2. Бұршақ тұқымдас шөптер: Қазақстанның табиғи шөп отында бұршақ тұқымдас шөптер өзінің экологиялық әлсіздігіне байланысты аз тараған. Бұршақ тұқымдас шөптердің жабайы түрде жоңышқа, эспарцет, түйе жоңышқа, ноғаттық, сарымия, қараған және т.б. түрлері кездеседі.
Шөл аймақта бұршақ тұқымдас шөптерден түйе тікен (жантақ) кездеседі, ол қойға және түйеге азықтық құндылығы жоғары мал азықтық шөп болып саналады.
Екпе дақыл ретінде шаруашылыққа маңызды түрлері жоңышқа, эспарцет, түйе жоңышқа, беде енгізілуде.
Бұршақ тұқымдас шөптер: