1. Табиғи жайылымдар мен шабындықтарды екі жолмен үстіртін және түбегейлі жақсартады.
Жердің шөбінің ботаникалық құрамын елеулі түрде өзгертпестен табиғи жайылымдарды жақсарту үстіртін жақсарту болып табылады. Экологиялық жағдайлар да ескеріледі.
Агротехникалық шаралар:
Су режимін жақсарту
Қазақстанда 2 мл.га жуық табиғи шабындық пен жайылым үстіртін жақсартылады.
Табиғи өсімдіктерді түбірімен жойып, екпелі шөп отын жасауды түбегейлі жақсарту деп атайды. Қазақстанда 6,4 млн.га жер түбегейлі жақсартылған. Осы әдіспен жасалған жер оты әдетте 7-9 жыл пайдаланылады. Бұл тиімді.
Үстіртін жақсартудың технологиясы
Су режимін жақсарту 3 түрлі әдіспен: 1. өзен, 2. жайылма су, 3. қар тоқтату арқылы жүзеге асырылады. Өзектегі табиғи мал азықтық жерлерді суландыру ең тиімдісі. Шөп түсімі 2-3 есе артады. Жер отының ботаникалық құрамы да жақсарады. Қар тоқтату СВУ – 2,6 қар күрегішімен 5-6 м аралықта қар тоқтату жердің ылғалдылығын 15% - ға, түсімін 30%-ға арттырады.
Минералды тыңайтқыштармен қоректендіру де мол қайтарым береді. Астық тұқымдас түрлі шөпті негізінен азотпен қоректендіреді. Ол өсімдіктің өсуін, көбеюін қамтамасыз етеді фосфор, калий тыңайтқыштарын еңгізуде пайдалы.
Топыраққа ауаның баруын жақсарту. Мұндайда жер қыртысы қопсытылады. Бұл жұмыстар топырағы тығыз телімдерде жүргізіледі. Ерте көктемде ЛД-10 агрегатымен жерді дискілеу керек.
Зиянды және улы өсімдіктермен күрес. Алдын алу және химиялық шаралар қолдану арқылы жүргізіледі. Бірінші жағдайда улы өсімдіктер ұрық шашпай турып, шауып тасталынады, қатаң карантин қойылады. Химиялық шаралар улы және зиянды өсімдіктер телімдерін гербицидтермен өңдеу болып табылады.
- екі рет дискілейді.
- сосын шымға көктемде себеді.
- тұқым сепкен соң катокпен таптау қажет.
Кейде, тырмалағаннан кейін СЗП-3,6 тұқым сепкіштермен себеді. Үстеме тұқым себу түсімді 2,5-3 есе арттырады.