2. Екпе жайылымдарды ұйымдастыру және тиімді пайдалану. Пайдалану әдісіне қарай азықтық пайдалы жерлер 4 топқа бөлінеді:
1) пішендік жер
2) жайылым
3) аралас пішендік-жайылымдық жерлер
4) шөбі арнайы пішендеме, шөп ұнын, сүрлем, пішен даярлау үшін қолданылатын жерлер.
Жайылымдар мен пішендік жерлерді тиімді пайдалану:
1) пайдаланылатын жерлерден жоғары өнім алу үшін жағдай жасау;
2) жер оты құрамының құндылығын ұзақ уақытқа сақтау;
3) жайылымдық азықпен неғұрлым көбірек мал басын толық қамтамасыз ету;
4) жазғы уақытта жоғары сапалы мал өнімін алудың ең жоғары мүмкіндігін алу қарастырылады.
Осы сұрақтардың барлығы шөптің өсуі мен дамуының биологиясын біліп, есепке алғанда, жайылымды пайдалану кезінде құнарлы заттар қорымен толықтырып, пайдаланған кезеңдерін (демалыс), мерзімін, шабу биіктігі мен санын, жайылымдарға мал жаю нормасын сақтауды қамтамасыз еткенде ғана шешіледі.