Бағдарламасы 6 Силлабус (пәннің жұмыс оқу бағдарламасы)


Табиғи мал азықтық жерлерде



бет10/80
Дата06.02.2022
өлшемі315,79 Kb.
#72438
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   80
Байланысты:
умкд кормо,точное
Инженерлі технологиялы институты
1. Табиғи мал азықтық жерлерде нақты топырақтық-климаттық жағдайда ұзақ уақыт эволюциялық даму үрдісінде, тұрақты табиғи іріктеу барысында морфологиялық және биологиялық белгілері бойынша жанасқан өмірлік формалар пайда болған. Жалпы мал азықтық сипаттағы барлық өсімдіктерді олардың сыртқы белгілері бойынша топтастыру қалыптасқан, бұл осы өсімдік формаларының эволюциясын көрсетеді. Барлық көпжылдық өсімдік түрлерінің ішінде ҚР мал азығын өндірудегі маңыздысы келесі топ өсімдіктері:
1) Пішендік жерлер мен жайылымдардың негізгі өсімдік қабатын құрайтын көпжылдық және біржылдық шөптер.
2) Шөлді аймақта мал азықтық маңызы бар тал-шіліктер, бұташықтар және ұсақ бұташықтар.
Көпжылдық шөптер. Вегетациялық кезеңінің соңына қарай көпжылдық шөптердің өсімдіктің өсу формасы ретіндегі жер бетіндегі өскіндері түгелге жуық қурап қалады, көктемде вегетативтік жолмен қайта шығады, қалыптасқан жеротында тұқым арқылы көбею шектеулі. Көптеген шөптердің қайта шығатын өскіндері тамырларында немесе сабақтың төменгі жақтарында, баданада, тамырда болады. Астық тұқымдас шөптерде топырақтың үстіңгі қабатында немесе бетіне жақын өркенінің бір бөлігінде – түптену түйіні орналасады, онда жаңа өркен шығатын бүршіктер болады, соның арқасында олар жыл сайын қайта шығып отырады.
Бұташықтар мен шағын бұташықтар. Бірнеше см-ден 3-5 м. дейінгі биіктікке дейін өседі. Олардың тіршілік ету ұзақтығы 20-30 жыл, кейбіреулері 100 және одан астам. ҚР ең маңыздылары сұр теріскен, қара және ақ сексеуіл, жүзгіннің көптеген түрлері, Шеркез сораң және т.б.
Бұташықтар мен шағын бұташықтар. Бұл тіршілік формалары жартылай ағашты өсімдіктерге жатады, Олардың көпшілігі бұташықтарға, дені – көпжылдық шөптерге жақын.Бұташықтардың тез өсетін жыныстық өскіндері бар, осыған байланысты олардың өсетін және түсетін ағзаларының мөлшері ағаш өсімдіктерімен салыстырғанда көбірек. Бұташықтар далалы, жартылай шөл және шөлді жерлерде кең тараған – олар жусан, алабұталар, көкпек және басқалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет