Бағдарламасы 6 Дәрістердің қысқаша мазмұны 8


Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау үшін



бет5/8
Дата09.08.2017
өлшемі1,77 Mb.
#23224
1   2   3   4   5   6   7   8

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау үшін статистикалық көрсеткіштер қолданыалды. Бұл көрсеткіштер жүйесі 4 топқа бөлінеді: өтімділік, активтердің айналымдылығы, қаржыларды кірісітіру көрсеткіштері, табыстылық.

1 топқа жабу коэффициенті кіреді. Өтімділік көрсеткіштерін есептеу өтімді активтерді міндеттемелерге қатнасы арқылы анықтайды. Оларды белгілі бір мерзімге және күнге анықтауға болады. Жабу коэффициенті барлық өтімді актвитердің қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы арқылы анықталады. Ал өтімділік коэффициенті жылдам өтімді активтердің қысқамерзімді міндеттемелерге қатынасы арқылы анықталады.

Өтімді активтер деп төлем ретінде пайдалануға болатын немесе жылдам өткізуге болатын қаржылар жатады. Олар ақшалай қаражат, тауарлықматериалдық запастардан, дебиторлық қарыздан т.б. тұрады. Оларды келесі класстарға бөлеміз:

1 класс – барлық ақшалай қаражат, яғни кассадағы ақша, банк есеп шоттарындағы қаржылар, векселдер, мелекеттік облигациялар, басқа кәсіпорындардың акциялар;

2 класс – есептесудегі барлық қаражаттар, төлем мерзімі әлі келмеген түсірілген тауарлар мен істелінген жұмыстар құны, 3 ай мерзімге дейінгі дебиторлар; басқа дебитрорлық қарыздар;

3 класс – ТМҚ барлығы.

Қай көрсеткішті пайдаланған тиімді екендігін (өтімділік коэф немесе жабу коэф.) келесі түрде анықтаймыз: егер өтімді құралдар құрамында ТМҚ 50 % дан жоғары болса, онда жабу коэффициентін пайдаланған жөн.

2 топ көрсеткіштерін актвитердің айналымдылық коэффициенттері құрайды.

Олардың ішінде запастар айналымдылығы өзгеше анықталады:



3 топқа кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау көрсеткіштері кіреді. Оларға: барлық активтерді кірістіру коэффициенттері (несиеқабілеттілік көрсеткіштері), меншікті қаражатты кірістіру коэффициенттері және белгіленген төлемдерді жабу деңгейі көрсеткіші жатады. Барлық активтерді кірістіру коэффициенті барлық қарыздардың сомасының барлық актвитерге қатынасы арқылы анықталады.

Ал меншікті қаражатты кірістіру коэффициенті барлық қарыздардың сомасының меншікті капиталға қатынасы арқылы анықталады.

2 коэффициенттің 1 коэффициентке қатынасы меншікті қаражаттың 1 тенгесіне шаққандағы барлық актвитердің размерін сипаттайды. Бұл қатынастан 1-ді шегеру арқылы қарыздық пен меншікті қаражаттың қатынасын аламыз.

Бұл топтың келесі көрсеткіші белгіленген төлемдерді жабу деңгейі. Ол жалпы (пайданың) табыстың белгіленген төлемдерге қатынасы арқылы анықталады. Белгіленген төлемдерге: ссудалар бойынша негізгі қарыздың жабылмаған размері, несиені пайдаланғаны үшін пайыздар сомасы, арендалық төлем.

Ол белгіленген төлемдердің бір тенгесіне шаққандағы жалпы табыстың шамасын сипаттайды. Маңызды сипаттама ретінде кәсіпорынның өзін өзі қаржыландыруға қабілеттілігі есептеледі, яғни кәсіпорынның өзінің дамуын қаржыландыру үшін өз қарамағында қалған ресурстар сомасы.



Өзін-өзі қаржыландыру үшін ресурстар «кэш-флоу» = таза пайда(төленген дивидендтерді шегергендегі) + амортизация + пайдаланылмаған резервтер. Оның негізінде «қарыздар жасау қабілеті» деп шартты аталатын коэффициент анықталады

Ол 3-тен аспауы тиіс.

4 топқа өнім және кәсіпорын рентабельділігі жатады.

Мекемелердің қарыжылық көрсеткіштері туралы статистикалық мәлімет көздері. Бұл үшін мемлкеттік статистикалық есеп беру, ұйымдардың бухгалтерлік есеп беруі және қаржылық ұйымдармен қарастырылатын есеп беру ұйымдары мен мекемелері қызмет етеді.

Мемлекеттік есеп беру статистикалық есеп берумен көрсетіледі. Мекеменің қаржылық қызметінің негізгі көрсеткішінің есебі, қарыжылық нәтижелер және оларды қолдану туралы есептер.

Қаржылық нәтижелер туралы есептер мекемелермен және ұйымдармен ұсынылады. Онда демалыс бағасымен өткізілген өнім түсімінің мәліметтерін, жанама салықтар, өткізілген өнімді шығаруға шығындар жалпы мәліметтер болады.

Мекемелердің қаржылық көрсеткіштерінің негізгі көзі болып жылдық бухгалтерлік есептер табылады. Онда активтер және пассивтер жайлы табыс және зала активтер және пассивтер туралы және қозғалысы жайлы мәліметтер болады.
Қорытынды:
Шаруашылық субъектілердің қызметінің тиімділік көрсеткіштер жүйесіне: пайданың, табыстың құралуы мен бөлінуі көрсеткіштері, табыстылық (рентабельділік) көрсеткіштері, қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері жатады. Шаруашылық қызметте соңғы қаржылық нәтиже мен абсолютті тиімділік ретінде пайда көрсеткіші қолданылады. Мұнда сонымен қатар жалпы пайда, өнімді өткізуден түскен табыс, салық салынатын табыс ұғымдары да пайдаланылады.

Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар:
Дәріс материалдарын игеру үшін келесі негізгі ұғымдарға көңіл бөлу қажет - қаржылық нәтиже, пайда, рентабельділік, қаржылық тұрақтылық, өтімділік, айналым құралдарының бекіту коэффициенті, айналым құралдарының айналымдылығы, бір акцияға есептелінген пайда, акционерлік капиталдың қайтарымы, т.б.

Пайдаланылған әдебиет тізімі:


  1. Авров А.П., Нурлыбаева А.А. Финансово-банковская статистика. – Алматы «Экономика», 1997 г.

  2. Статистика финансов: учеб.для студентов вузов, обучающихся по специальности «Статистика» / под ред. М.Г.Назарова. – М.:Изд. Омега-Л, 2005. -460с.: ил., табл.

  3. Глинский В.В., Ионин В.Г. Статистический анализ: Учебное пособие для вузов. – 2-е изд., перераб. И доп. –М.: Филинь, 1998.


12 тақырып. Кәсіпкерлік қызметті тоқтату
Мақсат: Кәсіпкерлік қызметті тоқтатуға әсер етуші себептер, жағдайлар мен факторларды зерттеу, кәсіпорынның банкроттылыққа ұшырауын талдау.
Сұрақтар:

  1. Кәсіпкерлік қызметті тоқтату объективті мен субъективті себептері.

  2. Банкроттылыққа ұшырау ықтималдығы


Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: банкроттылық, қаржылық жағдай, қаржылық тұрақтылық, өтімділік, төлемдік қабілеттілік, қаржылық талдау әдістері, экспресс талдау, баланс активтері, баланс пассивтері, операциялық қызмет, инвестициялық қызмет, қаржылық қызмет, тікелей (горизонтальды) талдау, көлденең (вертикальды) талдау, тренді талдау, салыстырмалы талдыу, факторлы талдау, қаржылық коэффициенттер әдістері, меншікті капитал, қарыдық капитал, жиынтық капитал және т.б.
Қазақстан Республикасының «банкроттық» туралы заңына сәйкес (2173 07.04.95 ж), қабілетсіз дегеніміз қарыздаушының, кредиторлардың ақшалай міндеттемелер бойынша талаптарын орындамауы, оның ішінде еңбекақы және бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді төлемеуі.

Банкроттықтың пайда болуының объективті және субъективті себептері бар.

Объективті себептер: қаржылық, несиелік жүйелердің дұрыс деңгейде дамымауы; инфляция деңгейінің жоғары болуы; бәсекелестік деңгейдің жоғарылауы және осыған байланысты өнімнің сату бағасының төмендеуі (ал өндіріс шығындары жоғары болып қалуда).

Субъективті себептер: өндіріс көлемінің азаюы, жоғарғы деңгейдегі өзін-өзі ақтамайтын шығындар, өнімнің рентабельділігінің төмендеуі, үлкен қарыздар, өзара төлемсіздіктерді және т.б.

Кәсіпорынның банкроттыққа ұшырау ықтималдылығына байланысты оның қаржылық жағдайын болжаудың келесі 4 әдісі қолданылады:


  1. несиеқабілеттілік индексін есептеу;

  2. формальдық және формальдық емес критерийлерді қолдану;

  3. төлемқабілеттілік көрсеткіштерін болжау;

  4. қаржылық ағымдарды талдау.

1. Әлемдік тәжірибеде кәсіпорынның тұрақтылығын болжау және тәуекелін анықтау мен банкроттыққа ұшырауын айқындау үшін экономика-математикалық модельдер қолданылады. Солардың ішінде көп қолданылатын модель – бұл американдық экономист Э. Альтманның Z – модельдері. Бұл модельдердің ең жай екі факторлы модель болып саналады. Ол модель екі көрсеткішке негізделеді. Жалпы өтелу коэффициенті ( коэффициент общего покрытия) немесе ағымдағы өтімділік коэффициенті () және қаржылық тәуелділік коэффициенті.

Американдық тәжірибеде келесі Z – моделі қолданылады:



-0,3877 – тұрақты көрсеткіш;

-1,0736 – ағымдық өтімділік көрсеткіштеріне анықталған коэффициент көлемі;

+0,0579 – баланс пассивінде заемды қаржылардың үлес саламығының көрсеткіштері үшін анықталған коэффициент.




Егерде кәсіпорында Z=0, банкротқа ұшыраудың ықтималдылығы 50%. Егерде Z<0, банкротқа ұшыраудың ықтималдығы 50% төмен және Z төмендеуіне байланысты, ол төмендей береді.

Бірақ бұл модель банкроттықты болжауда жоғары дәлдікті қамтамасыз етпейді. Өйткені, ол кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер ететін басқа да маңызы зор факторларды есепке алмайды (табыстылық, активтер қайтарымдылығы, кәсіпорынның іскерлік активтілігі).

Дамыған елдер тәжірибесінде Э. Альтманның көп факторлы модельдері қолданылады:



Z = 1.2 * K1 + 1.4 * K2 + 3.3 * K3 + 0.6 * K4 + 1.0 * K5









Z – индексінің шекті көлемі: 2,675

Банкротқа ұшыраудың ықтималдылығының деңгейі.

Z – көлемі

Банкротқа ұшыраудың ықтималдылығы

1,81 және одан төмен

өте жоғары

1,81-ден 2,70-ке дейін

Жоғары

2,71-ден 2,90-ға дейін

Мүмкіндік туындайды

3,0 және одан да жоғары

өте төмен


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет