Бағдарламасы 6 Силлабус (пәннің жұмыс оқу бағдарламасы)


Өсімдіктердің түптену және өркен пайда болу сипаты бойынша типтері



бет12/80
Дата06.02.2022
өлшемі315,79 Kb.
#72438
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   80
Байланысты:
умкд кормо,точное
Инженерлі технологиялы институты
2. Өсімдіктердің түптену және өркен пайда болу сипаты бойынша типтері
Астық тұқымдастар түптену және топырақ қалыптастыру сипатына қарай 3 типке бөлінеді: тамырсабақты, сирек түп және тығыз түпті.
Тамырсабақты астық тұқымдастардың жерүсті және жерасты өркендері болып қалыптасады, олардың соңғысы аналық өсімдіктен 1 м-ге дейінгі қашыққа кететін, тамырсабақты деп аталатын түрі өзгертілген түйіндері мен буынаралықтары бар сабақтардан тұрады. Бұл астық тұқымдастардың түптену түйіні топырақтың бетінен үлкен тереңдікте жатады: әртүрлі астық тұқымды шөптерде және олардың экотиптерінде 5 см-ден 20 см-ге дейін.
Жер астындағы сабақ түйінінен (тамырсабақтан) аналық өсімдіктен біраз қашықтықта жаңа түптену түйіні пайда болады және жаңа өсімдік қалыптасады, одан өз кезегінде басқа жаңа тамырсабақтар мен жаңа өсімдіктер (қосалқы және басқа) қалыптасады. Осылай бұл астық тұқымдастар қысқа мерзім ішінде вегетациялық жолмен үлкен алаңдарға жайыла алады, егер тамырсабақтың өсуін, мысалы жатаған бидайықта, қызыл арпабаста, есептесек жылына 1 м-ге дейін жетуі мүмкін.
Астық тұқымдастардың тамыр сабақтарын жақсы дамыту үшін қопсытылған, жақсы желдетілетін топырақ қажет, ол тоыпрақта олар қалың жер отын құрайды.
Олардың жер бетіндегі сабақтары бір-біріне жанаспай сүйір бұрыш жасап өскендіктен бұта тығыз болмайды, ал тамыр сабақтары мен тамыры сирек қыртыс құрайды.
Бұл топта жатаған және аралық бидайықтың, қызылот және жағалауда өсетін (тік) қоңырбастың, ақ суотының, қызыл беде, жазықтық қоңырбастың, шалғындық мысыққұйрық, ірі қияқтың, бұталы жауқияқтың, қамыс, көл қоғасы және көптеген басқалардың маңызы зор.
Сирек бұталы дәнді өсімдіктер түптену түйіні онша терең орналаспайды: 1-5 см-ге дейін. Топырақта бар болғаны бір қысқа ғана аралық түйіні болады, өскіндері сүйір бұрыш жасай өседі, жер бетіне шыққанда жапырақтар мен сабақ түзіледі. Әр өркеннің түптену түйіні бар, одан жаңа өркендер тарайды, соның салдарынан жайылып өседі, жаңа өркендер жер бетіне шыққан соң бір-біріне жақын орналасатындықтан көлемі ұлғаяды, бұталар сирек болып қалыптасады. Тамырсабақтылармен салыстырғанда сирекбұталы дәнді өсімдіктер тығызырақ қыртыс құрайды.
Бұл дәнді өсімдіктер тобы үшін ең жақсы топырақ – қарашірік пен құнарлы заттар қоры бар тығыз емес сазды, сазды-құмайт топырақ.
Сирекбұталы дәнді өсімдіктер арасында шөп себуге пайдаланылатын шөптердің: бидайықтың, тамырсабақсыз бидайықтың, талшықты регнерияның, сібір және көгілдір қияқтың, шалғындық бетегенің, шалғындық атқонақтың, жима тарғақтың, биік үйбидайығының және басқаларының маңызы зор.
Тығызбұталы дәнді өсімдіктердің түптену түйіні не жердің бетінде, не 1-2 см тереңдікте орналасады, бұл құрғақ далалы және жартылай шөл аймақ өсімдіктері кәдімгі бетеге (типчак), селеуге және басқаларына тән.
Түптену түйінінен шығатын бүйірден өскен өркендері жер бетіне тік, бір-біріне параллель аналық өсімдікке тығыз жанаса, орталық бөлігі жерге жабыса орналасқан тығыз бұта жасай өседі, ал шеттері біршама көтеріңкі болады, соған байланысты шалғындар мен жайылымдарда кішігірім төмпешіктер пайда болады. Тығызбұталы дәнді өсімдіктер өте тығыз және берік қыртыс түзеді де ұзақ уақыт өсетінімен ерекшеленеді (10-20 және одан көп жыл). Мал азықтық тұрғыдан олардың көпшілігінің кәдімгі бетегеден (типчак) басқасы, Қазақстанның құрғақ далалы және жартылай шөл аймақтарында жайылымға маңызы зор. Салыстырмалы мал азықтық сапасы жағынан селеу, шисабақ және басқалары жақсы.
Тығызбұталы дәнді өсімдіктердің табиғи мал азықтық жерлерде болуы олардың азғындауына куә, ал қоректік заттары мен ауа жеткіліксіз топырағы тығыздалған. Осыған байланысты көптеген жағдайда бұл жерлерді жырту және жаңа жероты мен дақылды өсімдіктер немесе біржылдық өсімдіктерді (астық тұқымдас немесе мал азығы) осы учаскелерді түпкілікті жақсарту жолымен себу қажеттігі туындайды.
Тығызбұталы дәнді өсімдіктер арасында жоғарыда аталғандардан басқа: бетегенің, селеудің, шисабақтың, оған қоса селеудің, щуканың, белоус торчащий, ала және қой бетегесінің, өте зиянды өсімдік деп саналатын түкті селеудің және бірқатар басқа өсімдіктердің маңызы зор.
Жоғарыда аталған типтерден басқа кейбір дәнді өсімдіктер бүйірден өскін құратын көптеген қысқа тамырсабақтары бар, қопсығанбұталы типі бойынша бұталанатын тамырсабақты-сирекбұталы ерекше бопқа бірігеді. Олар қопсытылған, құрамды топырақта жақсы өседі. Бұл топқа шалғындық қоңырбастың кейбір формаларын, қызыл бетегені, шалғындық және қабынған түлкіқұйрықты, аралық және көкшіл бидайықты және бірқатар басқаларын жатқызуға болады.
Бұршақты шөптер өскіндерін құру сипаты бойынша келесі топтарға бөлінеді: өскіндері қысқа, жай жатаған бұталылар.
Бұталы бұршақтұқымдастардың өскіндері бұтақты сирекбұта түзеді, олар гүлдеп, жеміс бергеннен кейін қурап қалады, ал келесі жылғы көктемде жаңалары шығады. Шөптердің бұл тобының жаңа өскіндері өсіп шығады және оларды шауып алғаннан кейін немесе малға жегізгеннен кейін сол жылы қайта шығады. Шөптердің бұл тобына екпе және орташа жоңышқа, құмды, үлкен жапырақты және закавказ эспарцеті, шалғындық беде, көптеген таспашөптер және бірқатар басқалары жатады.
Жатаған өркендері бар бұршақтұқымдастардың түбірінен көлденең өскіндер шығады, олар топырақ бетіне төселе өседі, түйіндерінен топыраққа қосалқы тамырлар кетеді, ал жапырақтары мен гүл шоғырлары ұзын кесіндіден шығады. Бұл топқа ақ немесе жатаған беде, бүлдірген беде және бірқатар басқалары жатады.
Өркендері қысқа бұршақтұқымдастардың жапырақтары мен гүлсидамдары түбірінен шығады, соның салдарынан аласа өседі, ал сондықтан аз өнімді өсімдік, шабындыққа пайдалануға жарамсыз. Оларға таспашөптердің кейбір түрлерін, мысалы Қазақстанның оңтүстік жартылай шөл және шөлейт аймақтарында, тау етектерінде, аласа таулы жерлерде, ұсақ дәнді және тасты-дәнді топырақтарда кең таралған қатпар бұршақтыны жатқызуға болады.
Бұршақтұқымдас шөптердің арасында тамырсақбақты өсімдіктер тобы ерекшеленеді, олардың негізгі және бүйір өркендерінің түбірінен бүршік ататын тамыр шығады. Ол бүршіктерден түбірінің маңайына төселе өсіп, сонан соң топырақтың бетіне көтерілетін өркендер пайда болады. Бұл топқа чина, тышқан бұршағы, мия, батпақ лядвенеці және бірқатар басқалар жатады.
Бұршақтұқымдастар шөбінің тобында тамыр балақ шыбықтылар, олардың негізгі кіндік тамырынан шығатын тамыршаларынан шыққан көлденең тармақтарынан бүршіктер түзіледі де, ал олардан өз кезегінде жер бетіне тармақталған жасыл өркендер өсіп шығып жаңа (қосалқы) бұта құрайды. Балақ шыбықтылардың ішінде осы қасиет сары жоңышқада және гибридті (сары-алагибридті) жоңышқаның кейбір формаларында бар.
Түрлі шөп тобында астық және бұршақ тұқымдастар тобында көрсетілген қасиеттері бар көптеген өсімдіктер кездеседі: вегетативті көбейетін тамыр сабақты, мысалы мыңжапырақ, сары қызыл бояу, өгейшөп, дала жалбызы және басқа; шашақ тамырлы тамыр жүйесі бар көпжылдық бұталар (сарғалдақтар, шалғын көктікені, кульбаба және басқа); жер бетінде өркендер құрайтын, топыраққа өркен түйіндерінен шығатын үстеме тамырларымен бекінетін, төселе өсетін шөптер (жатаған сарғалдақ, қаз табан); тамыр жанындағы жапырақтары тамырдың түбірін айнала, топыраққа жабыса өсетін розеточные (орташа жолжелкен, батпақты сарықалуен және басқалар).
Түрлі шөп өсімдіктері арасында тамырбалақшыбықты өсімдіктер бар, олардың тамырлары тік қысқа, олардан 5-30 см тереңдікте жаңа бүршік ататын көлденең тамырлар шығады. Олардан өз кезегінде жер бетіне өркендер құрылып, көптеген жаңа өсімдіктер түзіледі.
Бұл топқа вегетативті түрде, сондай-ақ тұқым арқылы көбейетін арам шөп өсімдіктері жатады, соған байланысты олармен күресу өте қиын – бұлар дала шырмауығы, сары қалуен, укекіре, жусан, австрия жусаны, андыз, сабақты сүттен және басқалар.
Өзекті шөптер бұл топта жуан, тік және екі метр тереңдікке бойлайтын, ол тамырдан бүйір тамырлар тарайтын, ал тамырдың мойынында өркен түзетін бүршік салынатын негізгі тамыр құрылады. Бұл топқа қойжелкек, бақ-бақ, шашыратқы, зире және басқалар жатады.
Пияз тектілерде (қызғалдақтар, лалалар, пияз түрлері, лапыз және басқалар) пияз түрінде жер асты өскіндері бар, ал түйнек тамырлыларда (дала таволжанкасы, түйін салатын валерьянка және басқалар) түйін түріндегі жер асты өскіндері бар.
Қияқөлеңді шөптер астық тұқымдастар сияқты өркен түзеді, олардың келесі түрлері ерекшеленеді: тамыр сабақтылар (су, шөл, орта, тапал, ерте, қабынған қияқөлең), сирекбұталы (кәдімгі және сүйірқияқөлең), тығыз бұталы кочкарниктер (шымды қияқөлең, Беллярд кобрезиясы және бірқатар басқалар)
Тамыр жүйесінің орналасу тереңдігі. Орналасу тереңдігі мен топырақта бөліну сипатына қарай өсімдіктердің келесі топтары ерекшеленеді: үстіңгі қабатты, тамырлардың барлығы түгелге жуық топырақтың үстіңгі қабатында болғанда; орташа-тереңдіктегі (көптеген шөптерге тән) 1-2 м тереңдікке бойлап, топырақтың үлкен көлемін алып жатады; тереңдіктегі – негізгі тамыр 2 м астам тереңдікке бойлайды.
Үстіңгі қабатты тамыр жүйесі көпжылдық астық тұқымдастардың ішінде шалғындық түлкі құйрықта, қызыл бетегеде, шалғын қоңырбаста және басқаларда бар; бұршақ тұқымдылардан ақ және қызғылт бедеде, шалғындық чинада және басқаларда бар.
Орташа-тереңдіктегі тамыр жүйелері астық тұқымдастардан шалғындық атқонақта, жима тарғақта және басқ; бұршақ тұқымдастардан – қызыл бедеде, эспарцетте, таспашөптерде және басқ. бар.
Терең тамыр жүйесі астық тұқымдастардан қызылот арпабаста, қамысты канареечникте және басқ.; бұршақ тұқымдастардан сары және екпе жоңышқада, орман чинасында, тау бедесінде, мүйізді лядвенецте және басқ. бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет