Бағдарламасы 6 Силлабус (пәннің жұмыс оқу бағдарламасы)



бет22/80
Дата06.02.2022
өлшемі315,79 Kb.
#72438
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   80
Байланысты:
умкд кормо,точное
Инженерлі технологиялы институты
Әдеиеттер тізімі:
1.Н.А. Кузьмин, Н.Н Новиков Кормопроизводство: Москва «КолосС», 2004г.
2.С.Н. Надежкин Практикум по кормопроизводству с основами тестового контроля знаний:, Москва «Мир», 2005г


6 Дәріс. Тақырыбы: Шабындықтарды және жайылымдарды тиімді пайдалану
Сұрақтар: 1.Малдар үшін жайылымдар мен жайылымдық азықтың маңызы
2. Екпе жайылымдарды ұйымдастыру және тиімді пайдалану
3. Жайылым айналымы және пішендік жер айналымы.
Жайылымды отау техникасы
1. Малдар үшін жайылым мен жайылымдық азықтардың маңызы. Республикамызда жайылымдар аумағы 187,5 млн.га, немесе барлық ауыл шаруашылыққа пайдаланылатын жерлердің 70 пайыздан астамын құрайды және 5 млн. га-дан астамын пішендік жерлер алып жатыр, алайда ҚР АШМ мәліметі бойынша жайылымдар мен пішендік жерлер көлемі күрт кеміген..
Жайылымдардан аса құнды және арзан азық алынады, бірақ басқа пайдаланылатын жерлермен – егістік, пішендік, орман алқаптарымен салыстырғанда - өнімділігі аз. Жайылымнан тек арзан ғана емес, сонымен қатар биологиялық жағынан құнарлырақ азық алынады, ал жайылымда бағылатын кезеңде жылдық сүт өнімінің 60 пайызынан астамы сауылады, оған қоса жас малдар да жоғары салмақ қосады.
Жас шөппен малдар барлық қажетті құнарлы заттарды алады.П.Г.Токмановтың есебі бойынша (1970), жақсы жас жайылымдық шөптің тоннасы 270 кг сүт алуды қамтамасыз етеді, сол шөп үстеп қоректендіру түрінде де пайдаланылады – 160 кг, ал шөп – барлығы 90 кг. 100 кг жайылымдық шөпте (құрғақ азыққа аударғанда) 98 азықтық өлшемге дейін, 10 кг қорытылатын протеин мен шөпке қарағанда 10 есе көп витамин болады. Оны малдың барлық түрі сүйсіне жейді, ол тек аралас шөптерге ғана қатысты емес, сонымен қатар бұташықтарға да және басқа өсімдіктерге де қатысты.
Жайылымдықты пайдалану – қол жеткізуі қиын алаңдардан өнім алудың жалғыз мүмкіншілігі. Малды жайылымда ұстағанда қоректі заттарды алудан кемшілік көрмейді, себебі нәжіспен бірге топыраққа азот, фосфор, калий, кальций және басқа қоректі элементтердің біраз бөлігі қайтады. Жайылымдағы малдар ауруға төзімді келеді, төлдері де сау болады. Жайылымға пайдаланылатын жерлері көп аудандарда малдың ең жақсы тұқымдары өсірілетіні кездейсоқтық емес: Қазақстанның жайылымдарында қойдың жоғары өнім беретін тұқымдары өсірілген – Қазақстандық биязы жүнді және Оңтүстік Қазақстандық меринос және ірі қара мал – Алатаулық және Қазақтың ақбас сиырлары, оған қоса Кушумдық аттар. Сонымен қатар егістіктен алынған азық өнімдеріне және шөп даярлау саласынан алынатын азықтармен салыстырғанда жайылымдық азық ең арзаны: бір азықтық өлшемнің өзіндік құны шөптегіден жайылымда 2 есе төмен, отамалықтармен салыстырғанда 3,5 есе, жемдік астықтардан – 2,5 есе арзан. Сондықтан жайылымдық кезеңдегі мал шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құны қорада қолда ұстағаннан (Н.И.Можаев, И.П.Копытин, 1986) 2-3 есе төмен болады.
Табиғи өсімдіктерге зор агрономиялық назар аударылады – ол топырақтың өнімділігі мен құрамын арттырады, оны эрозиядан сақтайды, тамырларының қалың да күшті массасы оны жел ұшырып, су шайып әкетуден сақтайды.
Топырақтық-климаттық аймаққа және малдың түріне байланысты жайылымдық кезең әртүрлі болады, мысалы: орманды аймақтарда 130-160 күнді, орманды-далалы және далалы аймақтарда – 150-200, жартылай шөлді аймақты – 220-280 күнді құрайды, шөлді аймақта жыл бойы жалғасады, сүтті ірі қара малды жаю ұзақтығы – кемірек, ал қой, жылқы, түйені жаю – көбірек, әрі қардың қалыңдығына, тығыздығына және басқа факторларға да байланысты.
ҚР жағдайында жайылымдық азықтың жылдық рационы орта есеппен – қойларда 58 пайызға дейін, жылқыда 60 пайызға дейін, түйеде 73 пайызға дейін құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет