау керек.

  1. Өткізу нарығындағы бәсеке.

Нарық сатушылар мен сатып алушылардың қарым-қатынасын көрсететін күрделі механизм. Сатушы ретінде көптеген коммерциялық ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер болуы мүмкін. Сондықтан бәсекелес кәсіпкерлердің іс-әрекеттерін алдын ала зерттеп, талдау қажет. Бұл бөлімде нарықтық конъюктураны талдау, нарықтық стратегия мен тактика , бәсекелестердің сипаттамасы көрсетілуі тиіс.

  1. Маркетингтік жоспар.

Бұл бөлімде кәсіпкер әріптестеріне және инвесторларға маркетинг жоспарын, оның негізгі элементтерін түсіндіруі тиіс. Әрбір тауар түріне арнайы жоспар болуы керек, сонымен бірге тауарларға байланысты нарықтық өзгерістер, жаңа тауар өндірісін дамыту мәселелері қарастырылып , осылардың барлық жиынтығы маркетингтік жоспар деп аталады.

  1. Өндірістік жоспар.

Бұл тек қана өндіріспен шұғылданатын кәсіпкерлер үшін қажет . Басты міндет Әріптестерге қажетті тауарды тиісті мөлшерде талап етілген сапада мезгілінде өндіретінін дәлелдеу. Яғни қажетті тауарды өндіру процесін, өндірісті ұйымдастыру. Бұл бөлімнің мәліметтері 2-3 жылға жоспарланады, ал ірі кәсіпорындар үшін 4-5 жылға есептеледі.

Өндіріс барысында қалай жүргізетіні, схемасы, шикізат қайдан келетіні, қандай өнім өндіріліп, қайда қашан жіберілетіні туралы нақты мәліметтер көрсетіледі. Сыртқы эксперттер нарық талабына сай технологиялық схеманы, еңбекшығынының азаю деңгейін, өнімдер ассортименті өзгерісіне баса көңіл аударады. Сондықтан өндірістік жоспарда өнім өндіру үшін өндірісті дамыту мәселелері толық көрсетілуі тиіс.



  1. Ұйымдастырушылық жоспары.

Бұл бизнес жоспардың бұл бөлімінде ұйымды басқару деңгейі, кәсіпкер мен ұйым мүшелерінің білімі, тәжірибесі, кәсіби мамандану деңгейлері көрсетіледі. Шағын кәсіпкерлікте әрбір маманның ролі мамандық деңгейі өте маңызды, сондықтан қызметкерлердің әлсіз және күшті жақтарын анықтап, нақты сипаттама берген дұрыс.

  1. Кәсіпкерліктегі тәуекелділік.

Бұл бөлімде кәсіпкерлік іс-әрекеттердегі мүмкін болатын қауіптерге тәуекелділік жағдайлары сипатталады, әртүрлі сыртқы және ішкі қауіпті жағдайлар мен оның зардаптарын жою жолдарын немесе алдын алу мәселелері қаралады.

Бизнес–жоспар дайындау кезінде кәсіпкерлік істердегі тәуекелділік жағдайларын басқару мәселелеріне айтарлықтай көңіл бөлінуі тиіс.



  1. Қаржылық жоспар.

Бұл бөлім ең қорытынды кәсіпорын іс-әрекеттерінің нәтижесін көрсететін бөлім болып табылады. Қаржы бөлімінде кәсіпкерлік іс-әрекеттердің даму стратегиясы, қаншалықты жүзеге асырылғаны көрінеді.

  1. Қосымшалар.

Қосымшаларда бизнес-жоспардың кейбір бөлімдерін нақтылай түсетін мәліметтер болады. Олардың құрамы мен мөлшері көздеген мақсатқа, бизнес ісінің мазмұнына байланысты.

Бизнес-жоспардың сыртқы бетінде бизнес-жоспардағы мәліметтердің кәсіпкерлік құпия екенін, сол істің иесіне ғана арналғанын көрсетуді ұмытпаған жөн.


Қорытынды
Кәсіпорнның қызметінің ең бастапқы маңызды құжаты бизнес-жоспар болып табылады. Бизнес-жоспардың мазмұны мен құрылымына қатаң шектеу қойылмаған, ол қаржылық-экономикалық іс-әрекеттерде тек қана табысқа жетуге бағытталуы тиіс.
Дәрістерге арналған әдістемелік нұсқаулар
Дәріс материалдарын толық жақсы түсіну үшін, бизнес-жоспардың әрбір бөлімімен толық танысып , дәптерге көшіріп алу (конспект) қажет.
Әдебиеттер:

  1. Малый бизнес. Организация, экономика, упарвление: Учеб. Пособие для вузов. / Под. Ред. Про. В.Я.Горфинкеля. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003г.

  2. В помощь предпринимателям / Под редакцией М.М.Нуртазина. Астана, 2004г.

  3. Потемкин А.П. Открытое письмо госпадину Герману Грефу, министру экономического развития и торговли Правительства РФ // Известия. – 22 июня 200г. С.11.

  4. Справочник директора предприятия/Под ред.М.Г.Лапусты, П.С.Никольского, М.: ИНФРА-М, 2002.

  5. Татеиси К. Вечный дух предпринимательства. Практическая философия бизнесмена: Пер.с.англ.М., 1990.



3- тақырып. Кәсіпкерлік қызмет ұйымдарды қаржыландыру көздері
Мақсат: Кәсіпкерлік ұйымдарды қаржыландыру әдістері мен формаларын анықтау.
Сұрақтар:

  1. Қаржыландыру көздерін таңдау.

  2. Кәсіпорын қызметін қаржыландырудың ішкі көздері.

  3. Қаржыландырудың негізгі ережелері.

  4. Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар.

  5. Халықаралық ұйымдар гранты.


Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: бағалы қағаздар эмисиясы, банк несиесін пайдалану, банк неиесінің негізгі түрлері, ұйымның несиелік келісім шарт жасауы , ұйымды комерциялық несеимен қамтамасыз ету, салықтық және инвестициялық-салықтық несие, факторинг, лизинг, овердрафт, инвестициялық несие форфейтинг.
Кәсіпкерлік ұйымдарды қаржыландыру дегеніміз– жай және үдемелі өндірісті қаржыландыру шарттары мен формаларының, әдістерінің және принциптерінің жиынтығы. Қаржыландыру ұғымы ұйымның барлық салаларында ақша құралдарының пайда болуын көрсетеді.

“Қаржыландыру” түсінігі инвестициялау түсінігімен тығыз байланысты, қаржыландыру – ақшаның пайда болуы, ал инвестициялау – сол ақшаны пайдаға асыру, пайдалану. Олардың тығыз байланыстылығы сол, қаржы көзін анықтаудан бұрын, ол қайда жұмсалатынын алдын ала жоспарлау қажет.

Қаржыландыру көзін таңдауда төмендегідей негізгі 5 міндетті шешу керек:


  1. Қажетті капитал қысқа немесе ұзақ мерзімге керек пе, анықтау керек.

  2. Қолайлы қаржылық құрылымды анықтау үшін капитал активі құрамында болатын өзгерістерді анықтау керек.

  3. Тұрақты төлем қабілетін қамтамасыз ету, яғни қаржылық тұрақтылық.

  4. Жеке меншік және қарызға алынған қаржыларды барынша пайда келтіретіндей пайдалану.

  5. Шаруашылық қызметті қаржылыандыру көлемін азайту.

Кәсіпорынды қаржыландыру көзі ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі қаржыландыру дегегніміз өзінің (меншік) қаржысы–таза пайда мен амортизациялық төлемдер жиынтығы.

Пайда экономикалық категория ретінде – кәсіпкерлік істерден түскен таза табыс, ол кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін көрсетеді. Пайданың өз алдына бірнеше функциялары бар.

Әлеуметтік функциясы – салық ретінде бюджетті толықтырып, мемелекеттің инвестициялық, өндірістік, ғылыми-техникалық және әлеуметтік функцияларын орындауына ықпал етеді. Сонымен бірге әлеуметтік функциясы ұйымның басқа зиян шеккен ұйымдарға көмегі, әлеуметтік сфераны қаржыландыру , және азаматтарға материялдық көмек арқылы орындалады.

Жеделдетуші функциясы – пайда қаржылық нәтиже болғандықтан ұйымның негізгі қаржылық элементі болып саналады. Пайда неғұрлым көп болса , стратегиялық мақсаттарды орындауда сыртқы қаржыландыру қажеттігі азайып, өзінің ішкі қаржысын пайдалану мүмкіндігі туады.

Ішкі қаржы көзі ретінде меншіктегі негізгі қорлардың амортизациялық төлемдерінің маңызы зор. Амортизация төлемдерінің объекті меншіктік негізгі қорлар болып табылады.

Өзінің меншіктік қаражаттары арқылы қаржыландырудың бірқатар артықшылықтары бар :



  • пайданың көбеюі арқылы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы артады;

  • өз қаржысын қалыптастыру және пайдалану бірқалыпты жүзеге асады;

  • сыртқы қаржыландыру болмағандықтан , қарыздар азаяды;

  • қосымша шығындардың орнын толтыру өз қаржысы есебінен болғандықтан, кәсіпорынның дамуын басқару шешімін қабылдау мәселесі жеңілдейді;

Өзін-өзі қаржыландыру тек қана ішкі мүмкіндіктер емес сыртқы шығындарға да (салық төлемдері, кедендік төлемдер, мемелекеттің қаржы несие саясаты) байланысты.

Сыртқы қаржыландыру мемлекет қаржысын пайдалануға, қаржы-несиелік мекемелерге де байланысты. Сонымен бірге құрылтайшылардың қаржыларыда үлкен роль атқарады. Ондай қаржы мол болса, кәсіпорын басқаларға тәуелді болмайды және банктен несие алу жеңілдейді.

Кәсіпкерлікті қаржыландырудың бірнеше түрлері бар:


  • бағалы қағаздар эмиссиясы;

  • банк несиелерін пайдалану;

  • ұйымдармен несиелік келісім жасау;

  • коммерциялық несиені пайдалану;салықтық және инвестициялық-салықтық несие;

  • факторинг;

  • лизинг;

  • овердрафт;

  • инвестициялық несие;

  • форфейтинг және т.б.

Нарықтың экономика жағдайында кәсіпкерлік іс-әрекеттер жоғарыда аталған сыртқы қаржыландырусыз мүмкін емес. Сыртқы қаржыландыру сомасы міндетті түрде қайтарылу қажеттігін және пайдаланғаны үшін үстеме пайыз төленетіні ескерілуі тиіс.

Түрлі қаржыландыру жолын салыстыру арқылы кәсіпорын өзінің шаруашылық істеріне қажет қаржының қандай түрін пайдаланатынын таңдайды.


Қорытынды
Жаңадан кәсіпорын ұйымдастырудың және оның жұмысының сәттілігінің негізі қажетті көлемде қаржыландыру болып табылады. Сондықтан әрбір кәсіпкердің негізгі міндеті қанша капитал қажет екенін анықтау. Өз капиталын ұтымды жоспарлап пайдаланған жағдайда кәсіпкер өз ұйымын қарыз болып қалудан сақтап, төлем қабілетті тұрақтайды.
Дәріс үшін әдістемелік нұсқаулар
Дәріс материялдарын жақсы түсіну үшін Еуропа елдері кәсіпкерлерінің қаржыландыру ерекшеліктерімен танысулары қажет.
Әдебиеттер:

  1. Кэмбелл Р. Макконелл, Стенли Л. Брю. «Экономика». Москва, издательство «Республика», 1992г., том 2.

  2. Панкратов Ф.Г. Коммерческая деятельность. М.: ИВЦ "Маркетинг", 1996

  3. Гражданское право РК. – Алматы: “Жетi Жаргы”.1998г

  4. А.К. Кантарбаева «Предпринимательство институционально-эволюционный подход». «Раритет», Алматы,2000г.

  5. Мамыров Н.К. «Основы предпринимательства», Алматы, Экономика, 1997

4-тақырып. Кәсіпкерлік ұйымдарды кадрлық қамтамасыз ету
Мақсат: Кәсіпкер – жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылардың еңбек қарым-қатынасын ұғып түсіну және олардың негізгі міндеттері мен құқықтарын анықтау.
Сұрақтар:

  1. Кадрлық қамтамасыз ету мәні

  2. Жұмысқа алу және еңбек қатынастарын тоқтату принциптері.

  3. Жұмыс істеу тәртібі және жұмысшылардың еңбек ақысы.


Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: еңбек қатынастары, жұмысшы, жұмыс беруші, жеке еңбек келісім шарты, еңбек демалысы.
Еңбек қатынастары – бұл жұмысшылар мен жұмыс беруші келісіміне негізделген, еңбек заңымен қарыстырылған, жұмысшының белгілі мамандығы, қызмет орны бщйынша бекітілген еңбек ақыға өз міндеттерін орындауы. Бұл жағдайда жұмысшы ішкі ережелерді бұлжытпай орындауы, ал жұмыс беруші еңбек ету үшін барлық мүмкіндіктерді жасап жағдай туғызуы қажет.

Жұмысқа қабылданатын адамда мынандай құжаттар болуы тиіс: жеке куәлігі, зейнетақы қорымен жасалған келісім шарт, сонымен бірге, кәсіпкер жұмысқа тұрушы адамның дипломын, еңбек кітапшасын , резюме (түйін) , өмір баянын, кадрлар бөлімінің есебі үшін жеке парағын , санитарлық кітапша, неке туралы куәлік, балаларының тууы туралы куәлігі, фотосурет т.б. талап етуге құқылы.

Жұмысқа алынғаны туралы жеке келісім шарт жасалып, жұмысқа алынған адам онымен танысып қолын қояды. Егер жұмысшы бағалы заттарды сақтау, сату, өңдеу жұмыстарымен шұғылданатын болса, онда материялдық жауапкершілік туралы жазбаша түрде келісім жасаулары тиіс.

Сондай жағдайда ған , егер зиян келген болса, толық материялдық жауапкершілік сақталады. Сонымен бірге жұмысшы мынандай жағдайларға жауап береді:



  • мүлік пен бағалы заттар сенім хат арқылы қабылданған болса;

  • егер есірткі, спирттік ішімдік пайдалану арқылы зиян келтірсе;

  • материялдарды, өнімдерді, инструменттер мен приборларды, жұмыс киімін әдейі бүлдіріп, зақым келтірсе;

  • коммерциялық құпияны ашу нәтижесінде зиян келтірсе;

Жұмысқа 16 жасқа толған, адамдар қабылданады. Ауыр жұмысқа, зиянды, қауіпті жұмыстарға 18 жасқа толмағандар қабылданбайды.

Кәсіпкер жұмысқа алынған адамға 3 айдан аспай мерзімін белгілеуге құқылы. Егер жұмысшы еңбек мүгедектігіне ұшырыса, жұмыс барысында денсаулығына зиян келсе, денсаулығы қалпына келгенше басқа жеңіл жұмысқа ауыстырып, бұрынғы еңбек ақысының айырмасын төлеу қажет.

Мынандай жағдайларда жұмыс беруші еңбек туралы келісімді бұзуға құқылы:


  • фирма жойылатын болса (1 ай бұрын жазбаша түрде ескертіп орташа айлық еңбек ақы мөлшерінде өтемақы төлеу тиіс).

  • штат қысқарғанда (1 ай бұрын жазбаша түрде ескертіп , орташа айлық еңбек ақы мөлшерінде өтемақы төленеді).

  • қызметкердің кәсіби мамандығының жетіспеуінемесе денсаулығының жарамсыз болуы;

  • уақытша жұмысқа жарамсыздық есебінен 2 ай бойы жұмысқа келмесе (Үкіметтің 07. 08. 2000 ж) № 11121 «Жұмыссыздыққа жарамсыздыққа уақыт беруге тиісті аурулар түрінің тізімі» деп аталатын қаулысын қараңыз.

  • фирмамаен бірге басқа жерге жерге ауысудан бас тартқан жағдайда;

  • жеңілірек жұмысқа ауысуға келіспеген жағдайда;

  • еңбек жағдайының өзгергеніне келіспесе;

  • егер тәртіптік жаза қолданылған жағдайда, тәртіп бұзушылық қайталанса;

  • еңбек міндеттерін орындауда бір рет үлкен қате жіберсе;

  • бір жұмыс күнінде 3 сағат кешіксе;

  • жұмысқы ішімдік ішіп немесе есірткі пайдалану әсерімен келсе;

  • еңбек ережесін немесе өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаған жағдайда.

  • Сот шешімімен жұмыста ұрлық жасаған болса;

  • Қаржы және бағалы мүліктермен жұмыс атқарушыларға жұмыс берушінің сенімі болмаған жағдайда ;тәрбие жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердің тәрбиелілікке жат әрекеттері болған жағдайда;

  • Сол фирманың коммерциялық құпиясын ашып қойған жағдайда;

Егер жұмысшы денсаулығына байланысты, зейнеткерлік жасы келгенде, басқа жерге ауысуына байланысты жұмыстан босату үшін өтініш берсе, онда жұмыс беруші келісім шартты бұзып , өтініште көрсетілген мерзіміне сай жұмыстан босатуы тиіс. Басқа жағдайларда жұмысберуші өтіншті бір ай ішінде қарауы тиіс.

Жұмысшыны жұмыстан босату кезінде пайдаланбаған еңбек демалыс үшін өтем ақы төленеді. Егер жұмысшы жұмысқа ішімдік, есірткі пайдаланып келсе немесе ереже бойынша емтихан тапсырмаса, қажет болса денсаулығы туралы тексеруден өтпесе, онда жұмыс берушінің жұмыстан босатуға құқы бар.

Жұмыс беруші өз еркіне байланысты жұмыс уақытын аптасына 5 күндік немесе 6 күндік мерзімге белгілеуіне құқылы. Бұл жағдайда бір аптадағы жұмыс күні 40 сағаттан аспауы керек. Асып кеткен жағдайда мөлшерден тыс деп есептеліп (1 күнде 2 сағаттан асса) бір жарым есе ақаы төленеді. Демалыс немесе мейрам күндері жұмыс істегендерге екі есе ақы төленеді немесе қосымша демалыс беріледі.

Әлеуметтік жәрдем ақы жұмысшы ауырып қалған жағдайда (жұмыс 18 күннен аспауы тиіс). Екі жыл бойы еңбек демалыс бермеуге болмайды (заң бойынша).

Жұмыс беруші жұмысшыға еңбек ақысыз демалыс беруге құқылы. Оқып жүргендер оқу демалысын алуға құқылы, ол мерзімге ақы төлеу – төленбеуіне кәсіпкер өзі шешеді. Қанша уақыт жұмыс істегеніне қарамастан әйел адамдаржүктілігі үшін және босанғаннан кейін 3 жыл жас баланыкүту үшін демалысалуға құқылы. Оның кейінгі 1,5 жылы өтініш жазғаннан кейін ғана заңды. Сонымен бірге бала туғанда бір рет фирма есебінен жәрдем ақы берілуі тиіс. Бұл ереже баланы әйелдер босанатын үйден асырып алған жағдайда да орындалуы тиіс.

Жұмыс беруші фирма қызметкерлеріне жұмыстағы табыстары үшін қандай сый ақы беретінін өз шешіміне қарай белгілейді. Кәсіби шеберлігін жоғарылату үшін, кадрларды тұрақтандыру жолында фирма есебінен оқыту мәселесін де жұмыс беруші өзі шешеді. Мұндай жағдайда жұмышы оқытқан мерзімі үшін жұмыс істеу арқылы өтеуі, егер жұмыстан шығуға мәжбүр болса, ақшадай өтем ақы төлеуі тиіс. Кәсіпкер тәртіптік жазалардыескерту сөгіс беру немесе жұмыстан босату түрінде қолдануға құқылы. Фирма қызметкерлері үшін еңбек туралы, зейнеткерлік әлеуметтік қамсыздандыру туралы ҚР. заңды нормалары толық күшінде сақталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет