Бағдарламасы 6 Силлабус (пәннің жұмыс оқу бағдарламасы)


Биологиялық өсуі және көпжылдық шөптердің дамуы



бет32/80
Дата06.02.2022
өлшемі315,79 Kb.
#72438
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   80
Байланысты:
умкд кормо,точное

Биологиялық өсуі және көпжылдық шөптердің дамуы.
Өсімдіктің өсуі- ол массасы мен көлемінің ұлғаюы. Даму – ол сапалық өзгеріс - өсімдіктердің вегетациялық уақыт аралығында болатын. Вегетациялық кезеңі - әр түрлі өсімдіктерде бірдей емес.
Біржылдық өсімдіктердің толық өсіп жетілу фазасы 40-150 күн болса, көпжылдық өсімдіктер 80-110 күн ішінде көктемде вегетативті органнан өсіп басталған.
Даму фазасы және тез пісуі
Көпжылдық шөптер вегетация бойынша бірнеше фазадан өтеді:

  1. Көктемде өсіп бастауы;

  2. Түптегі бүршіктен өсіп-өну;

  3. Гүлденуі;

  4. Жеміс салуы;

  5. Өркеннің өлуі

Әр фазаның ұзақтығы 8 күннен- 20 күнге дейін.
Тез пісуі жөнінен көпжылдық шөптер 4 топқа бөлінеді:

  1. Тым ерте, 2. Ерте, 3. Орташа, 4. Кештеу.

Өсімдіктерді күздік және жаздық типтерге бөледі.
Күздік өсімдіктер бастапқы өсуін төменгі температурада бастайды (күзде-қыста) – шалғындық бетеге, кәдімгі тарғақшөп, жайылымдық үйбидайық.
Жаздық көпжылдық шөптер бастапқы өсуін көктемде – жазда бастап, сол жылы өнім береді (шалғындық атқонақ, көген тамырсыз бидайық, сібірлік қияқ). Жартылай күздік топқа жататын өсімдіктерде болады (қылтықсыз арпабас, ақ суоты, шалғындық түлкі құйрық).

  1. Мал шаруашылығы комплекстерімен фермаларда көп мал басының шоғырлануы малдарға жемазық базасын жасауға жаңа талаптар қояды. Оның негізін шаруашылықтарда әдейі арналған ауыспалы егістіктермен бірге жоғары өнімді жайылымдар атқаруға тиіс.

Егістік жердің жартсынан көбін мал азықтық дақылдар құраса, ондай жерлерді мал азықтық ауыспалы егістіктер деп атайды.
Олардың орналасуына құрамындағы шөптерге байланысты.
2 типке бөлінеді:
Шабындық - жайылымдық және ферма жанындағы егістіктер деп. Шабындық – жайылымдық ауыспалы егістікті шалғындық жерлерге енгізеді. Ол жерлерде көпжылдық және біржылдық шөптерді өсіру үшін. Ол жерден пішен, техникалық, астықтық дақылдар өсіріп, әрі қолдан жасалған жайылымдар жасау үшін. Ферманың жанындағы ауыспалы егістіктер – онда шырынды, сүрлемдік дақылдар және көк балауса өсіру үшін пайдаланылады. Отамалы ауыспалы егістікте: 1. көп жылдық шөп; 2.Біржылдық шөп; 3. Сүрлемдік дақылдар; 4. Тамыр жемістілер; 5. Біржылдық; 6. Көпжылдық шөптер. Соңғы жылдары ферма жанындағы ауыспалы егістікте көп жылдық шөптер себу (85%) орын алып отыр. Мал азықтық ауыспалы егістіктер жасыл конвейердің негізі болады.

  1. Жасыл конвейер. Көк азық ретінде табиғи және екпе жайлымдардың көк шөбі,табиғи балаусасы, көкөніс пайдаланылады. Шаруашылық малының жылдық азық қорының 25-35 пайызы көк азық болып есептеледі. Ал жазғы күні бұл мөлшер 70-85 пайызға, кейбір шаруашылықта 100 пайызға жетеді. Көк азық деп көк өсімдіктердің жер бетіндегі мал жейтін бөлігін айтады, яғни мұндай азыққа табиғи және өңделген шалғын шөптер мен жайылым, екпе астық, бұршақ тұқымдас өсімдіктер, тамыр жемістілер азықтарының сабағы т.б. жатады.

Бұрынғы Советтер Одағының территориясында 15 мыңға жуық химиялық құрамы, қоректілігі жағынан алуан түрлі жабайы және жасанды өсімдіктер өседі. Көк азықтардың құрғақ затының құрамында 25%-ға дейін протеин, 5% - май, шамамен 16% клетчатка, 11% дейін күл болады. Күл құрамында негізінде сілті элементтері қышқыл элементтерінен басым болады.
Табиғи көк азықтардың негізі астық тұқымдас өсімдіктер. Бұл азықтар өнімділігі мен жақсы желінгіштігімен, жылдам өсуімен көзге түседі, ал бұршақ тұқымдастар протеин, витамин және минералдық заттарға бай келеді.
Ерте шапқан көк азықтың құрғақ энергиялық қоректілігі дәнді азықтардың энергетикалық қоректілігіне жақындайды /1 кг – 0,5-0,8 азық өлшемі/, ал кеш шапқан уақытта, олардың құрамында клетчатка мөлшері көбейіп, қорытылу дәрежесі кемиді. Көк азықтың ауа райына, қолданған тыңайтқыштарға байланысты. Жайылымның тиімділігіне қарамай малдарды көк азықпен жаз бойы толық қамтамасыз ете алмайды. Әсіресе жаздың екінші жартысында өсімдіктердің өсуі баяулайды. Шаруашылықта көк азықпен жаз бойы тоқтаусыз және жеткілікті етіп, малдарды қамтамасыз ету үшін жасыл конвейер ұйымдастырады.
Осы мақсатпен шөп қоспалары мен біржылдық шөптерді әр уақытта себілген пайдаланады. Мал азығының құрамына сәйкес жасыл конвейердің бірнеше түрі болады.
- Табиғи жайылымда өсетін шөптерді пайдалану;
- Екпе шөптерді пайдалану;
- Көп тараған түрі, аралас түрі – табиғи және көпжылдық екпе шөптер егілген жайылымдар;
- Жасыл конвейерге пайдаланатын өсімдіктерді іріктеп алу мына талаптар бойынша жүргізіледі;
- Өсімдіктер жақсы өнім беретіндей және құрамы протеинге бай;
- Шапқаннан кейін тез өсетін, тағыда шауып алу үшін;
- Шөпті малдар жақсы жейтін болуы керек;
- Шөптерді жеңіл егіп өсіретін тұқымдарын пайдалану керек.
Агротехникамен экономиканы жасыл конвейер жасағанда қоса есептеп , шөптерді өсіруге кеткен шығынды азайту керек болады.
Бұл тұрғыдан алғанда көпжылдық шөптер, біржылдық шөптермен салыстырғанда пайдалы болады. Себебі бірнеше жыл бойы пайдалануға тура келеді.
Жасыл конвейерді ұйымдастыруды бастамай тұрып, малдарға қаншама көк шөп керектігін есептеп алған дұрыс жаз айларында. Содан кейін схемасын жасау керек. Малға керек көк шөпті малдың түріне, жасына қарай тәулігіне керек нормасына байланысты есептеп шығарады.
Барлығын есептеп болғаннан кейін, табиғи жайылымнан қанша көк шөп алуға болатынын есептеу керек, содан кейін жетпей жатса қосымша жер бөліп, оған біржылдық шөптерді егу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет