Бағдарламасы 6 Силлабус (пәннің жұмыс оқу бағдарламасы)



бет6/80
Дата06.02.2022
өлшемі315,79 Kb.
#72438
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Байланысты:
умкд кормо,точное
Инженерлі технологиялы институты
Тянь-Шань таулы аймағы (жылдық ылғал мөлшері 430-560 мм) Алматы, Жамбыл және оңтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан.
Алтай таулы аймағы (жылдық ылғал мөлшері 450-570 мм) шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Бұл елдің бүкіл шығыс бөлігі. Екі таулы аймақ ел жерінің 10-11% аумағын алып жатыр. Табиғи жем-шөптің 64-67% және жалпы мал азығының 60% береді. Мұнда сүт өндіру ірі мал шаруашылығымен қатар, қой жылқы шаруашылығымен айналысады. Мұнда бал шаруашылығы да дамыған.
2. Мал азығы қорын нығайтудағы шалғындық жердің рөлі. Шалғындық жерлер туралы мал азығының өсімдіктерді зерттеу және табиғи шабындық және жайылымдық жерлерді жақсарту шаралары, өсімдіктердің биологиясы мен экологиясын зерттеу мен қатар осы жерлерді тиімді пайдалану мәселелерімен айналысады. Шалғындық жерлердің – теориялық негізі – ол биология – ғылыми және өсімдіктердің өмірі мен дамуы ол геоботаникамен тығыз байланыста - өсімдіктер қоғамдастығын зерттейтін.
Ботаникалық тұрғыдан қарағанда шалғындық дегеніміз – ол жер бетінің көпжылдық өсімдіктер өсетін жері, мезофильді типті, сөйтіп шөп өсімін құрайды шаруашылық турғыдан қарағанда шалғындық дегеніміз – ол шабындық жер пішен дайындауға.
Қазақстанда жайылым жер 187,5 млн.га болса, 5 млн.га шабындық болып есептеледі. Ол жерлерде мезофиль типті өсімдіктерде ксерофильді өсімдіктерде де өседі. Солтүстік Қазақстанда жалпы ауылшаруашылық жер 4 млн 264 мың га болса, оның ішінде 4 млн 230 мың га жайылымдық жерлер және 34 мың га шабындық жерлерге жатады. Құрғақ массасының өнімділігі – 3,9 ц/га аспайды. Екпе шөптер негізінен тозған, өнімділігі нашар. Облыста біршама жер босалқы болып қалған ол жерлерден ешқандай өнім алынбайды. Қазақстанда мал өнімдерін өндірудің 70% жайылым кезеңіне келеді. Орманды дала және дала аймақтарында жердің көп жыртылуына байланысты мал шаруашылығының дамуы егістіктің қалдықтарын пайдалануға негізделген, ал жазғы уақытта малды қолда ұстап, жасыл конвейер арқылы азықтандыруға тура келеді.
Бұл жерлерде жасанды жайылым жасау әрі оны тиімді пайдалану кезек күттірмейтін мәселе болып табылады. Құрғақ далалық аймақта негізінен малдарды жайылымда бағып күту орын алған әсіресе қой шаруашылығында. Әр шаруашылықта мал бағудың бірнеше түрі қолданылады. Тұрақты, уақытша және аралас жайылымдар болып бөлінеді.
Тұрақты жайылымға - жайылымды жыл сайын тек қана мал бағуға пайдалану. Уақытша жайылымға – жайылымды уақытша пайдалану мал бағуға. Аралас жайылымға – көпжылдық шөптерді 3-5 жыл пайдаланғаннан кейін, шөбін шауып алып, мал жаяды.
3. Шабындық және жайылымның қазіргі кездегі жағдайы оның өнімділігін арттыру. Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысында шабындық пен жайылымның өнімділігі нашар. Оның басты себептері шаруашылықтың құлдырауы, дұрыс пайдаланбау және күтімнің жоқтығы. Осының салдарынан мал азықтық құнды шөптер азайып, оның орнына құндылығы төмен шөптер басуда. Соңғы жылдары көпжылдық шөптердің тұқымы жетіспеуіне байланысты, таза күйінде себіліп жүр. Тәжірибе көрсеткендей, шөп себу суырылмаған жерлерге Солтүстік Қазақстанның климат жағдайына байланысты ол шөптердің тез сиреуіне соқтырады.
Табиғи мал азықты жерлердің өнімділігін арттыру үшін әр түрлі шаралар қолданылады, олар екі жүйеге бөлінеді.
Үстіртін жақсарту жүйесі және түбегейлі жақсарту жүйесі. Жердің шөбінің ботаникалық құрылысын елеулі түрде өзгертпестен табиғи шабындық пен жайылымдарды жақсарту оның үстіртін жүйесі болып табылады.
Табиғи өсімдіктерді түбірімен жойып, екпелі шөп отын жасау түбегейлі жақсарту деп атайды. Табиғи мал азықты жерлерді жақсарту тәсілдеріне шаралардың үш тобы жатады.

  1. Су режимін реттеу немесе гидротехникалық шаралар

  2. Мәдени техникалық шаралар

  3. Агротехникалық шаралар:

    • қоректік заттар режимін жақсарту

    • шым мен жер оттылығын күтіп баптау жұмыстары

    • топырақты өндеу

    • шөптерді себу

Далалық зонада су режимін реттеу – жайылым мен шабындық жерлердің өнімділігін арттыруға басты себепкер болады: мысал бұл жұмысты мынадай шаралармен орындауға болады

Жақсы нәтиже тағы бір агротехникалық әдіс, ол шөп шапқанда әр 10-15 метр сайын ені 1 м жерді шаппай қалдырып отыру. Бұл келесі жылғы өнімді 30% көбейтеді.
Өзеннің жанындағы шабындық жерлерге су жіберу, ол үшін платиналар салынады.
Қар тоқтату далалық жерлерде ғылыми зерттеу институттарының жүргізілген жұмыстарының нәтижесі көрсеткендей ол жердің өнімділігін 16-55 %дейін жоғарылатады.
Өсімдіктер жыл сайын жерден керекті заттарды интенсивті түрде пайдалануы арқасында жерде минералды заттар қоры азаяды, ол және жердің өнімділігіне тікелей әсер етеді. Үстінгі жақсарту жүйесі кезінде жерге минералды және органикалық тыңайтқыштарды беруге болады.
Органикалық тыңайтқыш ретінде малдардың қиын пайдаланады. Мұнда азот, фосфор, калий элементтері бар. Нормасы 1 гектар жерге 30-40 тонна, бұл өзі 3-5 жылға жеткілікті болады. Органикалық тыңайтқышты көктемде қар кеткен соң шашады. Бұл мал азығының өнімділігін қосымша 50 % көтереді. Шым мен жер оттылығын күтіп баптау жұмыстары.
Негізгі жұмыстар мынандай:
1 Ауалық режимді жақсарту, ол үшін жерді бораналау, дискілеу, қопсыту болып табылады.
2 Жасарту фрезермен өндеу, ұсақ қылып жырту, қосымша шөп себу.
3 Арам шөптермен күресу. Арам шөптер бар жерлерді уақытында шабу, тұқымы жерге түспей тұрып, жырту, химиялық гербицид шашу.
Көптен шабылмаған жерлерді аттың немесе трактордың тырнауыштарын жіберіп ескі қау шөпті тырмалап алады. Бұл әдіс шөп жинағанда оның сапасын жақсартады. Кейде көп арам шөбі бар жерлерді күйдіреді. Бірақ күйдірместен бұрын ондай жерлердің шетін трактормен жыртып тастайды.
Бұл міне өрттің тарамауына сақтық жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет