Бағдарламасы 6 Силлабус (пәннің жұмыс оқу бағдарламасы)



бет38/80
Дата06.02.2022
өлшемі315,79 Kb.
#72438
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   80
Байланысты:
умкд кормо,точное
Инженерлі технологиялы институты
2-сұрақ: Жоғары сапалы сүрлем жасаудың шарттары. Сапалы сүрлем жасау үшін ең алдымен сүрленетін өсімдіктерді дер кезінде шауып алу керек.
Сүрленетін шикізаттың ылғалдылығы микробиологиялық және биохимиялық процесстердің қарқындылығын қоректік заттар шығынының көлемін сүрлемнің сапасы мен жұғымдылығын анықтайтын маңызды ықпал болып табылады.
Шикізат ылғалдылығының өте жоғары да, өте төмен де болмағаны дұрыс. Егер құрамында су көп (75 %) болса, онда едәуір шырын (көлемі бойынша 20 %-ға дейін), сонымен бірге 5-7 %-ға дейін құрғақ зат шығыны болуы мүмкін.
Егер 70-75 % ылғалдылықта құрғақ заттың орташа шығыны 7-12%-ды құраса, 80 %және одан жоғары ылғалдылықта бұл көрсеткіш 30-35% болады.
Екінші жағынан, ылғалдылықтың 65 %-дан төмен болғаны да тиімсіз, өйткені жүгері нашар тығыздалады, қатты қызады және тез көгеріп кетеді. Оның үстіне жинаған кездегі механикалық шығын да айтарлықтай көп болады.
Мәселен, 65-70 % ылғалдылықта шығын көлемі 4%-ды құраса 60%-да жалпы өнімнің 16%-на дейін жоғалады.
Зерттеулер нәтижелері жүгерінің қолайлы ылғалдылығы 65-70 %аралығында екенін көрсетті.
Өнім шығынын болдырмас үшін, жүгері мен ұзын сабақты дақылдарды ору биіктігі жерден 12 см-ден – шөптесін өсімдіктердікі 5-7 см –ден аспауы керек.
Жүгері өнімділігі гектарына 300 ц болғанда түбірі мөлшерден 1 см жоғары орылса, бір гектардан 3 ц көк балауса кем орылуына әкеп соғады.
Сүрлемнің сапасы мен қоректік заттар жинауға малазығындық дақылдар мен шөптерді ору мерзімі айтарлықтай әсер етеді. Сүрлемге салынатын жүгері мен құмайды жинаудың ең қолайлы уақыты – дәндерінің балауызданған және сүттенген балауызданған кезеңі.
Күнбағысты гүлдей бастағанда судан шөбін шашақтанғанда, күздік қарабидайды масақтана бастағанда, қытай бұршағын төменгі бұршақтары қоңыр тартқанда, бір жылдық бұршақ тұқымдас және астық тұқымдас шөптерді бұршақтарының төменгі екі-үш қатарындағы тұқымдары балауызданғанда жинаған дұрыс болады.
Сүрлемге салынатын қоспаның қолайлы дәрежеде ұсақтылып туралуы жүгерінің сүрленгіштігін тек соның өзінің ғана көмегімен сенімді түрде басқаруға болатын маңызды технологиялық тәсіл болып табылады.
Шикізаттың өте ұсақталып туралуы қоспаны мейілінше нығыздап салуға және ондағы ауаны тез шығаруға көмектеседі.
Ұсатып туралған қоспа тиеуге, түсіруге және малға үлестіруге ыңғайлы. Егер жеткіліксіз дәрежеде ұсақталған болса, онда қоспаны нығыздау қиындайды. Қажетсіз микроорганизмдердің дамуына қолайлы жағдай туады және сүрлемнің қышқылдану процессі баяулайды.
Сүрлемдік шикізаттың ұсақталып туралу дәрежесі сүрлемнің сапасына ғана емес, сонымен бірге оның жақсы желінуіне де әсерін тигізеді. Мәселен, жүгері сүрлемнің мейілінше жақсы желінуі оны 1 см-ден – 3 см-ге дейін ұзындықта туралғанда байқалады.
Егер сүрлемді 1 см-ге дейінгі ұзындықта турағанда оның желінуі 95,2 % болса, 1 см – 3 см дейінгі ұзындықта турағанда 98,6 %, 3 тен 5 см –ге дейінгі ұзындықта туралған сүрлем іс жүзінде бірдей мөлшерде желінеді екен.
Соңғы жылдардағы зерттеулер өсімдіктерді ұсақтап тураудың қолайлы дәрежесін олардың ылғалдылығына байланысты белгілеуге мүмкіндік береді.
Мәселен: 70 % және одан төмен болса 30 мм дейінгі 71-75 %- 40 мм –ге дейінгі
75 % жоғары болса – 50 мм-ге дейінгі 80-85 %-6-10 см.
85 % жоғары болса – 10-12 см, ал дәні балауызданып піскен жүгеріні 15 мм – ге дейінгі ұзындықта турау керек.
Сүрленетін шөптерді тегістеп жайғанда және нығыздағанда Т-150, К-700 сияқты дөңгелекті, және С-100, Т-75, Т-130 т.б. шынжыр табанды ауыр тракторлар пайдаланылуы тиіс.
Жалпы көлемі 2-2,5 мың т. Сүрлем салғанда, сақтау орнын толтыру мерзімі 3-5 үннен аспайтын болуы керек.
Ұзынша орларға сүрлем салу мерзімін созу құрғақ заттар шығынының күрт артуына әкеп соғады. Мәселен, сүрлем сақтайтын орынды шикізатпен орылған бойда және тез толтырғанда, қызып кету салдарынан болған құрғақ зат шығынының мөлшері 9 %-ды құраса, толтыру мерзімі ұзаққа созылғанда бұл шығын 13 % -ға дейін жетті.
Бір күн ішінде сүрлемге салынған ұзынша ордағы көк шөптің қалыңдығы 80-120 см – ден кем болмауы тиіс, бұл СО2 –нің жинақталуын жоғары деңгеде (45-50%) ұстап тұруға мүмкіндік жасайды. Оған қоса, 70% және одан төмен ылғалдылықтағы нығыздалған шикізаттың тығыздығы 650-700 кг/м3, ал 70%-дан жоғарысы 700-800 кг/м3 болуы керек.
Судан шөбінің тығыздығы 500-550 кг/м3 шамасында болса жеткілікті.
Сүрлемде қышқылдар РН – 4,5-5,0 аралығында болуы керек. Сүрлемнің пісіп жетілуіне сүт қышқылы үлкен әсер етеді.
Жоғары сапалы сүрлем алудың технологиялық тұрғыдан маңызды тәсілі – азықты ұқыпты түрде қымтап жабу. Сүрленіп жатқан шөпке ауаның баруы толық тоқтатылса, қоректік заттар шығыны мүлдем азаяды.
Сүрлемдік шөптерді сақтау орнына салып болған бойда, дереу жабу керек.
Сүрленген шөпті ауа кірмейтін етіп тығыздап жауып тастаса өсім клеткалары тез тоқтап, қоректік заттар шығыны азаяды, ауа бактериялары әсерінен сүрлем қатты қызып бүлінбейді. Ал 55 0С артық қызып кеткен сүрлемнің қоректік заттарының шығыны күрт артып, витаминдері бүлінеді, сүрлем қышқылданып кетеді. Жақсы сүрлем оншалықты қышқыл болмайды, түсі қоңыр күрең болып келеді.
Қалыңдығы 100-150 мм –ден кем емес полиэтилен, полихлорвинил, полиамид пленкалар жақсы жамылғы заттар болып есептеледі. Бұлармен жапқанда қоректік заттар шығыны 8-13 %-дан аспайды.
Сүрлемге салынған шөпті сабанмен жабу іс жүзінде сүрлемді бұзылып кетуден сақтай алмайды.
Мұндай тәсілмен жабылғанда сүрлемнің қоректік заттарының шығыны 40%-ға дейін жетеді. (сүрлемге ауа мен жауын өтіп кетуі мүмкін).
Туралған сабанмен жабылса сүрлемдегі қоректік заттар шығыны төмендеп, 16-17 % мөлшерінде болады.
Сүрлем үшін сенімді жамылғы топырақ пен саз болып табылады (пленкамен жапқанмен бірдей, сүрлемге топырақ араласып кетеді, әрі еңбек шығынын көп қажет етеді).
Сүрлемді алған кезде ордың жапқышын азықтың қажетті мөлшерінің шамасына қарай ашу керек. Сүрлемді орда қалған азықтың тұтастығы бұзылмайтындай етіп алу қажет. Күнделікті қажет сүрлемді ордың бүкіл биікігі мен ені бойына, қабатының қалыңдығы 0,3-0,5 м –ден аспайтындай етіп біртіндеп кертіп алу тиімді. Сүрлемді малға бір рет салуға немесе 1 күнге жететіндей мөлшерде ғана алу керек. Алынған сүрлеммен малды дереу азықтандыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет